ҚҰран кәрім хикаялары



Pdf көрінісі
бет62/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   102
Хикаялар

Нағыз даналық 
Қыдыр өз амалдарының себебін түсіндіріп, Мұсаға: «Жағалауда мен 
түбін тесіп қайраңға отырғызған кеме кедейлердің кемесі болатын. Кедейлер 
осы кеме арқылы азықтарын тауып, күнелтетін. Мен ол кемені адамдардың 
кез келген дүние-мүлікін күшпен иеленіп алатын қатыгез патшаның қолына 
түсірмес үшін бүлдірдім. Бүлінген кемені патша кедей иелерінің қолында 
қалдырар еді. Мен соны қаладым. Ал бала жайлы айтсам, ол парасатты, 
діндар адамдардың баласы-тұғын. Ол есейгенде ата-анасын өзінің 
сенімсіздігімен қорлап, әдепсіз қылықтарымен қинаушы еді. Сондықтан да 
Ұлы Жаратушы Аллаһ ол баланың орнын әдепті, саналы, ата-анасын 
сыйлайтын, діндар ұлмен алмастырғысы келді. Бұл – Аллаһтың әмірі. 
Мен кірпіштерін жинаған қақпа екі жетім баланікі. Бақша астында 
олардың әкесінің екеуіне қалдырған қазынасы бар еді. Ұлы Аллаһ тағала 
балалар өсіп, жетілгеннен кейін ғана қазынаны ашқандарын қалады. 
Ей, Мұса! Менің әрекеттерім – тек қана Аллаһ тағаланың бұйрығымен 
және Оның білімінің арқасында іске асқан амалдар. Мен – тек Оның 
қалауын орындаушы пенде ғанамын. Ей, Бауырым! Сені Аллаһ Өзі 
кешірсін! Жолың болсын!» – деді де, өз жолымен кете берді. Ал Мұса кері 
қайтты. Ол Аллаһтың ізгі пендесі Қыдырмен бірге жүрген азғантай күнде 
өзіне үлкен ғибрат болар дәріс алды.


79 
Аллаһ бұл жайлы: «Сендерге білімнің ең аз мөлшері ғана берілген», – 
деп шындықты айтқан. Сөзiмiздiң соңында Аллаһ тағаладан бiздерге 
дүниеде және Ақыретте пайдасы тиетiн жақсылық пен ақиқатты ғана 
бiлдiруiн сұраймыз.


80 
ОН ЖЕТІНШІ ХИКАЯ 
ТАЛУТ ПАТША ТУРАЛЫ 
 
Шамуиль пайғамбар 
Жылдар жылжып өтіп жатты. Бәну исраил қауымы Аллаһ тағаладан 
бұйырылған хақ дiннен бет бұра бастады. Бұл қателіктеріне орай, Аллаһ 
тағала олардың дұшпандарына күш-қуат берді. Қауымда бас біріктіретін 
басшы қалмады. Адамдар бет-бетімен кетіп, қауым ішінде іріткілік белең 
алды. Бұл қауым дұшпандарынан ойсырай жеңiлiп, өз елiнен қуылуға 
мәжбүр болды. Аллаһ оларға Мұсадан кейiн Шамуиль деген пайғамбарды 
таңдады. Елінен безіп, кедейшілікке ұшырап, тентіреген қауым 
адамдарының бiр тобы жаңа пайғамбарға келiп: «Уа, Аллаһтың елшiсi! 
Аллаһ тағалаға бiзге бiр патша жiберуiн сұрап, дұға жасағайсың. Бiз ол 
патшаның басшылығымен дұшпанға қарсы күресiп, елiмiзге оралуды 
қалаймыз. Бізге басшы керек. Біз әлсiзбiз. Мүмкiн, ол патша бiздiң жеңiске 
жетуiмiзге көмектесетiн шығар… Уа, Аллаһтың елшiсi! Дұға жаса!» – деп 
өтiндi. 
Бәну исраил қауымы өздерiнiң жеңiлiске ұшырағандарының себебiн 
патшасының, басшысының жоқтығынан деп ойлап, пайғамбардан Аллаһтан 
патша сұрап беруiн өтiнiп, үмiттендi. 
Пайғамбар олардың нәпсiлерiнiң қорлық көруге, әлсiздiк танытуға 
дағдыланып кеткенiн бiлетiн едi. Бұл пайғамбар олармен бiрге өмiр сүрiп, 
оларды қанша мәрте сынап та көрген. Сондықтан Шамуильға олардың 
жағдайы мәлім болатын. Пайғамбар адамдарға ақыл ретінде: «Егер мен 
сендерге патша жiберуiн сұрап, Аллаһқа дұға етсем, сендер Аллаһ жолында 
ол патшамен бiрлесiп соғыса аласыңдар ма? Өйткенi мен сендердiң 
соғысуды 
қаламайтын, 
дұшпанға 
қарсы 
тұруда 
әлсіздік 
танытатындықтарыңды білемін. Аллаһ тағала менiң дұғамды қабыл етiп, 
сендерге патша жiберсе, оған қолдау көрсетіп, онымен бiрге күресуді 
қаламасаңдар, оның қолынан не келеді? Ей, қауымым! Сендердiң 
жағдайларыңның нашарлығы патшаның жоқтығында емес, өздерiңнiң 
әлсiздiктерiңе байланысты емес пе?» – дедi. 
Қауым адамдары пайғамбарға: «Қазір бiз осындай жаман жағдайдамыз. 
Бізге Аллаһ бір басшы болатын патша жіберер болса, соғысамыз. Бiзге тек 
патша керек. Сен еш күдіктенбе. Патша келсе, оның басшылығымен 
бiрлесiп соғысты бастаймыз», – деп уәделерін бердi. Пайғамбарлары 
Раббысынан оларға бiр патша жiберуiн сұрап, дұға етті. Дұға қабыл етілсе, 
Аллаһ тағала бәну исраилға патша етiп кiмдi тағайындар екен? Әркімнің 
ойында осындай сұрақ тұрды. Шамуиль оларға: «Ей, қауымым! Аллаһ менiң 
дұғамды қабыл етiп, сендерге Талут есiмдi патша жiбердi. Жақында оны 


81 
көрiп бiлесіңдер. Және оның туының астында соғысатын боласыңдар», – деп 
Аллаһ тағаланың хабарын жеткiздi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет