Үлкен ми сыңарларының қатпарлары ми қыртысының көлемін ұлғайтады. Сезу - қимыл аймағы маңдай, төбе бөліктерінде орналасқан. Мұнда аяқ, тұлға, қол, мойын, тіл, бет, ерінді қозғалту және сөйлеу орталығы болады. Көру аймағы - шүйде бөлігінде, одан көру жүйкелері арқылы козу өтеді. Есту аймағы - самай бөлігінде; дәм сезу, иіс сезу аймағы - маңдай бөлігінің ішкі жағында. Артқы орталық қатпарда - тері, буын-бұлшықет, сезу аймағы бар. Денеге ыстық, суықпен әсер еткенде қайтаратын жауабы (қолды тартып алу) осы аймаққа байланысты.
18.Қан қысымы, оны анықтау әдістері.
Қан қысымы — қан тамырларының (күре тамырлар мен көктамырлардың) қабырғаларына түсетін күш немесе қан қысымы: адамның жасы мен денсаулығына байланысты болады.Ол қантамырларда бірдей болмайды . Қан қысымы артерияларда ,әсіресе ,қолқада барынша жоғары болады . Қан жүректен алыстаған сайын қысым да азаяды. Қан қысымы каппилярларға жеткенше төмендеп , веналарда ,әсіресе, жоғары және төменгі қуысты веналарда ең төмен болады. Ең жоғары қысым ( с.б.б 110-120мм ) систоликалық ол қарыншалардың систоласы жиырылуы кезінде байқалады . Ең төменгі қысым ( с.б.б 60-80 ) диастоликалық ол қарыншалардың диастоласы босаңсуы кезінде байқалады . Тонометр - қан қысымын (ҚҚ) өлшейтін құрылғы. Адамның қалыпты қысымы 120 және 80 мм Hg (систолалық және диастолалық). Әр адамның жеке қысымы бар, ол нормадан 10 мм Hg айырмашылығы болуы мүмкін.
Қысымды өлшеуге арналған құрылғының үлгісіне байланысты бірнеше диагностикалық әдістер бар: осциллометриялық әдіс және Коротков әдісі. Бірінші әдіс заманауи - электронды құрылғының арқасында деректер экранда көрсетіледі. Екінші әдіс - механикалық құрылғы (фонендоскоп) көмегімен импульсті тыңдау.
Автоматты қан қысымын өлшейтін құралдар
Автоматты қан қысымын өлшегіштер иық манжеттерімен, білезік манжеттерімен және саусаққа бекітілгендерімен қол жетімді.
Жартылай автоматты тонометр
Бұл құрылғыда манжет арнайы лампаның көмегімен қолмен ауамен толтырылады. Соққылардың саны автоматты механизммен анықталады және нәтижелер тонометрдің алдыңғы нұсқасындағыдай электронды дисплейде көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |