1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ШОПЕНГАУЭ, Артур Шопенгауэр



Pdf көрінісі
бет161/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   236
Totin Filosofia (1)

ШОПЕНГАУЭ, Артур Шопенгауэр (1788–1860) — неміс 
философы, иррационализм өкілі. Шығармалары: «Әлем 
жігер және елестету ретінде», «Табиғаттағы жігер туралы», 
«Афоризмдер мен максималар», т.б. Оның пікірінше, таным 
процесі кезіндегі философтардың қарастырып жүргені шын 
мәніндегі денелер емес, тек субьектімен байланыстағы 
обьект немесе елестету ғана. Елестетуден басқа, одан да гөрі 
ауқымдырақ құбылыстардың бар екенін зерттей келе, таным 
субьектісі, яки жеке адам өз басының тәжірибиесі негізінде жігерді өзінің 
ішкі мәні деп таниды. Жігер – әр уақытта рухани акт. Жігер кейбір 
құндылықтарды 
қалыптастырады, 
ал 
оларды 
құндылық 
ретінде 
мойындағаннан кейін, өзі соған ұмтылады.
ШОРТАНБАЙ, Шортанбай Қанайұлы (1818–1881) — 
«Зар-Заман дәуірі» кезеңіндегі әйгілі ақын әрі жырау. Оның 
өлеңдері ел аузында ауызша таралып, кейін баспа бетіне 
шыққан. Жазба сауатты болғанымен, өлеңдерін ауызша 
суырып салып айтқан. Орыс патша үкіметінің отаршылдық 
саясаты, жаңа ел билеу тәртібінен (1888) туындаған 
құбылыстарды көрсетеді. Оның бір топ шығармаларында 
(«Бір тәңірге аянды», «Бір насихат айтайын», «Қалықтаған 


330 
сұңқар ем», т.б.) қалың бұқараның азапты тұрмысының екі жақты қаналуға 
ұшырауын, би-болыс, ұлықтардың зұлымдығы мен парақорлығын 
әшкерелейді. 
ШПЕНГЛЕР, Освальд Арнольд Готтфрид Шпенглер
(1880–
1936) — неміс философы, өмір философиясының өкілі, 
қазіргі мәдениет философиясының негізін қалаушылардың 
бірі. Ол мәдениетті біртұтас жалпыадамзаттық деп емес, жеке 
мәдениеттерге бөліп қарастырған (мысырлық, үнділік, 
вавилондық, қытайлық, «аполлондық» (гректік-римдік), 
«магиялық» 
(византиялық-арабтық), 
«фаустық» 
(батысевропалық) 
және 
майя 
мәдениеті; 
орыс-сібір 
мәдениетінің тууы күтіледі). Олардың дамуы белгілі бір биологиялық 
ырғаққа бағынады: олардың дамуының негізгі фазалары: туу және балалық 
шақ; жастық шақ және жетілу; кәрілік және «құлдырау». Шығармалары: 
«Европаның күйреуі», «Торығу» (Писсимизм), «Адам және техника», 
«Пруссачество и социализм» және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет