1 Жер ресурстарын басқарудың теориялық негіздері



бет1/7
Дата20.09.2022
өлшемі1.24 Mb.
#461031
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7
Саметова К. ҚР ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ


Қалаларда жер пайдалану мәселелері ауыл шаруашылығы, орман және су қоры жерлерін ұтымды пайдалану сияқты проблемалары өзекті және өткір болып табылады. Бұл, ең алдымен, шектеулі аумақта халықтың, өнеркәсіптің, мәдени және тұрмыстық нысандардың көп шоғырлануына байланысты. Айтарлықтай материалдық ресурстарға және қаланың жоғары зияткерлік әлеуетіне ие бола отырып, жылдам экономикалық даму үшін инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты ҚР қалаларындағы жер ресурстарын басқаруды зерттеу, сондай-ақ ұсынылған басқарушылық шешімдер есебінен қалалардың экономикалық тиімділігін арттыру болып табылады.
Бұл жұмыстың объектісі Қазақстан Республикасының қалаларының жер ресурстары болып табылады.
Дипломдық жұмысты орындау барысында келесі міндеттер шешіледі:
- Жер ресурстарын басқарудың теориялық негіздерін зерттеу;
- Қазақстан қалалары мен жергілікті аймақтағы жер ресурстарының бөліну санаттарын талдау;
- Нұр-Сұлтан қаласының жер ресурстарының әлеуетін талдау;
- Мемлекеттің аграрлық секторында жер ресурстарын пайдаланудағы проблемаларын анықтау;
- Нұр-Сұлтан қаласының жер ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру жолдарын ұсыну.
Зерттеу пәні -елді мекендегі жер ресурстарын басқару жүйесі.
Жұмысты жазу барысында келесі ақпарат көздері пайдаланылды: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Жер Кодексі, жер қатынастарын реттейтін нормативтік құжаттар. Сонымен қатар, оқулықтар, мерзімді басылымдар, интернет құралдары қолданылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы жұмыс мазмұнынан, кіріспеден және екі тарау мен бөлімшелерден, қортыныды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


1 Жер ресурстарын басқарудың теориялық негіздері


1.1 Жер ресурстарын тиімді басқару және қорғау

Қазіргі заманғы жағдайда пайдалы казбалар қорының тозуы, тұщы сулардың азаюы, өсімдік және жануарлар әлемінің ресурстарының азаюы, табиғи ортаның үлкен масштабта ластануы өзекті проблемаларағ айналып отыр. Табиғи ресурстардың сапасы мен санына әрбір елдің экономика деңгейі мен дамуы көптен- көп тәуелді. Сондықтан табиғи ресрустарды қорғау және оларды тиімді пайдалану қоршаған ортаны қорғау жүйесінде маңызды орын алып отыр. Табиғи ресурстар әртүрлі 3 топқа бөлінеді. Сарқылмайтын қорларға-ғарыш, ауа, су қорлары жатады. Ғарыш қорларына- күн сәулесінің радияциясы, теңіз тартылуы мен тасуы жатады. Ауа-райы қорларына- атсосферадағы ауа, жел энергиясы, жауын- шашын жатады. Су қорларына-жер бетіндегі су көздері жатады.


а) Жер беті қорларының ең басты бөлігіне топырақ жатады. Топырақ құрамы өте күрделі. Онда минералдық заттар, түрлі организмді заттар, микроорганизмдер кездеседі. Жер бетінің толық ауданы 510 млн. км2, құрлыққа тиесілі үлесі-149 млн. км2 (29,2%).
б) Орман қорлары сарқылатын және салыстырмалы жаңғыратын қорлар жатады. Орман ағаштарының қоршаған ортаның жақсаруына, су мен жер қорларының жақсы сақталуына тигізетін әсер мол. Жер бетіндегі ағаштар 100 млрд. Тонна фитомасса түзсе, оның ішінде құрлық бетіндегі көк жамылғы 64 млрд. тонна, ал орман ағаштары 38 млрд. тонна (60%) құрайды.
в) Минералдық қорлар-мұнай, газ, тас көмір, кен көздері және жер асты сулары жатады. Бұлардың барлығы сарқылатын қор түрінде жатады. Сонымен, минералдық қорларды:
1) металл қорлары.
2) металл емес қорлар деп бөлеміз. Кейбір минералдық заттар адам тіршілігіне ауа мен судай қажет. Мысалы, ас тұзы, ізбес, құм, фосфори, калий тұздары т.б. Бұларға қарағанда, металл және мұнай- газ кен көндерінен шикі зат өндіру қарқыны жыл сайын арта түседі. Мысалы: соңғы 100 жыл ішінде- көмір, темір, марганец және никельді пайдалану мен өндіру 200-1000 есе артты. Бұл қорлар литосфераның 17 км. Тереңдікке дейінгі қабатын алып жатыр.
г) Энергетикалық қорлардың жаңғырмайтын қатарына- көмір, мұнай-газ, торф, сутегі, гелий, литийлер, ал жаңғыратын түрлеріне-фотосинтез өнімдерінің энергиясы, гидроэнергия, булану және жауын-шашын энергиясы, жел энергиясы, жылу энергиясының түрлері жатады. Су қорлары. Су қоры деген ұғымды, тұщы су мөлшерінің қоры деп түсінген дұрыс. Адамзат тіршілігінде көп пайдаланатыны-өзен сулар. Су жүйелеріндегі су мөлшерінің толық қалпына келуі немесе жаңғыру мерзімі әртүрлі.
Топырақ –жер беті организмдері мен тау қыртыстарының әр түрлі климатта, аймақ рельфі мен адамның шаруашылық әрекетінің қарым-қатынасының ерекше полифункциональды жүйесі.
Бүгінгі күні адам баласы 98%-н астам азық –түлікті жер пайдалану арқылы алады. 21 ғасырдан бастап топырақ, табиғи және антропогендік факторлардың қарым-қатынасының ерекше жүйесі ретінде, қоғам және табиғат өмірінде үлкен орын алады.
Азық- түліктің, экологиялық қауіпсіздік және тұрақты даму жерді тиімді пайдаланусыз мүмкін емес.
Азық-түліктік қауіпсіздікті орындаудағы басты шарт топырақ құнарлығын көтеру және ауыл шаруашылық мәдениеттер мен жануарлардың өнімділігін арттыру болып табылады.
Өткен ғасырдан басталған топырақтың антропогендік деградациялануы топырқты қорғау, құнарлығын көтеру және ұдайы өндірісті жаңарту өзекті проблема болып отыр. БҰҰ қоршаған орта және тұрақты даму конференциясының (РИО-де-Жанейро, 1992) құжжарында жер аумағының топырақ қабатының деградациялануы дәрежесі бойынша келесі мәліметтер берілген: деградацияның шеткі дәрежесі-1%, күшті-15%, орташа-46% және жеңіл-36%. Топырақтың деградациялану процесі әлемдегі гумидті және аридті зоналарда кеінен таралған.
Ғылыми болжамдар бойынша республикамызда суармалы жердің аумағын 2 млн. Гектардан 3,5 млн. Гектарға жеткізуге мүмкіндік бар. Сортаң жерлерді өңдеп жайылдымға, тіпті егістікке айналдыруға болады. Сөйтіп жайылым ауданын 7,1 млн. Гектарға арттыру мүмкіндік бар. Бүлінген жерлерді ұдайы қалпына келтіріп отыру керек. Есептеулар бойынша жыл сайын 15-16 млн. Гектар бүлінген жерлер оңдалуы тиіс.
Жердің ерекше қасиеті-топырақтың құнарлылығы. Топырақтың құнарлығы көптеген микроорганизмдердің қатысуымен өздігінен қалпына келеді, бірақ оған ұзақ уақыт керек. 2,5 см құнарлы топырақ қабаты қалыптасу үшін 100 жыл, бір қалыпты температурада 90 см топырақ қабаты жасалу үшін 16 мың жыл керек екен. Топырақтың құнарлы қабатының қалыптасуына сыртқы ортаның факторлары (ыстық, суық, жел, ылғал, күн, т.б) әсер етеді.
Топырақтың құнарлығының өзгеруіне адамдар әрекеті де әсер етеді. Ғылыми тұрғыдан әрекет жасаса, топырақ құнарлығын арттырады, ал жауапсыздықпен қарайтын болса, топырақ құнарлылығын төмендетеді немесе жойып жібереді. Топырақ құнарлығын, жерді пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі негізгі агрономиялық, арготехникалық, агромелиоративтік, ұйымдастырушылық шаралар мыналар:
1. Топырақты эрозиядан (азудан) қорғау. Эрозияның негізгі үш түрлі бер: жел, су және техникалық. Тегіс емес, тақыр жерлерде жауын-шашын топырақтың құнарлы қабатын жуып кетеді. Ормансыз ашық жерлер, әсіресе өнімділігі құртылған (жыртылған) жерлер жел эрозиясына ұшырайды, топырақтың құнарлы қабатын жел ұшырып кетеді. Жерді ауыр техникамен өңдеу, жылма-жыл бір дақылды егу, техниканың жолсыз жерлермен жүруі топырақ эрозиясын күшейтеді.
Шөл және шөлейт аймақтардамаусымдық пайдалану тәртібін сақтамай шамадан тыс мал жаю, техникалардың жүруі өсімдіктердің әсіресе құнды өсімдіктердің жойылуын тудырып отыр. Беті ашылған топырақ жел, күн, су эрозиясына ұшырайды, бұл қауіптен қорғаудың басты жолы тоғайлар өсіру, суландыру, реттеп пайдалану. Топырақты эрозиядан қорғау үшін жер ерекшелігін, ауа райын, эрозиялық құбылыстың жылдамдығын ескере отырып мынадай шаралар қолданылады:
- ұйымдастырушылық шаралары- айналмалы егістік, жайылымдарды дұрыс пайдалану, суландыру, жерді пайдалану құрылымын жақсарту;
- агротехникалық шаралар- жерді топырақтың түріне, қасиетіне сәйкес өңдеу, тыңайтқыш беру, арам шөптерді отау, зиянкестермен күресу және т.б.;
- егістіктің айналасына қоршаған ормандар өсіру, ыстар жүргізіледі.
6. Топырақты уланудан қорғау-пестицид, гербицид, тыңайтқыштар қолдану мөлшерін реттеу, өндіру, тұрмыс қалдықтарынынан қорғау, санитарлық сауқтыру шаралары болып табылады.
7. Құрылыс, жол салу, жер қойнауын барлау, пайдалы қазбаларды өндіру, қалдықтарды орналастыру нәтижесінде бүлінген жерлерді қалпына келтіру (рекультивация) республикамыздың жер қорын едәуір жақсартады.
8. Егістік құнарлы жерлердің ауыл шаруашылық айналымнан шығарылуын болдырмау шаралары заңдастыруды талап етеді. Соңғы жылдары әр түрлі құрылысқа, саяжайға, жолдарға, сауда орындарына, егістікке қолайлы, құнарлы тегіс жерлерді, ормандарды бөлу кең етек жайып келеді. Оны заңдастырып тоқтату қажет –ақ.
Аталған жұмыстар арнаулы ғылымдар саласындағы жетістіктерге сүйеніп жүргізіледі. Соныемен қатар бұлар экономикалық шаралар болып табылады. Өйткені жұмсалатын ұаржы, материалдық шығындарды есептеп, шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау қажет. Жерді қорғау, тиімді пайдалану шараларын жүзеге асыру үшін экономикалық есептеулер, бағалаулар жүргізіледі. Жердің құндылығын бағалау, қалпына келтіру, қорғау, жақсарту шығындарын анықтау, жерді нарықтық қарым-қатынасқа қосу, т.б. экономикалық есептеулерді, бағалауды талап етеді.
Жер қоры халқымыздың ең басты ұлттық байлығы, соныдқтан оның құндылығы ақшалай бағаланып, ұлттық байлықтың құрамында есептеледі. Жер иеленген, пайдалануға, жалға беріледі, жер несиеге кепілдік болады, жер пайдаланушылардан салық, т.б. төлемдер алынады, осының барлығының шамасын анықтау негізінде жердің құндылығы – экономикалық бағалау жатады.
Барлық табиғат байлықтары сияқты жерді экономикалық бағалау негізі үш түрлі қызмет атқарады:

  1. Есептеу. Жер ұлттық байлық ретінде, аймақтардың, кәсіпорындардың, жеке жер иеленушілермен жер пайдаланушылардың өнідірістік – материалдық қоры ретінде есептеледі. Жер өндірістің, басқа да құрылымдардың, тұрғын үйлердің, т.б. орналасқан орны, шаруашылық орны ретінде де есептеу алынады.

  2. Жер қорын тиімді пайдалануға экононмикалық ынталандыру үшін оның бағасы болуы керек және сол арқылы нарықтық қарым – қатынасқа қосылады.

  3. Жер бөлімшелерінің сапалық қасиеттері - өнімділігі, орналасу тиімділігі әр түрлі. Құнарлы, тиімді жерлер жеткіліксіз, сондықтан өнімділігі, тиімділігі төмен жерлер де пайдаланылады және жұмсалған еңбектеріне қарамай жақсы пайдаланушылар қосымша пайда табады. Тиімділігіне байланысты әр түрлі жер бөлімшелері әртүрлі бағаланып, жер пайдаланушыларға біркелкі жағдай туғызады. Сонымен тиімділігі төмен, бірақ халық шаруашылық тұрғыдан қажетті жерлерді пайдалану ынталантырылады.

Жер қорын экономикалық бағалаудың барлық қызметтері бір – бірімен тығыз байланысты, жалпы жерді қорғауға, тиімді пайдалануға қызмет етеді.



Жер ресурсын басқарудың негізгі әдістері




Мемлекеттік жер мониторингі

Жерге орналастыру



Мемлекеттік жер кадастры

1-сурет. Жер ресурстарын басқарудың негізгі әдістері


Ескерту:[8] дерек көзінен алынды.

Мемлекеттiк жер кадастры Қазақстан Республикасы жерiнiң табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерiнiң орналасқан жерi, нысаналы пайдаланылуы, мөлшерi мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерiнiң кадастрлық құны туралы мәлiметтердiң, өзге де қажеттi мәлiметтердiң жүйесi болып табылады.


Жер мониторингi болып жатқан өзгерiстердi уақтылы анықтау, оларды бағалау, одан әрi дамуын болжау және керi әсерi бар процестердi болдырмау мен оның зардаптарын жою жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында жүргiзiлетiн жер қорының сапалық және мөлшерлiк жай-күйiн базалық (бастапқы), жедел, мерзiмдi байқау жүйесiн бiлдiредi.
Жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге, жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралар жүйесi болып табылады.
Жер пайдалану құқығының түрлері:
1) тұрақты немесе уақытша;
2) өтеулі немесе өтеусіз.
Уақытша: 5 жылға дейін өтеусіз және өтеулі болуы мүмкін:
- ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін)
- қысқа мерзімді (5 жылға дейін).
Нормативтік құжаттар:
- Қазақстан Республикасының Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі (өзгерістер мен толықтырулар 01.03.2022);
- «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VI Кодексі (2022.07.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен).
МЖКААЖ жер ресурстарын басқарудың барлық ауқымын жоғары өнімді құрудың негізгі мақсаты компьютерлік, жер кадастрын жүргізудің түбегейлі, жаңа тәсілдері технологиясын пайдаланып мен түрлеріне көшу болып табылады. МЖКААЖ жер ресурстары туралы ақпаратты жинайды, тиісті мәліметтер базаларында сақтайды. Оларды барлық деңгейдегі кәсіпорындар, тиісті министрлік және пайдаланады. МЖКААЖ – ол күрделі, көпнысаналы, көп ведомстволар қызметті, үздіксіз дамып жатқан ұйымдастыру-технологиялық жүйе. Оған:
Жер процестерінің ресурстарын басқару мүмкіндігінше толық ақпараттарын;
Басқарудың барлық деңгейлері бойынша ақпараттың өте қысқа уақытта өтуі;
Жер пайдалану жерлердің жоғары ұйымшылдығы;
Басқаралатын жүйеде/жер жүйесін басқарушы мониторингі/болатын барлық өзгерістерді дер кезінде тауып, есепке алу;
Жер ресурстарын мемлекеттен басқару мақсатына бөлінетін қаржыларды нәтижелі пайдалану мүмкіндіктері кіреді.
ҚР Министрлер Кабинетінің 19.02.2012ж. № 120 “Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттігінің мәселелері” Қаулысымен белгіленгендей, Қазақстан Республикасы Агенттігінің негізгі міндеттеріне:

  • Жер ресурстарын басқару мен жер қатынастарын реттеу, геодезия және картография саласында біртұтас мемлекеттік саясат жүргізу;

  • Жер реформасын жүргізу бойынша жұмыстар ұйымдастыру мен іске асыру, оның ғылыми, кадрлық және әдістемелік қамтамасыздығы, жерге орналастыру, геодезия және картография жөніндегі шараларды дайындау және орындау;

  • Белгіленген тәртіпте жер мониторингін, мемлекеттік жер кадастрын ұйымдастыру және жүргізу;

  • Қазақстан Республикасы жер ресурстарының жай-күйі туралы мәліметтер банкін құру және жүргізу;

  • Жерді аймақтарға бөлуді жүргізу;

  • Белгіленген тәртіпте жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жүргізу;

  • Мемлекеттік геодезиялық бақылау жүргізу мен тиісті ақпараттарды қорғау.

1 Кесте – Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның (Агенттіктің) және оның жергілікті жерлердегі органдарының құзыреті.





Құзыреті

Ескерту

Агенттік пен оның органдарының жаңа құзыреттері

1. жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуді лицензиялау;

Агенттік

2. жерді аймақтарға бөлу жұмыстарын ұйымдастыру;

Агенттіктің барлық органы

3. мемлекет сататын немесе жер пайдалануға беретін жер жеке меншікке учаскелерінің бағалау құнын анықтау;

Облыстық, аудандық, қалалық органдар, кадастрлық филиалдар

4. жер бөлінетіндігучаскелерінің і мен бөлінбейтіндігін айқындау;

Осылар

5. пайдаланылмай жатқан жер мен заңдарды бұза отырып пайдаланылып жүрген жерді анықтау;

Жер инспекциялары және басқа органдар

6. заң бұзушылықты жою жөнінде шаралар қолдану;

Осылар

7. жерді пайдалану қатысты республикалық, мен қорғау мәселелеріне облыстық, аудандық бағдарламаларға, схемалар мен жобаларға сараптама жүргізу;

Агенттік, облыс-тық органдар, Мемжерғылөн-орталығы

8. жер заңдары құрылысты, пайдалы қазбалар кен орындарын бұзылған жағдайда қазуды, геологиялық-барлау және басқа да жұмыстарды жүргізуді тоқтата тұру;

Агенттік, аумақтық органдар, инспекциялар

9. анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі, орындалуы міндетті жер заңдарын нұсқамалар беру;

Осылар

10. жер заңдары саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау.

Осылар

Ескерту:[9,10] дерек көзінен алынды.

1 - кестеде жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның (Агенттіктің) және оның жергілікті жерлердегі органдарының құзыретілігін көруге болады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет