Булы терілерді былғары өндірісі кәсіпорындарына өткізу немесе консервілеуге дайындауды терілерді санитарлы өңдеу деп те атайды. Ол келесі операцияларды қамтиды: навалды (навалды терілерден) жою, терінің мездра жағынан ет және тері асты клетчатканы жою (мездрение),жуу, контурлау, сұрыптау, бұның ішінде олардың массасы немесе ауданын анықтау (ұсақ мал терісі үшін). Терілерді булы күйінде өткізу кезінде оларды қосымша комплектілейді және бірден былғары өдіру кәсіпорындарына тасымалдап, жеткізеді.

Ласты жою. Алдын ала терілерді навалды және навалсыз деп сұрыптайды. Навалды тері саны , сондай –ақ навалдылық дәрежесі ірі қара малды ауыл шаруашылығында, тасымалдау кезінде және ет комбинатында ұстау жағдайларына байланысты.Осы шарттарды жақсартқанда және өңдеу алдындағы жуу олардың санын азайтады.
Навалды жоюды жеңілдету мақсатында және терінің беттік қабатын зақымдауды болдырмау үшін 1 мин ішінде душ суы астында немесе шлангтан аққан сумен терінің шаш қабаты бетін ылғалдайды. Теріні ылғалдауды штабельдерде навал толық жұмсарғанша жүргізеді, бірақ 1 сағаттан артық емес.Үздіксіз жұмыс істейтін линияларда навалды жұмсартуды терілерді өтпелі айналмалы барабандарда жуумен үйлестіреді.
Терілерді навалдан ММ – 4, ММ – 3, ММ - А навал тазалағыш машиналарында іске асырады, олардың мездра тазалағыш машиналармен салыстырғанда терінің беттік қабатын зақымдауды болдырмау үшін пышақ валдарындағы пышақтары өткір емес, ал валдың айналу жиілігі 950 мин – 1 – ге дейін төмендетілген.навалды жою үшін теріні машинаға жүнді жағын жоғары қаратып, огузогын алдыға қарай жіберіп салады.
Терілердің жуылуы және сорғуы.Навалы жоқ ірі қара малдың терісін суық сумен олардың салқындауы, кір мен қанды жою үшін жуады (бұлармен бірге микроорганизмдердің және балластты ерігіш белоктардың біраз мөлшері жойылады). Жууды душ астында немесе шлангтан аққан сумен жүргізеді, және үздіксіз жұмыс істейтін айналмалы перфорирленген барабандарда іске асырған эффектілі болады. Терілердегі судың артық мөлшерін козелдарда сорғыту жолымен (1 сағаттан артық емес), айналмалы барабандарда, валкалы сыққыш машиналарда жояды. Шошқа малы мен қойлардың терілерін жумайды.