Сүңгуір жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


-бөлім. Сүңгуір түсірмелері мен жұмыстарына қойылатын қауіпсіздік талаптары



бет4/17
Дата13.06.2016
өлшемі2.56 Mb.
#131217
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

4-бөлім. Сүңгуір түсірмелері мен жұмыстарына қойылатын қауіпсіздік талаптары

14-тарау. Сүңгуір түсірмелері мен жұмыстарына қойылатын қауіпсіздік талаптары
130. Ескерту белгілері сүңгуір түсірмелері мен жұмыстарын бастар алдында мынадай уақытта көтеріледі және оларды аяқтағаннан кейін түсіріледі:

күндіз-едәуір көрінетін жерде тігінен орналасқан үш белгі. Осы белгілердің жоғарғы және төменгілері шарлар, ал ортадағысы-ромб;

түнде-едәуір көрінетін жерде тігінен орналасқан үш дөңгелек жалын. Осы жалындардың жоғарғы және төменгілері қызыл, ал ортадағысы-ақ.

Егер басқа кеменің өтуіне кедергі келетін болса, сүңгуір жұмыстарын жүргізумен айналысатын кеме мынадай белгілерді қосымша қояды:

екі жасыл дөңгелек жалын немесе тігінен орналасқан екі ромб-келесі кеме өте алатын жақты көрсету үшін;

екі қызыл дөңгелек жалын немесе тігінен орналасқан екі шар-кедергі бар жақты көрсету үшін.

Егер сүңгуір жұмыстарымен айналысатын кеме өлшемдері жоғарыда аталған белгілерді қоюға мүмкіндік бермесе, онда биіктігі 1 м кем емес қатты қалқан түрінде дайындалған халықаралық белгі жиынтығы бойынша А жалауы қойылады. Осы жалаудың айнала көрінуін қамтамасыз ететін шаралар қолданылады.

Қара түсті және мынадай өлшемдердің белгілері: диаметрі 0,6 м кем емес шар; ромб жалпы негізді екі конустан тұрады (негізгі диаметрі 0,6 м кем емес және биіктігі оның диаметріне тең конус); белгілердің арасындағы тік қашықтық-1,5 м кем емес.

Ұзындығы 20 м кем кемеде кеме өлшемдеріне қатысты өлшемдері шағын белгілерді қолдануға болады және белгілердің арасындағы қашықтықты тиісінше қысқартуға болады.

Ішкі кеме жүру жолдарының (өзен, көл, арна, су қоймалары) шегінде мынадай:

күндіз-өлшемі 100х100 см екі жасыл шаршы жалау;

түнде-бір-бірінің үстінен орналасқан екі жасыл жалын көтеріледі.

Екі жағдайда жалаулар мен жалын арасындағы қашықтық 1 бастап 2 м дейін болады.

Кемелерде бұл белгілер сүңгуірді түсіретін келесі боттан көтеріледі.

Жағада немесе белгілерді көтеру үшін штаттық мачтасы жоқ жүзу құралдарында уақытша, жақсы көрінетін мачта орнатылады.

Мачталарда көтерілетін ескерту білгілері 360 градуста көкжиектен көрінеді.

Түнде нашар көрінетін жағдайда түсіру кезінде су асты және су үсті жарығы қолданылады. Жарық беру құрылғыларын электр кабеліне ілуге болмайды.

131. Кемелер мен жүзу құралдарын сүңгуірлерді түсіру жүргізілетін сүңгуір боттарына байлап орауға болмайды.

Ескерту белгілерімен белгіленген орындардан тыс өтетін кемелер мен корабльдердің капитандары мен командирлері жүріс төмендетіп, сақтандыру шараларын сақтайды. Бұл кемелерге сүңгуір түсірмелері жүргізілетін сүңгуір кемелерінен 50 м жақын баруға болмайды.

132. Сүңгуірлер тек рұқсат нарядында ғана көрсетілген жұмыстарды ғана орындайды.

Қандай да бір өзге жұмыстарды орындаған жағдайда сүңгуір түсірмелерінің басшысының рұқсатымен ғана кірісу керек.

133. Сүңгуір станцияларындағы барлық жұмыс орындары бөгде заттардан босатылады. Оларды сүңгуір түсірмелеріне қатысы жоқ жабдықпен үймелеуге болмайды.

Сүңгуір түсірмелерін қамтамасыз ету жарағы мен құралдары сүңгуірді түсіруді қамтамасыз етуші тұлғаға кедергі келтірмейтіндей тәртіппен жұмыс күйінде сүңгуір бекетіне орналастырылады.

134. Компрессорлық қондырғылары бар сүңгуір бекеттерімен жарақталған пайдаланудағы сүңгуір ботылары мен құтқару кемелері сүңгуірлерді түсіруге әрқашан дайын болады, сол үшін баллондарды ауамен толтырып, ал компрессорларды іс-қимыл жасауға дайын күйде ұстайды.

135. Сүңгуір жұмыстарын 1 м/с астам орындаған кезде мұз астында және 12 м астам тереңдіктерде сүңгуір жейделерінде шөптесін-сақтандыру клапандары орнатылады. Бұл ретте 45 м дейін тереңдікке түсіру кезінде бір клапан, 45 м астам болғанда екі клапан (алдынан және артынан) орнатылады.

136. Сүңгуірлерді электр тогымен зақымдау қаупі бар орындарда сүңгуір жұмыстары кернеуді қолданыстағы электр қондырғысынан толықтай алған кезде ғана жүргізіледі.

137. Сүңгуірге жұмыс істеу үшін қажетті аспап пен басқа да заттар сыйымдылыққа үстінен немесе арқанмен беріледі. Сүңгуір берілген аспапты байқағаннан кейін оны одан ауыстыру тек жұмыс істейтін сүңгуірдің нұсқауы бойынша ғана жүргізіледі. Массасы 2 м астам жеңіл заттарды белгі беру арқаны бойынша беруге болады. Сүңгуірге массасына қарамастан кез келген заттарды лақтыруға болмайды.

138. Жұқпалы және тері ауруларынан сақтандыру үшін сүңгуірлер ластанған суға (ағынды, фекаль су) оларды сыртқы ортадан толықтай оқшауланатын жарақта түсіріледі.

139. Болат арқанмен жұмыс істеу кезінде жазғы жейде киген сүңгуір қолғап немесе биялай киеді.

140. Сүңгуірдің жұмыс істеуі барысында жүк көтеру құрылғыларымен барлық жұмыстары тек қана оның нұсқауымен орындалады. «Тоқта» деген белгі ерекшелік ретінде болады, оны кез келген адам дереу орындауы қажет.



15-тарау. Авариялық-құтқару жұмыстары
141. Жүктің түрі мен мөлшерін, сүңгуірлер үшін оның қауіптілік дәрежесін анықтағанға және қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдағанға дейін мынадай авариялық кемелерде сүңгуір жұмыстарын орындауға болмайды:

1) кемені су басу немесе оның аударылу қаупі болғанда авариялық кеменің ботында жұмыс істеу кезінде сүңгуір боты якорға қойылады, ал авариялық кемеден кормаға сүңгуірді дереу көтеріп, авариялық кемеден алыстайтындай етіп арқандап байланады;

2) кеме корпусының зақымданған жерінде жұмыс істейтін ойылған жерлердің өткір жиектеріне сүңгуір жарағының зақымданбауын мұқият бақылайды.

Қайырға тұрып қалған авариялық кемені тексеру кезінде сүңгуір абай болады, корпус астындағы тар жерлерге кірмейді, шланг пен белгі беру арқаны корпус астына түспеуін және қысылып қалмауын бақылайды. Егер кеме толқынның әсерінен тербелсе немесе жерге соғылса, ол жағылады;

3) сүңгуір кеме корпусынан астында жерде жұмыс істеген кезде толқынды ескере отырып, жер мен кеме түбінің арасындағы қашықтық 1,5 м кем емес;

4) қайырға тұрып қалған кемені тексеру үшін желдетілетін сүңгуір жарағында түсу кезінде сүңгуірге түсіру арқанынан 20 м алыс алыстауға болмайды. Кеменің тұтас корпусын тексеру үшін сүңгуір ботын арқандап байлау қажет;

5) кеменің корпусында көп мөлшерде су өтетін тесік жері болған кезде тесік жерге тартуды болдырмау үшін сүңгуірді түсіруге болмайды. Мұндай жағдайда егер кемені су басу қаупі болмаса, бөлікті толықтай суға батыру немесе бұластырды тесік жерге өткізіп, тек содан кейін ғана тесік жерді тексеру және оны одан әрі бітеу үшін сүңгуірді түсіру қажет.

Кеменің су басқан бөліктерінде жұмысты орындамас бұрын сүңгуірлер орынжайлардың және олардағы жабдықтың орналасу орнымен танысады.

Су басқан бөліктерге басқыш немесе түсіру арқаны арқылы түсу қажет;

6) су басқан бөлікте жұмыс істеу кезінде сүңгуір шлангісі мен белгі беру арқанының (белгі беру кабелі) шиеленісуін болдырмас үшін сүңгуір әр түрлі құрылғыларды немесе заттарды айналып өтпейді;

7) су басқан бөлікке түсу кезінде сүңгуір су асты шамын өзімен бірге алып жүреді, ал бөлікке кіру орнында су басқан бөліктен шығу кезінде бағыт алу үшін ашық жарық көзі орнатылады.

16-тарау. Құтқару жұмыстары
142. Адамдарды құтқару бойынша сүңгуір жұмыстарына зардап шеккенді қармауыштан босату тәсілдеріне, зардап шеккендерді буксирлеу және оларға дәрігерге дейін көмек көрсету әдістеріне жаттыққан сүңгуір жұмыстары мамандарының барлық топтарының сүңгуірлері жіберіледі:

1) суда апатқа шалдыққан адамдарға көмек көрсету бойынша жұмыстарды орындау, іздеу жұмыстарын жүргізу және сүңгуір жұмыстары мамандарының ІІ тобының сүңгуірлерінің зардап шеккендерді ішкі су айдындарында және теңіз жағаларының учаскелерінде көтеруге болады;

2) сүңгуірлік құтқару жұмыстарын қауіпсіз ұйымдастыруды және орындауды қамтамасыз ету:

сүңгуір жұмыстары мамандарының ІІ тобының сүңгуірлері жұмыс істеген кезде құтқару станциясының бастығына немесе маневрлік-іздестіру тобының бастығына;

сүңгуір жұмыстары мамандарының ІІ тобының сүңгуірлері жұмыс істеген кезде сүңгуір түсірмелерінің басшысына-сүңгуір станциясының старшинасына (бригадасына) жүктеледі.

3) зерделенбеген жерлердегі құтқару жұмыстары мен зардап шеккендерді іздеу сақтандыру шараларын сақтай отырып және құтқару қызметі басшылығының рұқсатымен жүргізіледі;

4) сүңгуірлік құтқару жұмыстары сүңгуір түсірмелерін жүргізу жағдайларына сәйкес сүңгуір жарағында құтқару жұмыстарының сипаты мен гидрометеорологиялық жағдайларды ескере отырып орындалады.

Сүңгуірлік құтқару жұмыстарын орындау кезінде сүңгуір-құтқарушыны түсіру орнында шлюпка немесе кеме болады.

Кезекші сүңгуірді түсіруге арналған жарақ жинағы сүңгуір қысқа мерзімде оны кие алатындай етіп жағадағы түсіру орнына немесе катерге салынады немесе ілінеді. Жарақты жұмыс тексерісін әр кезекшілікке түсу алдында сүңгуір-құтқарушы жүргізеді;

5) соқпа толқын болғанда сүңгуір-құтқарушының зардап шегушіні жағаға сүйреуіне болмайды. Зардап шегушіні көтеру жүзгіш құралдарымен жүзеге асырылады;

6) су басқан орынжайларда құтқару жұмыстарын орындау алдында олардағы электр желісі қорек көзінен алдын ала ажыратылады;

7) құтқару жұмыстарын авария, дүлей зілзала кезінде жылжитын мұз, шапшаң ағыс болғанда немесе су беті қалқыма заттармен ластанғанда едәуір тәжірибелі сүңгуір-құтқарушылар орындайды.



17-тарау. Кеме көтеру жұмыстары
143. Суға батқан кемені тексермес бұрын сүңгуірлерге сүңгуірлік тексеріс тәртібі туралы нұсқаулық беру, оның құрылыстары, ішкі орынжайлары, басты тетіктері мен кеме жүйелері орналасқан, түсірілетін жүктің сипаты мен массасы, оны арқандаудың ықтимал тәсілдері және осы жұмыстарды орындау кезіндегі қауіпсіздік шаралары бар сызбалармен немесе кескіндермен таныстыру қажет:

1) бірінші сүңгуірді су басқан кемеге түсіру үшін түсіру арқаны сүңгуір ботынан мүмкіндігінше тікелей кезекті жұмыстардың орнына түсіріледі. Кейінгі түсірулер үшін түсіру арқанымен бірінші түсірілген сүңгуір оны тікелей жұмыс орнына бекітеді;

2) суға батқан кемені тексеру кезінде ашық люкке немесе тесік жерге түсіп кетпеу үшін сүңгуір сыртынан мұқият қарайды, белгі беру арқанын (белгі беру кабелін) және шлангіні такелаж бен палуба тетіктеріне шиеленісуінен сақтайды;

3) сүңгуірлерді су басқан кемеге түсіру су асты шамдарын пайдалана отырып жүргізіледі;

4) су басқан кеменің ішкі орынжайларын тексеру үшін бір мезгілде екі сүңгуір түсіріледі. Бір сүңгуір жұмысты орындайды, екіншісі сақтандырушы сүңгуір оның іс-қимылдарын бақылайды және қажет болған жағдайда көмек көрсетеді.

Сүңгуірдің су басқан кеменің ішкі орынжайларына кіруі қажет болған жағдайда өту жолдары үйінділерден алдын ала тазартылады.

Орынжайға кіру алдында сүңгуір белгі беру арқаны (белгі беру кабелі) мен шлангісінің бірнеше ұшын қолына алады да, алға жылжи отырып, оны біртіндеп босатады.

Шланг немесе белгі беру арқаны (белгі беру кабелі) ілініп қалған жағдайда сүңгуір ілініп қалған жерге барып, шланг пен белгі беру арқанының (белгі беру кабелінің) бос байланған жерін қолына алып оны босатады. Шланг пен белгі беру арқанын (белгі беру кабелін) босатқаннан кейін олардың бос жерлері жоғары көтеріледі.

Суға батқан кеменің ішкі орынжайында болғанда сүңгуір нашар бекітілген, салбыраңқы немесе өз орнынан үзілген, әсіресе астынан жоғары жатқан немесе боттағы кемеде заттар мен жүктердің кенет құлауынан сақтанады.

Есіктер мен люктерді аралас және жоғары орналасқан орынжайлардан ауыр заттардың құлау мүмкіндігінен абайлап ашу қажет;

5) сүңгуірді суға батқан кеменің палубасынан боттан тыс немесе трюмоға түсіру алдында ол түсіру арқанын жібереді де, телефон арқылы жоғарыға ботқа немесе трюмоға түсу туралы хабарлайды.

Егер суға батқан кеменің бөліктерінде тірі адамдар болса, онда оларды жер бетіне көтеру үшін ашық тыныс алу сызбасымен жеңіл сүңгуір жарағын қолдану ұсынылады. Адамдарды алдын ала бөлінген жүріс арқанымен шығару қажет;

6) жүктерді түсіру немесе тетіктерді бөлшектеу алдында сүңгуірлерге жүктерді түсіру немесе бөлшектеу, тетіктерді алу қалай және қандай ретпен жүргізу туралы жұмыстың жетекшісі нұсқаулық береді.

Жүк түсіру жұмыстарын сүңгуірлердің қатысуымен ақауы бар жүк көтергіш құрылғыларымен және тетіктермен, сондай-ақ сенімсіз арқандармен, жүк асатын арқандармен және қармауыш бұйымдармен жүргізуге болмайды;

7) жүктерді арқанға асу кезінде сүңгуір көтергіш арқан белгі беру арқанымен (белгі беру кабелімен) және шлангымен шатаспайтындай, ал соңғысы жүк асатын арқанға түспейтіндей етіп мұқият бақыланады.

Сүңгуір жүкті ілініп тұрған күйде жақсылап теңгеріліп, үзіліп қалмайтындай етіп асып қояды. Су астында көру жағдайы болмаған кезде жүкті көтеру үшін жүк көтеру траверстері (теңгерушілер) қолданылады. Жүкті көтеру алдында ол аздап жоғары көтеріледі және жүк асатын арқанның беріктігін тексеру үшін бірнеше минут ұсталады.

Жүк арқанында түсуге және көтерілуге, кезекті жүк салынғанға дейін кезекті жүк асу арқанының орнына жақындауға болмайды.

Жүкті трюмодан көтере отырып, оны жүк асатын арқанмен байлағаннан кейін сүңгуір кеме палубасына шығады және люк арасынан жүктің шығуын бақылайды. Трюмодан жүк көтеруді бастағаннан кейін көтерілетін жүктің люк арасынан еркін өтуіне көз жеткізгеннен кейін сүңгуір 30 м тереңдікте қауіпсіз қашықтыққа жылжиды. 30 м астам тереңдікте сүңгуірдің көру жағдайы болмағанда алғашқы аялдамаға немесе жер бетіне шығарады.

Сүңгуірге жүкті көтеру кезінде трюмода қалуға болмайды. Шланг тартылып қалған жағдайда немесе өзге қауіпті жағдай болғанда жүкті көтеру жұмыс істеуші сүңгуірдің бірінші талабы бойынша дереу тоқтатылады.

Су басқан кемелерді босату кезінде үйінді басу қаупін болдырмау үшін жүкті асып байлауды және көтеруді жоғарғы төсемнен бастаған жөн. Сұрыпты темірді, бөшкелерді және өзге де жүкті штаттық орамада көтеру үшін құрал-сайманды қолдану қажет. Ұсақ жүктерді металл торларда және себеттерде көтеруге болады.

Бір адам пайдаланған кезде құрылымы ыңғайсыз қармауыш құрал-саймандарды қолдана отырып, су астында жүк түсіру жұмыстарын екі адам орындайды.

Жүктерді байыппен, оқыс жұлқымай және шағын жылдамдықпен көтеріп түсіреді.

Жұмысты жүргізу орнында судың беті 2 балдан астам толқын болғанда, ал жарылу қаупі бар жүктерді 1 балдан астам толқын болғанда жүк түсіру жұмыстары тоқтатылады;

жарылу қаупі бар жүктерді, құндылықтарды түсіру технологиялық регламент бойынша және тиісті мамандардың басшылығымен жүргізеді. Жарылу қаупі бар жүкті түсіруге тағайындалған сүңгуірлер олармен жұмыс істеу талаптарымен таныстырылады;

9) су асты құралдарының көмегімен суға батқан кеменің астынан кесу кезінде сүңгуір жер бетіне көтеріледі.

Өткізілетін арқанның күйін тексеру арқанды өткізу және тік күйінде алу тоқтағаннан кейін жүргізіледі;

10) кеме корпусымен шайылатын туннелдердің өлшемдері туннелде топырақты шаю және шығару үшін қолданылатын топырақ сорғы, су арынды шланг болған кезде онда сүңгуірдің еркін қозғалуын қамтамасыз етеді.

Суға батқан кеменің корпусының астындағы туннелді шайылатын топырақ сүңгуірдің артында қалмайтындай етіп жуу қажет;

11) сүңгуірге кеме көтеру арқандары мен жүк көтеру бұйымдарын беру кезінде ол түсірілетін арқаннан қашықта болады және оған жүк асатын арқанды беру тоқтағаннан кейін ғана және түсіру басшысының рұқсатымен барады.

Кеме көтергіш арқандарды туннелге кеме корпусының астынан тарту кезінде сүңгуір туннелден тыс, түсірмелерді түсіретін басшы анықтайтын қауіпсіз орында болады және шланг пен белгі беру арқанының (белгі беру кабелінің) қысылып қалмауын немесе арқанмен бірге кеме корпусының астына қарай тартылмауын қадағалайды. Сүңгуір арқандардың күйін тексерген кезде оларды шығару бойынша барлық жұмыстар тоқтатылады;

12) кеме көтеру понтондары су астына сүңгуірлердің қатысуынсыз бағыттаушы арқандармен түсіріледі.

Сүңгуірді кеме көтергіш понтонның күйін тексеру үшін түсіру алдында келесісін су астына түсіру тоқтатылады.

Кеме көтергіш понтондарды байлау үшін сүңгуірді түсіру оларды орнына түсіру аяқталғаннан кейін жүргізіледі. Понтондарды тиісті күйінде нақты түсіру жұмыс істейтін сүңгуірдің командасымен жүргізіледі.

Кеме көтергіш понтондардың бекіткішін бойлай ашу кезінде жұмыс істейтін сүңгуірге ескертпей, оларды толтыруға немесе олардан ауаны бәсеңдетуге болмайды.

Понтондарды байлау, тегістеу кезінде сүңгуір дулығасымен жүк асатын арқанға, қыстырғыштармен осыған ұқсас заттарға соқтығыспайтындай күрт қозғалысқа жол бермейді, оның өзі, шланг немесе белгі беру арқаны (белгі беру кабелі) понтон мен кеме корпусы және жүк асатын арқан мен тетік арасында қалмауын қадағалайды.

Понтондардың жаппай (толық) үрлеме алдында күйін тексеру олардың жоғарғы бөліктерінде болғанда ғана жүргізіледі, бұл ретте шланг пен белгі беру арқаны (белгі беру кабелі) қажет болған жағдайда сүңгуірді көтеріліп келе жатқан кеме мен понтондардан шығарып алатындай қауіпсіз жаққа қозғалады. Сүңгуірлерді кемеге және понтондарға оларды жаппай үрлеу кезінде түсіруге болмайды.

Суға батқан кеме бетіне жүзіп шыққан кезде оны тексеру үшін сүңгуірлерді кемені понтондарда берік ұстағанда ғана түсіруге болады. Бұл ретте кеме корпусы мен понтондардың астына сүңгуірді түсіруге болмайды;

13) арнайы химиялық қосқыштардың (полистирол, полиуретан және тағы басқа) қалқымаларын пайдалана отырып, суға батқан кемелерді шығару жөніндегі сүңгуір жұмыстарын орындау кезінде қауіпсіздік шаралары сақталады.

Бұл ретте суға батқан кемелердің люктерін, мойындарын және бөліктерін жабу бойынша сүңгуір жұмыстарын орындау көрсетілген материалдарды беруді тоқтатқаннан кейін ғана жүргізуге болады, ал қалқыма химиялық қосқыштарды дайындау және сақтау сүңгуір компрессорының осы материалдар бөлетін улы бу мен газдарды сору мүмкіндігін болдырмайтындай етіп ұйымдастырылады.

18-тарау. Кеме және кеме жөндеу жұмыстары
144. Кеме сүңгуір жұмыстарын кеме күші мен құралдары сияқты, сүңгуір түсірмелері мен жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымдар да жүзеге асырады.

Кеме күші мен құралдары арқылы кеме сүңгуір жұмыстарын ұйымдастыру мен орындауды кеме капитаны, ұйымдардың күштері мен құралдарын ұйымдастыруды осы жұмысты жалдаушы басшылар мен кемелердің капитандары өз құзыреттері шегінде қамтамасыз етеді:

1) сүңгуір жұмыстарын бастар алдында кеме капитаны сүңгуір су астына барған кезде тарақты бұрандаларды бұрамау, кеме корпусының сыртынан тыс шығып тұрған жабдықты пайдаланбау және сүңгуірдің жұмыс істейтін аймағындағы кингстондарды ашпау туралы команда береді;

2) сүңгуір су астында болған кезде жүктерді тиеуге немесе түсіруге, сүңгуір жұмыс істеп жатқан боттан қандай да бір затты лақтыруға болмайды;

3) түсірудің басталғаны туралы кеме радиотрансляциясы арқылы хабарланады, ол жөнінде вахта журналында жазба жазылады. Негізгі қозғалтқыштарды басқару бекетінде, машина телеграфтарында және бот құрылғыларын басқару тетіктерінде «Негізгі қозғалтқышты іске қосуға болмайды!, Ботта сүңгуір бар!», «Рөлді қоюға болмайды, адамдар жұмыс істеп жатыр!» деген жазулары бар плакаттар ілінеді;

4) кеме корпусының су асты бөлігін тексеруді сүңгуір кеме мен сүңгуір ботының тұрғанына әбден көз жеткізгеннен кейін ғана жүргізіледі.

Сүңгуірді якорьге қою мүмкін болмайтын жерге, ашық теңіздегі кеме корпусының астына түсіру кезінде ауа-райы жылы болғанда кеме дрейфке орналасқанда немесе басқа кеме арқылы ығысудан буксир арқылы ұсталып тұрса, түсіруге болады;

5) кингстондарды немесе кеме корпусын балдырлар мен қабыршақтардан тазалау, тиек құрылғыларын жөндеу жұмыстары күркелерде немесе жиналмалы басқыштарда орындалады. Тек ұзаққа созылмайтын су асты құрылғыларын тексеру немесе корпус астында қысқа мерзімді жұмыстар жүргізгенде жиналмалы басқыштарды пайдалануға болады.

Басқыштарды, күркелерді немесе жиналмалы арқандарды тасымалдау үшін оларды бақылау үшін боттың екі жағынан вахталық матростар қойылады;

6) кеме корпусы астында ең үлкен тереңдікте жұмыс істеген кезде қамтамасыз етуші сүңгуір сүңгуірдің құлауын немесе кенет іркіліспен оның жиналмалы арқанының, күркенің немесе басқыштың үзілуін болдырмас белгі беру арқанына аса босатпай және кермей, оны мұқият қадағалайды.

Кеме корпусы астында жұмысты тексеру және орындау кезінде сүңгуірдің кеменің бір ботынан келесісіне өтуіне болмайды;

7) кеме корпусының қабылдау ойықтарында немесе су асты бөліктеріндегі шпигаттарда олардан сұйықтықтың ағуы (қабылдау) тоқтағаннан кейін ғана жұмыс жүргізуге болады;

8) кеменің якорь тізбегінде жұмыс істеген кезде сүңгуірдің якорь тізбегі астында болуына болмайды.

Сүңгуірді якорь тізбегі бойымен су астында жұмыс орнына түсіруге болмайды;

9) кеме портта тұрған кезде кеменің сүңгуір жұмыстары (жапсырмаларды орнату, білікті рөл жинағы және тағы басқа) порт капитанының рұқсатымен орындалады;

10) білікті рөл жинағын тексеру және жөндеу білікті өткізгіштің кенет бұралуын, рөлдің адымы мен қозғалысының тарақты біліктері күректерінің қозғалуын болдырмайтын шараларды қабылдағаннан кейін орындалады.

Білікті рөл жинағын тексеруге немесе жөндеуге дайындау алдында рөлдерді бекітіп, реттелетін адымның тарақты білігі күректерінің күйін белгілеу қажет, оларды тіркеп, олардың жарамдылығын алдын ала тексеріп, білік бұру құрылғысын орнату қажет.

Тарақты біліктің күйін құрылғының көмегімен және су астындағы сүңгуірдің командасы бойынша ғана қолмен өзгерту қажет.

Алынатын тарақты білік арқандалады, ал арқанды сомын білік конусынан бұранда сырғымасына дейін босатылады. Бұл ретте қолданылатын үлкен аспап жеке арқандарға асылады;

11) кеме корпусын қолмен басқарылатын механикаландырылмаған аспаппен су астында тазалау жөніндегі жұмыстар күркелерде немесе жиналмалы басқыштарда тік жүріспен үстіңгі жағынан бөренеге дейін және кері қарай жүргізіледі.

Әрбір қос жүрістен кейін жиналмалы басқышты немесе күркені жаңа орынға ауыстыру қажет. Орын ауыстыру сүңгуір су бетінде болғанда ғана жүзеге асырылады.

Кингстондарды немесе торларды тазалау металл щеткалармен, қыстырғыштармен немесе қадалармен жүргізіледі. Қолмен тазалауға болмайды;

12) кеме корпустарын су астында қолмен механикаландырылған аспаппен тазалау жұмыстары жұмыс басшысы тағайындаған тұлғаның басшылығымен және дайындықтан өткен және осы жұмыстарға басшылық етуге жіберілген сүңгуір маманының (сүңгуір нұсқаушысының) қадағалауымен жүзеге асырылады.

Кеме корпустарын су астында тазалау жұмыстарына дайындықтан өткен және қолмен механикаландырылған тазарту аспабымен қауіпсіз жұмыс істеу әдістемесі пен талаптарын практикалық түрде меңгерген және өздігінен жұмыс істеуге рұқсаты бар сүңгуірлер жіберіледі.

13) кеме корпустарын су астында тазалау бойынша жұмыстарды орындау кезінде сүңгуір маманы (сүңгуір нұсқаушы) жұмыс істеу кезіндегі жағдайларды, оның көлемін және қауіпсіздік шараларын анықтайды, ол жөнінде сүңгуір жұмыстары журналында жазба жазады.

Жұмысты орындау алдында сүңгуір маманы (сүңгуір нұсқаушы) сүңгуірлермен нұсқаулық өткізеді. Кеме корпустарын су асты тазалау сүңгуір дәрігерінің немесе фельдшердің қатысуымен жүргізіледі;

14) кеме корпусын су астында тазалау үшін түсіру алдында сүңгуірлер сүңгуір дәрігерінен немесе осы түсірмелерге қызмет көрсететін фельдшерден түсіруге рұқсат алады. Жұмыс басталар алдында және оларды орындағаннан кейін әрбір сүңгуірдің тамырының соғуы, дене температурасы, тыныс алу жиілігі мен артериялық қысымы өлшенеді.

Барлық өлшеу нәтижелері мен түсіру үшін рұқсат беру сүңгуір жұмыстарының журналына жазылады;

15) кеме корпусын су астында тазалау жұмыстары теңіз 2 балдан артық емес толқындағанда, ағыс 0,5 м/с аспағанда, су астында көру мүмкіндігі кемінде 1,0 (8-қосымша) болғанда, сүңгуірдің кеме корпусы астында жұмыс істеуіне кедергі келтіретін заттар болмағанда және кемені тұмсығынан және жиегінен бекіткен кезде жүргізіледі.

Кеме корпустарын су астында тазалау бойынша сүңгуір жұмыстарын тек ағынды сумен ластанбаған акваторияда ғана жүргізуге болады. Ластанған ағынды суды боттан лақтыратын кеме жүйелері жабық болады.

Кемені жұмыс жүргізу орнында орнату кезінде тазаланатын кеме корпусының тереңдігі кеменің толқында тербелу амплитудасын ескере отырып, тұтас ұзындығы бойымен кемінде 2 м болады.

Кеме корпустарын су астында тазалау жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыс жүргізу орындарында жұмыс қайығы болады. Осы жұмыстарға қызмет көрсететін сүңгуір ботында жасанды тыныс алу аппараты болады;

16) кеменің күштері мен құралдары арқылы кеме сүңгуір жұмыстарын сүңгуір біліктігі мен кемелерден су астына түсіруге құқығы бар, жарақтау тізімі бойынша жеңіл сүңгуір жарағы бар экипаж мүшелерінің орындауына болады.

Кемеде сүңгуір түсірмелеріне басшылық ету капитан сүңгуір біліктігі бар команда құрамынан жауапты басшыны тағайындайды.

Сүңгуір түсірмелерінің жауапты басшысында сүңгір түсірмелеріне басшылық етуге рұқсаты болады.

Жеңіл сүңгуір жарағын жарамды күйде ұстау мен кемелерде пайдалануға оның дайындығын кеменің бас (аға) механигі қамтамасыз етеді.

Жарақтау тізімінде жеңіл сүңгуір жарағы бар кемелердің иегер ұйымдары кеме сүңгуірлерін дайындау мен қайта даярлауды, олардың жыл сайын медициналық комиссияларында медициналық тексерістен өтуін, олардың осы Талаптарды, нормативтік-техникалық құжаттаманы өздерінің біліктілігі шегінде білуін тексеруді, орындалатын жұмыс түрі мен сипатын қамтамасыз етеді; осы Талаптарға және нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес жеңіл сүңгуір жарағын тексеруді жүргізеді.

Кеме сүңгуірі-сүңгуір мектебінде (курстарында) дайындықтан өткен және сүңгуір жұмыстарын тексеруге рұқсаты бар кеме экипажының мүшесі.

Сүңгуір біліктілігі жоқ, дер кезінде медициналық сүңгуір және біліктілік комиссияларында тексеруден өтпеген кеме экипажы мүшелеріне су астына түсуге рұқсат берілмейді;

17) сүңгуір түсірмелері мен жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымдардың күштерімен және құралдарымен кемеден сүңгуір жұмыстарын орындау кезінде сүңгуір жұмыстарының басшысы қызмет көрсетілетін кемеге келген кезде:

қызмет көрсететін кеменің капитанына сүңгуір жұмыстарын жүргізуге дайындығы туралы баяндайды;

қызмет көрсететін кеменің капитаны мен бас (аға) механикті сүңгуір жұмыстарын жүргізу (осы Талаптардың 14, 15, 18-т.) кезінде технологиясымен таныстырады, ол жөнінде кеме (вахта) журналында тиісті жазба жұмыстарын жүргізеді;

жауапты басшымен (қызмет көрсетілетін кеменің команда құрамының қатарынан) сүңгуір жұмыстарын жүргізу тәртібі мен қауіпсіздік шараларын келіседі, бұл ретте жауапты тұлғаның кеменің жүріс көпіршесімен және сүңгуір түсірмесінің бекетімен сенімді байланысты қарастырады;

жауапты басшының қатысуымен осы мақсатта қызмет көрсететін экипаж бен сүңгуір құрамы қатарынан бөлінген персоналдың сүңгуір жұмыстарын жүргізу нұсқаулығын өткізеді;

іске қосылған жиналмалы арқанның (басқыштың, күркенің) болуы мен сапасын тексереді;

қызмет көрсетілетін кеме капитаны сүңгуір түсірмелерін орындау кезінде сүңгуір талаптарын орындамаған жағдайда жұмыс тоқтатылады, ол жөнінде бөлімшенің сүңгуір станциясының сүңгуір жұмыстары журналында жазба жазылады.

Қызмет көрсетілетін кеменің капитаны:

кеменің бас (аға) механигімен бірге сүңгуір жұмыстарын жүргізудің техникалық регламентімен танысады; ол жөнінде осы жұмысты жүргізетін бөлімшенің сүңгуір жұмыстары журналында жазылады;

сүңгуір жұмыстарын қамтамасыз ету және оларды қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимылдарға басшылық ету үшін команда құрамы қатарынан жауапты басшы бөлінеді, ол жөнінде кеме (вахта) журналында тиісті жазба жазылады;

сүңгуір жұмыстарын жүргізу кезінде осы Талаптардың 144-т. 1) тармақшасында және 144-т. 2) тармақшасында көзделген қандай да бір жұмысты немесе іс-қимылды жүргізуге болмайды, ол жөнінде кеме (вахта) журналында жазылады;

осы Талаптардың 144-т. 3) тармақшасында көзделген талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;

сүңгуір жұмыс істейтін және көтеретін жерде, боттың едәуір көрінетін жерінде сүңгуір жұмыстарын жүргізу туралы ескерту белгілері 143-т. Талаптарына сәйкес болады;

тәуліктің түнгі уақытында жұмыс істеген кезде сүңгуір жұмыстарын жүргізу аймағында су бетіне жарық берілуін қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет