1. Цифрлық технологиялар жұмысының негізгі прирциптері



бет21/35
Дата16.05.2024
өлшемі0.86 Mb.
#501318
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35
Цкт жауаптары (1)

52.Электронды оқыту - ақпараттық және электронды технологиялар көмегімен оқыту.
Электрондық оқыту жүйесі оқушыларды болашақта барлық қызмет түрлері электронды болатын, ал кәсіби қызмет Интернетсіз, компьютерлерсіз, әлеуметтік және кәсіби желілік қоғамдастықтарсыз болуы мүмкін емес өмірге дайындайды. Электрондық оқыту жүйесімен бірге басқару жүйесі де жаңарады. Мектептер мен колледждерде мектепті, сыныпты, оқытуды, тестілеуді, әлеуметтік өзара қарымқатынасты, психологиялық педагогикалық мониторингті және пәндік білім берудің электрондық әдістемесін басқару жүйесінің технологиялық инфраструктурасы дайындалды. Осы аталғандардың барлығы электрондық оқыту жүйесінің негізгі платформасының құрамдас бөліктері болып табылады. Олар мұғалімдер мен оқушыларға, директорлар мен олардың орынбасарларына, сынып жетекшілері мен психологтарға, медициналық қызметкерлер мен кітапханашыларға арналып компьютерлік бағдарламалар ретінде дайындалған. Электрондық оқытудың компоненттері:

  • мұғалімнің автоматтандырылған жұмыс орны;

  • кез келген уақытта мұғалімдер мен оқушылардың әлемнің үздік білім беру ресурстарына «Online» қол жетімділігі;

  • сандық білім беру ресурстары;

  • автоматтандырылған басқару жүйесі;

  • алғашқы статистикалық ақпараттың автоматтандырылған жинақталуы.

53.Онлайн оқыту - Нақты уақыт режимінде электронды оқыту . Интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы. Адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардың негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Онлайн оқыту сонымен қатар жасанды интеллект пен виртуалды шындықты қолдана отырып, келешек ұрпақты оқытуға мүмкіндік береді және елдегі заманауи цифрлық білім беруді дамытуға серпін береді.


Бүгінгі таңда Қазақстанның ашық университеті (Open University) платформасы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта философия, математика, бағдарламалау, ақпараттық технологиялар және бизнес курстары қолжетімді, сонымен қатар "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы аясында аударылғандардың әзірленген бейне дәрістері орналастырылған. Жоғары оқу орындарының жетекші қазақстандық және шетелдік оқытушыларының онлайн курстарына қолжетімділік тегін.

54Мобильді оқыту - Мобильді құрылғыларды пайдалана отырып оқыту. Мобильді оқыту – дербес қалта құрылғыларын, смартфондар мен мобилді телефондарды оқыту материалдарымен қамтамасыздандыру мүмкіндігі болып табылады. Мобилді және портативті құрылғылардың қолжетімділігі және жаппай таралуының арқасында «алақандағы білім» идеясын жүзеге асыруға болады. Ұялы телефон білім беру материалдары бар ғаламтор сайттарына қол жеткізуді қамтамасыз етеді және қашықтан оқытуда да пайдаланылады. Ең көп таралған ғаламдық желіге қол жеткізу құралы ұялы телефон болып табылады. Электронды оқыту курстары, тесттер, практикалық жаттығулар мен қосымша оқу материалдары (сызбалар, фотосуреттер, аудио және бейне файлдар) бар арнайы сайттарға мобилді құрылғылар арқылы қолжетімділікті ұйымдастыруға болады. Сондай-ақ білім беру мақсатында электрондық поштамен алмасуға және ICQ, QIP жылдам хабар алмасу бағдарламаларының ұялы телефондарға арналған нұсқалары бар. Осылайша, мобилді оқытуда оқытудың барлық кезеңдерінде білім алушы үшін ақпараттық материалдармен алмасудың көптеген мүмкіндіктері қарастырылған, сонымен қатар, ол бүкіл оқу үдерісінде туындаған мәселелерді шешуге және бақылауға көмектеседі. 


55..Аралас оқыту - күндізгі оқыту мен қашықтан оқыту элементтерін кіріктіре отырып оқыту. Аралас оқыту (ағылш. blended learning) - бұл оқытудың дәстүрлі тәсілдері мен заманауи технологияларды біріктіретін білім беру нысаны. Бұл термин "араластыру" дегенді білдіретін ағылшын тілінен шыққан. Кейде оны гибридті деп те атайды.


Аралас оқытуда аудиторияда "тірі" дәрістер, зертханада немесе объектіде практикалық сабақтар, онлайн-семинарлар, вебинарлар, өз бетінше жұмыс істеуге арналған тапсырмалар және офлайн және онлайн сабақтардың басқа да түрлері қатыса алады. Білім беру процесін ұйымдастыратын әр мұғалім немесе компания белгілі бір жағдайда ақпаратты игеру үшін қандай формалардың тиімді болатындығын дербес шешуге құқылы. Бұл blended learning-ті бизнесте жетістікке жетуге көмектесетін білім алудың пайдалы құралы етеді.
Гибридті оқытудағы оқу процесі дәстүрлі және электронды форматтардың ауысуы болып табылады.
Аралас оқыту бірден бірнеше мәселені шешуге мүмкіндік береді:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет