Сүттің тығыздығын анықтау.
Жабдықтар мен ыдыстар: өлшеуіш цилиндр 200-250 мл диаметрі 5 см кем емес; лактоденсиметр (ареометр)
Тығыздық - заттың массасының оның көлеміне қатынасы. Сүттің тығыздығы оның компоненттерінің тығыздығына байланысты және 1015-ден 1033 кг / м3-ге дейін өзгереді. Протеиндер, көмірсулар, минералдар тығыздығын арттырады және май сүттің тығыздығын төмендетеді.
А шыған сүттің тығыздығы толыққұнды сүттің тығыздығынан жоғары және 1033-1038 кг / м3 құрайды. Сүттегі майдың төмен деңгейінде сүттің тығыздығы 1030 кг/м3 арттырқан болса, онда сүттен кілегейді алып тастаған немесе майсыз сүт қосқан. Суды сүтке қосқанда оның тығыздығы төмендейді (1027 кг / м 3-тен төмен). Сүтке қосылған судың әр 10% -ы оның тығыздығын 3 кг / м3 азайтады.
Сүттің тығыздығын анықтау. Тығыздық - сүттің физикалық қасиеттерінің бірі. Осы арқылы сүттің табиғи жағдайын білеміз. Оның көрсеткіші арқылы литрден килограмға айналдырамыз. Сүттің құрғақ заттардың мөлшерін есептеп шығарамыз.
Тығыздықты ареометрмен өлшейді. Алдағы уақытта ареометрмен жеке шаруашылықтарды да қамтамасыз еткен жөн. Себебі сүттің майлылығы 10-15 күндік тексеріледі. Ал тығыздығы арқылы біз сүттің табиғилығын, су немесе басқа ерітінділердің қосылғанын білеміз.
Сүттің тығыздығын сауын біткеннен кейін 2 сағаттан соң 20°С шамасында тексеріледі.
200-250 мл сүтті тегіс жерге орналастырған цилиндр ыдысқа кұйып, оған жайлап ареометрді батырады. 1-2 минут өткеннен кейін ареометрдің төменгі шкаласы бойынша тығыздығын, ал температурасын жоғары шкала арқылы өлшейміз. Сүттің тығыздығы 1,030 болса, оны ареометрдің градусына айналдырғанда 30°А немесе 1,032-32°А болады. Сүттің тығыздығы(1027-1032 кг/м3) дейін мал тұқымына, азығына, жем-суына байланысты өзгереді.Тығыздықтың мөлшері сүтке су қосқанда азаяды, ерітінділер қоссақ немесе майын алып тастасақ көбейеді. Майсыз сүттің тығыздығы (1033-1036 кг/м3) дейін болады.
Қорытынды. Зерттеу соңында нәтиже бойынша қорытынды жасау керек және бақылау сұрақтарына жауап берген дұрыс. Барлық жұмыс нәтижелерін дәптерге енгізу керек.
Бақылау сұрақтары:
Сүттің титрлеу қышқылдығын анықтау?
Сүтті майлылығын анықтау?
Сүттің тығыздығын анықтау?
4. Сүт шикізаты қандай талаптарға сәйкес болуы тиіс?
Достарыңызбен бөлісу: |