Модуль №4 Сəби, мектепке дейінгі, мектепте жəне мектеп- тен тыс дене тəрбиесі жұйесін жүзеге асыру ерекшеліктері
Пререквизиттер (кірісудің сипаттамасы): «анатомия»,
«психология», «педагогика», т..б. пəндерден балалардың жас ерекшеліктерінің зандылықтары туралы білімдер.
Интегралдық дидактикалық мақсаты: сəби, мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балалардың жас еркшеліктернің ескере отырып, олардың дене тəрбиесі үдерісің жүзеге асыру ерекшеліктерін анықтау. Мектепте жəне мектептен тыс дене тəрбиесі жұйесінің зандылықтарын нақтылау.
ОЭ 1
Дəріс № 1
Тақырып: Сəби, мектепке дейінгі жəне мектеп жасындағы балалардың дене тəрбиесінің негіздері
Мақсаты–Сəби, мектепке дейінгі жəне мектеп жасындағы балалардың дене тəрбиесінің негіздерің анықтау.
Жоспар: 1. Мектепке дейінгі балалардың дене тəрбиесінің маңызы мен міндеттері
Сəби жəне мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дене дамуы мен дене қуаты дайындығы
Сəби жəне мектеп жасына дейінгі балалардың дене тəрбиесінің амалдары, сабақтарының, жаттығуларының түрлері, оларды жүзеге асырудың əдістемелік ерекшеліктері
Мектеп жасындағы балалардың дене тəрбиесінің маңызы мен міндеттері
Мектеп жасындағы балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дене дамуы мен дене қуаты дайындығы
Мектепке дейінгі балалардың дене тəрбиесінің маңызы мен міндеттері
Адам баласының өмірге келуі мен мектепке оқуға баруы арасындағы алғашқы жеті жыл уақыты оның келешек өміріне өте үлкен манызы бар. Өйткені, осы кезенде адамның
денсаулығы, əр түрлі қабілеттері, адамгершілік қасиеттері, мінез-құлқы қалыптаса бастайды.
Мектепке дейінгі балалардың дене тəрбиесінің негізгі міндеттері үш үлкен топқа бөлінеді:
Сауықтыруміндеттері: Бала ағзасын шынықтыру арқылы, сыртқы ортаның зиянды əсерлеріне қарсы тұра алу қабілеттіктерін жетілдіру. Табиғаттың табиғи күштерін, ауаны, суды, күн қызуын дұрыс пайдалану арқылы бала денесі шынығады.
Қозғалыс-тірек аппаратын нығайту жəне дұрыс мүсін қалыптастыру. Қозғалыс белсеңділігі көлеміне əсер ететін жалпақтабан болмауы үшін, табан жəне сирақ бұлшық еттеріне арналған жаттығуларға қөніл бөлу.
Вегетативтік органдардың қызметтік мүмкіншіліктерін жоғарлату. 4 Жылдамдық, үйлесімдік, төзімділік секілді дене қуаты қасиеттерін тəрбиелеу.
Білімберуміндеттері:
Өмірге керек негізгі қозғалыс ептілігі мен дағдыларын қалыптастыру. Жүйке жүйесінің икемділігі арқасында мектеп жасына дейнгі балалар жаңа қозғалыс түрлерін тез жəне оңай үйреніп алады.
Дене тəрбиесі сабағында деген тұрақты қызығушылықтарын қалыптастыру.