1. Жалпы мәлімет


Ой екпіні – сөйлем ішіндегі бір сөзді оқшаулап, даралап бөліп айту. Ой екпіні түсетін сөз көбінесе баяндауыштың



бет25/118
Дата04.09.2022
өлшемі3.28 Mb.
#460215
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   118
Тіл біліміне кіріспе-кешен

Ой екпінісөйлем ішіндегі бір сөзді оқшаулап, даралап бөліп айту. Ой екпіні түсетін сөз көбінесе баяндауыштың алдында тұрады. Мысалы, Тілектің әкесі ертең Астанадан келеді. Ертең Астанадан Тілектің әкесі келеді. Тілектің әкесі Астанадан ертең келеді.
Бірнеше сөздің тізбектеліп келіп бір ғана екпінге ие болуы тіркес екпіні деп аталады. Мысалы, ар-ұждан, ұзын бойлы, үнсіз қалды, қоңыр ала, төбе шашы тік тұрды, құлақ қой, т.б.
Бір сөздің ішіндегі бір дыбысты көтеріп, созып айту дыбыс екпіні деп аталады. Дыбыс екпіні қуанышты көңіл күйді білдіргенде дауысты дыбысқа түседі: тама-ша-а, жара-а-йсың, т.б. Ренжу, қынжылу сезімін білдіргенде дауыссыз дыбысқа түседі: отыр-р-р, тоқт-тат, ж-жап есікті, т.б.
Екпін мен интонация тәсілі. Екпін, негізінен, фонетикалық құбылыс. Екпін дегеніміз – сөз немесе сөз тіркесі құрамындағы белгілі бір буынның ерекше бір үнмен айтылуы. Сөз ішіндегі бір буын басқалардан айқынырақ, көтеріңкі және созылыңқы үнмен айтылады. Сөз ішінде екпін түскен буын екпінді буын деп аталады. Тіл-тілде екпін, негізінен, 3 түрлі болып келеді: динамикалы (лебізді) екпін, музыкалды екпін, квантативті (немесе сандық) екпін. Динамикалы екпін бір сөзді айтқанда, ауаның қарқыны мен екпін тускен буын күшіне байланысты болып келеді. Қазіргі қазақ, орыс, ағылшын, неміс, франсуз тілдері, негізінен, динамикалық екпінді тілдер. Музыкалды екпін сөз ішіндегі бір буынның айтылу тонын, үн-әуеннің ырғағы арқылы ерекшеленеді. Қазіргі қытай, корей, жапон, таи тілдері – музыкалды екпінді тілдер. Квантативті екпін сөздегі буын құрушы дауысты дыбыстың созылыңқы айтылуы арқылы ерекшеленеді. Қазіргі грек тілі – квантативті екпінді тіл. Тіл-тілде екпін тұрақты және жылжымалы болып келеді. Мәселен, қазақ тілі – тұрақты екпінді тіл. Қазақ және басқа түркі тілдерінде екпін, негізінен, сөз түбірінің соңғы буынына түседі; бала – балалық – баласың; біл – білім – білімді, білімділік т.б. Орыс тілі – жылжымалы екпінді тіл. Орыс тілінде екпін сөздің кез-келген буынына түсе береді: домик (бірінші буында), дома ( екінші буында), домовладение (төртінші буында). Қазақ тілінде негізгі екпін сөз түбірінің соңғы буынына түседі дедік. Сондықтан қазақ тілінде екпін – грамматикалық мағына білдірудің өнімді тәсілі емес. Екпін – сөйлеу тактысында, яғни жеке бір синтагмаға немесе фраза құрамындағы синтагмаға да байланысты құбылыс. Екпін сөз ішіндегі белгілі бір буынды айтқанда, дауыстың көтеріле түсуіне, дауыс, үн-әуеннің құбылуына, дауыстың қаттырақ шығуына т. б. байланысты сөз мағынасына әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   118




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет