Сабаќ жоспары



бет23/93
Дата28.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479003
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   93
8-сынып қазақ тілі 1,2,3,4 тоқсан

ІV .Жаңа сабақты бекіту:
1. Оқулықпен жұмыс.
34-жаттығу.
1. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар.
2. Әр сөзді сөйлем мүшесінің белгілері тұрғысынан қарастырып, сөйлем мүшесі болып тұрғанын немесе сөйлем мүшесі болмай тұрғанын анықтаңдар.


Балуан шолақпен кездескенде.
Мен келдім сәлем беріп, батыр аға,
Атағың кең жайылған Сарыарқаға.
Бала едім жаңа талап, іздеп келдім,
Өзіңнен сұрайын деп ақыл, аға.
Атағыңа, ардақты аға, құмар едім,
Нашарға саяң түскен шынар едің.
Қасыңда тоғыз жігіт жолдасың бар,
Жақтырсаң мен де бірге шығар едім.
Көзіңнің қырын салшы, Балуан аға,
Даңқыңыз талай елге барған аға.
Бала едім жаңа талап ақын-әнші,
Әніңді үйренейін алуан, аға.


2. Үлестірме қағаздармен жұмыс.

№1
1.Сөйлем дегеніміз не?


2. Сөйлемді айтылу мақсатына қарай, бастауыштық-баяндауыштық құрылымына қарай талда.
Асау Терек долданып, буырқанып, тауды бұзып, жол салған, тасты жарып. (Абай.)
(Хабарлы,құрмалас сөйлем)

№2
1. Сөйлемнің сөз тіркесінен айырмасы неде?


2. Сөйлемді айтылу мақсатына қарай, бастауыштық-баяндауыштық құрылымына қарай талда.
Төл өсір, малыңды бақ, күтіп бапта!
Ел сенген, Отан сенген сенімді ақта!
(А. Тоқмағанбетов.)
(Бұйрықты сөйлем, құрмалас сөлем)

№3


  1. Сұраулы сөйлемдердің жасалу жолдарын білесің бе? Соларды атап бер.

  2. Сөйлемді айтылу мақсатына қарай талда, тиісті жерге тыныс белгілерін қой.



Күнде жақсы бола ма,
Бір қылығы жаққанға?
Оқалы тон тола ма,
Ар-ұятын сатқанға?
Ойлансаңшы, Мағышым,
Кімнің гүлі солмайды? (Абай.)
(Сұраулы сөйлем)
№4

  1. Бұйрықты және лепті сөйлемдердің жасалу жолдарында айырма бар ма?

  2. Сөйлемді айтылу мақсатына қарай талда, тиісті жерге тыныс белгілерін қой.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет