Ағылшын тілі пәнінің мұғаліміне: Шет тілі ана тілден қиынырақ Әйтсе де біз оқимыз қызығып-ақ Қарашаш апайымыздың арқасында Үйрендік ағылшынша сөйлем құрап.
1-жүргізуші: Хор «Мектеп – ана»
2-жүргізуші: «Танго» биі, қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Ұстаздар жаққан шырақты Өшірмейік, балалар, Бәрін-бәрін білесің Үйрене берсең олардан – демекші, біз мектебімізде неше түрлі өнер үйреніп келеміз, сондықтан келесі кезекте «Тамаша», қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші: Келесі түрік биі «Абдулла», қабыл алыңыздар.
Мұғалім шығып екі ойын ойнатады: 1) «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»; 2) математика сабағынан «Қайсысы епті?» ойыны арқылы логикалық есептер шығарту (ол үшін 7-8 шарға логикалық тапсырмаларды салып, музыка қосып жұп етіп билету, қайсыларының шары құлап түссе, солар тапсырмасының жауабын айтуы тиіс).
1-жүргізуші: Хор «Білімің – бұлағым».
2-жүргізуші: «Қамажай» биі, орындайтын ұлдар тобы.
1-жүргізуші: Бастауышым – бастамам Білім жолын бастаған. Білім шыңы биікте, Беліңді бу жас данам – ал енді, құрметті қонақтар, сыныбымыздың суретшілері мен өнер шеберлерінің еңбектерімен таныс болыңыздар (3-4 оқушы «Өнерлі бала – сүйкімді» атты көрмеге дайындаған оқушылардың еңбектерімен таныстырады).
2-жүргізуші: «Ұстазым» әнін орындайтын Рамазанов Аслан мен Зайноллин Болат, қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Көкке жетіп төбеміз Көңілденіп тарқаймыз Талаптанып келеміз Қанаттанып қайтамыз Мен бәріне адалмын Маған жақын бар адам Жақынырақ жан – анам! –демекші, аналарымыздың біз үшін жасағаны шексіз, біз өмір бойы оларға қарыздар болып, ақ сүтін ақтауға тырысамыз деп сөз бере отырып, оларға «Анамызға мың алғыс!» әнін арнаймыз.
2-жүргізуші: «Зонтики» биі, қабыл алыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |