ҚҰрманбаев с. К., Аділбеков м. Т. КӘсіпкерлік (оқулық)


Кәсіпкердің құқыѓы, міндеттері және жауапкершілігі



бет4/18
Дата09.06.2016
өлшемі1.77 Mb.
#124833
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

3.3 Кәсіпкердің құқыѓы, міндеттері және жауапкершілігі
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу кәсіпкерлердің қ‰қықтарымен, міндеттерімен және жауапкершілігімен тығыз байланысты. Құқық оның міндеттерімен және міндеттерді б±зѓаны үшін жауапкершілікпен ‰йлеседі.

Кәсіпкер ҚР заңына сғйкес мемлекет пен әріптестері алдында жасалѓан келісім шартты тиісінше орындамауына, басқа субъекті-


лердің меншік қ‰қыѓын, салық тәртібін, өнім сапасына талаптар-
ды б±зуына, қоршаѓан ортаны ластауына, монополияѓа қарсы заңды б±зуына, қауіпсіз еңбек жагдайын сақтамауына, тұтыну-
шыларѓа олардың денсаулыѓына зиянын тигізетін өнім сатуына әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік алады.

Жауапкершіліктің жалпы нысандары "Кәсіпкерлікті дамыту және шаруашылық қызмет еркіндігі туралы" Заңда қарасты-


рылѓан.

Бұл шаралар - ақшалай айыпп±лдар, лицензиясын алып алу, Кәсіпкерлік қызметті тоқтату.

Кәсіпкер табиѓи ресурстарды және жерді ‰тымды пайдалану, қоршаѓан ортаны ластаудан қоргау, өндіріс қауіпсіздігі ережелерін б±зу талаптарын сақтамаудан болған зиянның орнын толтыруѓа міндетті.

Кәсіпкер ҚР заңына сғйкес келісімде (келісім шартта) қарастырылѓан міндеттерді орындамаѓаны үшін әріптестер алдын-


да жауапкершілік алады.

Кәсіпкерлік қызметтің таңдалѓан заңдық нысанына сғйкес кәсіпорынның міндеттемелері бойынша кәсіптердің толық немесе шектелген мүліктік жауапкершілік бекітіледі.

Жауапкершілік нысаны қ‰рылтайшысының қ‰жатта көрсе-
тіледі. Тіркелмеген кәсіпорын қызметіне тыйым салынады, оның қызметінен алынѓан табысы сот арқылы жазаѓа тартылады.

"Лицензия туралы" заңѓа сғйкес қызметті мемлекеттік лицензиялаумен байланысты қатынастар және лицензиялауѓа жататын белгілі әрекеттер реттеледі. Онда міндетті лицензиялауѓа жататын қызмет түрлері бекітілген.

Қызметпен сғйкес лицензиясыз айналысу немесе лицензия-
лық нормалар мен ережелерді б‰зу заңмен бекітілген әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Лицензияны беру кезінде қоѓам, қоршаѓан орта, адамдардың тіршілігі мен денсаулыѓының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өндіріс жағдайы, сонымен қатар осы қызметтің өнімі болатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсету) сапасының кепілдігі ескеріледі.

Белгілі өнім шыѓаратын кәсіпкер сертификат ‰йымына барып, сғйкес сертификат алуы қажет.

¦сақ кәсіпкерлердің өнімдеріне ең қолайлы жағдай жасау тәртібі енгізіледі.

Қазақстанда халықаралық стандарттармен ‰йлескен серти-
фикация сызбасы енгізіледі, ол сғйкестік туралы декларация негізіндегі сғйкестік сертификатын беруді қарастырады. өнімнің қауіпсіздігіне жауапкершілікті µтініш беруші өзіне қабылдайды.

Кәсіпкерлер өндірілген өнімдер мен қызмет көрсетулердің түрлері тауар белгісі немесе қызмет көрсету белгісі көрсетіліп, белгі соѓылуы тиіс.

Тауар белгілері мен қызмет көрсету белгілерін тіркеу бекітіл-
ген тәртіппен жүреді. Бµтен біреудің тауар белгісін пайдалану бәсекені жою немесе шектеуге әкелетін басқа әрекеттер адал емес бәсекеге жатады.

Кәсіпкер адал емес бәсекеге жауапкершілік алады. Бғскеге еркіндігін б±затын әрекеттерге заңды, жеке тұлғалар ҚР "Адал емес бәсеке туралы" заңында қарастырылѓан жауапкершілігін алады.

Осы буынды б±зѓан жағдайда нарықтық қатыныс субъектілері адал емес бәсеке фактілер бойынша б±зуларды тоқтатуѓа, бәсекені жою немесе шектеуге бағытталѓан келіісмдерді б±зу енемесе өзгертуге, заңмен бекітілген тәртіпке адал емес бәсеке нәтижесінде болған шыѓындардың орнын толтыруѓа міндетті.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 26 бабына сғйкес әрбір адам Кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, кез келген заңды кғсіркерлік қызмет үшін өз м‰лкін еркін пайдалануѓа құқыѓы бар.

Әрбір адамның Кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне құқыѓы азаматтық заң шеңберінде нақтыланады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 2 бабына сғйкес азаматтар және заңды тұлғалар өз ерік жігерімен және өз м‰ддесімен өзінің азаматтық құқықтарын алады, ж‰зкгк асырады.

Олар келісімнің заңдық шарттарына қайшы келмейтін кез келген жағдайын анықтауда және келісім негізінде өз құқықтары мен міндеттерін бекітуде еркін.

Мемлекет Кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді.

Кғсірпкерлік қызмет еркіндігінің мемлекеттік кепілдігі "Жеке кәсіпкерді қорғау және қолдау туралы" ҚР заңында бекітілген.

Жеке кәсіпкерге келесі құқықтарды бµгетсіз жүзеге асыру мүмкіндігіне кепілдік беріледі.

- ҚР заң актілеріне қайшы келмейтін кез келген кәсіпорын, ұйым қ±ру:

- Мемлекеттік кәсіпорындардың және меншіктің басқа нысанына негізделген кәсіпорын мүлігін, басқа мүлігін және олармен байланысты мүлік құқыѓын толықь және бөлшектеп алу;

- Заң негізінде алынѓан мүлікпен және өз м‰лкімен басқа шаруашылық субъектілердің қызметіне қатысу;

- Екі жақтың келісуі бойынша заңды және азаматтық тұлғалардың мүлігін пайдалану;

- ҚР заңына қайшы келмейтін жағдайда немесе келісім-шарт жағдайында кез келген қызметкерлер санын жалдау және жұмысты шыѓару;

- Жалдамалы жұмысістейтін тұлғалардың еңбек ақы нысандарын, жүйелерін және басқа табыс түрлерін бекіту;

- Шаруашылық қызмет баѓдарламасын қалыптастыру, өндірілетін өнім (жұмыс, қызмет көрсету) жабдықтаушыларын және тұтынушыларын таңдау, мемлекеттік м±қтаждық үшін жұмыстар мен жеткізуді келісім негізінде орындау;

- ҚР заңының нормаларымен анықталатын жағдайларды есептемегенде, сатылатын тауарларѓа (жұмыстарѓа, қызмет көрсетулерге) өз бетінше бағалар, расценкалар және тарифтер қою;

- Ақша сақтау үшін және барлық есеп айырысу, несие және кассалық операция түрлерін жүзеге асыру үшін банктен есеп шот алу;

- Салық төлегеннен және басқа міндетті төлемдерді енгіз-


геннен соњ қалѓан Кәсіпкерлік қызмет табыстарын еркін пайда-
лану;

- Көлемі бойынша шектеусіз табыс алу;

- өз таңдауымен әр түрлі әлеуметтік сақтандыру жүйелерін қолдану;

- оның құқыѓына немесе заңдық м‰дделеріне қысым көрсе-


туші мемлекеттік және басқа ұйымдардың әрекетіне бекітілген тәртіппен шаѓымдану;

- сыртқы экономикалық қатынастарѓа қатысушы ретінде шыѓу және валюталық операцияларды жүзеге асыру;

- ҚР заңына қайшы келмейтін Кәсіпкерлік қызметке байла-
нысты басқа әрекеттерді жүзеге асыру.

Кәсіпкерлік жауапкершілік.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік қызмет облысын-
Дағы құқықты б±зу мен қылмыстар және оларды жасауѓа жауап-
кершілік 30 қањтар 2001ж. № 155-11 "Әкімшілік құқықты б±зулар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексімен және 16 шілде 1997 жылѓа №167-1 Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексімен бекітілген.

"Әкімшілік б±зулартуралы" ҚР Кодексінде сауда, қаржы және салық салудың Кәсіпкерлік қызметі оьлысынДағы әкімшілік құқық б±зуѓа арналѓан арнайы білімдер бар.

Кәсіпкерлік қызмет облысынДағы ең жиі кездесетін әкімшілік құқық б±зуѓа келесілео жатады:

- сғйкес тіркеу немесе лизензиясыз, арнайы р±қсатсыз білікті аттестатсыз (куғлік) Кәсіпкерлік немесе басқа қызметпен айна-


лысу;

- тыйым салынѓан Кәсіпкерлік қызмет түрлерімен айналысу:

- Кәсіпкерлік қызмет туралы ақпаратты ұсынбау немесе уақытылы емес ұсыну;

- монополияѓа қарсы заңды б±зу;

- жалѓан Кәсіпкерлік;

- заңды тұлға, филиал,, µкілдікті сғйкес қайта тіркеусіз Кәсіпкерлік қызмеитті жүзеге асыру.

Әкімшілік кодексте заңды тұлғалардың жауапкершілігі, ал кодекстің жекелеген баптарында- ұйымның лауазымды тұлға-
лардың жауапкершілігі қарастырылады. Оны ұйымдастыру - басқару немесе әкімшілік- шаруашылық міндеттерді орындаумен байланысты әкімшілік құқықты б±зушы жетекшілер және кәсіп-
керлік құрылымда басқару функцияларын орындайтын басқа қызметкерлер алады.

Жеке кәсіпкерлер лауазымды тұлға ретінде әкімшілік жауап-


кершілік алады. Егер кодекс бабында заңды тұлғаның жауапкер-
шілігі қарастырылса- жеке кәсіпкерлер заңды тұлға ретінде әкімшілік жауапкершілік алады.

Құқықты б±зуѓа жауапкершілік бестен екі мыњ айлық есептік көрсеткішке дейін, ал жекелеген жағдайларда одан да көп айыпп±л арықылы есептеледі.

Мысалы, салық салу объектісін салық төлеуші заңды тұлға-
ның жасыруы, жасырылѓан салық салу объектісінің құнынан елу пайыз мµлшерінде айыпп±лѓа тартылады.

Айыпп±лдан басқа, Кодексте қосымша немесе дербес ретінде әкімшілік-құқықтық ықпал етуідњ келесі шаралары бар:

- шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ тұлғаларды ҚР шекарасынан шыѓару;

- 15 тғулікке дейін мерзімге ғкмшілік т±тқындау;

- Құқық б±зудың тікелей объектісі болып табылѓан тауарлар мен кµлік құралдарын тәркілеу;

- Лицензия, арнайы р±қсат немесе білікті аттестат (куғлік) жұмысын тоқтату.




ТАҚЫРЫП 4. ӨЗ ІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
1. Кәсіпкер бейнесі (имиджі)

2. Жаңа кәсіпорын құру

3. Кәсіпорынды сатып алу

4. Біріккен кәсіпорын құру
Соңғы он жылда біздің өмірімізге "бейне" сөзі біршама енді. Ағылшын сөзінен аударғанда - бейне, бедел, мәртебені білдіреді. Кәсіпкерге қатысты - бұл оның рухани - жеке, зиялылық, кәсіби және этикалық қасиеттерін қоршаған адамдардың бағалауы.

Бейне - бұл адамның өз бейнесін басқалар үшін құрастыру, таныстыру рәсімі.

Кәсіпкер болу үшін, "болу немес болмау?" сұрағына жауап беру қажет. Кәсіпкерлік - тек қызмет түрі ғана емес, бұл қабілеттілік . Барлығы бірдей кәсіпкер бола алмайды, барлығы болуы тиіс емес.

Тәжірибе көрсеткендей, тек он адамның біреу шынайы табысты кәсіпкер болады.

Профессор В.Богачев кәсіпкер тағдыры туралы өте бейнелі жазды: "Кәсіпкер - бұл мәңгі борышкер, қайтпас оптимист, өз еркімен өзі үшін бірнеше объектіні, тіпті шаруашылық сфераны ауыстыруға тура келетін өмірлік мансапты таңдаушы, оның жұмыс күні мен демаласы мөлшерленбеген, қайырымсыз өзін-өзі қанаушы, ісі табысты болса да, өзіне тұтынуға білікті қызметкерден көп жұмыс талап етеді.

Бұдан шығатыны, қиын жолға бел буған идеялары мен мүддесі, тартымды жұмысы үшін көп нәрсені құрбан етуге дайын адам ғана кәсіпкер бола алады.

Бірақ қалаумен ұмтылудан басқа белгілі қасиеттер, туғаннан, тұқым қуалауға немесе тәрбиелеуге тән жеке психологиялық қасиеттер қажет. Адамдардың кәсіпкерлік қызметке жарамдылығын тексеретін психологиялық тесттер жүйесі бар.

Бизнес әлеміне кіретін адамның игеруі тиіс қасиеттердің стандартты тізімін ғылым да, тәжірибеде де толық түрде шығармаған. Бірақ кәсіпкерге тән табиғи, ең көп тараған қасиеттер бәріне белгілі.

Олар келесілер:

1. Жергілікті болуы - кәсіпкер болудың шешуші шарты, негізгі алғышарты. Әрекеттерге үздіксіз қабілет, қуаты мен көш қорының болуы, оларды іске жұмсау ықыласы. Табиғатты бос, жалыны жоқ, табиғи және рухани көші аз адамдар кәсіпкерлік үшін жарамсыз.

2. Бастамашылық - жаңа ойлар мен идеялар шығаруға қабілетті, қалыптасқан жағдайды өзгертуге ұмтылу, кәсіпкердің болашағын оның мүмкіндіктері мен дана істерді табу, бір операциядан басқа-
сына өту тұрғысын сипаттайды. Кәсіпкер бұл қасиетсіз, мәңгілік бола алмайды.

3. Еңбек сүйгіштік - адам табиғатының қалауы, еңбекке ұмтылуы. Кәсіпкер жұмыс істемеуді жек көруі қажет.

4. Адамдармен араласуы, сөйлесуі, адамдарға ықпал ете білуі, қажетті жағдайда оларға басшылық жасай алуы. Кәсіпкерді кәсіпкерлікті болашақ ұйымдастырушы ретінде сипаттайды. Бұл қасиетсіз ұжымдық кәсіпкерліктің табысқа жетуі қиын.

5. Білімділігі, Кәсіпкерлік туралы білім мен түсініктің ең болмаса, ең аз деңгейде болуы қажет.

6. Кез келген істен пайда алуға бейімділік. Кәсіпкерліктің бизнеске қызығуын қалыптастыруға, жаңаны және жаңа операцияларды іздеуге ынталандыруға қабілетті.

7. Тәуекелге бару, тәуекелден ішкі қорқудың болмауы, кәсіпкерліктің белгісіздік жағдайында, соңғы нәтижені алдын ала көрудің төмен деңгейде әрекет ету қабілетін көрсетеді. Бұл қасиетсіз кәсіпкер тәуекелге баруға қорқу себебінен пайданы жиі жіберіп алатын болады.

8. Табиғи ақыл әрбір адамға қажет және ол қандай да бір шамада әркімде де бар. Кәсіпкерге тез тапқырлықтың және қулықтың үлесі бар табиғи ақыл қажет. Бұл өз бетімен тез шешім қабылдай білу үшін, алдаудың құрбаны болмас үшін күрделі жағдайдан жол табу үшін керек.

Көптеген адамдарда осы көрстеліген кәсіпкер қасиеттерінің барлығы бизнеске ену кезінде болады. Көпшілігі кәсіпкерлік жолында алынуы және оған қатысу, қосылу барысында жетуі мүмкін.

Талап етілетін қасиеттер мүлде болмаса немесе олар өте аз болса, онда кәсіпкерлікке енуден тоқталған жөн.

Атақты экономист И.Шумпетер мынадай анықтама берді:

"Кәсіпкер болу деген, басқалар істегенді істеу емес. Кәсіпкер экономикалық жүйенің қозғалысын қамтамасыз ететін жаңаны құру үшін дәстүрлі айналымды бұзады. Кәсіпкер қоғамдық прогресс тасымалдаушысы ретінде қоғамдағы орталық тұлға болады.
2. Жаңа кәсіпорын құру
Шағын және орта бизнес мемлекеттің экономикалық тұрақтылығының қуатты факторы болып табылады. Кәсіпкерлікпен айналысатын адамдар қоғамға қажет тауарлар мен қызметтер өндіреді, жаңа жұмыс орындарын жасайды. Қазір республиканың экономикасында негізгі рөльді кәсіпкерлер атқаратын жаңа өмір табалдырығында тұр. Кәсіпкерлікті дамыту үшін қажет құқықтық негіз бар.

Сіз кәсіпкерлік қызметпен айналысуға шешім қабылдасаңыз, көптеген сұрақтардан тұратын бірнеше кезеңдерден өтуіңіз қажет:

1. Алдымен сізге айналысатын кәсіпкерлік түрін және аумағын анықтау қажет.

2. Одан кейін өзіңіздің заңдық мәртебеңізді анықтау қажет.

Заңды нысанды таңдау көптеген факторларға байланысты, ал нақты: бизнес түріне, болашақ әріптестер санына, олардың әрқайсысының қатысу дәрежесі мен жауапкершілігіне, қолда бар құралдарды мен заңмен бекітілген жарғылық қор мөлшеріне, қордағы әрбір әріптестің үлес шамасына және басқа факторларға.

Кәсіпкерлікпен заңды тұлға құрып және құрусыз жеке кәсіпкерлікпен айналысуы болады.

Заңды тұлға құрып кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік беретін негізгі құқықтық нысандар:

1. Шаруашылық серіктестік (толық серіктестік, коммандиттік серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, акционерлік қоѓам);

2. Өндірістік кооператив. Заңды тұлғалардың қызметі ҚР Азаматтық Кодексімен, ҚР Президентінің "Шаруашылық серіктестіктер туралы" және т.б. жарлықтарымен реттеледі.

3. Құрылтайшылық құжат жасау және ісіңізді тіркеу.

Құрылтайшылық құжатта:

1. Серіктестік құру туралы шешім, оның фирмалық аты және орналасқан орны;

2. Серіктестіктің құрылтайшылары, олардың аттары, орналасқан орындары және банк реквизиттері көрсетілген тізім;

3. Серіктестікті құру тәртібі;

4. Серіктестіктің жарғылық қорының мөлшері және оны қалыптастыру;

5. Серіктестік мүлігіндегі құрылтайшылардың үлестерін, серіктестік қатысушылардың үлестерін беру тәртібін анықтау;

6. Серіктестік жарғысын бекіту;

7. АҚ үшін акция саны, мөлшері және орналастыру мен ақы төлеу тәртібі.

Құрылтайшылық келісім коммерциялық құпияға жататын құжаттар құрамына жатады.

Серіктестіктің жарғысы серіктестіктің заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін анықтайтын құжат болып табылады.

Шаруашылық серіктестік жарғысында келесі ережелер болуы тиіс:

1. Шаруашылық серіктестік түрі;

2. Фирмалық атауы;

3. Орналасқан орны мен мекен жайы;

4. Қатысушылар тізімі, жарғылық қор мөлшері туралы мәліметтер;

5. Қызмет мақсаты;

6. Серіктестік құру тәртібі және ұйымдардың құзырлығы;

7. Қызметті ұйымдастыру және тоқтату жағдайлары;

Заңды тұлғаны тіркеу үшін қажет құжаттар:

1. Тіркеу туралы өтініш

2. Құрылтайшылық құжаттар

3. Статистика ұйымдары берген статистикалық карточка

4. Тіркеу алымын төлегені туралы құжат.

Мысалы, жауапкершілігі шектелген серіктестіктін жарғылық қорының мөлшері 10 рет азайған және 100 есептік көрсеткішті құрайды.

Жауапкершілігі шектелген серіктестікті тіркеу үшін қажетті құжаттар:

1. Серіктестік құру туралы өтініш, оған серіктестік құруға уәкілді құрылтайшы адамдар қол қояды;

2. Серіктестік жарғысы;

3. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуге алым еңгізгенді мақұлдайтын құжат.

Кәсіпкер сот ұйымдары мен салық ұйымдарында сәйкес құжат алумен тіркеуден өтуі тиіс.

Банкте есепшот ашуы қажет.

Жеке кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті тартумен жүзеге асуы мүмкін. Жеке кәсіпкерлердің жалдамалы қызметкерлермен қарым-қатынасы еңбек келісімімен (келісім шартпен) рәсімделеді.

Жеке кәсіпкерлікпен айналысқанда лицензияны талап ететін қызмет түрлері бар. Ол ҚР Президентінің "Лицензиялау туралы" Жарлығында бекітілген.

Лицензия берген үшін жеке кәсіпкерден алым алынады.

Кәсіпкерлікті таңдау және құқықтық нысаны анықталған-


нан соң өндірістік база таңдалуы қажет.
3. Кәсіпорынды сатып алу
Бизнесті ұйымдастырудың екінші жолы жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды сатып алу.

Нақты идеяға жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды құру немесе сатып алу, істеп тұрған кәсіпорынды алу бұл өз ісін бастау үшін толық құптауға болатын жол.

Кәсіпорынды сатып алудағы негізгі сұрақ қатысушылардың баға жайында келісімге келуіне жету болып көрінгенмен, табысты сатып алу шын мәнінде одан да маңызды.

Бастаушы бизнесмен, ең алдымен сатып алу қандай стратегиялық мақсаттарды көздейтінін есте ұстауы керек.

Сатып алынған кәсіпорын жаңа фирманың негізгі немесе ол жұмыс істеп тұрғандарға қажетті қосымша қызмет атқаратынына байланыссыз. Мысалы, кәсіпкер көтерме сауда кәсіпорынын, немесе жаңа цех сатып алам дейтін болса, онда алдын-ала оның жалпы құрылымға немесе жасалатын, кеңейтілетін кәсіпорынды ұйымдастыруға сәйкестігіне көз жеткізуі қажет.

Сатылуға ұсынылатын кәсіпорын құнын кәсіпкерге бағалауға көмектесетін үш негізгі әдіс бар:

1. активтерді басқару

2. ақшалардың түсуін бағалау

3. табыстарды капиталандыру.

Кәсіпкер активтерді бағалау әдісін қолдану кезінде кәсіпорын құнын оның капиталының (активтерінің) құнымен өлшейді. Мұнда төрт негізгі көрсеткіш бар:

- баланстық құн;

- келтірілген баланстық құн;

- жойылу құн;

- қалпына келтіру құны.

Кәсіпорын құнын оның активтерінің баланстық құны бойынша бағалаған барлығынан жеңіл.

Келтірілген баланстық құнын көрсететін көрсеткіші біршама нақтырақ, ол қазіргі нарықтық бағаны есепке алып саналады. Фирманың құнын көрсететін тағы бір көрсеткіш - жойылу құны, яғни барлық оның қарыздарын жабуды есептегендегі кәсіпорынның сатудан түскен ақша сомасы.

Кәсіпорынның жойылу құны оның дәл осы уақыттағы ісі қаншалықты табысты жүруіне байланысты.

Қалпына келтіру құны бойынша бағалау, фирманың капиталынқұрайтын, барлық тауарлық-материалдық бағалықтарды ауыстырудың ағымдағы құнын көрсетеді.

Кәсіпкерге осы сатып алумен айналысуға және оған өз уақытын және ақшасын жұмсауға тұра ма деген сұраққа фирманы бағалаудың екінші әдісі көмектеседі. Ол осы сатып алуға байланысты қолда бар ақша өсімін бағалаудан тұрады.

Үшінші, кәсіпорынды бағалаудың жиі қолданылатын әдісі - табысты капиталдандыру әдісі. Осы әдіспен есептелген кәсіпорынның келтірілген құны, капиталандыру коэффициенті деп аталатын коэффициентке көбейтілген табысқа тең.

Табысты анықтау мәселесі екіге бөлінеді; қандай табыс көрсеткішін таңдау және оны қай кезеңге (жылға) - өткен жылға, немесе болашаққа. Егер болашаққа болса, онда неден бастау керек-кәсіпорын бұрынғы иесінің қолында қала ма немесе кәсіпкер оны сатып алама, оларды жаңаша басқара ма?
4. Біріккен кәсіпорын құру
Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың үшінші жолы біріккен кәсіпорын құру, ол өзара тиімді мақсатқа жету үшін біріккен екі немесе одан көп фирмалардың одағы.

Біріккен кәсіпорындардың үш түрін бөледі:

1. Тең құқылы бақылауы бар біріккен кәсіпорындар;

2. Әріптестерінің бірінің бақылаудағы артықшылықтары бар біріккен кәсіпорындар;

3. Еркін біріккен кәсіпорындар.

Бірінші түрдегі кәсіпорындар - тең құқылы бақылауы бар біріккен кәсіпорындардың белгілі егемендігі мен шаруашылық еркіндігі бар.

Екінші түрі - әріптестердің бірі басым орын алатын біріккен кәсіпорын.

Көшті бас фирма қатынасы бойынша өзі орталық үйлестіруші ретінде шығатын мұндай біріккен кәсіпорындардың тұтас көздерін жиі құрмайды.

Егер біріккен кәсіпорынды кұру кезінде басты тірек құрылтайшы фирмаларға емес, осы кәсіпорынның өзіне салынса, онда біріккен кәсіпорындардың үшінші түрі. Бұл түрдегі кәсіпорындар жиі кездеспейді: оларды құрғанда осы жобаның өмірлік қабілеттілігін өте мұқият талдаудан бастайды. өйткені, бұл жағдайда бас фирманың жаңа кәсіпорынға қатынасы оның табысындагы негізгі рөльді атқарады.

Кәсіпкер біріккен кәсіпорынды құру туралы келісімді даиындау кезінде қиындықтармен, табыстың шешуші факторлары туралы түсінуі қажет.

Біріккен кәсіпорындарды құрукезінде пайда болатын мәселелердің көпшілігі әріптестер бір-біріне сенімсіздікнен қарайды; біреуі екіншіге қараганда салымы көп деп ойлайды, олар жаңа кәсіпорынды бақылауды өзара қалай болу және оның егемендігі қандай деңгейде болуы тиістігі туралы бір-бірімен келісе алмайды.

Тиімді қызмет ететін біріккен кәсіпорынды құруоњай емес, бірақ қиындықтарды азайтуға болады. Біріккен кәсіпорын дегеніміз екі немесе одан көп құрылтайшылар, олардың бірі шетелдік жеке тұлға немесе кµбінесе заңды т±лгалардың пай жарналарын енгізу жолымен жарѓылық қоры құрылған кәсіпорын.

Аралас кәсіпорындарға бір елдің екі немесе одан көп заңды тұлғаларымен жарғылық қоры құрылған кәсіпорындар жатады.

Ниет туралы хаттама - бұл болашақта бірігіп жұмыс істеу бағыты мен мазмұны туралы, жақтардың қолдары қойылған құжат.

Нарықтық экономика жағдайында жаңа шаруашылық қызметтер нысандарының ролі күрт өседі. Олардың бірі біріккен кәсіпорын болып табылады, олардың жалпы саны 2002ж. 1-ші қантарында 3000-нан астамды құрады.

Біріккен кәсіпорындардың көпшіліктері Германия, АҚШ, Қытай, Туркия, Италия, Австрия, Польша, Франция, Ресей, Болгария және т.б. фирмаларымен құрылады.

Біріккен кәсіпорындар өнімдер өндіретін және экспорт-өндіруші болып табылатын батыс фирмалармен жұмыс істейді. Бұл "ноу-хау" және қазіргі технологияны енгізумен түсіндіріледі.

Біріккен кәсіпорындар бұдан басқа сервистік, делдалдық және консалтингтік қызметтерді, ауылшаруашылық өнімдерді өндіру және өңдеуді халық тұтынатын тауарларды өндіруді, құрылыс материалдарын өндіруді таѓам өнімдерін өңдеуді және өндіруді, өнеркәсіптік өнімді және т.б. өндіруді жүзеге асырады

Батыс елдерінде біріккен кәсіпорынды белгілеу үшін бірігіп иелену кәсіпорыны түсінігі жиі қолданады.

Мұнда жұмыс істеп тұрған кәсіпорын үлесін сатып алу мүмкін. Мұндай кәсіпорын тура инвестициялау, яғни қандайда бір кәсіпорынға, іске ұзақ мерзімдікапитал салу негізінде құрылады. Жеке тұлға, заңды тұлға немесе мемлекет инвестор бола алады.

Біріккен кәсіпкерлік кәсіпкерлердің бірлесіп жұмыс істеуінің басым нысанына жатпайды.

5 -ТАРАУ. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ЖОСПАРЛАУ
5.1 Бизнес-жоспар түсінігі және міндеттері
Нарықтық экономиканың қызмет ету жағдайында мінез қ±лық іс-әрекеттер стилін Кәсіпкерлік сипаттайды. Б±дан Кәсіпкерлік қызметтің жоспарлаумен көп ортақтығы жоқ сияқты болып көрінеді.

Көпшілігі жоспарлау нарыққа, ал нарық жоспарлауѓа қарама-қайшы деп ойлайды.

Бұл ұғым д±рыс, егер ғміршілдік-әкімшілдік басқару әдістерін нақтылы көрстетін, шаруашылық қызмет еркіндігін тежейтін директивті жоспарлау түрі болса, Мұндай жоспарлау, әрине, нарықпен м‰лде байланыссыз.

Бірақ нарық жағдайында Кәсіпкерлік қызметке қолданы-


латын шаруашылық ұйым деңгейінде еркін жоспарлау қажет және болмай қоймайды.

Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау ойдың негізіне жасаудың және қалаулы нәтижені алу сенімділігінің міндетті шарты екен-


дігін шетел тғжірибесі мен логикасы мақ±лдайды.

Егер кәсіпкер өз алдына, мысалы өз фирмасын қ±ру, жаңа өнім шыѓару немесе мемлекеттік кәсіпорынды жекешелендіру міндетін қойса, алдымен ол оны қалай жасайтынын мұқият жос-


парлау қажет. Табыстың ең маңызды шарттарының бірі осында, сғтсіздіктің алдын алу және тәуекелді тµмендету.

Жаңа Кәсіпкерліктің басым бөлігі к‰йретуге ұшырайтынын әлемдік тғжірибе көрсетеді.

Мысалы, АҚШ-та жыл сайын 600 мыњ кәсіпкер өз ісін бастайды, олардың ішінен тек жартысы 1,5 жыл тұра алады және текбесеуінің ішінен біреуінің ѓана 10 жыл ішінде к‰йретуге ұшырамау қолынан келеді.

Бұл нарық жағдайында жоспарлау қажеттігін көрсетеді. Нарық көшті болған сайын, жоспар маңызды.

Кәсіпкерлік бизнеспен тең құқылы теңестірілуіне байла-
нысты, Кәсіпкерлік жобаны жүзеге асыру жоспары шетелде бизнес-жоспар деген ат алды, соңғы уақытта отандық тғжірибеде қолда-
ныла бастады.

Бизнес жоспар дегенді қалай түсінуге болады.

Бизнес-жоспар-бұл қойылѓан мақсатқа жетуге бағытталѓан, шаралар мен әрекеттердің мақсаттары мен ресурстарына сғйкес, уақытта және кеңестікте байланысқан жүйесі.

Бизнес-жоспардың міндеті кәсіпкерге келесі с±рақтарды шешуге кµмектесу:

1. өткізу нарыѓының болашақтаѓы даму перспективаларын және сыйымдылыѓын зерттеу;

2. нарыққа қажетті өнімдерді өндіру мен өткізу үшін қажетті шыѓындарды бағалау, кәсіпорынның пайдалыѓын анықтау мақса-


тында оны сатуѓа болатын олардың бағаларын салыстыру;

3. Кәсіпкерлік жобаны жүзеге асыру процесінде пайда болуы мүмкін қиындықтарды анықтау;

4. істің жағдайын тұрақты анықтауѓа кµмектесетін көрсет-
кіштерді бөліп көрсету.

Бизнес-жоспар инвестицияның негізін салу, инвесторларды тарту және қаржылардың әр түрлі түрлерін қолдану үшін негізгі қ±жат ретінде қолдануы мүмікн.

Егер сыртқы қаржыландыру талап етілсе, шебер және мұқият қ±растырылѓан бизнес-жоспар, жобаны объективті бағалауѓа қызыѓушы адамдарды қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді.

Оны көптеген кредиторларды қанаѓаттандыратын қаржы µтінішіне тез айналдыруѓа болады.

Бизнес - жоспардың құндылыѓы. Ол:

 бәсеке жағдайында болашақ кәсіпорының өмір с‰руін анықтау мүмкіндігін береді;

 кәсіпорынды құрукезеңінде бизнесмен сғйкес әрекет ететін бағыттарды көрсетеді;

 сыртқы инвесторлардан қаржылық кµмек алудың маңыз-


ды құралы.

Нақты және шынайы бизнес-жоспарды жасаудың алдын-ала қажетті шарты тхнико-экономикалық негіздеме құрамына келесілерді кіргізу ұсынылды:

1. өндіруге жоспарланѓан өнімге, тауарѓа немесе қызмет көрсетулерге сұранымды талдау;

2. өндірістік көрсеткіштері;

2.1. Конструкторлық, технологиялық және басқа талап етілген қ±жаттардың болуы;

2.2. өндірістік баѓдарлама;

2.3. Баѓдарламаны орындау үшін қажет машиналардың, жабдықтардың, құралдардың, негізі өндірістік қорлардың басқа элементтерінің, сонымен қатар шикізат пен материалдардың болуы;

2.4. өндірістік қуат немесе олардың жасау жобасының болуы;

2.5. Қолда бар жабдықтар мен басқа негізгі өндірістік элемен-
тер;

2.6. Жекеленген өнім немесе қызмет көрсету түрлерінің рентабельдігі;

2.7. Амортизациялық уадаррым шамасы;

3. Қаржы көрсеткіштері;

3.1.өнімді өткізуден немесе қызмет көрсетуден т‰сетін ойДағы т‰сім;

3.2. Материалдық және басқа оѓан теңестірілген шыѓындар мµлшері;

3.3. ¦йѓарылѓан бюджетке аударымдар;

3.4. Таза пайда;

3.5. Еңбек ақы қоры;

3.6. Жасалатын басқа қорлар мµлшері;

4. Ғулеметтік көрсеткіштер;

4.1. Қызметкерлердің ±йѓарылѓан саны;

4.2. К‰тілген еңбек істеушіге орташа сатулар;

4.3. Бір жұмысістеушіге орташа сатулар;

4.4. М‰гедектер мен зейнеткерлер еңбегін пайдалану мүмкіндігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет