35-тарау. Сүңгуір жарағын және түсірмелер мен жұмыстарды қамтамасыз ету құралдарын күту
161. Сүңгуір жарағы мен жабдығына су астында сүңгуір түсірмелерін және жұмыстарын жүргізгеннен кейін қызмет көрсетіледі, жұмыс күйіне келтіріледі және жиналған күйде осы мақсатта бөлінген орында сақталады:
1) сүңгуір жейделері, гидро комбинезондар мен гидро костюмдер түсірмеден кейін тұщы сумен жақсылап жуылуы қажет, сыртынан және ішінен кептіріледі және ілгішке ілінеді. Сүңгуір жейделерінің шөптен сақтандыру клапандары шешіледі, кептіріледі және бөлек сақталады;
2) сүңгуір дулығалары түсірмеден кейін тұщы сумен жуылып, құрғақ шүберекпен сүртіледі де, жиналған күйде штаттық орнына қойылады.
Дулығаның сыртқы қабатын металл заттарды тазалау үшін май немесе сұйықтық пайдалана отырып, тазалауға болады. Дулығаны қырғыш қағазбен, талқандалған кірпішпен немесе басқа да осыған ұқсас құралдармен тазалауға болмайды;
3) түсірме аяқталғаннан кейін сүңгуір шлангілері кірден тазартылып, таза сумен жуылады да, ауа үрленеді, кептіріледі, ағаш торларда, металл кәрзеңкелерде немесе тартпаларда диаметрі кемінде 1 м қайнатқышқа салынады да қап кигізіледі;
4) ашық тыныс алу сызбасы бар немесе шланг түріндегі жеңіл сүңгуір жарағы сүңгуір түсірмелері аяқталғаннан кейін таза тұщы сумен жуылып, одан май мен май дақтары кетіріледі.
Сүңгуірдің тыныс алу аппаратының тыныс алу автоматында ішкі бөлігі ашылып, ол тұщы сумен жуылады, кептіріледі және жиналады;
5) жарақтың металл бөліктері (жүктер, кебістер, табандар) түсірмеден кейін кірден тазартылады, жуылады және өзінің штаттық орнына қойылады. Тері бұйымдары мен бөлшектерге кептіргеннен кейін техникалық вазелин жағылады;
6) түсіру, жүріс және белгі беру арқандары түсірмеден кейін кептіріледі, қайнатқышқа салынады немесе тартпаға оралады және қапқа салынады;
7) жылу оқшаулайтын сүңгуір жарағы (сүңгуірдің жылы іш киімінің жинақтары, тері шұлық және тағы басқа) түсірмеден кейін кептіріледі. Ол сүңгуір бекетінің рундуктарында немесе шкафтарында сақталады;
8) сүңгуірдің телефон станциялары түсірмелер аяқталғаннан кейін қорек көзінен ажыратылады, ал розеткалардың штепселдеріне тұйық қақпақтар жабылады.
Телефон кабелі сүңгуір шлангісімен немесе белгі беру кабелімен бірге кептіріледі, қайнатқышқа салынады және қап кигізіледі. Қосалқы кабелдер мен баулар жәшікке салынады. Ұзақ уақыт бойы сақтаған кезде телефон мен микрофон сүңгуір дулығасынан алынып, телефон мүлкімен бірге жәшікке салынады;
9) сүңгуір помпалары пайдаланылғаннан кейін сүртіледі, ал олардың металл сырланбаған бөліктеріне техникалық вазелин жұқалап жағылады. Сүңгуір помпаларын желкен саптарында сақтау қажет;
10) сүңгуір жұмыстарын орындау кезінде пайдаланылған аспап шүберекпен сүртіліп, кептіріледі, майланады және штаттық орынға алынады. Түсіру-көтеру құрылғыларының жабдығы бастапқы күйге келтіріледі және кеме кестесіне сәйкес жүріс жолы бойынша ажыратылады;
11) сүңгуір жарағы мен сүңгуір түсірмелерін қамтамасыз ету құралдарын бөлшектеу, консервациялау және сақтау әрбір жарақтың түрі бойынша нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Сақтауда тұрған жарақ пен жабдықтың жай-күйін сүңгуір маман немесе оны ауыстырушы тұлға 3 айда бір рет тексереді.
Сүңгуір жарағы мен сүңгуір түсірмелерін қамтамасыз ету құралдарына жөндеу жүргізіледі (12-қосымша).
36-тарау. Сүңгуір жарағы мен сүңгуір түсірмелерін қамтамасыз ету құралдарын зарарсыздандыру
162. Сүңгуір жарағы мен сүңгуір түсірмелерін қамтамасыз ету құралдарын зарарсыздандыру:
қоймадан алғаннан кейін;
жыл сайынғы толық тексеруден кейін;
пайдалану кезінде ластанғанда;
жарақты пайдаланған сүңгуірлерде жұқпалы немесе тері аурулары болғанда;
әр түрлі тұлғалар бір жарақты пайдаланған кезде әрбір су астына түсіру алдында;
ұзақ сақтау үшін қоймаға тапсыру алдында жүргізіледі.
1) зарарсыздандыратын жарақтың бөліктері 40-50 градус С қайнаған сумен тазаланады және жуылады және таза шүберекпен құрғақ етіп сүртіледі. Жақсылап тазалау үшін сабынды су пайдаланылады.
Сүңгуір жарағы мен сүңгуір түсірмелерін қамтамасыз ету құралдарын зарарсыздандыру белгіленген норма бойынша (11-қосымша) 96-градустық этил спиртімен-азық шикізаты ректификатымен жүргізіледі. Зарарсыздандыру үшін басқа да зарарсыздандыру заттарын (шикі спиртті, денатурат және тағы басқа) пайдалануға болады.
Сүңгуір жарағы мен сүңгуір түсірмелерін қамтамасыз ету құралдарын зарарсыздандыру тыныс алу автоматтарына, шлангілерге, тыныс алу қаптарына және құбырларға спирт мөлшерін жұмсаудың белгіленген нормаларымен құю арқылы және дулығаларды, маскаларды, жартылай маскаларды, қыстырғыштарды, фланецтер мен жейделердің жаға астындағы бөліктерінің, клапан және жеке мунд қораптарын спиртке суланған тампондармен жүргізіледі.
Спиртпен сүрту арқылы зарарсыздандыратын сүңгуір жарағы мен сүңгуір түсірмелерін қамтамасыз ету құралдарының құрамдас бөліктеріне зарарсыздандырғаннан кейін ауа үрленеді, ал сүртіп зарарсыздандыратындары таза және құрғақ тампондармен сүртіледі.
Зарарсыздандырғаннан кейін шүберек немесе дәке кесіктері жиналады.
Жарақты зарарсыздандыру кезінде тампондар дайындау үшін гигроскопиялық мақтаны қолдануға болмайды;
сүңгуір жейдесі мен гидро комбинезонның (гидро костюмнің) ластануын ішінен тазалау үшін оларды орап, сабынмен жуу қажет, одан кейін таза тұщы сумен жуылып кептіріледі.
Суға түсірілгеннен кейін шаруашылық-тұрмыстық ағыспен ластанған сүңгуір жейдесі сабынды таза сумен жуылады, одан соң хлр әгінің 0,5 пайыздық ерітіндісімен сүртіледі де таза сумен қайта жуылады;
3) бірнеше тіліктерден (иіндерден) тұратын сүңгуір шлангісін зарарсыздандыру кезінде барлық кесіктер бір мезгілде зарарсыздандырылады;
4) сүңгуірлік тыныс алу аппаратының тыныс алу автоматы, редуктор, сақтандыру клапаны, клапан қорабы және басқа да құрылғылар бөлшектенеді. Ал бөлшектер спиртпен жуылады да кептіріледі;
5) сүңгуірдің жылы іш киімі ме арнайы киімі мерзім сайын жуылып тұрады, ал сүңгуірлерде жұқпалы немесе тері аурулары анықталғанда олардың іш киімдері зарарсыздандыру камерасында зарарсыздандырылады:
6) штаттық орындардан алынған баллондарға 10 л баллон көлеміне 1 л ерітінді есебімен ыстық суға кальций содасының ерітіндісі құйылады (10 л суға 200 г тұз).
Баллондардың ішкі қабырғалары тотыққанда оларға металл ұнтағы себіліп, ерітіндімен араластырылады.
Кальций содасының ерітіндісімен жуғаннан кейін баллондарға ас содасының ерітіндісі ыстық суға (10 л суға 50 г тұз) 10 л баллон көлеміне 1 л ерітінді есебімен құйылады.
Сілтілегеннен кейін баллондарды жуу кемінде екі рет ыстық таза тұщы сумен жуылады. Баллондарды сумен жуғаннан кейін сығылған ауамен үрлеп кептіру қажет.
Егер баллондарды штаттық орындардан алу мүмкін болмаса, оларды сілтілеп, буландырып, таза сумен жуып, сол орнында сығылған ауамен үрлеу қажет;
7) сүңгуір помпасын зарарсыздандыру және тазалау кезінде іргетас пен ауа қабылдағыштың ауа жүрістері кальций содасының қарапайым ерітіндісімен (1 л суға 20 г сода), одан соң ыстық тұщы сумен шайылып, құрғақ етіп кептіріледі.
Жеңілдетілген сүңгуір помпасын (бұдан әрі-ЖСП) зарарсыздандыру кезінде помпа ресиверінің ішкі қабаты кальций содасының ерітіндісімен жуылады да, таза ыстық сумен шайылады және сығылған ауамен кептіріледі.
7-бөлім. Су астында авариялық жағдайларда сүңгуірлердің әрекеттері
37-тарау. Желдетілетін жарақ зақымданған кезде сүңгуірлердің әрекеттері
163. Сүңгуірге ауамен қамтамасыз ету құралдарының ақаулығы салдарынан (помпаның ақаулығы, шлангінің үзілуі, мұз тығындарының шланг қосқыштарының жиналуы) ауа келу тоқтаған жағдайда желдетілетін сүңгуір жарағын пайдалану кезінде сүңгуір скафандрдан ауа жіберуді тоқтатып, тігінен тұратын күйді қабылдайды да, телефон арқылы болған оқиғаны баяндайды, егер телефон байланысы қатардан шыққан кезде осыған ұқсас құралдың көмегімен «Дабыл» деген белгі береді де, тоқтамай түсіру арқаны арқылы шығуды бастайды:
1) белгі беру арқаны (белгі беру кабелі) мен шлангісі шатасқан кезде сүңгуір олардың жігін ажырата алмаса, ол көмекке сақтандыру сүңгуірін шақырады. Егер сақтандырушы сүңгуір де белгі беру арқаны мен шлангіні (белгі беру кабелін) тарқата алмаса, ол жөнінде жоғарыға хабарлайды.
Сақтандырушы сүңгуір түсірмелерді жүргізу басшысынан шиеленіскен белгі беру арқаны мен (белгі беру кабелі) шлангісін кесу туралы нұсқауын алғаннан кейін ол жөнінде жұмыс істейтін сүңгуірге ескертеді. Ең алдымен белгі беру араны (белгі беру кабелі), одан соң сүңгуір шлангісі кесіледі.
Белгі беру арқанын кесу, ең алдымен, сүңгуір жағынан шиеленіскен орында басталып, одан соң келесі жағынан ұшы жоғары қарай қараған бос жерінен кесіледі. Екі ұшы да тікелей тораппен байланып, одан соң телефон кабелі мен шланг кесіледі.
Сүңгуір алдағы белгі беру арқанын (белгі беру кабелін) және шлангісін кесу туралы хабар алып, скафандры жақсылап желдетеді, оған көбірек ауа толтырып, оны негізгі клапан арқылы босатуды тоқтатады.
Шиеленіскен сүңгуірді босатқаннан кейін екі сүңгуір де тоқтамай жоғары шығарылады. Егер қандай да бір себептермен белгі беру арқаны (белгі беру кабелі) мен шлангіні тек сүңгуір жағынан шиеленіскен жерінен ғана кесу керек болса, онда сақтандырушы сүңгуір сүңгуірдегі шиеленіскен белгі беру арқанын (белгі беру кабелін) кеспес бұрын оған екінші белгі беру (бос) арқанды бекітеді. Бір белгі беру арқанына (белгі беру кабеліне) екі сүңгуірді байлауға болмайды.
Бақылау арқаны белгі беру қалқыма белгімен шиеленіскен кезде сүңгуір дербес оны өзі кесіп, су бетіне шығады;
2) белгі беру арқаны (белгі беру кабелі) бос болғанда және шланг қысылған кезде су астына түсіру басшысынан алдын ала рұқсат алғаннан кейін сүңгуір қысылған шлангіні дербес кеседі. Сүңгуірді көтеру белгі беру арқаны арқылы жүргізіледі. Бұл ретте сүңгуірдің әрекеті 163-т. 1) тармақшасының талаптарын қанағаттандырады.
Белгі беру арқаны қысылған кезде сүңгуір оны өзі кесіп жібереді. Сүңгуірді көтеру бұл ретте шлангінің көмегімен жүзеге асырылады.
Шланг кесілген кезде сүңгуірді декомпрестеу режимін сақтамай, су бетіне көтеру қажет. Егер тек белгі беру арқаны ғана кесілген болса, сүңгуірді көтеру декомпрестеу режимін сақтай отырып жүргізіледі.
Белгі беру арқаны шиеленіскен кезде сүңгуі арқанның бағытымен қозғала отырып, жоғары қарай жылжып, оны шлангымен алып, қолына орайды. Арқанды жібергеннен кейін оның таза екеніне көз жеткізген соң, қозғалысты жалғастырып, «Босатылған арқанды алу» деген команданы береді. Егер белгі беру арқанын тарқату мүмкін болмаған жағдайда оны екі жағынан шиеленіскен жерінен кесіп, бұдан соң екі ұшынан орау қажет;
3) жейденің төменгі жағында болымсыз жыртық болған кезде жылы суда (температура 15-25 градус С) сүңгуір болған оқиға туралы су астына түсіру басшысына хабарлап, оның рұқсатымен жұмыс аяқталғанша сыртқа шығады.
Салқын (температура 15 градус С төмен), ыстық суда (35 градус С және одан жоғары) суда немесе жейде үстіңгі жағынан жыртылғанда тік тұрған күйді қабылдап, көбірек ауаны талап етіп, тоқтамай сыртқа шығу қажет.
Сыртқа шыққан сүңгуірді дереу декомпрестеу камерасына орналастыру қажет.
Қолғап немесе сүңгуір жейдесінің манжеті жыртылған кезде сүңгуір зақымданған жерді қолымен жауып, қолын төмен түсіреді;
4) сүңгуір жейдесінің шөптен сақтандыру клапаны зақымданғанда сүңгуір жейде жыртылған күйдегідей оның жоғарғы жағынан (163- т. 3-тармақшасы) жүргізеді.
Сүңгуір дулығасының негізгі клапаны зақымданғанда сүңгуір басын дулыға клапаны төмен (оң жағына) қарай болатындай иеді де, клапанды қолымен қысып, көбірек ауа талап етеді, содан соң сыртқа шығады;
5) дулыға иллюминатор зақымданған кезде сүңгуір болған оқиға туралы жоғарыға хабарлайды, көбірек ауа сұрайды, зақымданған орынға қарай бұрылып, оны қолымен жабады да жоғары көтеріле бастайды.
Дулығаға су түсе бастаған кезде сүңгуір басын дулығаның ауа жастықшасында, зақымдану орнынан жоғары болатындай етіп бұрады. Телефон байланысы істемеген кезде сүңгуірге «Ауа көбірек берілсін» деген белгі беріп, одан кейін «Дабыл» деген белгі беріп, жоғары көрсетілгендей әрекет жасайды;
6) төменгі шығыр үзілген кезде сүңгуір болған оқиға туралы жоғарыға хабарлайды, дулығаны қолымен ұстап тұрып, тігінен тұрған күйде қабылдайды, бүйір иллюминаторлардың шығыңқы бөліктерін төмен қарай тартады, артық ауаны басты клапанмен басып, түсірме басшысының командасы бойынша көтере бастайды.
Жоғарғы (иық) шығырлардың біреуі үзілген жағдайда үзілген жағына қарай бұғып, жоғары көтеріледі;
7) бір кебісті жоғалтып алған жағдайда кебісі жоқ аяғын төменгі күйде ұстап тұрады. Түсірме басшысының нұсқауы бойынша ол жоғалған галошты тауып алып киеді немесе онсыз сыртқа шығады.
Екі кебісін бірдей жоғалтқан кезде сүңгуір артық ауаны пайдаланып, түсіру арқанына жақын келіп, оның бойымен тоқтамай сыртқа шығады;
8) кеме корпусының астында жұмыс істеген кезде түсіру немесе көтерме арқан үзілген кезде сүңгуірдің тереңге құлауы (түсуі) мүмкін. Су астына түсу тереңдігінің және сыртқы қысымның күрт өзгеруі сүңгуірдің қысылуынан қауіптілік әкелуі мүмкін. Сондықтан үзікті анықтаған кезде қамтамасыз етуші сүңгуір ауа беруді арттыру туралы команданы қабылдап, дереу белгі беру арқанын ала бастайды, сөйтіп сүңгуірді орнында ұстауға тырысады, одан соң оны тезірек жер бетіне шығарады;
9) сүңгуір жүкті немесе кебісті жоғалтып алғанда, қатты ағыспен түсу кезінде ол кенет жүзген кезде оны тереңдіктен лақтырып жіберуі мүмкін.
Егер сүңгуірде тереңдікте қандай да бір су асты заттарынан ұстау мүмкіндігі болмаса, онда қалқып шығу жылдамдығын төмендету шараларын қолданады және өкпенің баро жарақатын болдырмас үшін үздіксіз ауа қабылдайды.
Сүңгуір жер бетіне шыққан кезде оны осы күйде ұстап, қайта су астына түсуін болдырмайтын шаралар қолданылады.
38-тарау. Жеңіл сүңгуір жарағын зақымданған кезде
сүңгуірлердің әрекеттері
164. Суға дем шығару арқылы жеңіл сүңгуір жарағында ауа беру тоқтаған кезде сүңгуір авариялық құрылғы вентилін ашып, дереу жер бетіне шығады.
Белгі беру арқаны немесе сыртқы көзден ауа беру шлангісі шиеленіскен кезде сүңгуір оларды өздігінен немесе басқа сүңгуірдің көмегімен осы Талаптардың 163-тармағының 1) және 2) тармақшаларының талаптарын сақтай отырып кесіп, аппарат баллондарынан ауаны тыныс алу үшін пайдалана отырып, тоқтамастан жер бетіне шығады;
2) дулыға немесе гидро костюм (гидро комбинезон) зақымданған кезде оны мүмкіндігінше қолмен қысып, жер бетіне тоқтамай шығу қажет. Гидро костюм (гидро комбинезон) дулығасына су түскен кезде сүңгуір мұрнымен дем алады. Одан кейін дулығаның тығыздағыш құрылғысы тексеріледі;
3) гидро костюмсіз (гидро комбинезонсыз) масса кеңістігіне су тиген жағдайда басты артқа сәл еңкейтіп, мұрын бірнеше рет тезірек дем алу қажет. Егер кеңістікке үрлегеннен кейін су тиген болса, суды кетіріп, масканы қолмен қозғап, оның дұрыстап бетке орналастыру қажет. Егер бұған қол жеткізу мүмкін болмаған кезде масканы бетке қолмен қойып, мұрынмен дем алу қажет.
Масканы бетке салу іштегі қысым сырттан қарағанда төмендеген жағдайда тереңдікке түсіру арқылы жүргізіледі. Масканың сорғы жұмысын қалпына келтіру үшін маскадағы қысым сыртқы қысыммен теңгерілетіндей мұрынмен бір-екі рет дем алу қажет;
4) жеңіл сүңгуір жарағының тыныс алу түтігі зақымданған кезде сүңгуір дереу жер бетіне шығады.
Тыныс алу түтігі зақымданған кезде зақымданған жерді қысып, қысқа дем алу (қажеттігіне қарай ауамен суды жұта отырып) қажет. Түтіктің зақымданған бөлігін қармау ыңғайлы болу үшін оған қарсы бауды шешіп, тыныс алу аппаратын бүйіріне қарай жылжытады. Егер зақымданған учаскені қысу мүмкін болмаса немесе тыныс алу түтігінде су мөлшері көбірек болып, тыныс алу мүмкін болмаса, жүк белдігін, тіпті тыныс алу аппаратын тастап, су бетіне шығу қажет.
Дем шығару түтігі зақымданған кезде сүңгуір оны зақымданған бөлігінен жоғары қысып, әрбір дем шығарған сайын оны босатады, одан соң болған оқиға туралы жоғарыға хабарлап, көтеруді бастайды;
5) ашық тыныс алу сызбасы бар жеңіл сүңгуір жарағында тыныс алу автоматымен сығылған ауаны үздіксіз берген жағдайда сүңгуір ерінге қыстырғышты аузынан шығарып, оны ауыз тұсында ұстап, ернін жартылай жауып, ақырын дем шығарады да, жоғары жүзіп шығады.
Ашық тыныс алу сызбасы бар жеңіл сүңгуір жарағында тыныс алу автоматымен ауа беру азайған немесе тоқтаған кезде жүк белдігі мен тыныс алу аппаратын тастап, дереу жоғары жүзіп шығады;
6) регенеративті сүңгуір жарағының тыныс алу қабы үзілген кезде сүңгуір мүмкіндігінше зақымданған жерді қолмен қысып, әрбір дем алу кезінде қолмен іске қосқыш арқылы қапқа оттегіні қосып, дереу жер бетіне шығады;
7) регенеративті сүңгуір жарағының тыныс алу түтігі зақымданған кезде зақымданған жерді қолмен қысып, абайлап ақырын дем алып, дереу жер бетіне шығады;
8) регенеративті сүңгуір жарағының дем шығару түтігі зақымданған кезде түтікшенің зақымданған жерінен төмен, жұтқыш қорабынан жақын қолымен басып, әрбір дем алу кезінде қолмен іске қосқыш арқылы қапқа оттегіні қосып, дереу жер бетіне шығады.
Деммен шығарылатын ауа бұл жағдайда түтікшедегі зақымданған бөлік арқылы суға шығады.
______________________
Сүңгуір жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікке
қойылатын талаптарға
1-қосымша
Сүңгуірге әсер ететін негізгі зиянды факторлардың
шекті рұқсат етілген мәндері
Сүңгуірдің оттегі аппараттарында жұмыс істеген кезінде оттегінің жоғары парциал қысымы, МПа (кгс/шаршы см) 0,292 (3,0)
Сүңгуірдің ауа-оттегі қоспасымен тыныс алуы кезіндегі оттегінің жоғары парциал қысымы, МПа (кгс/шаршы см) 0,214 (2,2)
Сүңгуірдің газ қоспаларымен тыныс алуы кезіндегі оттегінің жоғары парциал қысымы, МПа (кгс/шаршы см) 0,143 (1,5)
Азоттың жоғары парциал қысымы, МПа (кгс/шаршы см) 0,544 (5,6)
Қысымның жоғарылау жылдамдығы, МПа/с (кг/шаршы см мин):
10 м дейін тереңдікте 0,0016 (1,0)
10 м астам тереңдікте 0,0032 (2,0)
Тыныс алуға арналған көмірқышқыл газының қосылымы, кг/текше м (мгс/л) 0,0008 (0,8)
Газ қоспаларын дайындауға арналған ауадағы көмірқышқыл газының қосылымы, кг/текше см (мгс/л) 0,0003 (0,3)
Тыныс алу үшін ауадағы көміртек тотығының қосылымы, кг/текше м (мгс/л) 0,000008 (0,0080)
Газ қоспаларын дайындау үшін ауадағы көміртек тотығының қосылымы, кг/текше м (мгс/л) 0,000006 (0,0060)
Тыныс алу және газ қоспаларын дайындау үшін ауадағы азот тотығының қосылымы, кг/текше м (мгс/л) 0,000001 (0,0010)
Тыныс алу және газ қоспаларын дайындау үшін ауадағы көмірсутектердің көміртекке есебіндегі қосылымы, кг/текше м (мгс/л) 0,00003 (0,0300)
Ескерту.
1. Азоттың жоғары парциал қысымы 0,544 МПа (5,6 кгс/шаршы см)
сүңгуір жұмыстарын жүргізуге арналған. Жаттығу арқылы суға түсу және авариялық-құтқару жұмыстары кезінде азоттың парциал қысымын 0,78 МПа (8 кгс/шаршы см) дейін арттыруға болады.
2. Зиянды қоспалардың қосылымы қалыпты қысымға келтірілген ауа мен газ қоспалары үшін көрсетілген.
_________________
Сүңгуір жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікке
қойылатын талаптарға
2-қосымша
Сүңгуірлердің топырақтағы жұмыс уақытына, суға түсу тереңдігіне
және еңбек қызметінің түріне байланысты ауамен тыныс алу кезіндегі
еңбек және демалыс режимдері
1-кесте
Суға түсу тереңдігі, м
|
Топы
рақтағы жұмыс уақыты, мин
|
Төменде көрсетілген жұмыстардан кейінгі демалыс уақыты, мин
|
объектіні тексергеннен, металды дәнекер
легеннен, кескен
нен кейін
|
заттарды ілгеннен, оңай қол жеткізілетін суға батқан объектілерді тексергеннен, зардап шеккендерді іздегеннен және көтергеннен кейін
|
құрылымдарды, құбырларды мнтаждағаннан, объектіні тексеру, металды дәнекерлеу, кесу жұмыстарын жүргізгеннен кейін
|
жүктерді тасымалдағанан және төсегеннен, теңіз өнімін өндіргеннен, су асты кемесін жөндегеннен кейін
|
гидромонитормен жұмыс істегеннен, шұңқырларды бекіткеннен, төсемдерді тегістегеннен, кемені су асты өсімдіктерінен тазартқаннан, суға абтқан кеменің ішіндегі жұмыстан кейін
|
3
|
110
120
135
145
175
|
85
95
105
110
135
|
160
170
195
210
-
|
185
200
225
-
-
|
220
240
-
-
-
|
250
-
-
-
-
|
6
|
110
120
130
140
165
|
90
100
105
115
135
|
160
185
200
210
-
|
190
210
230
-
-
|
220
240
-
-
-
|
250
-
-
-
-
|
9
|
105
115
125
135
160
|
90
100
105
115
135
|
165
180
195
210
-
|
195
215
235
-
-
|
200
245
-
-
-
|
255
-
-
-
-
|
12
|
100
110
120
130
155
|
85
95
105
115
135
|
165
180
195
210
-
|
210
230
240
-
-
|
230
250
-
-
-
|
260
-
-
-
-
|
15
|
95
105
145
|
85
95
135
|
160
180
-
|
205
230
-
|
220
250
-
|
260
-
-
|
18
|
45
60
80
105
145
|
45
60
80
100
135
|
80
110
140
185
-
|
105
135
180
-
-
|
115
150
200
-
-
|
125
170
225
-
-
|
21
|
35
45
60
80
105
|
35
45
60
80
105
|
65
85
110
150
195
|
85
110
145
190
-
|
95
120
155
210
-
|
105
130
175
235
-
|
24
|
25
35
45
60
80
105
|
30
40
50
65
85
110
|
50
70
90
115
155
205
|
65
85
110
150
195
-
|
70
95
125
165
215
-
|
80
110
140
185
245
-
|
27
|
20
25
35
45
60
80
105
|
25
30
40
50
65
90
115
|
40
50
70
90
120
160
210
|
55
65
90
115
155
205
-
|
60
70
100
130
170
-
-
|
65
80
115
145
190
-
-
|
30
|
15
20
25
35
45
60
80
105
|
20
25
30
40
55
70
90
120
|
35
45
55
75
95
130
170
-
|
45
55
70
95
125
165
220
-
|
45
60
75
105
135
180
235
-
|
50
70
85
120
150
200
265
-
|
33
|
15
20
25
35
45
60
80
100
|
20
25
30
45
55
75
95
130
|
35
45
60
80
100
135
100
-
|
45
60
75
100
130
175
230
-
|
50
65
80
110
140
190
250
-
|
55
70
90
125
160
-
-
-
|
36
|
10
15
20
25
35
45
60
80
105
|
15
20
25
35
45
60
75
100
130
|
25
40
50
60
85
105
140
190
-
|
30
45
60
75
105
150
180
240
-
|
35
50
70
85
115
150
200
-
-
|
40
60
75
95
130
170
225
-
-
|
39
|
10
15
20
25
35
45
60
80
|
15
20
30
35
50
60
80
110
|
25
40
50
65
90
115
150
200
|
35
50
65
80
115
145
190
-
|
35
55
70
90
125
160
210
-
|
40
60
80
100
140
180
235
-
|
42
|
10
15
20
25
35
45
60
80
|
15
25
30
40
50
65
85
115
|
30
40
55
70
95
120
180
210
|
35
50
70
85
120
150
200
-
|
40
55
75
95
130
170
225
-
|
45
65
85
105
145
190
250
-
|
45
|
10
15
20
25
35
45
60
80
|
15
25
30
40
55
70
90
120
|
30
45
60
70
100
130
170
-
|
40
55
75
90
125
165
215
-
|
40
60
80
100
140
180
240
-
|
45
70
90
115
155
200
265
-
|
48
|
5
10
15
20
25
35
45
60
80
|
10
20
25
35
45
60
75
100
130
|
15
30
45
60
75
105
145
180
-
|
20
40
60
80
95
135
175
230
-
|
25
45
65
85
105
150
190
250
-
|
25
50
75
95
120
170
215
-
-
|
51
|
5
10
15
20
25
35
45
60
|
10
20
30
35
45
60
80
105
|
20
35
50
65
85
115
150
195
|
25
45
65
85
105
145
185
250
|
25
45
70
90
115
160
205
-
|
30
55
80
105
130
180
230
-
|
54
|
5
10
15
20
25
35
45
60
|
10
20
30
40
50
65
85
115
|
20
35
55
70
90
125
160
210
|
25
45
70
90
115
160
205
-
|
25
50
75
100
125
175
225
-
|
30
60
85
115
140
195
250
-
|
57
|
5
10
15
20
25
35
45
60
|
15
25
35
45
55
75
95
125
|
20
40
60
80
100
135
175
-
|
25
50
75
100
125
170
220
-
|
30
55
80
110
135
190
240
-
|
35
65
95
125
155
215
-
-
|
60
|
5
10
15
20
25
35
45
60
|
15
25
35
45
55
80
100
135
|
25
45
65
85
105
145
190
-
|
30
55
80
110
135
190
240
-
|
30
60
90
120
145
205
-
-
|
35
70
100
135
170
235
-
-
|
Ескерту.
1. Топырақта жұмыс істеу кезінде суастына түсіру уақытының жартысын қосады.
2. Сүңгуірді кестеде көрсетілгеннен басқа тереңдікте су астына түсіру кезінде ең үлкен жақын мән үшін көрсетілген жұмыс істеу және демалу уақытын алуға болады.
3. Сүңгуірдің кестеде көрсетілгеннен басқа су астында жұмыс істеген уақыты кезінде су астында жұмыс істейтін ең үлкен жақын мән үшін көрсетілген жұмыс істеу және демалу уақытын алуға болады.
4. Сүңгуір жұмыстарына сыртқы ортаның жағдайларымен ауырлық түскен кезде (көру мүмкіндігі 1 м кем, ағыс жылдамдығы 0,5 м/с артық, қысылған жағдайлар) демалыс режимін жұмыс түріне байланысты осы бағандағы келесі төменгі жолдан таңдап алады.
5. Кестедегі сызықтар көрсетілген жұмыстарды осы жолда көрсетілген топырақта жұмыс істеген уақыт аралығында орындауға болмайтынын білдіреді.
6. Жіңішке сызғыштың астындағы әрбәр тереңдік үшін көрсетілген режимдер авариялық-құтқару жұмыстарын орындау кезінде қолданылады.
2-кесте
Сүңгуірдің ауамен тыныс алғанда су астында жұмыс істеуінің ең жоғарғы рұқсат етілген ұзақтығы және демалыс ұзақтығы
Суға түсу тереңдігі, м
|
Су астындағы жұмыстың ұзақтығы, мин
|
объектіні тексергеннен, металды дәнекер
легеннен, кескен
нен кейін
|
заттарды ілгеннен, оңай қол жеткізілетін суға батқан объектілерді тексергеннен, зардап шеккендерді іздегеннен және көтергеннен кейін
|
құрылымдарды, құбырларды мнтаждағаннан, объектіні тексеру, металды дәнекерлеу, кесу жұмыстарын жүргізгеннен кейін
|
жүктерді тасымалдағанан және төсегеннен, теңіз өнімін өндіргеннен, су асты кемесін жөндегеннен кейін
|
гидромонитормен жұмыс істегеннен, шұңқырларды бекіткеннен, төсемдерді тегістегеннен, кемені су асты өсімдіктерінен тазартқаннан, суға абтқан кеменің ішіндегі жұмыстан кейін
|
3
6
9
12
15
18
21
24
27
30
33
36
39
42
45
48
51
54
57
60
|
174
168
162
156
150
144
138
132
126
120
114
108
102
96
90
84
79
73
67
61
|
145
140
135
130
125
120
115
110
105
110
95
90
85
80
75
70
65
60
55
51
|
135
130
126
121
116
112
107
103
98
93
88
84
79
75
70
66
61
56
52
47
|
125
121
117
112
108
104
99
95
91
87
82
78
74
69
65
61
57
52
48
44
|
116
112
108
104
100
96
92
88
84
80
76
72
68
64
60
56
52
48
44
40
|
60 дейін
|
Су астына түскеннен кейінгі демалыс уақыты, мин
|
135
|
210
|
250
|
255
|
265
|
___________________
Сүңгуір жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікке
қойылатын талаптарға
3-қосымша
Декомпрестеу камералары микроклиматының
нормалары
Қысымы
МПа(кгс/шаршы,см)
|
Ұсынылатын
|
Су буының қысымы
Па(кгс/шаршы,см)
|
Газ ортасынығ қозғалысы
(м/с аспайды)
|
орташа радиациалы температурасыК(град,0С)
|
Газ ортасының
температурасы
(град, 0С)
|
0,2 дейін қоса алғ.
2 дейін қоса алғ.
0,2 астам 0,5 дейін қоса алғ.
2 астам 5 дейін қоса алғ.
0,5 астам 1,1 дейін қоса алғ.
5 астам 11 дейін қоса алғ.
|
293
(20)
295
(22)
297
(24)
|
290 бастап 295 дейін қоса алғ.
17 бастап 22 дейін қоса алғ.
292 бастап 298,5 дейін
19 бастап 25,5 дейін
293,5 бастап 299,5 дейін
20,5 бастап 26,5 дейін
|
1596
0,16
|
± 532
±0,005
|
Ескерту.
1. Орташа температура ұсынылатын мәндермен салыстырғанда жоғарылаған (төмендеген) кезде газ ортасының температурасы қалыпты жұмыс қысымы және орташа температураның әрбір өзгерісіне ең жоғары жұмыс қысымы 0,4 К (0,4 град. С) болғанда кемінде 1 К (1 град. С) төмендейді (жоғарылайды).
2. Орташа температура кемінде 291 К (18 град. С) және 305 К астам (32 град. С) болады.
3. Осы нормативтер камерадағы қысымның 1 сағаттан аспайтын уақыт ішінде үздіксіз өзгеру уақытына қолданылмайды.
____________________
Сүңгуір жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікке
қойылатын талаптарға
4-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |