1-билет Жаңа педагогикалық технологиялар. Жаңа педагогикалық технология


Қазақ тілі және әдебиеті пәндері бойынша критериалды бағалау, оның түрлері



бет80/134
Дата15.12.2022
өлшемі5.18 Mb.
#467283
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   134
емтихан

2.Қазақ тілі және әдебиеті пәндері бойынша критериалды бағалау, оның түрлері.
Критериалды бағалау – оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың (оқушы, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушының оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс.
«Бағалау» термині «жақын отыру» латын тіліндегі мағынада-бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып,не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы. Критериалды бағалау жүйесінде қолданылатын жалпы ұғымдар — қалыптастырушы және жиынтық бағалау.
Қалыптастырушы бағалау – оқыту үшін бағалау, жиынтық бағалау – оқытуды бағалау болып табылады.
Қалыптастырушы бағалау – бұл білім алушылардың оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен мұғалімдердің қолданатын мәліметтерді іздеу мен түсіндіру үрдісі. Жалпы қалыптастырушы бағалау сабақ жүйесінде жеке қарастырылмайтын, сабақпен қатар жүретін үрдіс. Бағалаудың мәні – бақылау, алынған мәліметтердің интерпретациясы, бұдан арғы іс-әрекеттерді анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау. Ол оқушының жаңа сабақты, тарауды қалай меңгеріп жатқандығын жүйелі түрде бақылап, қадағалап отыру. Жиынтық бақылау жұмысына дейінгі оқушының білім деңгейін қалыптастыру, дамыту, жетілдіру. Қалыптастырушы бағалау жұмысы сабақтың толық бөлігін қамтуы міндетті емес. Ол сабақтың басында , сабақтың ортасында , сабақтың соңғы бөлігінде жүргізіледі.Уақыт көлемі тапсырма деңгейіне сәйкес 5-10 минут болуы мүмкін.
Осы тұрғыда айтатын болсақ, қалыптастырушы бағалау оқушыларды оқытуда тұлғалық бағдарлық оқыту тәсілінің негізгі бөлігі. Сондықтан мұғалімнің орны да өзгереді. Тұлғалық бағдарлық технологиялар оқу үдерісін ұйымдастыруда оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас негізінде іске асуына мүмкіндікашады. Бағалау үздіксіз жүріп отырады да, сапалы нәтижеге жылжу үдерісі бағаланады. Тұлғалық бағдарлық оқыту:оқушыларды оқыту мақсаттары мен бағалау критериялары туралы ақпарат береді; критерияларға негізделген оқушылардың өзін-өзі бағалауы; оқушылардың әрі қарай жасайтын қадамдары мен оның іске асыруын анықтайтын кері байланыс қамтамасыз етеді.Бұл жерде бағалау үздіксіз жүріп жатады да, сапалы нәтижеге жететін процестің өзі бағаланады. Оқушылар өздерінің кемшіліктерін өздері түсініп, анықтай алады да, мұғаліммен бірге шешу жолдарын табады. Ең маңыздысы өз оқуын бақылауы мен бағалауы өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі бақылауына ауысады.
Жиынтық бағалау – оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы) аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет