Қашықтықтан оқыту (онлайн-оқыту) – білім беру процесін тек қана онлайн-курстар негізінде құру технологиясы, оларға қолжетімділік интернет желісі арқылы (оның ішінде мобильді қосымшалар арқылы) қамтамасыз етіледі.
Бейімделгіш жүйелер - білім беру процесін нақты білім алушының ерекшеліктеріне дербестендірілген бейімдеуді қамтамасыз ететін онлайн-оқыту жүйелері (оқытудың дербес стратегиясы, ақпаратты қабылдаудың жетекші арналары, бағдарламаны құру логикасы, қалыптастырылатын біліктер мен дағдылардың жүйелілігі, курсты игерудің оңтайлы қарқыны, қайталау мен жаттықтыру бекітулерінің қажетті саны, білім алушының өзін-өзі бағалауы мен оның өзіне деген сенімділігін есепке алу және т. б.). Оқытудың әртүрлі модельдерін талдау және көбейту жасанды интеллект пен сандық технологияларды қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.
"Аралас оқыту" (blended learning) – желілік (қашықтықтан, онлайн) оқытуды күндізгі немесе дербес оқытумен үйлестіруді көздейтін педагогикалық технология. "Аралас оқыту" технологиясы базалық қағидаттар кешеніне негізделген (дербестендіру, толық меңгеру, жоғары жетістіктер ортасы, жеке жауапкершілік).
"Төңкерілген оқыту" (flipped learning) – "аралас оқыту" нысаны, оның негізіне мынадай формула алынған: "жаңа материалды өз бетінше онлайн игеру + аудиториялық жұмыс барысында бекіту". Қазіргі уақытта "төңкерілген оқу-жаттығудың" (стандартты, пікірталасқа бағытталған, демонстрацияға бағытталған, "жалған", топтық, виртуалды, "төңкерілген мұғалім" және т.б.) бірқатар түрлері әзірленді, оларды пайдалану білім беру бағдарламаларының әртүрлі типтерін және білім алушылардың әртүрлі контингентімен игерудің нәтижелі процесін құруға мүмкіндік береді.
Білім алушылардың жобалық қызметін ұйымдастыру технологиясы ("жобалар әдісі") – әр түрлі жобаларды (оқу, әлеуметтік, өндірістік және бизнес-жобаларды; жеке және топтық; пәнаралық, мета-пәндік және пәннен тыс және т.б.) іске асыруға негізделген оқыту технологиясы. Бұл технология әлеуметтік маңызды мақсат қоюға және оның практикалық жетістіктеріне негізделген және оны кез-келген мазмұнмен жұмыс жасауда қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |