1. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы


Нейронның, жеке талшықтарының құрылысы, қызметі, қозу өткізіу ережелері



бет10/94
Дата28.09.2024
өлшемі0.99 Mb.
#504088
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   94
АЖЖФ сессияя (1) (копия)

13.Нейронның, жеке талшықтарының құрылысы, қызметі, қозу өткізіу ережелері
Жүйке жасушалары немесе нейрондар немесе нейроциттер (гр. neuron, neurokytos; neuron — жүйке, kytos - жасуша) — жүйке ұлпасының негізгі морфологиялық және қызметтік құрылымдық бөлігі.
Жүйке жасушалары — өсінділі жасушалар. Олар нейролеммадан (плазмолемма), нейроплазмадан (цитоплазма), ядродан және жасуша денесінен (перикарион) таралатын өсінділерден құралған.
Нейронның негізгі функциясы - бұл синапс арқылы химиялық немесе электрлік импульстар арқылы ақпарат алмасу (жасушалар арасындағы түйісу). Жүйке жасушаларының өсінділері қызметіне байланысты: дендрит және аксон (нейрит) болып екіге бөлінеді. Нейроциттер дендриттері қозуды сыртқы орта немесе организмнің ішкі орта әсерлерінен, басқа нейроциттерден қабылдап, жүйке толқындарын (импульстерін) нейроцит денесіне, ал аксон — жүйке толқынын нейроцит перикарионынан басқа нейроциттерге немесе орындаушы мүшелерге өткізеді.

Нейрондар бір-бірімен синапстар арқылы байланысады. Синапстар арқылы қозу бір нейроннан екінші нейронға, бұлшық етке немесе бездерге өтеді. Синапс 3 бөлімнен тұрады: пресинапстық (синапстың алдындағы), синапс саңылауы және постсинапстық (синапстың соңындағы) бөлімдер. Синапстар арқылы қозу өтудің екі механизмін айырады: электрлік және химиялық. Ең көп тарағаны химиялық синапстар, содан соң –электрлік синапстар, ең азы – аралас
синапстар. Импульс пресинапс арқылы келеді. Жасуша сыртындағы импульс аксондарға берілген кезде, жасуша сыртындағы оң заряд Натрий иондары жасуша ішіне енеді. Сол кезде жасуша ішінде толықтай оң заряд болады. Осы оң заряд толтырылған кезде Пресинапстық аймақта Кальций өзіңің грануласынан жарылып шығады. Кальций грануладан жарылып шыққаннан кейін пресинапстық аймаққа барып сол жердегі медиаторлар жиналған резикулаларды жарып жібереді, оның ішінде әртүрлі медиаторлар бөлінеді. Мысалы: ацетилхолин, катехоламин. Осы медиаторлар әртүрлі синапстарда орналасады. Кальций жарылған кезде осы медиаторлар жиналған резикуаланы жарып жібереді. Сол кезде медиаторлар пресинапстық аймақтан синаптикалық аймаққа шығарылады. Медиаторлар барып постсинапстағы рецепторларға әсер етеді, сол кезде импульс келесі талшыққа беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет