1. Езулік дауыстылардыњ саны қанша екенін белгілеңіз



бет15/36
Дата05.03.2024
өлшемі1.21 Mb.
#494415
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36
11 Kazak tili 2007

15 нұсқа



1. Омоним болатын сөзді табыңыз.
A) Күндіз.
B) Кірпік.
C) Көктем.
D) Кеш.
E) Керемет.

2. Жалқы есімді табыңыз.
A) Ертіс.
B) Көше.
C) Облыс.
D) Қала.
E) Өзен.

3. “Қырықтарда” – сан есiмнiң қай мағыналық түрi екенін белгілеңіз.
A) Жинақтық.
B) Есептiк.
C) Бөлшектiк.
D) Реттiк.
E) Болжалдық.

4. Етістіњ қанша т‰рі бар екенін белгілеңіз.
A) 7.
B) 6.
C) 5.
D) 3.
E) 4.

5. Мына сөйлемге қай шылау лайық, көрсетіңіз.
Кейбір өсімдіктердің өзінен сүт бөліп шығаратыны ертеден-… белгілі.
A) -ді.
B) -мыс.
C) -ақ.
D) -ай.
E) -ау.

6. Қазақтын төл сөздерінде сөз соңында келмейтін дыбысты белгілеңіз.
A) А.
B) І.
C) О.
D) Е.
E) Ы.

7. Қатаңнан басталып, қатаңға аяқталған сөзді белгілеңіз.
A) Жартас.
B) Төбе.
C) Қазан.
D) Қатар.
E) Солтүстік.

8. Барыс жалғаулы сөзді табыңыз.
A) Далам.
B) Қылышына.
C) Тара.
D) Жағаны.
E) Береке.

9. Сілтеу есімдігі қатысқан сөз тіркесін табыңыз.
A) Биік ағаш.
B) Анау үй.
C) Күз мезгілі.
D) Кейбір оқушы.
E) Әдемі гүл.

10. Сөз тіркесіндегі фразеологизмді табыңыз.
A) Түймені қадады.
B) Ат төбеліндей халық.
C) Сезбей қалу.
D) Құлап қала жаздады.
E) Үйге бару.

11. Берілген сөйлем жай сөйлемнің қай түрі, көрсетіңіз.
Сіз оны білуге тиіссіз.
A) Атаулы.
B) Жақсыз.
C) Жалаң.
D) Салалас.
E) Жақты.

12. Жыртық шапанның өңі жұртта жатқан шүберек тәрізді, сонда да жылуы бар.
Салалас түрін анықтаңыз.
A) Ыңғайлас.
B) Түсіндірмелі.
C) Талғаулы.
D) Қарсылықты.
E) Кезектес.

13. Қаратпа сөзге тән тыныс белгісін анықтаңыз.
Я қарағым айтпағым бар екені рас.
A) Дефис.
B) Нүктелі үтір.
C) Қос нүкте.
D) Сызықша.
E) Үтір.

14. Бастауыштан кейін дұрыс қойылған сызықшаны табыңыз.
A) Көрмес түйені - де көрмес.
B) Көрмес түйені де - көрмес.
C) Көрмес - түйені де - көрмес.
D) Көрмес - түйені де көрмес.
E) Көрмес түйені де көрмес.

15. Сөз ішіндегі ілгерінді ықпалды табыңыз.
A) Әркім, әрқалай.
B) Қорғасын зауыты.
C) Сәрсенбек келді.
D) Ферма маңы.
E) Бауырсақ пісіру.

16. Үндестік заңына бағынбайтын сөзді белгілеңіз.
A) Қосаяқ.
B) Түйеқұс.
C) Асқазан.
D) Тасбақа.
E) Атжалман.

17. Зат есімнен сын есім жасап тұрған жұрнақты табыңыз.
A) Әдеп.
B) Болғандықтан.
C) Қорқақ.
D) Өлкелік.
E) Үстеме.

18. Дара сын есімді көрсетіңіз.
A) Қонымды.
B) Қып-қызыл.
C) Аппақ.
D) Өткір көзді.
E) Көкпеңбек.

19. Мақсат үстеулі тіркесті табыңыз.
A) Бірден сөйледі.
B) Әдейілеп келді.
C) Төмен түсті.
D) Ертең барады.
E) Босқа әуре болма.

20. Еліктеу сөздің сөйлемдегі қызметін белгілеңіз.
Ыза мен ашу қысып, қалш-қалш етеді.
A) Пысықтауыш.
B) Анықтауыш.
C) Баяндауыш.
D) Толықтауыш.
E) Бастауыш.

21. Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз.
A) Тіл-сарқылмас ғылым.
B) Ақылды адам айтқызбай біледі.
C) Япырым-ау, қайда сол күндер.
D) Көп алғысы көгертер.
E) Дұшпанға тастай қатты бол.

22. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған сызықшаны табыңыз.
A) Телефон-автомат бұзылып қалыпты.
B) Еңбек - жан рахаты.
C) Ол мәселені шешіп кетті.
D) Үйде екі-ақ адам отыр.
E) Олар бір-бірлеп келе бастады.

23. Шартты бағыныңқы сөйлемді табыңыз.
A) Жақсы ұстаздық етсең, болашақтан еңбегіңнің жемісін көресің.
B) Мысық ұйықтап жатқанда, тынышын алма.
C) Басқа пәле тілден деген, байқап сөйлескен дұрыс қой.
D) Биылғы қыс суық болған жоқ.
E) “Бұның дұрыс болмады,” - деп әкесі ренжіді.

24. Төл сөзді сөйлемді табыңыз.
A) – Е, біз қайда кетеміз?! – деп, Жетпіс күйіп кетті.
B) Ол даусын соза сөйлеп, өзінің Тайжан екендігін айтты.
C) Арғын, Найман, Керей, Уақ – төрт арыс бас қосыппыз.
D) Өнер алды – қызыл тіл.
E) Қиыншылықты жеңу үшін жігер керек.

25. Диалект болатын сөзді белгілеңіз.
A) Ас.
B) Жедел хат.
C) Шалбар.
D) Ауқат.
E) Демеуші.

26. Сіріңке, тәрелке, кәмпит сөздері қай елдікі, анықтаңыз.
A) Моңғол.
B) Иран.
C) Парсы.
D) Орыс.
E) Араб.

27. Қате жазылған сөзді табыңыз.
A) Съезі.
B) Митингіге.
C) Трестке.
D) Киоскіден.
E) Треске.

28. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз.
A) Тура келем бе, жоқ па оны біліп боларлық емес.
B) Тура келем бе, жоқ па - оны біліп боларлық емес.
C) Тура келем бе, жоқ па, оны біліп боларлық емес?
D) Тура келем бе - жоқ па - оны біліп боларлық емес?
E) Тура келем бе жоқ па оны біліп боларлық емес.

29. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемде алайда, бірақ деген жалғаулықтар түсіп қалса, 2 сөйлем арасына не қойылатынын белгілеңіз.
A) Үтір, дефис.
B) Нүкте.
C) Үтір, сызықша.
D) Үтір.
E) Қос нүкте.

30. «Тезис» - қай елдің сөзі екенін табыңыз.
A) Қазақ.
B) Иран.
C) Грек.
D) Орыс.
E) Араб.










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет