«Шешендік өнер» пәні бойынша


-лекция. Шешендік сөздердің мазмұны мен құрылысы



бет11/13
Дата13.06.2016
өлшемі1.27 Mb.
#133922
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

35-лекция.

Шешендік сөздердің мазмұны мен құрылысы

(1 сағат)

Жоспары:

  1. Шешендік сөздердің мазмұны.

2. Шешендік сөздердің құрылысы.

Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1. Негимов С. Шешендік өнер А. 1997.

2. Адамбаев Б. Халық даналығы А. 1993.

3. Жармұхаммедов М. Шешендік өнер А. 1998.

4. Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері А. 2003.

5. Ж. Дәдебаева Ж. Шешендік сөздер А. 1993.



б) қосымша

1. Төреқұлов Н. , Қазыбеков М. Қазақтың би-шешендері А. 1993.

2. Шқанова Б. Шешендік сөздердің жанрлық ерекшеліктері А.1995.

3. Шындалиева М. Шешендік пен ақындықтың дәстүрлі байланысы А. 1996.

4. Садырбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері А. 1995.

5. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ А. 1989.

6. Қабдолов З. Сөз өнері А. 2002.

7. Қасенов С. Шешендік тәсілдері А. 1989.

8. Жандыбаев Ғ. Сөз мәйегі А. 1998.

Лекцияның мәтіні:
Шешендік сөздер көбінесе түсінік сөзбен басталады. Түсінік сөздің көркем болуы шарт емес, қысқа әрі нұсқа болуы шарты.

Қазақтың шешендік сөздері бата-тілектен бастап, бүкіл айшықты, өнегеліъөсиет сөздерді қамтиды. Шешендік сөздерді атадан балаға қайталап, ұропақтар сабақтастығы басынан кешірген алуан түрлі оқиғалардың нәтижесінде туған көрегні мен тергені көп терең ойдың қортындысы.

“Өнер алды – қызыл тіл” деп түсінген ата-бабамыз ақылдың көзі сөйлей білу де үлкен өнер деп бағалаған. “Шешеннің сөзі мерген, шебердің қолы мерген”, “Тілдің майын тамызып, сөздің малын ағызып, қас шешендер сөз айтар”. “Көп ішінде сөйлеген көсемдіктің белгісі”т.б. мақал-мәтелдерді шығарып аталарымыз ділмәр шешендердің өсиет сөздерін, тұрмыс-салт жжырларын, аңыз ертегілердегі тапқырлық, табан аузында тақпақтап айтқан ақыл-нақылға толы толғаулары мен шешендіке жұмбақтарының, термелерінің әлденеше ғасырлар бойы өз бағасын жоймай сақтаған қадір-қасиетін, қыр-сырын таныту.

Демек, шешендік сөздерді зерттеп , талдхау жинап-жариялау ана бтіліміздің сөздік қорын байытады, әдеби тілімізді дамытып, кеңітеді, сөйлеу, жазу мәдениетімізді көтеруге пайдасы тиеді. Белгілі ғалым Балтабай Адамбаев қазақ шешендік сөздерін былайша жіктейді.

Қазақ шешендік сөздерді мазмұнына қарай: шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау деп үш түрлі салаға бөлінеді.

Шешендік сөздерді құрылысына қарай термелі сөз, пернелі сөз деп бөлуге болады. Құрылысы өлең-жырға ұқсас шешендік сөздер термелі сөз. Шешендік термелі сөздің өлең, жырдан негізгі айырмашылығы - өлең ұйқасынан гөрі рырғағына, ішкі мағанасына назар аударылады.

Көркем қара сөзбен айтылған сөздер - пернелі сөз. Шешендік пернелі сөздің ерекшелігі сөздері сұрыпталған, сөйлемдері іріктелген – бір-бірімен көлемі жағынан ыңғайлас, ықшам келеді.

Композициялық - структуралық жағынан өлеңді сөз бен шешендік сөздің айырмасы бар. Шедшендер сөздерінің алды артында, арасында түсіндірме баяндау текстер болады. Ол түсініктер шешендік сөздің туу себебін білдіріп тұрады.


36-лекция.

Шешендік арнау

(1 сағат)

Жоспары:

  1. Мазмұны.

2. Түрлері.

Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1. Негимов С. Шешендік өнер А. 1997.

2. Адамбаев Б. Халық даналығы А. 1993.

3. Жармұхаммедов М. Шешендік өнер А. 1998.

4. Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері А. 2003.

5. Ж. Дәдебаева Ж. Шешендік сөздер А. 1993.



б) қосымша

1. Төреқұлов Н. , Қазыбеков М. Қазақтың би-шешендері А. 1993.

2. Шқанова Б. Шешендік сөздердің жанрлық ерекшеліктері А.1995.

3. Шындалиева М. Шешендік пен ақындықтың дәстүрлі байланысы А. 1996.

4. Садырбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері А. 1995.

5. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ А. 1989.

6. Қабдолов З. Сөз өнері А. 2002.

7. Қасенов С. Шешендік тәсілдері А. 1989.

8. Жандыбаев Ғ. Сөз мәйегі А. 1998.

Лекцияның мәтіні:
Шешендік арнау - мазмұны мен түрі жағынан алғанда аңыз әңгімелерге жақын. Бірақ әңгімеге қарағанда шешендік сөздің көлемі шағын, мазмұны өсиет, насихатқа құрылады, баяндаудан гөрі өрнекті сөз, ұтымды ойға бейім. Құрамында көбінесе мақал-мәтел, қара сөз бен өлең сөз араласып алмасып отырады. Адамдар арасындағы қарым – қатынасқа арналады. Мысалы, атаның балаға арнауы ретінде жұмсалатын шешендік сөздер, арнаулар да болады. Айталық Балғожа бидің Ы. Алтынсаринге арнауы. Абайдың Әбішке т.б.

Шешендік арнауға біреуге – біреу арнап айтқан бата, алғыс, сын, әзіл, уәж, астарлы сөз, көңіл айту, мақтау-мадақтау т.б. жатады. Көлемі шағын, қара сөзбен өлең сөз араласып, алмасып отырады.

Шешендік арнау белгілі бір адамға арнайы айтылған сәлем, сын, әзіл және бата (тілек) сөздерді шешендік арнау дейміз. “Ас –адамның арқауы. Астан ешкім үлкен емес”-деп заттың игіліктің адам өміріндегі шешуші мәнін дұрыс түсірген де астық алды артында жақсы тілік, игі ниеттерін білдіретін болған.

Қызыл шоқтай қарыған,

Қазаққа тіл дарыған.

Жолын шаншып таптаған,

Қызыл тілге жоқ тоған.

Қылышқа емес батыры,

Бір-ақ сөзге тоқтаған.

Шешендік сөздерде халықтың ақыл-ойы арман-тілегі, тұрмыс-салты, шаруашылық кәсібі бейнеленеді. Сондықтан белгілі бір халықтың ауыз әдебиеті сол халықтың ежелгі мәдениетінің, тарихының мәліметін береді, өмірге, дүниеге көзқарасын танытады. Басқа халықтар сияқты, қазақ халқының да бай ауыз әдебиеті бар. “Халықтың ой-арманы мен алдан күткен үмітін бейнелейтін халық әдебиетін Шоқан Уәлиханов бұдан бір ғасыр бұрын мақтан еткені белгілі. Сөз мәдениеті сөзді дұрыс қолдану мен соны өрнекті жұмсай білуден, екінші сөзбен айтқанда, сөз шеберлігінен тұрады.



37-лекция.

Шешендік толғау

(1 сағат)

Жоспары:

  1. Шешендік толғауға жататын сөздер.

2. Шешендік толғаудың түрлері.

Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1. Негимов С. Шешендік өнер А. 1997.

2. Адамбаев Б. Халық даналығы А. 1993.

3. Жармұхаммедов М. Шешендік өнер А. 1998.

4. Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері А. 2003.

5. Ж. Дәдебаева Ж. Шешендік сөздер А. 1993.



б) қосымша

1. Төреқұлов Н. , Қазыбеков М. Қазақтың би-шешендері А. 1993.

2. Шқанова Б. Шешендік сөздердің жанрлық ерекшеліктері А.1995.

3. Шындалиева М. Шешендік пен ақындықтың дәстүрлі байланысы А. 1996.

4. Садырбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері А. 1995.

5. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ А. 1989.

6. Қабдолов З. Сөз өнері А. 2002.

7. Қасенов С. Шешендік тәсілдері А. 1989.

8. Жандыбаев Ғ. Сөз мәйегі А. 1998.

Лекцияның мәтіні:
Шешендік толғау – адамның өмірге философиялық көзқарасын көрсетеді. Толғауға - тақпақ, термемен айтылгған тілек, өсиет, насихат сөздер жатады. Төле бидің толғауы, Асан қайғы, Бхұқар, Махамбет, Мұрат толғауларын т.б.

“Толғау - толға” /сөйле, жырла/ деген етістікке оесімшенің /у/ жұрнағы жалғану арқылы жасалған қазақтың байырғы төл сөзі. Сөздің тура мағынасы ойлану, толғану /размышление/ деген ұғымды білдіреді.

Шешендік толғау: шешендік нақыл, шешендік мақал, шешендік мысал, шешендік жұмбақ және шешендік жауап болып бөлінеді.

Шешендік толғауға тақпақ-термемен айтылған тілек, өсиет, насихат, өлеңді толғау, тұрмыс-салтқа байланысты шешендік толғаулар жатады. Ақындық толғау мен шешендік толғаудың ара жігін ашу.



38-лекция.

Шешендік дау

(1 сағат)

Жоспары:

  1. Мазмұны.

2. Түрлері.

Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1. Негимов С. Шешендік өнер А. 1997.

2. Адамбаев Б. Халық даналығы А. 1993.

3. Жармұхаммедов М. Шешендік өнер А. 1998.

4. Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері А. 2003.

5. Ж. Дәдебаева Ж. Шешендік сөздер А. 1993.



б) қосымша

1. Төреқұлов Н. , Қазыбеков М. Қазақтың би-шешендері А. 1993.

2. Шқанова Б. Шешендік сөздердің жанрлық ерекшеліктері А.1995.

3. Шындалиева М. Шешендік пен ақындықтың дәстүрлі байланысы А. 1996.

4. Садырбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері А. 1995.

5. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ А. 1989.

6. Қабдолов З. Сөз өнері А. 2002.

7. Қасенов С. Шешендік тәсілдері А. 1989.

8. Жандыбаев Ғ. Сөз мәйегі А. 1998.

Лекцияның мәтіні:
Шешендік дау – қазақ қауымының заттық эжәне рухани даулы мәселелерді реттейтін ежелгі заңы іспеттес.

Дау жшешеннен қорқады,

Шешен мылжыңнан қорқады.


  • деп тегін айтылмаған. Шешендер аз сөзбен иіп келтліріп, ұшқыр сөзбжен кесіп түскен. Сондықтан да болар халқымыздың “Тіл – қылыш, титімсз жерде тый, Тиімді жерде жый” – дейтіні.

Шешендік даулар мазмұнына қарай жер дауы, жесір дауы, құн дауы деп үшке бөлінеді.

Бұрын арнайы мемдлекеттік заңы жоқ, сот, адвокат болмаған кезде барлық дау- талап мрәселесі жол-жоба білетін тәжірибелі адамдарға жүгінумен шешілген. Халықтың әдет – шғұрып салт-санасына сүйеніп, әлінше әділ төрелік беретінойға ұста, тілге шешен адамдарды ел “би” деп атаған. Халықтщың осындазй эқарапайым тәжрибесінен қазылық, бдилік,-төрелік айтлу салты қалыптасқан.

Дау-жанжал мәселесін

Қарайтын қазақ қауымының ежелгі заңы – “Жеті жарғы” бойынша реттеу тәсілі шешендік өнердің дамуына әсер еткен. Талқыланатлын дау-жанжал, билік-бітім сөздерде жеңіске жету үшін қазақ билерінен халықтың салт-саұнасын, әдет-ғұрпын жетік білуді ойға ұшқыр сөзге шешен болзуын талап еткен. Шешендік даудың көлемі шағын, оқиғасы әңгіме сияқты болып келеді.

Шешендік дауға жер, жесір дауы, мал және құн дауы, ар-намысқа байланысты мәселелер енеді. Ел намысын қорғауға арналған ар дауының бірі – Қазыбектің қалмақ ханына айқан сөздері, екі ел арасындағы елшілік-дипломатиялық сөздерге дейін қамтиды.

Шешендік дау – қазақтың материалдық және рухани даулы мәселелерді, қылмысты істерді шешетін ежелгі әдет заңы, ережесі.

Қасқакөл деген көлге Төле би, Әйтеке би, орта жүз Орманбет бимен таласады.


    • Ей, Орманбай! Мен әлі тірімін, өлген жоқпын. Бұдан бұрын әлденеше рет сәлем айтасм да сен келген жоқсың; ер кетер, жер жетер, ешкімге опа қалмас дүние-боқ. Сен бізден жасы кіші баласың, біз барып қайттық, сен ілгері барасың; біз енді көп жүрмеспіз, көмілерміз. Сен жассың, көңілдегіңді аларсың! дейді Төле.

    • Бай болсаң халыққа пайдаң тисін,

Батыр болсаң дұшпанға найзаң тисін; бай болып пайдаң тимесе, батыр болып найзаң тим есе жұрттан ала бөтен үйің күйсін деген ғой; Бізге кейінгілер соны айта ма деп қорқамын, - дейді Әйтеке.

Сонда Орманбет би:



    • Екі би, айтқан сөзің жарасады,

Еншіге әркімдер-ақ таласады.

Қасқакөл орта жүздің үлесі еді,

Дауларың қиянатқа жанасады.

Қанағатсыз билерді қабан деген,

Қамшылатқан жүйрікті шабан деген,

Біреудің ақысына зорлық қылған

Қиянат қияметте жаман деген, дейді.

Сонда Төле:

- Үш жүздің ортасында Қасқакөл бар,

Әр жерде ауыз сулық басқа көл бар.

Үш бөліп енші қылып алысайық,

Жер жетер, көңіліңді ұстама тар, -дейді.

Сонда да келісімге келмеген Орманбетті анасы көндіреді.

Шешендік сөздер халық даналығынан туған мұра, халықтың асыл қазынасы. Мазмұны халықтың бастан кешірген өмірін, арманы мен қиялын көрсетеді, өмірге, дүниеге көзқарасын, ой-өрісін білдіреді.

Халық өзі қиялдаған арманына қашан да болса жетемін деген сенімнен айрылмаған. Өмірдің сан алуан құбылыстарын бір-бірімен теңеп, салыстырып, болашағын болжап, қиялдап айтылған даналық сөздер халықты үнемі жеңіске, табысқа жетектеп, құлшындырып, рухтандырып отырған. Қуаныш үстінде дем берушілік, реніш тұсында жұбатушылық қызмет атқарған. Шешендік сөздердің шеберлігі, құндылығы сөз сайысында, алқа топтың алдында сыналып, бағаланған. Шешендік сөздер қазақтың сан ғасырлық тарихының, бостандығы мен бақытты болашағы үшін жүргізген күресінің айнасы мен айғағы іспетті.

Шешендік сөздің қиындығын Бұхар жырау:

Көш бастау қиын емес,-

Қонатын жерде су бар.

Қол бастау қиын емес,

Шабатын жерде жау бар.

Шаршы топта сөз бастау қиын,-

Сөз бастау қиын, тауып айтсаң мереке етеді, таппай айтсаң келеке етеді. (Сырым батыр Малайсарының жасың жетпіске жетпесін дегеніне түсінбей қалады).



39-лекция.

Шешендік сөздердің көркем тілдік сипаты

(1 сағат)

Жоспары:

  1. Шешендіктің қолданылатын орны.

2. Шешендік сөздерде қолданылатын көркемдік құралдар.

Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1. Негимов С. Шешендік өнер А. 1997.

2. Адамбаев Б. Халық даналығы А. 1993.

3. Жармұхаммедов М. Шешендік өнер А. 1998.

4. Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері А. 2003.

5. Ж. Дәдебаева Ж. Шешендік сөздер А. 1993.



б) қосымша

1. Төреқұлов Н. , Қазыбеков М. Қазақтың би-шешендері А. 1993.

2. Шқанова Б. Шешендік сөздердің жанрлық ерекшеліктері А.1995.

3. Шындалиева М. Шешендік пен ақындықтың дәстүрлі байланысы А. 1996.

4. Садырбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері А. 1995.

5. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ А. 1989.

6. Қабдолов З. Сөз өнері А. 2002.

7. Қасенов С. Шешендік тәсілдері А. 1989.

8. Жандыбаев Ғ. Сөз мәйегі А. 1998.

Лекцияның мәтіні:
Шешендік сөздерді адам өміріндегі алуан түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты тарихи мұра ретінде, ұлттық сана, ұлттық психологиямен тамырлас практикалық тұрғыда қолданылатын тілдік ерекшеліктері жағынан да сөз етуге болады.

Шешендіктің қолданылатын орны, атқаратын ерекше міндеті бар. Шешендік сөздің негізгі мақсаты белгілі бір шындыққа тыңдаушының көзін жеткізу үшін айқын дәлелді, ұшқыр оймен, ұтқыр сөзбен олардың сезіміне әсер ете білу, шешен юадам дарынды талант иесі болуы керек. Ал, шешендік сөз болса, өткір ойға құрылған әсерлі де сазды көтеріңкі болып келеді. Шешендік сөзге нәр беретін, оны құбылтып көрсететін тілдің алуан түрлі амал-тәсілдері. Сонымен қатар оның өзегі – сөйлейтін сөздхің мазмұны, құндылзығы, логикасы, ұтымдылығы.

Шешендік сөздерде де көркемдік құралдары пайдаланылады. Ал тілдің көркемдеуіш элементтеріне сөз – образ, теңеу, эпитет, метафора, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, идиома, цитаталар, фразеологиялық сөз тіркестдері жататыны мәлім.

Шешендік сөздердің сырын ашып, сынын келтіретін әдістердің бірі салыстыру, шендестіру тәсілдері “Бір оқы құлағын көтереді, екі жоқты бұлағын көтереді ” – деп теңеп, жебеп, демеп сөйлеу шешендік сөздерге сұлу сипат, сүйкімді мазмұн береді . Терең ой, мол эрудиция, білімге талпыну әрбір жасқа әрқашан қажеттілік. Сөздің мазмұнын анықтау, жоспарлау, оны құраумен қатар, шешендік сөздің сөйлем құрастыру, сөз толғау, интонациялық бейнесін анықтау сияқты таза тіл қазынасына тірелетін амал-тәсілдері де жеткілікті.

Оларға: түрлі экспрессидвті-эмоциялы сөздер, сөйлемдер, мақал-мәтелдер, фразеологиялық тіркестер, полемикалық пікірді білдіру мақсатына арналған риторикалық сұраулар, дауыс ырғағы, сөздерді, сөйлемдерді ритмикалық үндес етіп құру т. б. жатады.

Үндес сөздер қатыстырып тудыру, ұйқастық өң беру амалы дәстүрлі шешендікте жиі кездеседі.

Тыңдаушының назарын аудару үшін қолданылатын сөздерсөйлеу тілінің ьең бір ерекшелігі – қаратпа, қыстырмы сөздердің қолданылуы. Шешендік сөзде қолданылатын метафора, қаратпа, қыстырма сөздер сөйлеушінің сол сәттегі сезімін, ой-пікірін, айналадағы құбцылыстарды тану парасатын, сөз айшықтарын айқындайды. Шешендік сөздерде бірқатар грамматикалық, әсіресе синтаксистік амалдардың қызметін интонация, мимика атхқарады. Әсіресе сұрауды конструкциялардың орнынына шешендер тілінде интонация үлкен роль атқарады.

Бұрынғы лшешендік хүлгілерде контлекстік немесе ситуациялық элепсистержиі кездеседі. М: Бір бала бар атадан өте туады - бір бала бар атаға жете туады. Сол сияқты салаласа құрмаласқан компоненттердің арасында жалғаулықтардың болмауы. т. б.


40-лекция.
Тыңдаушы назарын аудару үшін қолданылатын сөздер

(1 сағат)

Жоспары:

  1. Тыңдаушы назарын еліктіре білу.

  2. Көпшілік алдында сөйлеудің шарттары.


Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1. Негимов С. Шешендік өнер А. 1997.

2. Адамбаев Б. Халық даналығы А. 1993.

3. Жармұхаммедов М. Шешендік өнер А. 1998.

4. Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері А. 2003.

5. Ж. Дәдебаева Ж. Шешендік сөздер А. 1993.



б) қосымша

1. Төреқұлов Н. , Қазыбеков М. Қазақтың би-шешендері А. 1993.

2. Шқанова Б. Шешендік сөздердің жанрлық ерекшеліктері А.1995.

3. Шындалиева М. Шешендік пен ақындықтың дәстүрлі байланысы А. 1996.

4. Садырбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері А. 1995.

5. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ А. 1989.

6. Қабдолов З. Сөз өнері А. 2002.

7. Қасенов С. Шешендік тәсілдері А. 1989.

8. Жандыбаев Ғ. Сөз мәйегі А. 1998.

Лекцияның мәтіні:
Тыңдаушыларды еліктіре білу, олардың назарын сөйлеп тұрған сөзіне аудара білу – дикторға, баяндамашыға, үгітшіге жүктелген міндеттің нәтижелі болуының басты шарты.


  1. Сенің өзгеге айтқаның кісіге білім беретіндей, кісінің жүрегін қозғайтындай нәрі болу керек. Нәрсіз, дәмсіз сөзді сөйлемеген жақсы. Білмегенді біліп барып жұрт алдында сөйлейтін бол.

“Айтылған сөз атылған оқпен тең”

Оны қайтып ала алмайсың.



  1. Сөйлеген сөзің анық, дәл, Айқын естілетін болсын. Сөйлеушінің құбылмалы, әрі жайдары болуға тиіс. Сенің әуеніңнен байсалдылық, сенім, табандылық, қайрат сезілетін болсын.

  2. Сөзің тартымды болсын десең, оған аздап болсада бет аузыңның, қолыңның қимылын қатыстыр. Ең керегі – байсалдылық және байсалдылық.

  3. Айтайын деген ойыңды әбден ығыр болған, үйреншікті сөздерден бастама. Онда сөзің тартымды болмайды. Шаблон – барлық өнердің, әсіресе сөз өнерінің жауы. Сөз арасында мақал - мәтелді, кейбір өлең жолдарын, нақыл сөздер мен тұрақты тіркестерді келтіріп отырсаң, оларың нысанаға дәл тиіп жатса, мазмұнды сөзіңді өзгелер тамсана құптайды.

  4. Айтқан сөзің қысқа әрі тұжырымды болсын. Аз сөзбен көп нәрсе айтуға тырыс «Көп сөз – көмір, Аз сөз – алтын» (мақал).

  5. “Жүйелі сөз жөнін табады”. Лектордың, баяндамашының сөзінде жүйе болмаса, онда ешқандай береке болмайды.

Бұлар – жұрт алдында сөйлеу шеберлігінің басты шарттары.

Көпшілік алдында жақсы сөйлеудің ең негізгі шарты – даярлық. Даярланбай сөйлеген адам аңдамай сөйлейді. «Аңдамай сөйлеген – ауырмай өледі»

Ауыз ша сөйлеу екі адамның сөйлесуі және жұрт алдына шығып сөйлеумен байланысты. Біріншісі – күнделікті тұрмыста белгілі бір ситуацияға байланысты екі адамның өзара сөйлесуі, онда орфоэпиялық заңдылыққа кейде онша мән беріле бермейді.

Сөйлеу мәденйетінің қатаң сақталынуы жұрт алдында ауызша әдеби тілде сөйлейтін лекторлар мен бұхаралық үгіт – насихат ісінің өкілдеріне қатысты. Жұрт алдында айтылатын ауызша сөз жазба сөзге қарағанда құрылысы жағынан ықшам келеді. Қаратпа, қыстырма сөздер жиі қолданылады. Жазба тілде қойылатын тыныс белгілері айтуда дауыс ырғағы, дауыс кідірісі арқылы байқалады. Соған орай сөйлеген кезде сөйлеу техникасына үлкен мән беріледі. Ойды жеткізудің тілден тыс элементтерін (ым, мимика, қимыл, дауыс күші, дауыс темпі т.б.) жақсы меңгеру қажет.

Дауыс сөйлеуші адамның сөзін, өзіндік үнін, көңіл күйін тыңдаушыға бағыттап отырады. Дауыстың естілуі – тию – физиалогиялық әрекеттің нәтижесі. Дикция – айтудың ашықтығы мен тазалығы.

Дауыс ырғағының бір бөлігі ретінде сөйлеу қалпының әуені де мәнерлеп оқу кезінде оқуға қойылатын талаптардың бірі ретінде қарастырылады. Сөйлеу қалпының әуені деп тесті оқу кезінде дауыс ырғағының бірде төмендеп, бірде көтеріліп текістің мағанасына қарай құйылып отыруын айтамыз.

Дауыс ырғағын түзейтін бөліктердің әсерлі бөлшегінің бірі – дауыстың әсерлі де нақышты болуы. Сөйлегенде немесе дауыстап оқығанда үннің эмоциялық бояуын түрлендіріп, тыңдаушының делебесін қоздыратындай дауыс нақышын түзеу, оқылатын шығарма мазмұнына тікелей байланысты Оқу мен тіліміздегі дауыс ырғағының әсерлі шығуының тағы бір тәсілі – сөйлеу қарқыны. Дауыс қарқынын дұрыс пайдалана білгенде оқылатын немесе сөйленетін сөз, сөз тіркестеріне, сөйлемдерге, шат көңілділік, бір қалыптылық, солғындық пен бояулық сияқты сан түрлі сипатта құбылтуға мүмкіндік береді. Басқада мәнерлегіш тәсілдермен тығыз байланысты орындалып, бірін – бірі толықтырып шығарма мазмұнын сөйлеушінің тыңдаушыға әсерлі жеткізуіне мүмкіндік жасайды. Сондықтан сөйлеу қарқыны орындаушының айтпақ ойымен тікелей байланысты.

41-лекция.
Шешендік сөздерде дауыстың күші

(1 сағат)

Жоспары:


  1. Дауыстың күші, жоғарылығы

2. Тембрі, әуені, интонация, кідірістер.
Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1. Негимов С. Шешендік өнер А. 1997.

2. Адамбаев Б. Халық даналығы А. 1993.

3. Жармұхаммедов М. Шешендік өнер А. 1998.

4. Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері А. 2003.

5. Ж. Дәдебаева Ж. Шешендік сөздер А. 1993.



б) қосымша

1. Төреқұлов Н. , Қазыбеков М. Қазақтың би-шешендері А. 1993.

2. Шқанова Б. Шешендік сөздердің жанрлық ерекшеліктері А.1995.

3. Шындалиева М. Шешендік пен ақындықтың дәстүрлі байланысы А. 1996.

4. Садырбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері А. 1995.

5. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ А. 1989.

6. Қабдолов З. Сөз өнері А. 2002.

7. Қасенов С. Шешендік тәсілдері А. 1989.

8. Жандыбаев Ғ. Сөз мәйегі А. 1998.

Лекцияның мәтіні:
Ана тіліміздегі 37 дыбыс қанша сөйлесек те қажетімізге жарап, оралымды сөз, әуезді үн болып естіліп жататыны ғажап емеспе?! Сол дыбыстардан сөз, сөзден сөйлем, сөйлемдерден күнделікті тұрмыстық қарым-қатынас жасайтын ой өрбібіп, небір көркем туындылар өркен жайып тұр.

Сөйлеу техникасын жете меңгерген ұстаз өз шәкіртінің де дұрыс сөйлеуіне ерекше назар аударады, тіл дыбыстарын анық та ашық айтуға үйретеді. Үлгісін өзі көрсетеді. Сөйлеу техникасына мыналар жатады: Тыныс алу (ауаны ішке жұту мен сыртқа шығару), дауыс, дикция.



  1. ОҚУДАҒЫ ДАУЫСТЫҢ МАҢЫЗЫ

Дауыс сөйлеуші адамның сөзін, өзіндік үнін, көңіл күйін тыңдаушыға бағыттап отырады.

Дауыстың естілуі- тию-физиологиялық әрекеттің нәтижесі.

Адам сөйлеуге ыңғайлағанда тыныс алу мүшесі арқылы ауа жұтды. Осы кезде өкпе кеңейіп, сөйлей бастасымен, өкпедегі ауа сыртқа қарай шығуға бағытталады. Өкепеден қайтқан ауа тамақтағы дауыс шымылдығының аз –кем тосқауылына кездеседі. Себебі дауыс шымылдығы дегеніміз тамақтың ішкі жағында кеңірдектің екі жағы,нан бір-біріне қарсы біткен жиырылмалы ет. Ол бірде керіліп, бірде жымдасып тұрады. Өкепедегі ауа қайтқанда осы дауыс шымылдығы керіліп тұрса, діріл пайда болып үн шығады.

Әр адамның өзгеге ұқсамайтын өз дауысы болады. Алайда, сирек те болса ұқсас дауыстылар да кездеседі. Соның өзінде өзіндік өзгешелігі болады. Барлығы ортақ табиғи негізгі дауыс пен қатар, әр бір адамда қосымша дауыс сараны немесе обертондар болады. Сол обертондар арқылы адамның жеке дара өз дауысы жасалынып, үні таза шығады.

Дауыс белгілі жаратылыс заңдылығы мен бірде төмен, бірде жоғары, бірде орташа қалыпта сан рет алмасып, жылыстап қайталанып отырып сөйлеу әуенін түзейді.

Дауыстың өзіндік сапалары-дауыстың күші, дауыстың тазалығы, дауыстың беріктігі, дауыстың икемділігі, тұрақтылығы мен шыдамдылығы.

Дауыстың осы сапаларын жетілдіріп,байқап фонетикалық дыбыстық, буындық жаттығулар жасап,сөзге,сөз тіркестеріне қойылатын екпінді ажырата білу міндет.

Әркім өз даусының мүліктерін байкап,оқылатын тексте,сөйлеген сөзде дауысты қалай икемдеу керегін өзі ғана белгілей алады.

Әркімнің өз дауысы болады дедік. Бірақ, менің даусым осындай деп,өзінің даусын оқу кезінде,сөйлеу кезінде аңғарып,жаттықтырмаса көркем шығарманың түрлі жанрларын оқу кезінде текстіге дауыс қоя алмайды.

Оқылатын шығарманы мұғалім жан-жақты талдап, қай жерін қалай оқу керек, дауыс қай жерде көтеріледі, төмендейді, орташа қалыпқа түседі деп дайындалады. Дайындалып, дауысты дұрыс қойып оқығанда мазмұнды жұмыс болады.




42-лекция.
Шешендік өнердің өзге ғылым салаларымен байланысы

(1 сағат)

Жоспары:

  1. Пәнаралық байланыс


Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1. Негимов С. Шешендік өнер А. 1997.

2. Адамбаев Б. Халық даналығы А. 1993.

3. Жармұхаммедов М. Шешендік өнер А. 1998.

4. Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері А. 2003.

5. Ж. Дәдебаева Ж. Шешендік сөздер А. 1993.



б) қосымша

1. Төреқұлов Н. , Қазыбеков М. Қазақтың би-шешендері А. 1993.

2. Шқанова Б. Шешендік сөздердің жанрлық ерекшеліктері А.1995.

3. Шындалиева М. Шешендік пен ақындықтың дәстүрлі байланысы А. 1996.

4. Садырбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері А. 1995.

5. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ А. 1989.

6. Қабдолов З. Сөз өнері А. 2002.

7. Қасенов С. Шешендік тәсілдері А. 1989.

8. Жандыбаев Ғ. Сөз мәйегі А. 1998.

Лекцияның мәтіні:
Жас ұрпаққа терең де тиянақты білім беру, оқу пәндерін бір-бірімен байланыстыра, әсіресе тілді дамытуға қатысты материалдарды ұштастыра оқыту арқылы оқушының білімі мен икемділігін ұштап дағдыларын жетілдірудің мәні ерекше екенін ескеріп отырған жөн.

Тарихи-әлеуметтік өмір тәжірибесінен жинақталған мақал-мәтел, қанатты сөздер халық творчествосының жеңісі. Кейбір авторлардың ойлары мен сөз саптау нақышы өзара ұқсас, не бірдей болып келуі де мүмкін: Мысалы: "Бір-бірлеп мың болады. Тама - тама көл болады - деген мақал Ю. Баласағұн мен М. Қашғарида қатар кездеседі Шығыс елдерінің моральдық :этникалық әдебиеттерінде жиі кездесетін белгілі бір тұжырымды Жамбыл былай деп түйген болатын:

Ойхои, дүние - серуен.

Адам бір кешкен керуен,

Осы ойды Қорқыт атамыз былай деп айтып кеткен: Бұл дүние керуен сарайға ұқсайды, адам баласы керуенге ұқсайды: бірі көшіп, бірі қонып жүре береді. Ахмет Иүгінекидің дидактикалық дастанында да осы ой айтылады.
Бұл дүние -- бір керуен сарайды.

Кететіндер түсіп содан тарайды.

Алғы тізбек көшіп ұзап кеткенде.

Келіп түскен тізбек соған қарайды.


Бұл мұралардың бәрі түркі тектес халықтардың бәріне ортақ олар бір-бірімен тығыз байланысты.

Орхон - Енисей жазулары әдебиетіміздің басы болса, одан соңғы дәуірлерде "Оғыз – нама”. "Мұхаббат- нама" "Кодекс куманикус" тәрізді әдеби мұралар ортақ болып келетіндіктен, олардан алынған мысалдар, сөз айшықтары, бағдарламамызда орын алып отыр.

Абылай хан, Бұқар жырау, Сырым батыр, Төле би, Әйтеке, Қазыбектің аталы сөздері Қазақстан тарихынан, шешен-билердің шығарған үкімі. Әз Тәукенің “ Жеті жарғысы" саясат, заң ғылымымен, өздерінің әділ шешімін айтарда би-шешендер сөздерін халық тарихымен, ай, күн, жұлдыз аспан әлемімен, жер-су табиғат жәндіктермен байланыстырып мысалдап, биік-биік парасатты ойлар түюін, жыраулардың толғаулар философия ғылымымен, адамның жан дүниесін, мінез-құлқын бір көргеннен - ақ баса танитын қабілеттері психологиямен қарсыласының қапысын тауып, шебер тілмен ұтып - кетуі тіл ғылымымен байланыстыруға болады.

Сол сияқты Төле бидің қарақшылар қолына түскенде айтқан астарлы сәлемін Данагүлдің тапқырлықпен шешуі өмірдегі сан түрлі құбылыстарды V шешендіктің түйінін шешу логика ғылымымен байланысты.

Ауыз әдебиетінің бай мұрасы тұрмыс-салт жылдарындағы әдет-ғұрыптағы шешендік сөздерді, сөзге тоқтау дәстүрін халық педагогикасы пәнімен байланыстыруға болады.
43-лекция.
Шешендік өнерді меңгерту жолдары

(1 сағат)

Жоспары:


  1. Жүйелі практикалық іс-әрекеттер үйымдастыру.

  2. Сөйлеу кезінде әдеп сақтау, шешендік стиль.


Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1. Негимов С. Шешендік өнер А. 1997.

2. Адамбаев Б. Халық даналығы А. 1993.

3. Жармұхаммедов М. Шешендік өнер А. 1998.

4. Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері А. 2003.

5. Ж. Дәдебаева Ж. Шешендік сөздер А. 1993.



б) қосымша

1. Төреқұлов Н. , Қазыбеков М. Қазақтың би-шешендері А. 1993.

2. Шқанова Б. Шешендік сөздердің жанрлық ерекшеліктері А.1995.

3. Шындалиева М. Шешендік пен ақындықтың дәстүрлі байланысы А. 1996.

4. Садырбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері А. 1995.

5. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ А. 1989.

6. Қабдолов З. Сөз өнері А. 2002.

7. Қасенов С. Шешендік тәсілдері А. 1989.

8. Жандыбаев Ғ. Сөз мәйегі А. 1998.

Лекцияның мәтіні:
Жазушылар әсіресе, М. Әуезов, белгілі құбылысты суреттеу ойын дамыта, айқындай түсу үшін, кейде мәндес сөздерді шұбырта береді. Мысалы: Қалың қой қыбыр етпей, тыныштық алып, үнсіз ғана тыным алды. М.Әуезов. Ал самолетті көзбен көрдім, Балтаның сабын қолыммен ұстадым, Орманға қарай аяғыммен жүрдім – деген сөйлемдерде “көзбен”, қолыммен“, “аяғыммен” деген сөздер мүлде артық “Көрдім” дегенде, әрине көзімен көреді, “жүрдім” дегенде, аяғымен жүреді деп түсінеміз. Мұндай өзінен-өзі түсінікті болып тұратын сөздерді әдейі айтудың стильдік қызметі болуы да мүмкін: сол сөздерге ой екпінін түсіну үшін - Самолетті өз көзіммен көрдім, Балтаның сабын қолыммен ұстадым. Орманға қарай өз аяғыммен жүрдім деуге әбден болады.

Стилі нашар кісілердің сөйлемдері шұбатылып жатады. Күрджелі ойды аз сөзбен барынша сығымдалған сөйлеммен айту – жазу өнерінің басты шарттарынның бірі. Көп шығармаларды осы шарт дұрыс орындалмайды. Ол туралы “Көркем тіл – сезім нәрі” деген мақаланың авторы Т.Қожекеев жолдас былай дейді:

“Тақ еткізіп, қысқа қайырып айта салатын жайды ежіктеп, сағыздай созып, көбіктей көпіртіп” оқушыны мезі қыламыз. М.Б .Полиновскийге жазған бір хатында А.П Чехов: “Вывески красующиеся над дверьми” демей-ақ “Вывески над дверью” деп қысқа да жеңіл жаза салуға болмады ма? Депті. Демек, үлкен жазушылар басы артық сөздермен сөйлемнің ұғымын жасанды түрде ауырлатуға мүлде төзбеген.

Қазақта “көп сөз – көмір, аз сөз - алтын“ деген де мақал бар. Бұл мақалдың мағынасын аз сөйле, аз жаз деп түсінбейміз, аз ьсөзбен түсіндіруге болатын ойды мылжыңдап көп сөзбен айтып, сөздің берекесін қашырма, сөзге сараң бол да, ойға терең бол деп түсінеміз. Сондай жазушыларымыздың бірі – Б. Майлин. Оның сөздері дәл, сөйлемдері ықшам, ойы айқын.С.Мұқанов та, Ғ. Мүсіреповте сондай қасиет бар.

Жазушының шығармасы қалың көпшілікке аранлатыны белгілі. Сондықтан автордың ең негізгі мақсаты оқырманға эстетикалық тәрбие беруге, олардың рухани дүниесін байытуға, сезіміне әсер етуге, көзбен оқып, құлақпен естіп қоймай, көңілмен тоқуға, соның нәтижесінде ыстығына күйіп, суығына бірге тонуға, мәдениеттілікпен ізгілікке баулуы тиіс. Бірақ осы принцип үнемі сақтала бермейді. Қай шығарма авторлары оқыманды еліктіру үшін, кейіпкердің дене бітімін интімдік қарым-қатынастың жай жоспарын дақпа-дақтап жазуға үйір келеді. Ол авторлар: “Бұл--өмір шындығы, ал шындықты сол қалпында жеткізу қажет ”, --деп ақталатын шығар. Бірақ әдебиетімізде сезімді жеткізудің басқада жолдары мен үлгілері жоқ па ? Әрине, бар. Тек іздену керек. Бұл тұста жазушының өз мәдениетімен өз мәдениеті ұштасып жатқаны абзал.

Жақсы сөз-жарым ырыс. Бір ауыз жақсы сөз адамды күннің шуағындай жылытады, көңілін көтереді, шабыттандырады. Бұл сөздің құдіреті, сөйлеудің сымбаты. Тілімізде сөйлеу этикетіне жататын сөздер өте көп. Мсыалы: “Басқан қадамың құтты болсын”, “Аман барып, сау қайт”, “Қосағаң мен қоса ағар”, т.б. әр түрлі цитуацияға байланысты айтылатын ізетті сөздер тіліміздің ең бір асыл қазынасы іспеттес. Тіл мәдениеті жоғарғы адам сыпайы, ізетті сөйлеуге тырысады. Мұндай сөздер адамдардың бірін-бірі жақсы түсінуіне , сыйлауына әсер етеді.

Өнер, білім, мәдениет пен әдебиетке еңбегі сіңген адамдарды ұлы Абай, жыр алыбы Жамбыл, күміс көмей Күләш деп, жасы үлкен адамдарды Сәке, Мәке деп құрметтеу – салтымызда бір нәрсе. Осы салт, сөйлеу ізеті қазіргі жастар тілінде басқаша формада беріледі. Мысалы: Жолаушылап келген адамға “келуіңмен ”, мектеп пен институт бітіретін жасқа “бітіруіңмен” деп қысқа айта саламыз. Ал осы сөздің екінші адамға әсері қандай ? Әсері шамалы. Шорт кесілген шортаң сөздердің орнына (бұл орыс тілінің әсері болуыда мүмкін) “аман-есен келдіңізбе”, “көңіл күйіңіз қалай” немесе “Қадамың құтты болсын”, “армандаған мақсатыңа жет”, десек, қандй әсерлі шығар еді. Тыңдаушы да айтушының өзіне деген ықыласын танып, көңілі өсіп ырза болып қалар еді. Сондықтан халқымыздың ғасырлар бойы келе жатқан жақсы дәстүрлерін сақтап оны әрі қарай дамытып сөз этикетін байытып, толықтырып, оны жастардың сөйлеу дағдысына айналдыру- оларды адамгершілікке, сыпайылыққа баулуда септігін тигізері сөзсіз.


44-лекция.
Сөйлеудің логикалық құрылымы

(1 сағат)

Жоспары:


  1. Логикалық дәлелдердің ролі.

2. Шынайы шешенге тән қасиеттер.

Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1. Негимов С. Шешендік өнер А. 1997.

2. Адамбаев Б. Халық даналығы А. 1993.

3. Жармұхаммедов М. Шешендік өнер А. 1998.

4. Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері А. 2003.

5. Ж. Дәдебаева Ж. Шешендік сөздер А. 1993.



б) қосымша

1. Төреқұлов Н. , Қазыбеков М. Қазақтың би-шешендері А. 1993.

2. Шқанова Б. Шешендік сөздердің жанрлық ерекшеліктері А.1995.

3. Шындалиева М. Шешендік пен ақындықтың дәстүрлі байланысы А. 1996.

4. Садырбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері А. 1995.

5. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ А. 1989.

6. Қабдолов З. Сөз өнері А. 2002.

7. Қасенов С. Шешендік тәсілдері А. 1989.

8. Жандыбаев Ғ. Сөз мәйегі А. 1998.

Лекцияның мәтіні:
Мәнерлеп өқу дегеніміз-қарапайым сөйлеу тіліне жақын,еркін өқу.Қарапайым сөйлеу деп күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде бір-бірімізбен қарым-қатынас жасағанда алуан түрлі дауыс қыбылысына түсіріп сөйлеуді айтып жүрміз.Өткені адамдар,адамдар бір-тәңгімелерін өте шебер, әсерлі жеткізеді. Ондайда тңдаушының қаншама әсер алатыны белгілі.

Ал мектеп практикасына келсек,оқу мен сөйлеудің арасында алшақтық мол.Алайда,осы екеуінің арасындағы ажырамас тұтастық пен байланысты түсініп оқу кажет-ақ.Сөйлеу тіліндегідей етіп ешкім де оқи алмас, бірақ сөйлеу әуеніне жақын оқуға мүмкіндік мол.

Ол үшін мәнерлеп оқуға жаттықтыру барысында мұғалім әңгімелеу үлгісінің бірнеше түрлерін магнитофон таспасына жазып алып тыңдатуына болада. Балалардың саяхат кезіндегі немесе белгілі бір кинофильмнен алған әсерлерін әңгімелетіп отырып,магнитофонға жазып алып, оны қағазға түсіріп, сол әңгімені айтқан баланың өзіне қайта оқытса, екеуі екі бөлек дүние болып шығады.Өйткені, оқушы өзінің еркін сөйлескен әңгімесін тексін қағаздан оқыганда сөйлеу кезіндегі эмоциялық әсерінен айырылып қалады.Әрине, бұндай кезде сөйлеу аппаратының қызметі де, дауыс та оқушы дағдысы мен икемділігіне бағынады.Соның салдарынан балалар үшін де, үлкендер үшін де мәнерлі көркем оқу мен қарапайым сөйлеудің бір-бірімен ешқандай байланысы жоқ сияқты көрінеді.Оқу мен сөйлеудің байланысын түсініп, салыстыра отырып жаттығулар түрлерін жасап үйренсе, олардың ұқсастығы мен айырмашылығы анық көрінеді.Көркем сөз шеберлерінің күйтабаққа жазылған сөздерін тыңдату арқылы да мәнерлеп оқу, көркем оқу дегеннің не екендігі туралы ұғымдар беруге болады.

1.ЛОГИКАЛЫҚ КІДІРІС.

Әрбір сөйлемде айтылатын ойға қазық болып, қалған сөздер соған байланынысты болып тұратын жеке сөздер, сөз тіркестері бар. Ол сөздер басқа сөз табынан сәл көтеріңкілеу оқылып, тыңдаушы назарын өзіне аударады. Сөйлемдегі незізгі мағына-қай сөзге, кай сөз тіркесіне түсіп тұрғанын дауыс кідірісі арқылы жеткізуге болады. Ал сөйлеу кезінде қай сөзге мағыналық кідіріс жасалатын болса, сол сөз көтерінкілеу айтылады.

“Күн екіндіге жақындап қалды. Аққасқа ізбен әлі жүріп келеді. Жерден бас алмайды, тоқтамайды. Аңшылар Карадырдан бес-алты шақырым ұзап шықты…” (М. Әуезов.)

Бірінші, екінші,төртінші сөйлемдегі бастауыш тобындағы сөзден соң тыныс белгісі койылмаса да, оқығанда сәл кідіріс жасалып көтерінкі оқылады. Ал үшінші сөйлемдегі санамалап оқылатын “бас алмайды, тоқтамайды” деген бірыңғай мүшелерге логикалық кідіріс жасалады. Логикалық кідіріс жасап, логикалық екпінмен оқу үшін сөйлем мағынасын, сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысын таба білудің пайдасы бар...

2.ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КІДІРІС.

Текстің мазмұн-мағынасына, ондағы қатысатын кейіпкердің іс-әрекетіне, оның көңіл-күйінің құбылуына байланысты оқылады.Текске дұрыс психологиялық кідіріс жасалып оқылғанда, тыңдаушы ерекше назар аударып, онан әрі не болатынын тағатсыз күтеді. Кейде шығарма кейіпкерімен қосыла қуанып, қолайықты жасалған жағдайда тыңдаушының алған әсері ұзаққа созылады.

Мысалы, І. Жансүгіровтің “Шәутеннің шәркейі” деген диалогқа құрылған әңгімесін шолып көрейік. Бұл әңгімеде мәнерлеп оқудың барлық тәсілдері мен кідірістерін дәлелдеуге болады. Соның ішінде психологиялық кідірісін карастырайық. Ол үшін шығармаға аз ғана талдау жасайық. Шығармаға қатысатындар - автор, Шәутен, анасы.

Автордың сөздері оқылғанда дауыстың құбылуы біршама тұрақты. Себебі, автор- болған уақиғаны сырттай бақылап, хабарлаушы. Асықпай, бірқалыпты қоңыр дауыспен оқылады. Ал Шәутен әлі еш нәрсенің байыбына жетпеген кішкене бала. Үстіндегі киімі, ішіп- жеген тамағы т.б.қалай жасалынады, қайтіп жасалынады, оны ажыратып ой тоқтатар жаста емес. Сондықтан анасы ақ марқаның жүнінен шәркей жасап бермекші болып іске кіріскенде балада тағат қалмайды. Анасы жүнді сабап жатса да, шиге тартып жатса да айтатыны “Болды ма” Енді болды ма” деп қайталай беру. Сондықтан баланың сөздері өте тез, келте, асығыс оқылады.

Шәутеннің анасының сөзі салмақты, сабырлы, бірқалыпты. Басынан аяғына дейін бір ғана дауыс құйылысымен жайбарақат оқылады. Баласы қанша асықса да, анасы асықпайды. Өйткені, ана оның тез бола қоймайтынын біледі. Ана мен баланың ой -өрісін, жас ерекшелігін, мінез құлқын түсініп көз алдына елестетіп оқыған оқушы дауысты дұрыс қояды. Психологиялық кідірістер кейіпкердің көңіл күйіне, іс-әрекетіне қарай жасалады.

3.ГРАМММАТИКАЛЫҚ КІДІРІС.

Мәнерлеп оқуда көбірек қолданылатын, жиі ұшырайтын кідірістер ­– грамматикалық кідірістер немесе нормативтік дауыс ырғағы деп те аталады.

Қазақ тілі синтаксисінде онға тарта тыныс белгілері бар. Тіліміздегі сөйлемдерді сауатты жазу, осы тыныс белгілерін дұрыс қоюға тікелей байланысты. Ал оқу кезінде де дұрыс оқу қажет. Оқу барысында сөйлемдегі сөздер арасында ешқандай тыныс белгілері қойылмаса да, сөз бен сөздің, сөз тіркестерінің арасына қысқа кідіріс жасала береді. Оны кейінірек сөз етеміз.

Нүкте (.) сөйлем аяғында қойылатын, яғни хабарлы сөйлемді аяқтап тұратын грамматикалық белгі. Сөйлем оқылып келе жатып аяқталуға жақындағанда немесе нүктеге жақындағанда кідіру кілт тоқталмай, сөйлем соңындағы сөз, сөз тіркесі баяу созылыңқырап оқылады. Сонда ғана дұрыс, тереңірек тыныстап алуға, екінші сөйлемді толассыз жалғастырып кетуге мүмкіндік жасалады. Егерде нүктеге жасалатын кідіріс кілт, кенеттен, тез жасалынса, сөйлем мен сөйлемнің ара жігі ажыратылмай, жаңа сөйлем алдынғы сөйлемге қосақталып, сөйлем мағынасының дербестігі сақталмай қалады. Сондықтан нүкте жай қойыла салған шартты белгі ғана емес, мағыналық белгі екенін, оның оқылуын практикалық жолмен меңгеріп алу қажет.



45-лекция.
Шешен сөйлеу мәдениеті

(1 сағат)

Жоспары:

  1. Ауызша сөйлеу.

  2. Мәнерлеп сөйлеу.

Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1. Негимов С. Шешендік өнер А. 1997.

2. Адамбаев Б. Халық даналығы А. 1993.

3. Жармұхаммедов М. Шешендік өнер А. 1998.

4. Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері А. 2003.

5. Ж. Дәдебаева Ж. Шешендік сөздер А. 1993.



б) қосымша

1. Төреқұлов Н. , Қазыбеков М. Қазақтың би-шешендері А. 1993.

2. Шқанова Б. Шешендік сөздердің жанрлық ерекшеліктері А.1995.

3. Шындалиева М. Шешендік пен ақындықтың дәстүрлі байланысы А. 1996.

4. Садырбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері А. 1995.

5. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ А. 1989.

6. Қабдолов З. Сөз өнері А. 2002.

7. Қасенов С. Шешендік тәсілдері А. 1989.

8. Жандыбаев Ғ. Сөз мәйегі А. 1998.

Лекцияның мәтіні:
1. Ауызша сөйлеу мәдениеті сөйлеген кезде орфоэпия қағидаларын сақтап, мәнерлеп сөйлеумен байланысты. Сөйлеу нормалары орфографияға бағынышты емес. Қалай жазылса, солай оқуды тіліміз көтере бермейді. Өйткені қазақ тілі – болмысында, табиғатында үнді, әуезді тіл. Дұрыс сөйлеу мәдениеті дыбыс тілімен тікелей байланысты болғанымен, жазу тілінің шығуымен бірдей емес. Мәнерлеп сөйлеу, дыбыстардың қырын сындырып айту – сонау ауыз әдебиеті үлгілерінен, шешендік сөздерден келе жатқан заңдылық.(құрғол-құр қол емес, негерек-не керек емес), қатар тұрған екі даусты дыбыстың бірін түсіріп қолдану (Дәметкен-Дәме еткен емес, Сарарқа-Сары арқа емес), ерін үндестігін сақтау (құрұқ-құрық емес, өсүм-өсім емес) сияқты орфоэпия заңдылықтарына көңіл бөлу міндетті.

Ауызша сөйлеу тілі әдеби тілде сөйлеу және ауызекі сөйлеу тілі болып бөлінеді. Әдеби сөйлеу тілінің де сан алуан түрлері бар: Олар лекторлардың, үгітшілер мен баяндамашылардың, актерлердің т.б. болып та бөлінеді. Әрқайсысының сөз қолдану ерекшелігі, айтайын деген ойын тыңдаушылыарына жеткізу әдіс-тәсілі әртүрлі болғанымен, бәріне ортақ заңдылық-орфоэпия қағидаларын сақтау.

Ауызша сөйлеу кезінде тілдің ішкі заңдылықтарын сақтаумен қатар, сөйлеу техникасын да меңгеру қажет. Тақырыптың мазмұнына қарай лектор өзінің ішкі тебіренісі мен толқынысын, көзқарасын көбіне дауыстың ырғағы күші ым-ишара, қимыл-қозғалыс арқылыда жеткізіп отырады.

Мәнерлі сөйлеу мәдениеті лектордың дауыс ырғағына, интонациясына да байланысты. Өйткені сөйлеу кезіндегі дауыстың сан түрлі құбылуы адамның сол өзі баяндап тұрған мәселесіне қатысын, эмоциясын, сезімін білдіреді. Интонация летордың әр сөйлеміне жан беріп қана қоймайды, оның эмоциональдық бояуын күшейтеді.

2. Сөз қолдану мәдениеті ең алдымен сөздің емле ережесіне сай жазылуымен байланысты. Дұрыс жазу талабы-ресми түрде қабылданған жалпыға ортақ емле ережесін сақтау. Орфографиялық нормадан ауытқуға, оны өзгертіп жазуға болмайды. Себебі емле ережелері заңды түрде бекітіледі, жалпыға ортақ, міндетті сөз қолдану мәдениеті сөздің мағанасына сай, дәл, сәйкес жұмсалуымен тығыз байланысты.

Айқын ойлап , дәл айту үшін сол айтылуға тиісті зат пен оның санамыздағы көрінісі-сөздің арсындағы байланысты, қатнасты жақсы білуіміз керек. Ой айқындылығы, мағана дәлдігі логикалық дәлдікпен ұштасады. Сөздер мағанасына қарай бір-бірімен көп мағаналы, омонимдес, мәндесте болып келеді. Мағаналас сөздерді айырым мағанада ара жігін айқын аңғарып қолдану арқылы сөздік қорымызды молайта түсуге болады.

Сөз қолдану мәдениетін арттыратын негізгі шаралардың бірі-тіл тазалығы. Тіл тазалығы дегенде айтайын деген ойымыздың, сөзіміздің бөтен, бөгде элементтермен шұбарланбауын талап етеміз. Әрине бөтен тілден сөз алмай, таза анатілі материялының негізінде ғана өмір сүретін әдеби тіл деген болмайды. Көркем шығарманы, сондай-ақ, әдеби нормадан ешбір ауытқымай бөтен тілді элементтерді қоспай, сірестіріп “таза әдеби” тілде де жаза беруге болмайды. Өйткені, көркем сөз шеберлері оқырмандарына өмірдің өзі көтерген саласын жан-жақты көрсету, олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын арттыру мақсатын көздейді.


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

«Сырдария» университеті



«Филология» факулътеті


«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы

«Шешендік өнер» пәні бойынша


050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарының студенттері үшін
Студенттің Өзіндік жұмысының жоспары

ЖӘНЕ ОРЫНДАУ КЕСТЕСІ

(СӨЖ)

Жетісай – 2007 ж.
10. Студенттің өзіндік жұмысының жоспары және орындау кестесі



Ð/ñ

СӨЖ тақырыбы

Сағат саны

Бақылау түрі


Әдебиеттер тізімі

Орындалу

мерзімі







1

Түгел сөздің түбі бір


1

Дөңгелек стол

Н. Ә. 1,2, 5.

Қ.Ә. 4.


1 апта /1.09. 6.09/




2

Едігенің төрт билігі

1

Жазбаша бақылау

Н. Ә. 1,2, 5.

Қ.Ә. 4.


1 апта/3.09. 8.09/




3

Ел баласы екенсің (Төле би)

1

Пікір сайыс

Н. Ә. 1,2, 5.

Қ.Ә. 4.


1 апта/3.09. 8.09/




4

Ауыруын жасырған өледі

1

Дөңгелек стол

Н. Ә. 1,2, 5.

Қ.Ә. 4.


2 апта/10.09- 13.09/




5

Қазыбекті сынау

1

Жазбаша бақылау

Н. Ә. 1,2, 5.

Қ.Ә. 4.


2 апта/10.09- 13.09/




6

Әйтеке би

1

Пікір сайыс

Н. Ә. 1,2, 5.

Қ.Ә. 4.


2 апта/10.09- 13.09/




7

Жәнібек пен Тіленші

1

Реферат

Н. Ә. 1,2, 5.

Қ.Ә. 4.


3 апта /17.09-22.09./




8

Есет би

1

Дөңгелек стол

Н. Ә. 1,2, 5.

Қ.Ә. 4.


3 апта /17.09-22.09./




9

Сырым би (Тұз сасыса не себеді)

1

Жазбаша бақылау

Н. Ә. 1,2, 5.

Қ.Ә. 4.


3 апта /17.09-22.09./




10

Алтыбай шешен

1

Пікір сайыс

Н. Ә. 1,2, 5.

Қ.Ә. 4.


4 апта /24.09-29.09/




11

Бала би

1

Реферат




4 апта /24.09-29.09/




12

Досбол би

1

Глоссарий

Н. Ә. 1,2, 5.

Қ.Ә. 4.


4 апта /24.09-29.09/




13

Тайкелтір шешен

1

Реферат

Н. Ә. 1,2, 5.

Қ.Ә. 4.


5 апта /1.10-6.10./




14

Ақтайлақ би

1

Тестілік саулна-малар

Н. Ә. 1,2, 5.

Қ.Ә. 4.


5 апта /1.10-6.10./




15
Абайдың шешендік сөздері

1

Коллоквиум

Н. Ә. 1,2, 5.

Қ.Ә. 4.


5 апта /1.10-6.10./




16

Шешендік дау.

1

Дөңгелек стол

Н. Ә. 1,2, 5.

Қ.Ә. 4.


6 апта /8.10-13.10/




17

Бұқар жырларындағы жұмбақ мәнді сөздер.

1

Жазбаша бақылау

Н. Ә. 1,2, 5.

Қ.Ә. 4.


6 апта /8.10-13.10/




18

Шешендік сөздердің түрлері.

1

Пікір сайыс

Н. Ә. 1,2, 5.

Қ.Ә. 4.


6 апта /8.10-13.10/




19

Бөлтірік би

1

Жазбаша бақылау

Н. Ә. 1,2, 5.

Қ.Ә. 4.


7 апта /15.10-20.10/




20

Малтақанның айтқандары.

1

Дөңгелек стол

Н. Ә. 1,2, 5.

Қ.Ә. 4.


7 апта /15.10-20.10/




21

Қара Дос пен Маман би

1

Жазбаша бақылау

Н. Ә. 1,2, 5.

Қ.Ә. 4.


7 апта /15.10-20.10/




22

Темірғали шешеннің жұбатуы.

1

Пікір сайыс

Н. Ә. 1,2, 5.

Қ.Ә. 4.


8 апта /22.10-27.10/




23

Есболдың батасы.

1

Дөңгелек стол

Н. Ә. 1,2, 5.

Қ.Ә. 4.


8 апта/22.10-27.10/




24

Жанқұтты шешен

1

Жазбаша бақылау

Н. Ә. 1,2, 5.

Қ.Ә. 4.


8 апта/22.10-27.10/




25

Шомбол бидің шоқ басуы.

1

Пікір сайыс

Н. Ә. 1,2, 5.

Қ.Ә. 4.


9 апта /29.10-3.11/




26

Қазып айтқан Қазыбек.

1

Дөңгелек стол

Н. Ә. 1,2, 5.

Қ.Ә. 4.


9 апта/29.10-3.11/




27

Тоқсан би мен Құнанбай

1

Жазбаша бақылау

Н. Ә. 1,2, 5.

Қ.Ә. 4.


9 апта/29.10-3.11/




28

Қазыбектің елшілігі.

1

Пікір сайыс

Н. Ә. 1,2, 5.

Қ.Ә. 4.


10апта /5.11-10.11/




29

Темірғали шешен

1

Дөңгелек стол

Н. Ә. 1,2, 5.

Қ.Ә. 4.


10апта5.11-10.11/




30

Тіленші мен Жәнібек

1

Жазбаша бақылау

Н. Ә. 1,2, 5.

Қ.Ә. 4.


10апта5.11-10.11/




31

Саққұлақтың нақылдары.

1

Дөңгелек стол

Н. Ә. 1,2, 5.

Қ.Ә. 4.


11апта /12.11-17.11./




32

Бөкеш би

1

Жазбаша бақылау

Н. Ә. 1,2, 5.

Қ.Ә. 4.


11апта12.11-17.11./




33

Сары Әжібек.

1

Пікір сайыс

Н. Ә. 1,2, 5.

Қ.Ә. 4.


11апта12.11-17.11./




34

Шешендік өнердің тегі.

1

Дөңгелек стол

Н. Ә. 1,2, 5.

Қ.Ә. 4.


12 апта /19.11-24.11/




35

Шешендіктің түрлері

1

Жазбаша бақылау

Н. Ә. 1,2, 5.

Қ.Ә. 4.


12апта/19.11-24.11/




36

Қазыбкеті сынау

1

Пікір сайыс

Н. Ә. 1,2, 5.

Қ.Ә. 4.


12апта/19.11-24.11/




37

Әйтеке би

1

Реферат

Н. Ә. 1,2, 5.

Қ.Ә. 4.


13апта /26.11-1.12/




38

Ƹíiáåê áè ìåí Òiëåíøi

1

Дөңгелек стол

Н. Ә. 1,2, 5.

Қ.Ә. 4.


13апта26.11-1.12/




39

Қазақ халқының шешендік сөздері.

1

Жазбаша бақылау

Н. Ә. 1,2, 5.

Қ.Ә. 4.


13апта 26.11-1.12/




40

Сөйлеу сыры.

1

Пікір сайыс

Н. Ә. 1,2, 5.

Қ.Ә. 4.


14апта /3.12-8.12/




41

Төле би мен Әйтеке би.

1

Реферат

Н. Ә. 1,2, 5.

Қ.Ә. 4.


14апта3.12-8.12/




42

Айтыс.

1

Глоссарий

Н. Ә. 1,2, 5.

Қ.Ә. 4.


14апта 3.12-8.12/




43

Ақындық поэзиядағы талаптылық

1

Реферат

Н. Ә. 1,2, 5.

Қ.Ә. 4.


15апта /10.12-15.12/




44

Айтыстағы шешендік сөздер.

1

Тестілік саулна-малар

Н. Ә. 1,2, 5.

Қ.Ә. 4.


15апта/10.12-15.12/




45

Ұлттық шешендік өнер.

1

Коллоквиум

Н. Ә. 1,2, 5.

Қ.Ә. 4.


5апта/10.12-15.12/







Барлық сағат саны: 45










2 апта


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет