Педагогикалық идеяның ерекшелігі. Авторлық педагогикалық идея барлық пән мұғаліміне қосымша құрал бола алады. Әр сабақ - мұғалімнің шығармашылық өнері екені даусыз. Өз сабағын қызықты әрі белсенді болғанын қалайтын мұғалім үшін PBL жобасы үлкен мүмкіндік. Ал еліміздің ертеңгі тұтқасына ие болар келешек ұрпаққа заманауи технологиялар көмегімен сапалы білім беру зор жауапкершілік жүктейді. Жобада пән білімі киберпедагогикамен ұштастырылып беріледі. Бұл өз кезегінде оқушыны қызықтырып, ізденіске, өз бетінше жұмыс жасауға баулиды. Бұл әдіс негізінде оқушыға оқу жылының тақырыптарын қамтитын, қазіргі уақытпен байланысқан және оқушының деңгейіне сай жоба беріледі. Оқушыға жеңілдік ретінде мұғалімнің қалауына қарай жобаны сынып жұмысы, үй жұмысы, бақылау жұмысы немесе емтихан ретінде бағалауға болады. Маңызды ерекшелігі ЕББҚ оқушыны ортаға тарту, оның жасырынды қабілеттерін анықтауға, командалық жұмысқа баулуға, өз қабілетін көрсете білуге, ортада өзін еркін ұстауына ерекше ықпал етеді.
Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу.
Педагогикалық идеяның өзектілігі. Жоба (PBL)негізінде білім берудің адамзат өмірінде маңызды екені, білім алушының зерттеу арқылы басқалармен коммуникативті қарым-қатынасқа түсуі білім беру әдісіне негіз бола алатынының дәлелі болғаны қарастырылады. Зерттеудің заманауи білім беру жүйесіне жоба негізінде оқыту қажеттілігі білім алушының қызығушылығын туындататын бірден-бір өзекті әдіс.
Негізгі идеясы. Бәсекеге қабілетті заманауи біліммен қаруланған қазақстандық патриот тұлға тәрбиелеу.
Концепциясы. Ел игілігі үшін қызмет ететін білімді тұлға қалыптастыру. Жобаға бағытталған оқыту әдісін қолдану арқылы мұғалімдер келер ұрпақты қоғамда адал, тиянақты жауапкершілікпен жұмыс істеуге тәрбиелейді және бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |