Т. А. Ботагариев дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі


Дəрістердің тезистері Мектептегі дене тəрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру түрлері



бет77/128
Дата16.09.2024
өлшемі354.47 Kb.
#503656
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   128
Ботагариев-Т.А.-Дене-шынықтыру-жəне-спорт-теориясы-мен-əдістемесі

Дəрістердің тезистері

Мектептегі дене тəрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру түрлері


Мектеп оқушыларының дене тəрбиесі жəне спорт жұмыстары арнайы ұйымдастырылған екі түрде жүргізіледі. Ол дене тəрбиесі сабағы жəне басқа жаттықтыру жұмыстары деп аталады.
Дене тəрбиесі үрдісін орындайтын негізгі түрі - дене тəрбиесі сабағы. Дене тəрбиесі сабағы мұғалімнің басшылығымен, арнайы мемлекеттік бағдарлама, белгіленген сабактар кестесі бойынша, 1 – 11 сынып оқушыларына міндетті түрде жүргізіледі.
Жаттыктыру жұмыстары оқушылардың қозғалыс белсенділіктерін жоғарлату, денсаулықтарын нығайту, дене жаттығуларына деген қызығушылықтарын арттыру, жаттығулардың агзаға керектігін қанағаттандыру мақсатында төмендегідей топтарға бөлініп жүргізіледі:

  1. Күн тəртібі ішіндегі сауықтыру жүмыстары. Бүл жүмыстар сабаққа дейін, сабақ кезінде, сабақтар арасында жүргізілетіндіктен кү тəртібі ішінде деп аталады. Олар: сабаққа дейінгі гимнастика, теориялық сабақтар кезіндегі сергектік сəттер, ұзақ үзіліс кезіндегі қозғалмалы ойындар мен əр түрлі дене тəрбиесі жаттығулары, ұзартылған күн топтарындағы спорт сағаты.

  2. Сыныптан тыс дене тəрбиесі жəне спорт жұмыстары. Ол жұмыстар спорт түрлерінен жаттықтыру сабақтары, туристік жорықтар, спорт жарыстары, спорттық мерекелер, Президенттік сынама жəне т.б.

  3. Мектептен тыс дене тəрбиесі жəне спорттық жұмыстар. Бұл жұмыстар мектептен басқа, тыс жерлерде орналасқан мекемелерде жүргізіледі. Ол мекемелер: спорт мектептері, аула клубтары, спорт сауықтыру кешендері, бассейндер, шаңғы, су базалары, спорт сарайлары, стадиондар, жазғы сауықтыру лагерлері жəне т.б.

  4. Жанұяда орындалатын дене тəрбиесі жаттығулары. Олар: таңертеңгі бой жазу жаттығулары, шаңғы, коньки, велосипед тебу, жүгіру, спорттық жəне қозғалмалы ойындар, дене тəрбиесі сабағынан үй тапсырмаларын орындау жəне т.б.

Оқу сабағы – дене тəрбиесінің жұмыстарының негізгі түрі, оның мазмұны мен құрылымы


Оқу сабағы жалпы білім беретін мектептерде басқа пəндермен қатар сабақтар кестесі бойынша аптасына үш рет жүргізіледі. Дене тəрбиесі сабағының бір-біріне байланысты сабақтың мазмұны жəне сабақтың құрылымы деген екі түрі болады.
Сабақтың мазмұны төрт негізгі элементтен тұрады:
Оқу сабағына кіретін дене тəрбиесі жаттығуларының құрамы.
Оқушылардың іс-əрекеті. Оқушылардың іс-əрекетінің ұсынылған жаттығуларды орындауымен байланысы. Олар: мұғалімді тыңдау, жаттығуды орындау, орындау техникасын бақылау, көрген неме естігенді түсіне білу, орындайтын əрекеттің ойша жобасын құру, оны орындау, өз əрекетін бақылау, бағалау т.б. көптеген оқушылардың əр түрлі əрекеттерінен тұрады.

    1. Мұғалімнің қызметі. Сабақ міндетін қою, оны орындауды ұйымдастыру, жаттығушылардың əрекетін бақылау, қатарларын түзеу, орындауын бағалау, баға қою, талдау, жүктемені реттеу т.б.

    2. Сабақ кезінде оқушылардың ағзасында болып жатқан физиологиялық, психологиялық үрдістермен жаттығушылардың көңіл-күйлері. Физиологиялық үрдістер: жүрек соғу, тыныс алу жиіліктері, зат алмасу жүйесінің жұмыстары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет