Педагогический мир Казахстана. №3(92) – февраль, 2023
42
дайындайды.
Қазіргі кезеңде, кітапхана ісінің жаңа əлеуметтік –
мəдени дамуы – саланың кəсіби – біліми саясатын
қалыптастырудың басты факторы болып табылады.
Кітапханашының – кəсіби
шебер маман болуы
үшін қосымша білім беру жүйесін дамытуымыз ке-
рек. Қазіргі кезеңнің кітапханашы маманы ол дəс-
түрлі кітапханалық технологиямен қатар, жаңа ақ-
параттық технологияныда жақсы меңгерген кəсіби
маман болып табылады
Заман талабына сай мамандарды жəне олардың білі-
мін арттыруға күн өткен сайын аса зор талаптар қо-
йылуда. Осыған байланысты оқу процесінде бел-
сенді жұмыс жүргізу көкейтесті мəселе болып отыр.
Бұлардың шешімі оқудың белсенді əдістерін қол-
дану, оқу процесінде болашақ мамандарға қажетті
ақпараттарды іздеп, оны дұрыс пайдалана алатын-
дай білім беру, əсіресе, ақпараттық жаңа техноло-
гияны меңгеру, пайдалану
дағдыларын қалыптас-
тыру болып табылады. Кітапханалардың жаңа жағ-
дайына, коммуникациялық жүйенің дамуына байла-
нысты білім беретін арнайы курстар, пəндер оқу
жоспарына енгізіліп отыр. Бүгінгі күннің талабына
сай 2-3 мамандықты меңгерту қажеттігіне келсек, кі-
тапханашы – библиограф мамандығына қоса, мұра-
жай, мұрағат, ақпараттық жүйе мамандықтарын
қоса оқыту мəселелерін ойластыру қажет.
Қазақстанның кең – байтақ жеріне орналасқан
ауылдарда, шағын елді мекендерде кітапханалар
қызмет істеп келді, қазіргі кездеде қызмет атқаруда,
кітапханалардағы кітап қоры, əсіресе, күнделікті
шығатын газет – журналдар шоғырланған бірден –
бір мəдениет
болғандықтан, оқырмандарды ақпа-
ратпен қамтамасыз етудегі маңызы орасан зор.
Ғасырлар бойында білімге шөліркеген қазақ ұлты-
ның қасиет тұтар ең үлкен қазынасы – кітап, кітап-
хана десек қателеспейміз.
Кітапхана ісі мəдениет саласы ретінде ақпараттық,
білім беру жəне мəдени – ағарту қызметінің негізі
болып табылады. Жаңа мыңжылдықта кітапхана-
шылардың қайта жандандырып, өзгеруінің арқа-
сында мəдени мекемелер арасында жоғары дəре-
жеге ие болады.
Қазіргі кезде адамдардың өскелең талабын қанағат-
тандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін да-
мыту жəне жоғары эстетикалық талғамын қалып-
тастыру міндеттерін іске асыруда кітапханалардың
алар орны ерекше.
Осы орайда «Кітапхана ісі» мамандығының қажет-
тілігін мойындайтын
оң пікірлер мен көзқарастар
қалыптастыру қажет.
Бүгінгі таңда, кітапхана ісі өзінің жаңа даму саты-
сында тұр, кітапханаға оқырмандардың келуі де,
кадрларға деген сұраныс көбеймесе азайған жоқ.
Əлемдік ақпараттандыру жəне қоғамды компью-
терлендіруге деген тенденция компьютерлік
мəдениетке оқытуға, ақпаратты қоғам технология-
ларына, ақпараттық ресурстар мен қызмет көрсету
жүйесін ұйымдастыруды құру жəне пайдалануына
əр түрлі ақпараттарға көп аспектілі жəне оперативті
түрде кіруді қамтамасыз ететін түрлі деңгейдегі то-
раптарға деген қажеттілікті күшейтіп отыр.
Бүгінгі күні кітапхана ісі саласына байланысты ғы-
лыми ізденістер, осы салада көкейтесті мəселерді
шешуге байланысты басқа жоғары оқу орындары-
мен шығармашылық бірлестіктер, ол үшін бірлес-
кен ғылыми- теориялық жəне ғылыми -əдістемелік
конференциялар, тақырыптық жинақтар,
оқулық-
тар, оқу құралдары өте қажет. Қазіргі кезде сту-
денттерге жаңа білім беру жүйесі – кредиттік тех-
нология сəтті ендірілуде. Ол өзіндік білім алу дең-
гейін арттыруға жəне білімді шығармашылық не-
гізде игеруге бағытталған.
Кітапхана ғасырдан – ғасырға адамзат тарихының
керуенін сүріндірмей əкеле жатқан шырағы биік
парасаттылық пен білімділіктің, рухани байлық пен
біліктіліктің киелі ордасы. Заманымыздың əр кезе-
ңінде кітапханашы қызметі туралы ұғым жоғары
болуы тиіс. Кітапханашы кітапханада тек кітап
қана
береді деген ұғым орнына, қоғамда кітапха-
нашы мамандығының қажеттілігін мойындайтын
оң пікірлер мен арнайы орта білімді жəне жоғары
білімді кітапханашыларды даярлауды ұйымдас-
тыру жүйесі бір – бірімен тығыз байланысты болуы
қажет. Ең бастысы, кітапханашы мамандығы ту-
ралы түсінік, жарнама терең мəнді, мазмұны түсі-
нікті, қажеттілігі жоғары
болуына көңіл бөлінуі
тиіс.
Жоғары білімді кітапханашы – библиографтарды
дайындаумен қатар, арнайы орта білімді кітапхана-
шылар даярлауды ұйымдастыру республикамызда
жалпы мəдени - əлеуметтік қызмет саласына ма-
мандар даярлау жүйесімен қатар, кітапхана маман-
дарын əзірлеуге де көңіл бөлініп, оны жетілдіруге
жағдай жасалуда. Қазіргі кезде, қоғамда ақпарат-
тық, біліми жəне мəдени қызметтер атқаратын кі-
тапханалардың аса қажетті əлеуметтік институт
екеніне ешкімнің дауы бола қоймас. Барлық шетел-
дерде,
сонымен қатар, біздің республикамызда да
кітапхана ісіне, кітапханаларды техникалық жаб-
дықтауға жəне оларда қызмет істейтін мамандар
əзірлеуге көп көңіл бөлінуде.
Қолданылған əдебиеттер тізімі:
1. Көшербаева Б.Қ. Кітапхана мамандарының жаңа
саясаты // Кітапхана əлемі. - 2007.-№3.-б.26-27.
2. Мырзаханова Ф. Ізгілікпен қызмет көрсету не-
гізгі міндетіміз // Кітапхана əлемі. -2006.-№2.-б.33
– 34.
3. Нұрымбекова Ə.Ғ. Қазақ кітапханасы – тəуелсіз-
дік қарлығашы // Кітапхана əлемі. - 2007.- №1.-
б.18-20.