1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып



бет27/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

Болымсыздық есімдіктері
Болымсыздық есімдіктер негізінде еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі арқылы жасалады. Мысалы: еш, ешкім, ешбір, ештеме, дәнеңе, ешқашан, ешқандай, ешқайсы. Болымсыздық сөйлемде болымсыздық мағына білдіретін емес, жоқ деген сөздермен және етістіктің болымсыз түрімен байланысты қолданылады (ешкім айтқан емес; ешкім айтқан жоқ; ешкім айтпады т. б.).
Жалпылау есімдіктері
Жалпылау есімдіктері деп мағына жағынан кем дегенде екі я онан көп заттар мен құбылыстарды жинақтай атау үшін қолданылатын сөздерді айтамыз.
Жалпылау есімдіктеріне бәрі, барлық, барша, бар (бар адам), күллі, бүкіл, түгел деген сөздер ғана жатады.


1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек деп ойлайсыңдар?
- Жақсы маман болуы үшін адам нені білуі және нені үйренуі қажет?
- Сен қандай маман болуды армандайсың? Неліктен?
- Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыңдар?
- Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?
- Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?


2-тапсырма. Септеулік жалғаулықтарын тауып, олардың қай септіктегі сөзбен тіркесіп тұрғанын көрсетіп көшіріңдер.
Ақбоздан кейін ешкім көріне қоймаған соң, Балуан Шолақ жолдан бұрылып аттарды тоқтатты. Татьяна біраздан кейін қауіптен арылып еріккендей болды. Рас, қалқам, өзіммен бірге жүресің. Өзіңдей кішкене қыздармен бірге жатасың, бірге оқисың. Тастемір газетті алып қараса, суреті басылған адам- аумаған Тастан. Маңдайына бала кезінде құлын теуіп түсірген айшық таңбасына дейін түсіпті. Бұрын тақырлап қырып жүретін шашын да өсіріп, сол жақ шекеден оңға қарай қайырып тарап тастапты. Содан бері тапқан тасы Алтынсарының оянса есінен , ұйықтаса түсінен кетпейді. Сүрлеу жол жүрген сайын жоғарылай береді. Саған ерегіскесін кісі бойына шейін қазам осы шұқырды. Жаңбырдан кейін жаңарған ауамен пүліш даланың жұпар исі мұрынды жарып барады. Осы мектепке қарай аттылы да, жаяу да шұбырып қаптай бастады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет