«ТӘрбие жұмысы бастауышта» (Бастауыш кластарға арналған тәрбиелік іс-шаралар жинағы) 2016 жыл



бет29/31
Дата10.01.2024
өлшемі2.91 Mb.
#488784
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Тәрбие жұмысы жинағы

4-оқушы (Ерасыл): Өмірге жол бір өзіңнен бастадым Алфавитті алғаш сенен жаттадым Ұстаз ана естен кетпес мәңгілік Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.


5-оқушы (Әнуар): Жүзің жылы, құшағың кең Сенен түлеп ұшамын мен Өзің берген біліміңмен Биіктерге шығамын мен.


6-оқушы (Венера): Ақылшы асыл ұстазым Өзіңе мен де ұқсармын Жеткенше қайрат, күш – әлім Биікке самғап ұшармын.


Хормен: Мектеп – кеме, білім – теңіз, Барар жерге тез жетеміз Адаспаймыз ұлы жолда Ұстаз берген білім қолда.


1-жүргізуші: Хор «Мұғалім ол біздің».


2-жүргізуші: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» - деп Абай атамыз айтқандай, ұстаздарымыз неше жыл бойы білім нәрімен сусындатты, хат танытты, еңбек ете білуге үйретті, білімге жетеледі, әдептілікке үйретті. Сондықтан да ең алғаш білім беріп, оқытқан ұстаздарымызға мың алғыс айтып басымызды иеміз (барлық бала ұстаздарға басын иеді).
Ұстаздар туралы тақпақ, өлеңдер оқылып, оларға марапаттау қағазы мен гүл шоқтары ұсынылады:


Мектеп директорына: Зор дауысын естісек Жым боламыз бәріміз Сыртыңыздан тау десек Біз шашылған тарымыз. Тәртіпке бізді үйреткен Әр баламен жаны бір, Сізден артық директор Таба алмаймыз бәрі бір.


Сынып жетекшісіне: Бастауыш сыныпта оқытқан Есімі бізге қымбатты Ұмытпаймыз Әсемгүл апайдың Тал бойын әсем, сымбатты.


Бейнелеу өнері пәнінің мұғаліміне: Танытқан сұлулығын дүниенің Қыл қалам қолға ұстауға үйреткенде Таң қалып қызығамыз, сүйсінеміз Гүлайым апай салған суреттерге.


Музыка және саз өнері пәнінің мұғалімі Венера апайға: Әр күнді шат көңілмен қарсы алдырып, Сабақта түрлі-түрлі ән салдырып Біздерді болашаққа жетелейсіз Өнердің құдіретіне тамсандырып.


Дене шынықтыру пәнінің мұғаліміне: Бір мен екі, үш дейсіз Турникке шық, түс дейсіз Денелері шыныққан Мықтыларды күш дейсіз. Шынығармыз, шыдармыз Сөзімізде тұрармыз Футболист боп атақты Ала допты қуармыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет