8-тақырып. Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920).
С.Торайғыров шығармашылығының негізгі кезеңдері. «Айқап» журналындағы қызметінің ақындығына әсер етуі. Бұл кезеңдегі өлеңдерінде («Оқып жүрген жастарға», «Талиптарға», «Оқудағы мақсат не», т.б.) мақсаткерліктің басым болуы. Қазақ зиялыларымен араласуының шығармашылығына тигізген әсері.
Ақын шығармашылығының сипаты. Шығармаларының жанрлық, тақырыптық жағынан әр алуандығы. Лирикасы. Өлеңдеріндегі өршілдіктің, романтикалық екпіннің ақын жүрегіндегі жалынды отпен ұштасып жатқандығы. Оқуға, білім алуға, сол арқылы халқына қызмет қылуға ұмтылуы. Табиғатты, әлеуметтік көңіл күйін, жастық пен махаббаты жырлаудағы шеберлігі. Әлеуметтік теңсіздік мәселесін тереңдей жырлауы.
Көлемді туындыларындағы көркемдік, жанрлық озық үлгілер, «Қамар сұлу» романының көркем прозадағы жаңашыл шығарма екені. өмір шындығын суреттеуде, нақты өмірден алынған кейіпкерлер образын сомдауда көркемдік құралдарды тиімді пайдалануы. Ескі мен жаңаның күресін бейнелі беруі. Жаңа заман күрескері ретіндегі Қамар бейнесінің нанымды жасалуы.
«Кім жазықты» романы. Романға үш ұрпақ өмірінің арқау болуы, замана өзгерісіне қарай соңғы ұрпақ өкілдері арасындағы тартыстар мен көзқарас қайшылықтары. Әжібай мен әжібайшыларды тудырған замана шындығының ашылуы, қаладағы өмір арқылы жаңа адамдар образының жасалуы. Романдағы әлеуметтік теңсіздік шындығы және қазақ қоғамының күрделі мәселелері кең түрде алға тартылып, суреткерлікпен көрсетілуі. Романның құрлысы, өлең өрнегі, тіл кестесі.
«Адасқан өмір», «Кедей» поэмалары. Екі поэманың өзара үндестігі. Бай мен кедей өмірін салыстырмалы бейнелеу арқылы, әлеуметтік теңсіздік арналарының ашылуы. Поэмаларда әлеуметтік теңсіздіктің қыр-сырына терең бойлау, астарын ашу суреткерлікпен шешімін табатыны. Поэмалардың өзара айырмашылықтары. Олардағы басты кейіпкерлер жан-дүниесіндегі қайшылықтар. Құрылымдық жүйелеріндегі ерекшеліктер.
9-тақырып. Сәбит Дөнентаев (1894-1933).
Өмірі мен шығармашылық ғұмырнамасы. Ағартушылық, демократтық бағытта шығарма жазғандығы. Шығармаларының өзіндік ерекшеліктері. Қазақ әдебиетіндегі сатира жанрының қалыптасып, дамуына қосқан үлесі.
Поэзиясы. Сәбиттің өлеңдерінде қозғалған тақырыптар. Қазақ еңбекшілерінің тұрмыс-тіршілігінің бейнеленуі. Халыққа білім беру, сауатсыздықты жою, үлгілі мәдениетке шақыру идеясында бірқатар өлеңдер жазғаны. Ел ішіндегі келеңсіз жағдайларды, адамдар арасындағы қарым-қатынас, мінез-құлық көріністеріндегі келеңсіздіктерді сынға алуы. «Заман кімдікі», «Менің жайым», т.б. Абай дәстүрінен үйренуі. «Уақ-түйек» жинағы.
Мысал өлеңдері – «Бозторғай», «Ыбылыс пен шайтан», «Ауырған арыстан», т.б. Өлеңдеріндегі ой тереңдігі. «Қыл», «Ой» шығармалары.
Ақынның өлең-фельетондары. Сәбит публицистикасының тақырып ауқымының кеңдігі. «Көркемтай» әңгімесінің көркемдік жетістігі. Оның прозасының маңыздылығы мен көркемдік ізденістер көрінісі.
Достарыңызбен бөлісу: |