1 билет «Химия» пәнінен жаңартылған білім беру мазмұныңдағы 7-11 сыныптардағы үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны


«Көмірсулар. Глюкоза, фруктоза» тақырыбын оқыту әдістемесі



бет43/58
Дата10.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#482882
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   58
1 билет «Химия» п нінен жа артыл ан білім беру мазм ны да ы 7-11

1.«Көмірсулар. Глюкоза, фруктоза» тақырыбын оқыту әдістемесі
Көмірсулардың құрылысы мен айналуларын түзіну үшін алдымен моносахарид глюкоза оқытылады. Басқа моносахаридтерден нуклеин қышқылдары құрамына кіретін рибоза мен дезоксирибоза оқытылады. Дисахаридтер аса көп қызығушылық туғызбайды. Бірақ полисахаридтердің сатылы гидролизін түсіну үшін маңызды әрі жиі кездесетін дисахарид сахароза беріледі. Фруктозаны глюкоза иземері ретінде қарастыру сахарозаның гидролиздік айырылуын түсінуде қолайлы.

Сабақ тақырыбы: Көмірсулар , глюкоза,фруктоза молекула құрылысы,табиғатта таралуы,қасиеттері,биологиялық маңызы.


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:Көмірсулардың физикалық, химиялык, биологиялық қасиеттері,құрылысы, алынуы мен қолданылуы туралы білімдерін жүйелеу бекіту; танымдық белсенділігін арттыру.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
• Көмірсулар жіктелуін білу және түсіну;
• Көмірсулардың табиғатта кездесуін анықтау;
• Тақырыпқа байланыты маман иелерін білу.
Оқушылардың көбісі:
• Көмірсулар жітелуін білу және түсіну;
Кейбір оқушылар:
• Тақырыпқа байланыты маман иелерін білу.
2. Орта мектепте химияны оқытудың ұйымдастыру түрлері.
Мектептегі оқу жұмысын ұйымдастыру формаларына сабақ, факультативтік сабақтар, топсеруендер, кластан тыс жұмыстар, өндірістік оқу сарамандығы жатады. Химияны оқытудың білім мен тәрбие беру, оқушыларды дамыту міндеттері, ең алдымен, сабақта шешіледі, содан соң басқа формаларында жетілдіріледі және тереңдетіледі. Химия пәнін тереңірек оқып үйренуге байланысты факультатив, қосымша сабақтар ұйымдастырылады. Сабақ- оқытудың сыныптық-сабақтық жүйесінің құрамдас бөлігі. Біздің елімізде оқыту сыныптық-сабақтық деп аталатын жүйе бойынша жүргізіледі. Оқытудың сыныптық-сабақтық жүйесі жалпы білім беретін орта мектептің бірден-бір жүйесі емес, жоғары сыныптарда, жоғары оқу орындарына тән сабақтық дәрістік-семинарлық жүйесі де қалыптасып келеді. Оқытудың жекелеп оқыту формасы, бағдарламалап оқыту формасыда қолданылады.
Үй тапсырмасы оқытудың ұйымдастыру формаларымен тығыз байланысты. Химиядан берілетін үй тапсырмалары әр түрлі: оқу материалын-оқулықтан оқу, жаттығулар орындау, есептер шығару, кестелер сызу, анықтамалармен жұмыс, модельдер құрастыру, тәжірибелерді орындау, оларды байқау, рефераттар дайындау, оны хабарлап айтып беру, қосымша әдебиеттермен жұмыс. Тапсырма барлық оқушыларға бірдей жаппай не сараланып, әр оқушыға жеке дара беріледі. Үй тапсырмасын оқушылардың шығармашылық сипатта өз бетінше дамытатындай етіп беру керек. Оқушыларға тапсырма етіп берілген тақырыптың жоспарын жасау, жауап жазу, негізгіні негізгі еместен айыра білу ескертіледі. Үйтапсырмасын шамадан тыс көп беріп, ауырлатуға болмайды. Химиялық тақырыпта шығарма жаздырып, аспаптар құрастыруды да тапсыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет