1. Ежелгі сақтардың дүниетанымдық ұстанымдары мен рухани құндылықтары. Жауабы


Ақтамберді жыраудың жырларындағы ұлттық болмыстың, ел намысы мен мақсат-мүддесінің көрініс табуы



бет36/63
Дата12.05.2023
өлшемі148.51 Kb.
#473599
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   63
1. Ежелгі са тарды д ниетанымды станымдары мен рухани ндылы

43. Ақтамберді жыраудың жырларындағы ұлттық болмыстың, ел намысы мен мақсат-мүддесінің көрініс табуы.
Сарыұлы Ақтамберді (1675-1768) атақты жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері. Ұлы жүздің Ошақты руынан. Әкесі Сары мен шешесі Сырбикеден жалғыз туған. Жыраудың «атадан жалғыз туғанның жүрегінің бастары сары да жалқын су болар» деуінде өз өмірінің шындығы бар.
Ақтамберді шығармалары нақыл сөздерге, афоризмдік толғауларға толы. Қазақтың болмысы, тіршілік-тынысы, ерекшеліктері, сол кездегі тарихи оқиғалар оның толғауларынан ерекше айқын көрінеді. Алдаспан жырларынан өрлік пен өміршеңдік, ел тәуелсіздігін ту еткен ерекше отаншылдық рухы басым.Ақтамберді бүкіл ел мүддесін, ру, ата намысы емес, исі қазақтың намысын қуады, елді ерлікке, бірлікке шақырады.
Ақтамберді өзінен бұрын өткен Доспамбет, Шалкиіз дәстүрлерін әрі қарай жалғастырушы болып табылады.
Ақтамберді жырларында көшпелі қазақтардың ой-арманы, мақсат-мүдделері, олардың бар болмысы, ерекшеліктері, дүниеге өзіндік көзқарасы аңғарылады. Бұған жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» деп басталатын ұзақ толғауы дәлел бола алады.
Ақтамберді жыраудың айтуынша, қазақ үшін байлық – малда. Ол «алғидың құба жонына сыймас» ақтылы қой, «көлге түссе, көз жетпес» көк алалы көп жылқы, боздаған даусы күй болып төгілетін сансыз түйе жайлы армандайды, елдің төрт құбыласы тең, үлкен байлыққа кенелуін қалайды. Қазақтар үшін мал асылы жылқы екені белгілі. Жылқының көшпелілер өміріндегі алар орны жайлы Ақтамберді жыраудай толғаған қазақ ақыны жоқ. Ол – еліміздің ұлттық қасиеттерін, қонақжайлығын, үлкенді құрметтеу, кішіні сыйлау, әсіресе отбасының сыйлылығын, берекесін дәріптеп өткен ақын.
Ақтамберді жырау тоқсан үш жасында дүние салыпты. Туған жердің топырағын жастанар алдында айтқан толғауында жырау өзінің өмірлік мақсаты орындалғандығына ризашылдығын білдіре келіп, «батырларша оққа ұшпай, төсекте жатып тек өлгендігіне» өкінеді.
44. Бұқар жыраудың шығармаларындағы қайшылықты заман шындығының көрініс табуы
2016 ж. Ақпан 1 Әдебиет тарихынан елеулі орын алы, артынан өшпес мұра қалдырған 18 ғасыр әдебиетіндегі көрнекті жыраулардың бірі- Бұхар жырау Қалқаманұлы. Халық өмірінің алмағайып-аласапыран, тарихта қалу-қалмауы екіталай кезеңінде тұрмыс кешкен жырау өз толғауларында сол тұстағы көкейкесті, күрделі мәселелерге жауап іздеп, соның бірден-бір жоқшы-жыршысы бола білді. Оның жыр-толғауларының үнемі әлеуметтік өткір мазмұнға құрылып отыруының басты себебі де осыдан. Бұхар жырау- қазақ жыраулар поэзиясының алыбы. Бұхар жырау туралы, оның шығармаларының негізгі сарындары, көркемдік сипаты жөнінде айту- сол дәуірдің поэзичсын тұтас қамтып айту. Бұхар жыраудың поэзиясы бүтін бір халықтың жан-дүние, таным-талғам иірімдеріне жалғасып жатқан құбылыс. Жырау шығармалары жеткізер дүние жеке адамның көріп-біліп, көкірекке түйгенінен әлдеқайда кең жатыр, оның шығармалары- тұтас халықтың сзім-күйі, ой-өрісі, тарихы мен тағдыры. Жыраудың бізге жеткен азды-көпті мұрасын табиғи сипаты жағынан насихат толғау, арнау тоғау, болжау толғау деп үш топқа бөлуге болады. Шығармаларының басым көпшілігін қамтитын насихат толғауларында адамды игілікке тәрбиелеу, бауырмалдылық, адалдық, әділдік мәселелері сөз болады. Жыраудың бір топ жырлары : «Ежелгі дос жау болмас», «Шашырап шыққан қандар көп», «Мырзалық қонаққа пайда,малға қас», «Жар басына қонбаңыз», «Жал құйрығы қаба деп» және тағы басқа толғауларында ел бірлігі, жақсы мен жаман, білімділік пен надандық, жалпы ізгілік сәселелерін қамтиды. Жыраудың бүкіл жыр-толғаулары афоризмдерден өрілген.
Бұхар жыраудың адамды игілікке, әділдікке, ізгілікке тәрбиелейтін адамгершілік мәселесін көтерген нақылға толы толғаулары – оның ұрпағына қалдырған асыл қазынасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет