Т. А. Ботагариев дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі


Мектеп жасындағы балалардың дене тəрбиесінің маңызы мен міндеттері



бет74/128
Дата16.09.2024
өлшемі354.47 Kb.
#503656
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   128
Ботагариев-Т.А.-Дене-шынықтыру-жəне-спорт-теориясы-мен-əдістемесі

Мектеп жасындағы балалардың дене тəрбиесінің маңызы мен міндеттері


Мектеп жасындағы балалардың денсаулығына, дене куаты дайындығына, өмipre қажет əр түрлі қозғалыс шеберлігі мен дағдысының қалыптасуына дене тəрбиесінің маңызы өте зор. Осы кезеңде оқушылар дене тəрбиесі жəне спорттық қимыл əрекеттермен белсенді шұғылданбаса, олардың денесі жан- жақты, толық дамымайды
Мектеп жасындағы оқушылардың дене тəрбиесінің міндеттері;
Сауықтыру міндеттері:

  1. Денсаулықты нығайту, дұрыс мүсін қалыптастыру, ағзаның барлық жүйелеpi мен функцияларын дамыту, жүрек-қан айналу, тыныс алу, орталық жүйке жүйесін нығайту, зат алмасу үрдістерін белсендірлендіру.

  2. Сыртқы ортаның қолайсыз əсерлеріне ағзаның қарсылық күшін жоғарылату.

  3. Ағзаның жалпы жумысқабілеттілігін жоғарылату жəне гигиена дағдыларын қалыптастыру.

  4. Жынысына, мектептегі жас кезеңдеріне байланысты дене қуаты касиеттері дамыту.

Білім беру міндетmepi:

  1. Өмipгe қажетті қозғалыс шеберлігi мен дағдысын қалыптастыру жəне жетілдіру.

  2. Дене мəдениеті мен спорт cалаcында кepeктi бiлiмдi қалыптастыру.

Тəрбие беру міндеmmepi:

  1. Дене тəрбиесі жаттығуларын саналы түрде демалыс, жаттықтыру, жұмыс қабілеттілігін арттыру, денсаулықтарын

нығайту кездерінде қолдану кажеттілігі мен біліктілігін тəрбиелеу.

  1. Психикалық үрдістерді дамытуға көмектесетін өнегелілік, эстетикалык, жігерлілік, еңбексүйгіштік, батылдылық қасиеттерін тəрбиелеу.



Мектеп жасындағы балалардың жас ерекшеліктеріне байланыстыдене дамуы мен дене қуаты дайындығы Балалар мен жасөспірімдердер 7 жастан 17-18 жас
аралығындағы кездерінде мектеп қабырғасында білім алады. Осы кездерінде олардың денсаулықтары нығаяды, дене келбеті, түзу тұлғасы, əр турлі қимыл-қозғалыс шеберліктері қалыптасады, негізгі жан-жақты дене қуаты қасиеттері дамиды.
Ғалымдардың дəлелдеулерінше, осы кезеңдегі негізгі денсаулық белгісі - оқушылардың дене дамуы. Балалардың бойы мен салмағына қарап олардың өмірсүру жағдайы мен сырткы ортаның бала ағзасына жағымды, жағымсыз əсерін білуге болады.
Ғылыми зерттеулердің нəтижелері бойынша, баланың бойы орташа көрсеткіштерден жоғары болса, оларды тұракты дəрнерлік бақылаудан өткізіп, ағзасының жүктемеге төзімділігін тексеру қажет болады.
Орта көрсеткіштерден бойы мен салмағы жоғары балалар мен жасөспірімдердің жүйке жүйелерінің қозу үpдici тез болады, олар ашуланса көп уакыт сабаларына түсе алмай отырады. Ойын сабақтары, эмоциялық əсерлер көп пайда болатын кездерде, ондай оқушыларға мұғалімдер көбiрек тынығулар беруге тырысуы керек. Салмақтары өте аз оқушыларға тыныс алу, кеуде демалу бұшық еттерін дамытатын жаттығуларды көбірек беру қажет болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет