Жасаған-ау, мұндай сұлу болады екен ғой! (С.Мұқанов)
(лепті сөйлем, таңырқау көңіл күйді білдіреді) V . Үй тапсырмасын беру. 1. 35-жаттығу. 2. Қазақ жері жайында тарихпен сабақтастыра әңгіме жазу. VІ. Оқушылардың жауаптарын бағалау. VІІ. Сабақтың аяқталуы:
№1
1.Сөйлем дегеніміз не? 2. Сөйлемді айтылу мақсатына қарай, бастауыштық-баяндауыштық құрылымына қарай талда.
Асау Терек долданып, буырқанып, тауды бұзып, жол салған, тасты жарып. (Абай.)
№2
1. Сөйлемнің сөз тіркесінен айырмасы неде? 2. Сөйлемді айтылу мақсатына қарай, бастауыштық-баяндауыштық құрылымына қарай талда.
Төл өсір, малыңды бақ, күтіп бапта! Ел сенген, Отан сенген сенімді ақта! (А. Тоқмағанбетов.) №3 Сұраулы сөйлемдердің жасалу жолдарын білесің бе? Соларды атап бер.