Проблемы повышения качества образования в условиях глобализации


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ «МӘДЕНИ МҰРА» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЯСЫНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ШАРАЛАР



бет16/16
Дата24.04.2016
өлшемі1.56 Mb.
#78707
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ «МӘДЕНИ МҰРА» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЯСЫНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ШАРАЛАР
Чакенова Б. –магистрант (Алматы қ., Қазмемқызпу)

Әр түрлі ұлттар мен мемлекеттер арасындағы мәдени байланыстар мен мәдени ынтымақтастығының дамуы қазіргі таңдағы қоғам дамуының маңызды белгісі болып табылады. Мәселен, әлемдік сауда әр түрлі елдерді экономика жағынан біріктірсе және кәсіпкерлігінің дамуына жағдай жасаса, мәдени байланыстар халықтардың әлеуметтік және рухани дамуының қарқынды өсуіне, өзара түсінісушіліктерінің артуына жағдай жасайды.

Әрбір мемлекеттің өркениеттілігі ең алдымен оның мәдени мұраға деген көзқарасымен анықталады. Мәдени мұраға ұқыпты қарау мен басқа мәдениеттің құнды элементтерін қабылдау - адамзат өркениеті дамуының сара жолы.Әрбір мәдениет үшін өзін басқа мәдениет тұғырынан көру маңызды.

2004 жылы Қазақстан Республикасының "Мәдени мұра" Мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырыла бастады.

«Мәдени мұра» бағдарламасы уақытпен үйлесіп, әлемдік өркениет арнасында келеді. Жеке алғанда Біріккен Ұлттар Ұйымы әлем мәдениеті мен XXІ ғасырда мәдени құндылықтары жөніндегі нұсқаулар қабылдады. Біріккен Ұлттар Ұйымы құжаттарында түрлі халықтардың мәдени мұраларымен алмасуларына көңіл бөлінген. Мұның өзі жаңа әлемдік тәртіп құрудың маңызды элементі болып табылады. Әлем мәдениеттері арасындағы алмасуды қолдап, жаңа тәуелсіз мемлекеттерге қол ұшын бере отырып Біріккен Ұлттар Ұйымы дүниеге алуан түрлі мәдени байлықты таратты.

Түбегейлі өзгеріс кезеңдерінде қоғамды түсінісу мәселесі өзектенеді. Г.Гадмердің пікірінше, «аймақтар, ұлттар, одақтар, ұрпақтар арасындағы өзара түсіністік талпынысы сәтсіздікке ұшырағанда бұл мәселе айқындала түседің. Қазіргі қарбалас кезеңінде өзіндік ұлт шеңберінде шектелмей, белгілі бір халықтың архаикалық түсінігін ғана сақтап қоймай, оның мәдениетінің қарым-қатынастық мүмкіндігін ашуды қарастырады /1/.

«Мәдени мұра» атты мемлекеттік бағдарлама Қазақстанның белсенді түрде рухани және мәдени дамуының мүддесінде тарихи-мәдени сабақтастықтың жүзеге асуына бағытталған. Оның жүзеге асуы қоғамның әрі қарай дамуына өзінің әсерін тигізеді, бұл осы үрдіске дүниежүзілік қауымдастыққа лайықты енудің негізі ретінде шынайы білімнің, өзара түсінушіліктің, нығайып жатқан ұлттық және мемлекеттік сана-сезім сапасын артырмақ.

Үкіметтің Қорытынды құжатында келесідей ұсыныстар берілген: 2005 жылдың 18 ақпанының Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Үндеуіне негізделе отырып, тұжырымдаманы, мәдениетті мемлекеттік қолдау бағдарламасын өңдеу, 2001 - 2010 жылдары тілдердің дамуы және қолданылуы мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша шаралар қолдану қарастырылады. Сондай-ақ 2006- 2008 жылдары мәдениет дамуының салалық бағдарламасын бекіту, 2004-2006 жылдары мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын орындалуы бойынша шаралар қолдану ұсынылады.

Кеңес Одағының және оның идеологиясының құлдырауы, тәуелсіздікке қол жеткізуіміз, жаңа мемлекеттіктің қалыптасуы бір жағынан - абыржу, бостық, өнегелі нысананың жоғалту сезіміне алып келсе, екінші жағынан - шынайы ұлттық мәдени құндылықтардың қайта жандануына алып келді. Сол уақыттың тұрақсыз экономикалық жағдайы, жүргізілген әлеуметтік, экномикалық және саяси реформалар мәдениеттің күйіне кері әсерін тигізді. Мәдениет әлеуметтік жүйенің басқа салалары сияқты тәуелсіздіктің бірінші жылдары қиын сындардан өтті. Мәдениеттің кино шығару, кітап шығару сияқты индустриялары түрлері тоқырау жылдарын бастан өткізді. Мәдениет институттарының әлсіреуі, болып жатқан үрдістерді жеткіліксіз түсіну - міне сол кезеңнің ерекшелігі. Осылай, Қазақстан мәдениеттің барлық салаларының модернизациясына бағытталған іс-әрекеттердің белсенді түрде дамуына талап ететін мәдениет жүйесін қалыптастыру мен нығайтудың қағидаларындағы жаңа жолын таңдады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жариялаған Жарлығымен 2000 жыл - Мәдениетті қолдау жылы болды. Барлық деңгейде жүзеге асырылған қаржы-экономикалық және әлеуметтік шаралардың нәтижесінде кері бағыттарды тоқтатып қана қоймай, алға жылжу үшін фундамент қалыптастырылды.

Өркениетті мемлекеттермен жақындасу, Қазақстанның дүниежүзілік мәдени қауымдастыққа кіруінің нәтижесінде біздің мәдениетіміздің алдында жаңа бағыттары пайда болды. Бұл тенденциялар халықтың шынайы мәдени мұқтаждығын оқу қажеттілігі, қоғамдағы шығармашылық еңбек адамдарының лайықты орнын анықтау, өсіп келе жатқан ұрпақты және жастарды тәрбиелеуге, олардың рухани қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық мәдени жүйенің қалыптасуына әкелді.

Мәдениет – екі мемлекет адамдарын, әр түрлі өркениеттердің адамдарын, тіпті антагонистік ойлары мен көзқарастарында айырмашылығы бар адамдарды біріктіре алады. Қазіргі заманның өнері - бұл көптеген діндер мен мәдениеттердің көпғасырлы дәстүрлері бірлесіп әрекет ететін тартылыс күші болып табылады.

Халықаралық деңгейде жасалып жатқан іс-шаралар Қазақстан мен Қытай халқының арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықтың кең көлемде дами түсуіне түрткі болғандай. Өмірдің мәнін түсініп, еркіндіктің, қауіпсіздіктің, бейбіт ынтымақтастықтың және екі ел арасындағы, екі елдің азаматтары арасындағы достықты күшейту үшін Қазақстан мен Қытай ел басшылары мемлекетаралық қатынастағы бір-біріне деген сенімділікке жағдай жасаудағы барлық шараларды қолдауға тырысты. Сондықтан да жаңа қатынасты орнату барысында екі ел арасындағы көпір іспеттес болған мәдени-білім беру, ақпарат алмасу және ғылыми-техникалық зерттеу саласының маңыздылығы аса зор болды. Сол себепті де екі ел арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықтың даму үрдісіне арналған осы зерттеу жұмысы негізінен осы аталмыш салаға сараптама жасап, талдауды қарастырады.

Қытай-Қазақстан мәдени ынтымақтастығын асыру жолына Қазақстан Республикасы әрдайым өз үлесін қосып отырады. Қытай мен Қазақстан арасындағы мәдени ынтымақтастықтың жемісті нәтижелерінің бірі ретінде қазақстандық телеарналарда көрсетіле бастаған қытайлық көркем, документалдық фильмдерін және Қытай Халық Республикасының қазіргі кездегі өмірі, экономикасы, мәдни мұралары туралы және табиғаты мен жан-жануарлар әлемін суреттейтін фильмдерін мысалға келтіруге болады. Қытайлық көркем фильмдердің басым көпшілігі ХІV-ХV ғасырдағы Қытай әдебиетінің шығармашылық туындылары бойынша түсірілген. К.Хафизованың айтуы бойынша, бұл фильмдердің біздің ұлы көршіміз Қытай туралы және ондағы халқының ерекшеліктермен танысудағы беретін пайдасы өте зор /2/. Соңғы кезде спутниктік антеналар арқылы тасымалданатын қытайлық «ССТУ» бағдарламасы да іске қосылып, Қытай туралы көп мағлұмат алуға және қытай тілін оқып үйренуге берер пайдасы баршылық.

2004 жылы мемлекет басшысының ұсынысы бойынша 2004-2006 жылдары қарастырылатын «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы өңделіп, бекітілді. Бағдарламаны жүзеге асуының негізгі бағыттары төмендегідей:

1) ұлттық тарихтың ірі тарихи - мәдени, археологиялық және архитектуралық ескерткіштерін қалпына келтіру;

2) қазақ халқының мәдени мұрасының толық оқу жүйесін қалыптастыру;

3) ұлттық және дүниежүзілік ғылыми ойдың, мәдениеттің және әдебиеттің басылымдарын өңдеу;

Алғашқы рет «Мәдени мұра» атты жалпы ұлттық бағдарлама аясында Қазақстан және бірқатар шекаралас мемлекеттер жерінде Қазақстанның мәдени-тарихи мұрасын жинақтау, зерттеу, сақтау, көбейту және үгіттеудің барлық бағыттары бойынша мемлекеттік тілде гуманитарлық білім берудің толыққанды қорын құру бойынша кең көлемді теңдесі жоқ шаралар өткізіліп жатыр. Ежелгі және ортағасырлык дәуірдің бірегей материалдары алынып, зерттелініп жатыр, қазақ халқының көптеген оқиғаларының сырын ашатын бұрын бейтаныс болып келген жазба дереккөздері шетел мұрағаттары мен қорларынан алынып, ғылыми айналымға енгізілуде.

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы аясында «Шығыстану» секциясы Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы, Монғолия, Түркия мен Қырғызстан Республикасына археографиялық экспедициялар мен ғылыми іссапарлар жүргізілді /3/

Бұл кезеңде Францияның, Германияның, Түркияның, Қытайдың, Ұлыбританияның, Ресейдің, Өзбекстанның және өзге де елдердің кітап қорларына, мұрағаттарына, кітапханаларына, ғылыми орталықтарына 30-дан астам шетелдік археографиялық, мәдениеттанушылық экспедициялар мен іссапарлар жүргізілді. Олардың нәтижелері қазақ халқының тарихы, философиясы, кұқығы, мәдениеттануы, әдебиеті, өнері, халық ауыз әдебиеті мұралары бойынша энциклопедиялық еңбектер мен көптомдық академиялық еңбектерді басылымға дайындап, жариялау саласындағы ғылыми жаңалықтар мен ірі жетістіктер болып табылады.

Елдің егемендігін қалыптастырып, дамыту үшін маңызды әрі өзекті болып табылатын ғылыми нәтижелер Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы арқылы да алынды. Нақтырақ айтсақ, Ұлттық кітапханаға «Ежелгі Қытай дереккөздеріндегі қазақтар туралы материалдардың» 2 томы, Ресей мемлекетті кітапханасынан, Еуропа елдеріндегі кітапханалардан сирек кітаптардың көшірмелері, 478 атауды қамтыған бірегей «Қазақ кітабының библиографиясың әкелінді.

Осындай зерттеулердің нәтижесінде, мамандардың айтуы бойынша ұзақ уақыт бойы Қы­тайдың тарихи мұрағаттарында сақталған қазақ халқына қатысы бар өте мол тарихи мәлі­меттер мен деректер бізге беймәлім болған еді. Бұл орайда, әсіресе соңғы жылдары еліміздің та­рихшылары және ғылыми-зерттеу инсти­туттары Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауда­нының Қоғамдық ғылымдар академиясының қызметкерлерімен, жергілікті қазақ зиялылар­мен бірлесіп жұмыс жасай бастағаны бізді қуантады. Әсіресе, академия профессоры Жақып Мырзақан бастаған ғылыми топтың “Чжуңго жылнамаларындағы қазаққа қатысты деректер” атты бес томдық еңбектің алғашқы екі кітабын шығаруы қазақстандықтардың зор ынтасын тудырды. Бұл еңбек екі мемлекет арасындағы көне тарихты зерттеу саласын жаңа деректермен байытып, оқиғаларға тың сәуле түсірді.

“Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бірқатар қазақстандық ғылыми-зерттеу инс­титуттары қытайлық тараппен бірлесіп жұмыс істеп келеді. Оның ішінде Қазақстанның Шығыстану институты және Қытайдың бірінші тарихи мұрағаты арасындағы тығыз байланыстар өз жемісін беруде. 2005 жылы қол қойылған келісім-шартқа сәйкес, мұрағат “Цин дәуіріндегі қазақ-қытай қарым-қатынастарына байланысты мұрағат құжаттар жинағы” кітабының екінші томын басып шығарған. Қазіргі таңда Қазақстан Респуб­ликасының Ұлттық кітапханасы және Шанхай кітапханасы арасында “мәдениет үйлерін” өз­ара ашу көзделуде. Сонымен қатар екі ел ара­сындағы мәдени-гуманитарлық байланыс­тарды дамыту мақсатында үкімет деңгейіндегі тең дәрежелі мәдениет орталықтарын өзара құруды ұсынылып отыр. Келешекте Үрімші немесе Құлжа қалаларында Қазақстанның мәдениет орталықтарының құрылуы екі ел арасында өзара мәдени қарым-қатынастарды одан әрі тереңдей түсетіні сөзсіз.

Бұл "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының мақсаты - рухани және білім беру салаларының дамуы, елдің мәдени мұрасын нәтижелі пайдалану және сақталуын қамтамасыз ету.

«Мәдени мұра» бағдарламасы халық тарихы, мәдениетті дамыту мәселелеріне мемлекеттің басты назар бөлетіндігінің тағы бір айғағы болып табылады. Ол еліміздің егемендігін, қазіргі қазақстандық қоғамның рухани бірлігін нығайтуға бағытталған.

Мәдени және өркениеттілік өзінділік мәселесі адамзатқа қазіргі тарихтың сыны болып табылатын жаһанданумен байланысты. Жалпы қазақстандық мәдениет үлгісі тек өзіміздің мемлекет шеңберінде шектеліп қалмай, ашық бағытта басқа мәдениеттер ағыны мен диалог негзінде дамуы керек. Бұл аукымды үрдісте әлемдік мәдениеттер шеңберінде – қытай мәдениеті мен қазақ мәдениеті де жалпыадамзаттық өркениеттің дамуына елеулі үлес қосуға белсенді атсалысуы тиіс.

Көпғасырлық қазақ-қытай мәдени рухани байланыстары қазақ пен қытай халықтарының мәңгілік достығының маңызды факторы ретінде дамып, нығая түсуі екі ел арасындағы саяси ынтымақтастықтың кепілі болмақ.
ӘДЕБИЕТТЕР
1) И.Тасмағамбетовтың Парламет депутаттарының алдында сөйлеген сөзінен. http: // www.nlrk.kz

2) ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында атты халыққа жолдауы. 18 ақпан. 2005 ж. Астана //Егемен Қазақстан. - 2005. – 19 ақпан.

3) Әбусейітов М., Базылхан Н., Еженхан Б., Сұңғатай С., Нұрманова А., Шымшихан Е., Торланбаева К. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүргізілген археологиялық экспедициялар жайлы есептер// «Shygys» № 1 (2005). – С. 289-238.
ТҮЙІНДЕМЕ
Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы «Мәдени мұра» бағдарламасы және оның аясында атқарылып жатқан шаралар туралы қарастырылған.
РЕЗЮМЕ
В данной статье рассматривается национальная программа «Культурное наследие» и мероприятия проводимые в этом направлении в Республике Казахстан.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к ., доцент

Қалыш Аманжол Боранбайұлын

55 –жылдық мерей тойымен құттықтаймыз!
Қалыш Аманжол Боранбайұлы 1954 ж. 30 наурызда Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандығаш қаласында жұмысшы отбасында дүниеге келген. 1972 ж. Ресей Федерациясы, Орынбор облысы, Орск қаласында орта мектепті бітірген. 1972-1977ж. С.М.Киров атындағы ҚазМУ-ң тарих факультетінде оқыды. Студент кезінде-ақ А. Құнанбаев, В.И. Ленин атындағы стипендиялардың иегері, ҚазМУ қалашығын салуда жалпы университеттік СҚО штабының комиссары қызметін атқарғаны үшін 4 курста «Құрмет белгіс» орденімен марапатталды. «07.00.07 – этнология, этнография және антропология» мамандығы бойынша тарих ғылымының кандидаты атағын алды.(1989, Москва қ.)

Аманжол еңбек жолын 1977-1978ж – университеттің СҒЗЖ кеңесі төрағасы болып бастады, 1978-1981ж. ҚазССР ҒА Тарих, археология және этнография институтының аспирантурасында оқыды.1981-1983 аталған институтта кіші ғылыми, аға ғылыми қызметкер болды.1983-1992 ж. әл-Фараби атын. ҚазҰУ доценті, факультет деканының орынбасары (1993-1994 ж.) және ғылыми жұмыстар (2000-2001ж.) жөніндегі орынбасары, ал 1992-2007ж. тарих факультетінің «археология және этнология» кафедрасының докторанты, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2007 жылдан бүгінгі күнге дейін Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі .



Ғылым саласында қазақтар мен көп ұлтты Қазақстанның өзге де этностарының этникалық, этномәдени, этнодемографиялық үрдістері, отбасы-некелік қатынастары, рухани және заттай мәдениеті мәселелерімен айалысып жүр. Оның жетекшілігімен 6 кандидаттық диссертация қорғалып, 2 кандидаттық диссертация қорғауға дайындалуда.150 жуық ғылыми мақалалар мен 5 кітаптың авторы. ҚазССР ҒА Тарих, археология және этнология институтының, этнография бөлімінің «Қазіргі кездегі Жетісу жерінің ауыл халқының мәдениеті мен тұрмысындағы дәстүрлі және жаңа өзгерістер» Алматы қаласы тұрғындары: қазіргі этномәдени үрдістер», «Маңғыстау облысы этномәдени үрдістер». Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультетінің археология және этнология орталығының «Қазіргі кездегі Түркістан қаласындағы этнологиялық және этномәдени үрдістер» атты жоспарын және жоспардан тыс тақырыптардағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етті. 1989-1999 жылдары Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жүргізілген этнологиялық экспедициялардың жетекшілігі қызметін атқарды. А.Қалыш 150 жуық ғылыми мақалалар мен 5 кітаптың авторы.

А.Қалыш ҚР ҰҒА Шығыстану институты және АҚШ Вискон университеті (1998-2000ж.) ғалымдарымен бірге «Орталық Азия және Қазақстан республикасындағы мал шаруашылығы» атты халықаралық ғылыми жобаға қатысушы; ҚР ғылым және білім министірлігінің «Қазіргі кездегі Қазақстандағы этномәдени үрдістер 2000-2001» атты ғылыми гранттың иегері. Этнологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша бүкіл одақтық ғылыми сессиясының, «Қазақстан-Иран» халықаралық ғылыми конференциясының, халықаралық Бекмаханов оқуларының жауапты хатшысы қызметін атқарды. Ғалымның ерең еңбегі ұлтымыздың жарқын болашағын алдағы уақытта да көркейте берсін!


Таймагамбетов Ж.К.- т.ғ.д.профессор (Алматы қ., әл-Фараби атын.ҚазҰУ)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет