Кіріспе бөлім. Кіріспе бөлімнің өзі сабақ өткізуге дайындық жəне таза кіріспе бөлімнен тұрады. Дайындық бөліміне: киім ауыстыру, спорттық жабдықтарды орналастыру, кезекшіге тапсырма беру, спортзалға кіріп сапқа тұру т.б. сабаққа дайындық əрекеттері жатады. Сабақ басталарда рапорт беру, сабақ міндеттерін хабарлау арқылы сабақтың кіріспе бөлімі басталады.
Кіріспе бөлімнің негізгі міндеті оқушылардың ағзасын сабақтың негізгі бөлімінің қимыл əрекетіне дайындау, денелерін қыздыру. Кіріспе бөліміне сабақтың жалпы 45 минут уақытының 20-30 пайызы, яғни оқу сабағына 10-12 мин, жаттықтыру сабағына 20-30 мин дейін уақыт бөлінеді.
Негізгі бөлім. Сабақтың негізгі бөлімінде оқу бағдарламасы жəне сабақ міндетіне сəйкес білім беру, тəрбиелеу жəне сауықтыру міндеттері орындалады. Жаңа материалды меңгеру, жаттығулар техникасын үйрету, қайталау, жетілдіру секілді күрделі міндеттер сабақтың негізгі бөлімінің басында орындалады, соңында дене қуаты қасиетін дамытатын жаттығулар беріледі. Бұл бөлімде алға қойған міндеттерді орындау үшін əрбір сыныпта оку бағдарламасында белгіленген əр спорт түрінің негізгі жаттығулары кеңінен колданылады. Негізгі бөлімнің ұзақтығы оқу сабағында 28-30 мин, жаттықтыру сабақтарында 90 мин дейін созылады.
Қорытынды бөлім. Сабақтың қорытынды болімінде оқушы ағзасының функционалдық белсенділігі ақырындап төмендейді, келесі теориялық сабаққа дайын жайбарақат күйге əкелінеді. Қорытынды бөлімде орындалатын жаттығулар сипаты: жүру, мүсін түзулігі жəне ағзаны калпына келтіру, босаңсыту жаттығулары, арнайы назар аудару жаттығулары, би жаттығулары, жай қарапайым сипаттағы ойындар т.б. Қорытынды бөлімге 3-5 мин уақыт бөлінеді.
Денсаулықтары əлсіз оқушылардың дене тəрбиесі
Денсаулықтары жəне дене қуаты дайындығы деңгейіне байланысты мектеп оқушылары үш топқа бөлінеді: негізгі, дайындық жəне арнайы.
Негізгі топқа денсаулықтары мықгы, дене қуаты дайындықтары жақсы əр түрлі спорт түрлерімен тұрақты айналысатын, айналыспайтын, мектептегі дене тəрбиесі сабағына қатысатын оқушылар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |