Редокс-индикаторлар деп жүйенің тотығу-тотықсыздану потенциалының өзгерісіне сезімтал, яғни потенциалдың белгілі бір шамасында өз түстерін өзгертетін заттарды айтады.
Тотықтырғыштар мен тотықсызданғыштардың әсерінен редокс-индикаторлардың құрылысында түске әсер ететін өзгерістер болады. Осылай редокс-индикаторлардың ерітінділерінде тотыққан және тотықсызданған түрлерінің арасында тепе-теңдік орнайды да, олар жүйенің потенциалына байланысты өз түстерін өзгертеді, сөйтіп тотыққан және тотықсызданаған формаларының түстері әр түрлі болады.
Көптеген редокс-индикаторлардың түстері қайтымды болып келеді. Бұл жағдайда молекулалар өзгеріске түспейді, тек құрылымы ғана өзгеріске түседі. Бірақ түстері қайтымсыз индикаторлар да бар, яғни потенциалдың белгілі бір мәнінде молекулалары өзгеріске ұшырайды да қайтып қалпына келмейді. Мысалы, броматометриялық әдісте қолданатын бейтарап қызыл индикаторының түсі қайтымсыз.
Сонымен, редокс-индикаторлар потенциалдың белгілі бір мәнінде ғана өз түстерін өзгерте алады.
Редокс-индикаторларға қойылатын талаптар:
1. Редокс-индикаторлардың тотыққан және тотықсызданған түрінің түсі әр түрлі болуға тиіс.
2. Эквиваленттік нүктеде индикатордың түсінің өзгеруі тотықтырғыштың немесе тотықсыздандырғыштың аз ғана артық шамасында білінуі керек.
3. Әсер ету интервалы (аралығы) мүмкіндігінше кіші болуға тиіс.
4. Сыртқы әсерлерге: ауадағы оттекке, көміртек оксидіне СО2 жарық және т.б. төзімді болуы керек.
22Титриметриялық талдаудың перманганатометриялық әдісінде жұмысшы ерітінді ретінде калий перманганаты KMnO4ерітіндісі қолданылады.
Перманганатометриялық анықтауларда индикатор қолданылмайды, өйтке-ні перманганаттың өзі индикатор ролін атқарады. Титрлеу барысында мали-на-күлгін түсті перманганат ерітіндісі түссізденеді. Қышқыл ерітінділерді титрлеу кезінде KMnO4 құрамына кіретін күлгін түсті Mn7+катионы түссіз Mn2+ дейін тотықсызданады.
Сілтілік немесе бейтарап ортада титрлеуде Mn7+тек Mn4+ катионына дейін тотықсызданады
Түзілген марганец тотығының (ІV) қоңыр түсі эквиваленттік нүктені анық-тауда қиындықтар тудырады. Сонымен бірге, перманганаттың тотықтырғыш қабілеті қышқыл ортада сілтілік ортамен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Сондықтан калий перманганатымен титрлеуді көбінесе қышқылдық ортада жүргізеді. Перманганатометрия әдісімен тек тотықсыздандырғыштың мөл-шерін ғана емес, тотықтырғыштардың да мөлшерін анықтауға болады.
Тотықсыздандырғыштарды перманганат ерітіндісімен тура титрлеу арқы-лы анықтайды. Тотықтырғыштарды анықтағанда кері титрлеуді пайдалана-ды, яғни тотықтырғыштың анализденетін ерітіндісіне артық мөлшерде титрі белгілі тотықсыздандырғыш ерітіндісі қосылады, содан соң тотықсыздан-дырғышты қалған перманганат ерітіндісімен титрлеп есептейді.
Достарыңызбен бөлісу: |