ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
1 Э.Тұрдалиева, Ақынова Ж.Жобалау технологиясын қолдану әдістері //Қазақ тілі мен әдебиеті. №5, 2006, 36-40бб.
2 Абдиева Ш.Д. Жобалау әдісін қолдану арқылы студенттердің тіл үйренуге деген белсенділігі мен қызығушылығын арттыру // Қазақ тілі мен әдебиеті. №3, 2010, 39-43бб.
3 Сатбекова А.А. Қазақ тілін жобалау әдісі арқылы оқыту жүйесінің дидактикалық ұстанымдары // Білім – Образование. №3 (27), 2006, 48-52бб.
1. httpss://bie.org/about/why_pbl
2. httpss://en.wikipedia.org/wiki/Project-based_learning
3. httpss://www.edutopia.org/project-based-learning-history
4. httpss://www.bsh.kz/news/1298615545.html
Тәжірибелік көрнекі нұсқаулықтар
Педагогикалық идея бойынша жобаны 2-сыныптан бастап 11-сынып аралығында жасауға мүмкіндік бар және ол өз тәжірибемде қолданылды. Сондықтан бұл әдістің білім беру/білім алу үдерісінің екі тарапынан да нәтиже беретініне сенімдімін.
Жоба жасау арқылы жаратылыстану бағыты мен гуманитарлық бағыт пәндерінің бөлім бойынша тақырыптары оқушы қызығушылығы ықпалынан терең әрі тиянақты зерттеледі. Теориялық білім мен шынайы өмір байланыстылығына оқушының көзі жетеді. Өз көзқарасын, пікірін, идеясын ашық түрде жария етеді, көпшілік алдында сөйлеуге дағдыланады. Ең бастысы - болашақ мамандығын таңдауға қолдау табатын аймақты сезінеді.
ЕББҚ оқушы үшін PBL (Жоба жасау) үдерісіндегі тапсырмалар
Жоба негізінде оқыту-бұл толық инклюзивті сыныптағы оқытуды саралаудың тамаша тәсілі. Бұл сыныпта танымдық және ақыл-ой дамуындағы мүмкіндігі шектеулі балалар да, дарынды балалар да, шығармашылық қабілетке ие балалар да білім алады. Жоба жасауда бір сыныптағы әртүрлі деңгейлі оқушылардың өзара ынтымақтасуына себепші бола алады. Бір-біріне көмек қолын созып, бір-бірін қолдау құндылығын қалыптастырады. Ол мейлі мүмкіндігі шектеулі бала болсын, мейлі дарынды бала болсын жоба жасау процесінде коммуникативтік қарым-қатынас арқылы проблемалық сұрақ аясында жұмыс жасайды. Ол оқушыны әрі қарай дамытуға ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |