И.П.Павлов барлық рефлекстерді шартты және шартсыз рефлекстер деп екіге бөлді.
Шартты және шартсыз рефлекстердің айырмашылығы
Шартсыз рефлекс
|
Шартты рефлекс
|
1 Туа пайда болған
|
1. Жүре пайда болған
|
2. Тұқым қуалайды
|
2. Тұқым қуаламайды
|
3. Рефлекторлық доғасы жүйке жүйесінің төменгі дәрежедегі жұлын, сопақша ми секілді бөлімдері арқылы қалыптасады
|
3. Рефлекторлық доғасы ми сыңарларының қыртысында қалыптасады.
|
4. Шартсыз рефлекс қалыптасу үшін қосымша жағдайлар қажет емес
|
4. Қажет
|
Шартты рефлекстердің түрлері. Шартты рефлекстер рецепторлардың тітіркенуіне және пайда болатын қызметіне байланысты, қозу мен тежелуге байланысты бірнеше түрге бөлінеді.
Тітіркенетін рецепторларына байланысты төмендегідей бөлінеді:
1. Экстрорецепті шартты рефлекстер шартты тітіркендіргіштер сыртқы сезім мүшелеріне әсер еткенде пайда болады: көзге, құлаққа, иіс және дәм сезу мүшелеріне, тері рецепторына.
2. Проприорецепті шартты рефлекстер қаңқа бұлшықеттерін тітіркендіргенде пайда болады.Сонымен қатар, теңдік рефлекстер жатады.
3. Интерорецепті шартты рефлекстер ішкі мүшелерді тітіркендіргенде пайда болады. Қанға химиялық заттарды жібергенде туатын автоматты шартты рефлекстер жатады.Ондай жағдайда ішкі рецепторлар тітіркеніп,ОЖЖ тікелей әсер етеді.
Ес физиологиялық тұрғыдан қарағанда 3 бөліктен тұрады: ақпаратты қабылдау, оны сақтау және мезгілінде қайтадан жаңғыртуСыртқы ортаның мәліметтері адам миына жан жақты келеді; көру, есту, сөз, тері, иіс, дәм сезімдері.Олардың бәрі талданып, қабылданып, талқыланып,қажетісі ғана есте сақталады. Еске сақтау әдістеріне қарай ес: механикалық және саналы, ерікті және еріксіз деп бөлінеді.
Мәліметті сақтау мерзіміне қарай ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді ес деп бөлінеді.
Қысқа мерзімді ес жүйке импульстарының нейрондар тізбегі бойымен өтіп,
ұзақ мерзімді еске айналады, яғни мәлімет сақталып нығаяды.
Ұзақ мерзімді ес РНК мен ДНКда программаланады.
Қысқа мерзімді ес балада 3-4 айдан кейін іске қосылады. Баланың жасы ұлғайған сайын еске сақтау мерзімі артады: 2 жаста бірнеше айға, 4 жаста бір жылдан аса, 5 жаста өмір бойына еске сақтай алады.
7 жасқа дейін еріксіз еске сақтау қабілеті, одан әрі қарай ерікті еске айналады. Ер балалардың есі 10 жастан бастап, ал қыз балаларда 11-14 жаста жақсы дамиды Адамның есі 20-25 жасқа дейін қалыптасып дамиды. Оны дұрыс дамыту үшін жаттықтырудың маңызы зор.Неғұрлым көп оқып, білуге ынталанған баланың есте сақтау қабілеті жоғары болады
Достарыңызбен бөлісу: |