МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.........................................................................................................4
1 САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1Салық қызметін ұйымдастыру принциптері, құрамы, құрылымы..............6
-
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі салық комитетінің қызметі ...........13
-
Жергілікті салық органдарының қызметі ............16
2 САЛЫҚ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1 Республикалық бюджет деңгейінде салықтық түсімдерді талдау..........23
2.2 Салықтармен бюджетке төленетін басқа міндетті
төлемдердің түсуінің қазіргі жағдайын талдау (ОҚО мысалы негізінде)
..........................................................................................................................29
3 САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН
ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Салық органдарының қызметін жетілдірудегі шетел тәжірибесі .......................................................................................................................47.
3.2 Салық органдарының қызметінің тиімділігін арттырудағы мәселелер және оны шешу жолдары.............................................................................54
ҚОРЫТЫНДЫ ............................................................................................. 58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................... 59
КІРІСПЕ
Нарықтық қатынастардың даму жағдайында экономикалық реформалаудың негізгі міндеттерінің бірі тиімді салық механизмін қалыптастыру болып табылады. Салық механизмі әр деңгейдегі бюджеттің кірісін толтыру мәселелерін шешіп қана қоймай, сонымен бірге әрбір шаруашылық субъектілерінің не болмаса барлық экономиканың бүтіндей дамуына ықпал етеді.
Салық органдарының қызметінің маңызды элементі салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің ел қазынасына уақтылы және толық түсуіне бақылау жасау. Сондықтан да салық органдарының бақылау қызметін жетілдіру күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе болып табылады.
Бюджет толықтырудың басты көзі салықтан түсетін түсім екені белгілі. Сол себептен республикалық салық қызметінің мемлекет бюджетін толықтыру бағытындағы жүмыстарының тимділігін арттыру қажет.
Қазіргі уақытта елімізде салықтық реформа жүргізілуде. Ал салық реформасын табысты түрде жүзеге асыру барысында, салық органдарының бақылау - экономикалық қызметінің мәнісі күшеюде.
Салықтық бақылауды тек қана салықтардың толық және уақытылы түсуіне бақылауға әкеліп тіреуге болмайды. Өзінің кең мағыналығында салықтық бақылау - салық заңдарының орындалуына бақылау болып табылады. Салықтың уақытылы жиналып, салық заңдарының орындалуы, салықтық бақылауды өз деңгейінде болу үшін салық төлеушілер мен салық жинаушылар арасында рухани мәдениетті қалыптастыру керек.
Егемен Қазақстанның даму жағдайында жаңа принциптерді қүру және енгізу кезінде, оның ішінде салық салуды қоса алғанда, үкімет алдында шешілетін сүрақтар түрды. Соның ішінде экономикалық, әлеуметтік және басқа да мөселелерді шешу үшін қажетті қаржы көлемімен мемлекетті толық қамтамасыз ету барлық кезеңнің, бар халықтың басты мәселесі болып келеді. Бүгінгі жағдайда салықтық түсімдерді көбейту мәселесін салықтық бақылау жүргізу ісін жетілдіру арқылы шешуге болады. Салықтар мен бюджетке түсетін төлемдерді жинау жұмысын ұтымды ұйымдастырмай, барлық фискалдық органдар бірлесіп қызмет етпей, мемлекеттік қазынаны жүйелі түрде толтырып отыруға қол жеткізу қиын.
Жалпы барлық мемлекеттік мәселелерді шешу түптеп келгенде әрбір қазақстандықтың әлеуметтік жағдайының өсуі салық қызметі жмысының сапалылығына тікелей байланысты. Сондықтан салық саясатын жүргізуде отандық тауар өндірушілерді мемлекет тарапынан қолдау және секторлардың жедел дамуына жағдай жасау, яғни мемлекет пен салық төлеушілердің талап тілегімен ортақтасуы қажет.
Диплом жұмысын жазудағы мақсатым аумақтық салық органдарының қызметін жүргізудегі мәселелердің шешу жолдарын және салық қызметінің тиімділігін анықтау болып табылады.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде салық органдарының қызметін ұйымдастырудың құқықтық негіздері қарастырылған.
Екінші бөлімінде салықтардың түсімін республикалық және жергілікті деңгейлерде экономикалық талдау жасалынған. Ал, үшінші бөлімінде салық органдарының қызметін ұйымдастырудағы шетел тәжірибелері және олардың тиімділігін арттыру жолдары қамтылған.
1 САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Салық қызметін ұйымдастыру принциптері, құрамы, құрылымы
Алғашқыда 1991 жылдың 9 шілдесінде Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығымен Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістерді басқару шеңберінде Бас Мемлекеттік салық Инспекциясы құрылады. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында мемлекеттік салық инспекциясы және салықтық саясаттың мазмұнынан ғана емес, оны жүргізу тәртібі мен әдістерін түбегейлі өзгерту қажет болды.
Қазақстанда салық қызметін дамыту, ұйымдастыру мақсатында көптеген қиындықтарға, атап айтсақ, өте қиын жауапты, бір бірімен байланысты мәселелерді шешу үшін мамандарды іріктеу және қайта дайындау, қазіргі жаңа техникамен танысу, салық төлеушілерді оқыту, жаңа салықтық заңдылықтарды әзірлеу сияқты қиыншылықтарға төзуге тура келді. Мемлекеттік Қаржы Министрлігінің Салық комитеті бірқатар іс-шараларды өндеген. Біріншіден, елде және жекелеген аймақтар бойынша экономикалық және қаржылық көрсеткіштерді талдау жүргізілген. Бұл бюджеттің кіріс бөлігінің резервтерін және министрліктің басым бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.
Екіншіден, республиканың салық органдарын құрылымдық жағынан құру қарастырылған және қызметтік құрылымға көшу өндірілген.
Үшіншіден, салық органдары мен салық төлеушілер арасындағы қарым-қатынастар жүйесі қайта қаралған. Басты мақсат бюджет орындалуын қамтамасыз ету мен салық төлеушілердің қаржы экономикалық көрсеткіштерінің өсуін реттеу мүмкіндігі арасында нақты тепе-теңдікті анықтау. Салық жинауда жағдайды жақсарту бойынша бекітілген шараларды жүзеге асырудағы жүйелі талпыныс салық ставкасының деңгейін көтеру есебінен емес, салықтық әкімшілдеу сапасын көтеру есебінен республика үкіметінің қадамдары ықпал еткен.
Қазақстан Республикасындағы салық қызметін ұйымдастыруға келетін болсақ, тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономика кешу шарттарында елдің табысты болуы үшін және мемлекеттік жандандыру мақсатында барлығын нөлден бастау керек болды. Республика экономикасын терең әрі ұзаққа созылған тоқыраудан шығару мақсатында елде қоғам мен нарық қатынастарының қажеттіліктерін. өтейтін жоғары нәтижелі салық жүйесі қалаптасты.
Қазақстанда алғашқы бес жыл ішінде мамандандырылған кадрлардың жетіспеушілігі жағдайында елімізде маңызды түбегейлі үлкен көлемді салық реформасын дайындау және оны жүзеге асыру барысында басты назарды қолда бар ресурстарға аудару қажет.
Мемлекеттік экономикалық саясаттың бір аясы салық саясаты болып табылады. Салық салу аясында мемлекет экономикалық мәселелерді өзінің міндеттері және өзін ұстау жөніндегі мәселелерді ғана әзірлеумен айналысып қоймай, сонымен қатар өте ауқымды әлеуметтік және саясат тұрғысындағы мәселелерді шешуге атсалысатын саясатты да жүргізеді. Бұл жөнінде Ел басымыз Н. Назарбаев экономиканы дамыту үшін «таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторы, оны сауықтыру, фискалды және монеталық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз» деген болатын.
Салық қызметінің қағидалары мемлекеттік жалпы экономикалық бағдарламасына негізделеді және онымен тығыз байланысты болады. Экономикалық бағдарламаны әзірлеу ісі салық қызметінің алға қояын талаптарын, оның принциптерін ескере отырып жүзеге асырылады. Салық қызметінің ықпал ету аясы өте ауқымды, оны реттейтін қатынастары әр алуан болғандықтан оны тек қаржылар аясына жатқызуға болады деген көз қарас дұрыс емес. Өйткені, салық саясаты талаптарымен мен азаматтың салықтық міндеттемелерін атқару сатысында ғана қаржылық қатынастарға айналады. Салықтық қатынастардың қаржылық қатынастардан айрықшалануы салық саясаты бойынша мемлекеттің алдында тұрған міндеттемелерді талдау кезінде көрініс табады.
Салық қызметінің негізгі принциптерін конституциялық деңгейде бекіту қажеттілігі салықтардың мемлекет өмірінде атқаратын рөліне байланысты туындайды. Мемлекеттің материалдық базасын қалыптастырудың өте маңызды әдістері және қоғамды басқару аппараты ретінде салықтар мемлекет пен оның азаматтарының арасын байланыстыратын күрделі де елеулі буынға айналды. Сондықтан да барлық мемлекетерде, оның ішінде өзімізде де салықтарды төлеу азаматтардың конституциялық міндеттері болып табылады.
Салықтардың мемлекет өміріндегі атқаратын рөлінің екінші аспектісі мемлекеттің егемендігіне қатысты болады. Осыған байланысты мемлекет егемендігінің басты белгісі салық егемендігі деп айтсақ, оның дәлелдемесі ретінде салықтық реттеудің бірыңғай дүниежүзілік жүйесінің әлі күнге дейін жоқ екенін атап көрсетуге тиіспіз. Салық егемендігі жоғарыда айтып кеткеніміздей басқа мемлекеттер шектей және қол сұға алмайтын мемлекеттің салық салу жөніндегі құқығы. Мемлекеттің салық салу қүзіретін шектеудің тағы бір қажеттілігі - мемлекет салықтық міндеттемелердің атқаруын бақылай отырып, коммерциялық құпияларды біліп, оларды өз пайдасына және төлеушіге жаңағы коммерциялық құпияны дұрыс сақтай алмаған жағдайда зиян-залал келтіруіне тосқауыл қою.
Салық жүйесінің құрамына мемлекетте алынатын барлық салықтар, салықтық қатынастар мен оларды реттейтін құқықтық нормалар, салық төлеушілер мен салық қызметі орындарының құқықтары мен міндеттері және тағы да басқа кіреді. Салықтарды қоғам өмірінің әртүрлі аяларын мемлекеттік реттеудің құралы ретінде қарайтын тұжырымдама бар. Салық қызметінің негізгі міндетерінде бірінші кезекте қандай да болмасын өндіріс, сала, аумақ және тағы басқаларды дамытуға жағдай жасау қарастырылады.
Салық қызметі мемлекеттің экономикалық дамуымен тығыз байланысты. Дүниежүзілік тәжірибе бойынша салықтар, салық салу жөніндегі заңдарды жоғарғы өкімет органдары қабылдайды. Бұл заңдарда салықтардың объектісі, субъектісі, есептеу, төлеу тәртібі, мерзімі және тағы басқалар белгіленеді. Ал салық ставкалары мен салық жеңілдіктері жөніндегі мәселелерді оларды реттеу құралы ретінде-пайдаланатын атқарушы билік органдары айқындайды.
Салық қызметін ұйымдастыруда мынадай маңызды мәселелердің де көрініс табу қажет:
-
салық төлеушілерді жаңа салықтардың енгізілгені жөнінде міндетті түрде хабардар ету;
-
салықтарды төлеу, аудару жөніндегі сауалдарға кеңес беру;
-
салық міндеттемелерін атқаруды ерікті түрде атқару әдістері мен салық
санкцияларын пайдалану арқылы мәжбүр ету түрінде төлетуді қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Заң (салық кодексі) және де Қазақстан Республикасының заңдары салық қызметі жұмысының құқықтық негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасының салық қызметінің құрылымына Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитеті аудандық, ауданаралық, қалалық салық комитеттері кіреді.
Салық қызметінің аумақтық органдары жоғары тұрған тиісті салық қызметі органдарына тікелей жоғарыдан төмен бағынады және жергілікті атқарушы органдарға кірмейді. Салық комитетін төраға басқарады. Оны қызметке Қаржы министрі салық комитетінің төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының үкіметі, ал оның орынбасарларын салық комитетінің төрағасының ұсынысы бойынша Қаржы Министрлігі салық комитетінің төрағасы тағайындайды. Қалалар, аудандар бойынша салық комитетінің терағаларын салық комитенің төрағасының ұсынуы бойынша қызметке Қаржы министрлігі салық комитетінің терағасы тағайындайды.
Салык кызметінің органдары:
1.тәлкіленіп және иесіз қалып, мемлекет меншігіне кешкен мүліктерді есепке алу, бағалау және сату жөнінде жұмыс жүргізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекіткен көлемде және тәртіппен
жүргізілген жұмыстар туралы есеп әзірлеп, оны кіріс министрлігіне беріп отыруға;
2.салық төлеушінің құқықтары мен мемлекеттің мүдделерін сақтауға
және қорғауға;
-
салық төлеушілер туралы ақпараттардың құпиясын сақтауға;
-
салық заңын бұзу фактілерін жинақтау, талдау мен бағалауға және салық құқық бұзушылықтары мен қылмыстық орын алуын ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде тиісті ұсыныстар енгізуге;
-
салық қызметі органдарының басшылығының ұйғарымы бойынша салық төлеушілерге тексеру жүргізуге міндетті.
Салық қызметі органдарының құқықтары:Салық қызметі органдарының:
- заңды және жеке тұлғалардың барлық ақша құжаттарының, бухгалтерлік кітаптарын, есептерін, сметаларын, қолда бар ақшасын, бағалы қағаздарын және басқа құндылықтарын, есеп айрысуларын, декларациялар және бюджетке салық пен басқа да төлемдерді есептеу мен төлеуге және мемлекет алдындағы өзге де қаржы міндеттемелеріне байланысты өзге де құжаттарын тексеруге, ұйымдардың лауазды адамдарына және басқа да қызметкерлерінен, азаматтардан аталған тескерулер барысында туындайтын мәселелер жөнінде анықтамалар, ауызша және жазбаша түсініктемелер алуға құқығы бар.
-
ұйымдар мен азаматтардың банктердегі және банк операцияларынның жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге де ұйымдардағы банк шоттары
бойынша анықталған салық заңдарын бұзушылықты жою туралы талаптарды орындамаған, тексеру мен зерттеп қарауға жіберілмеген, салық қызметіне есеп айырысуларды, декларацияларды және табыс түсіруге, салық салынатын объектілерді ұстауға, қаржы есебін тапсырмағаны жөніндегі өзге де құжаттарды табыс етпеген жағдайда салық қызметінің талап етуі бойынша анықталмаған тәртіп бүзушылық жойылғанға дейін шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар.
-
салық заңдарын бұзған ұйымдарға, лауазмды тұлғалар мен азаматтарға салық санкциясын және айыппұл салуды қолдануға;
-
ұйымдардың білікті мамандарын басқа да бақылаушы органдардың қызметкерлерін, салық қызметі органдарының қаражаты есебінен ақы төлей отырып, тексерулер мен сараптамалар жүргізуге, тартуға;
-
өз өкілеттілігін жүзеге асырған кезде ұйымдар мен азаматтардың табыс
түсіру үшін қолданатын салық салынатын объектілерді ұстауға байланысты кез келген өндірістік қойма, сауда және басқа үй-жағдайларын тексеруге құқығы бар.
Қазақстан Республикасының салық комитеті - Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін орталық атқарушы орган болып табылады. Ол барлық деңгейдегі бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуына жауапты және мынандай қызметтерді атқарады:
- салық мәселелерін реттейтін салық заңдылығы мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін орындауын бақылау;
-салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке толық және уақытылы аударылуының дұрыстығын қамтуды бақылау;
- салық төлеуден жалтару мен байланысты немесе мемлекет алдындағы басқа да төлемдерді орындамаумен байланысты жұмыстар бойынша өндіру;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік салық комитетінің тікелей бағынатын органдары бар. Оның ішінде облыстық, қалалық және аудандық басқармалар мен бөлімдер бар.
Мемлекеттік салық комитетінің алдында мынандай негізгі мақсаттар қойылған:
-
сәйкес жылда республикалық және жергілікті бюджеттерде бекітілген мөлшерде және сомадағы бюджетке салық және басқа да міндетті
төлемдердің толық және уақытылы түсуіне қамтамасыз ету;
-
салық заңдылығының орындалуын қамтамасыз ету және оның тиімділігін талдау;
-
салық төлеушілірге олардың құқықтары мен міндеттерін анықтау, салық төлеушілерге салық заңдылығымен нормативтік актілердегі өзгерістерді уақытылы хабарлау, салық қызметі органдарының жұмыс істеуіне басшылықты жүзеге асыру.
Мемлекеттік салық комитеті мынадай қызметтерді атқарады:
-
бюджетке салықтар мен басқа да төлемдердің барлығының түсуінің қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүргізеді және салық заңдарының орындауына бақылауды жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
-
халықаралық келісімдер, келісім-шарттар, келісім-шарттардың жобасына салықтық тексеру жасауға қатысады;
-
салық салу мәселелері бойынша заң мен басқа да нормативтік - құқықтық актлерді, құжаттардың жобасын әзірлеуге қатысады;
- салық заңдарын бұзу жөнінде өтініштер, мәліметтер мен басқада ақпаратты тексеруді жүзеге асырады;
-салық заңдылығын қолдау бойынша жұмыстарды анықтауды салық төлеушілер арасында жүргізеді;
-
салық заңын бұзушылыққа талдау жасау және бага беру және осыған сәйкес себептер мен жағдайларын жою бойынша ұсыныстар береді;
-
салықты түсіру жөнінде есептерді алады, оларды жалпылайды және талдайды, сондай-ақ бюджетке аударылған не төленген салықтар есебін
жүргізеді;
-
облыстар бойынша мемлекеттік салық органдарының жұмысының ұйымдастырылуына тексерістер жүргізеді, нәтижесінде табылған
кемшіліктерді жоюға шаралар жасалады, салық органдарының басшыларының есептері тыңдалады, тәжірибелерді енгізеді;
-
облыстар бойынша мемлекеттік салық органдарының салық және басқа да міндеттерді жинауға бақылауды жүзеге асырады;
-
кадрларды кәсіпкепкерлік дайындау бойынша шаралар жүргізеді;
-
келісімдерге сәйкес шетелдік мемлекеттер мен халықаралық салық ұйымдарымен байланыс орнатады, шетелдердің салық қызметінің іскерлігін ұйымдастыру тәжірбесін зерттеп, оны Қазақстан Республикасының салық қызметінің іскерлігінде оны қолдану бойынша ұсыныстар әзірлейді;
-
салық салу мәселесі бойынша үкімет аралық келісімдерді жүзеге асырады және келісім-шарттар жобасын әзірлеуге қатысады;
-
ақпараттық жүйелер мен басқа да ақпараттық құралдарын орнату бойынша шараларды жүргізеді;
- салықтық қадағалауды үйымдастырады және жүзеге асырады;
-табысты төмендетіп көрсету, заңы және жеке тұлғалардың салық салу объектілерін жасырып қалу, салық және басқа да міндетті төлемдерді бюджетке төлеуден қашу жолдары, сондай-ақ салық төлеуге байланысты мемлекетке зиян тигізетін өзге де қылмыстар мен заң бұзушылықтардың бетін ашып, алдын алады;
-салық қызметінің жұмысының қауіпіздігін өз құзіреті шегінде ұйымдастырады, қызметін орындау барысындағы қылмыстық және басқа да заңсыз әрекеттерден өз қызметкерлерлерін қорғайды;
- ресми мәліметтер бойынша салық және басқа да міндетті төлемдерді бюджетке төлеуден жалтарған тұлғаларды іздеуді үйымдастырады және жүзеге асырады;
- салық заң бұзушылықтары бойынша мемлекетке зиянның орнын толдыруды толық және уақтылы жүргізу үшін өз құзіреті шегінде шараларды ұйымдастырады;
- өз қүзіреті шегінде салықтық қылмыстар мен заң бұзушылықтары бойынша мәліметтерді жинайды және талдайды;
- Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекіткен мерзімде және нысанада және қаржылық органдарға салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің түсуі жөнінде есептерді тапсырады;
Мемлекеттік салық комитетінің қызметкерлері өз жұмысын орындау барысында заңмен қорғалады. Олар мемлекеттік бюджет қаражаттарының есебінен міндетті және сақтандырылуға жатады.
Мемлекеттік салық комитетінің құрылымы мен саны Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітіледі, ал аталған құрылым шегіндегі штаттық тәртібін салық комитетінің төрағасы белгілейді. Штаттық несиелер мемлекеттік салық органның басшылықтарымен бекітіледі.
Салық қызметі органдарында әлеументтік даму қоры құралады, оның материалдық-техникалық қамытылуы мынадай көздерден алынады;
1) осы органдардың қызметкерлердің еңбек ақы қоры сомасының 2,5 пайызы мөлшеріндегі республикалық бюджет қаражаттары;
2)жыл ішінде құрылған еңбек ақы қорының жиналымдары.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік салық комитетінің қызметкерлері өз салық төлеушілірі туралы анықталған мәліметтерді құпияда сақтауға міндетті. Салық комитетінің қызметкерлері өз міндеттерін орындамаған жағдайда заңда бекітілген, тәртіптік материалдық немесе басқа жауапкершілікке тартылады. Салық комитетінің қызметкерлеріне кәсіби орнын толтыруға сот шешімімен республикалық бюджеттен жасалады. Са-лық комитеті салық төлеушілердің арыз шағымдарын қарап, олар бойынша 30 күннен сондай-ақ міндетті зейнетақы қорларына толық және уақытылы аударуына бақылауды жүзеге асыруға;
Салық комитеті органдары:
-
белгіленген мерзімде төленбеген салықты, айыппұлды ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғалары мен азаматтардан бірінші кезекте
өндіріп алуға;
-
салық, айыппұл, өсім белгіленген мерзімде төленбеген ағдайда ұйымдар мен азаматтардың жылжымалы және жылжымайтын мүлкін, ақшасын хаттауға құқығы бар.
3)салық комитеті органдарының басшылары ұйымдар мен азаматтардың бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жасау мерзімін ұзартуға және бөліп төлеуге рұқсат береді.
Құрылғаннан бастап жарты жылдан кейін Бас Мемлекеттік Салық Инспекциясы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бас салық инспекциясы болып өзгертілді.
Қаржы министрлігі және халық қарамағындағы барлық ведомстволар мына сұрақтармен макроэкономикалық деңгейде айналысу керек болды. Атап айтсақ:
-мемлекеттік шығындарды қаржыландыру үшін жалпы мемлекеттік
кірістердің ішінен салықтың төлемдердің үлесін анықтау;
- фискальдық қызмет атқаратын салықтар мен ақша айналымын сұраныс
пен ұсыныстарды реттейтін салықтардың арақатынасы;
- салық ауыртпалдықтарды бөлу принциптері мен жергілікті салықтар мен алымдардың түсімдері;
-
бюджеттен тыс қорларға түсетін төлемдердің көлемі мен оларды есептеу;
-
халықаралық келісім шарттарға отыруы принциптері;
-
салық саясатының басқа да сұрақтары микроэкономикалық деңгейде шешіледі. Бұларға мыналар жатады:
-
салық ставкалары мен олардың құрылымын әзірлеу оларды төлеу және
аудару тәртібі, салық салу объектілері, салықтық есеп, салық төлеушілердің жеңілдіктері туралы ұсыныстарды қарастыру;
- салықтарды басқару механизмін және салық саясатын жетілдіру мақсатында ұсыныстар әзірлеу;
-
басқа елдердің салық салу жетістіктерін оқып шығу;
-
әртүрлі деңгейдегі салық инспекцияларының салықтарды басқару жүйесін
ұйымдастырудың жобасын әзірлеу;
-
салық төлемейтіндерге қолданатын экономикалық санкцияларды әзірлеу;
-
салықтың экспертизаның формасы мен әдістерін жасап шығару;
-
салықтық төлемдерді болжау.
Салықтық саясаты жетілдіру мақсатында Қазақстандағы салықтық органдары бюджетке түсетін салықтардың дұрыс есептелуін бақылау жасауға көңіл бөлінген. Салық қызметін ұйымдастыру барысында мына негізгі қызметтер жүзеге асырылады: заңдардың жобасын жасау, жүргізіліп жатқан салық саясатына талдау жасау салықтарды басқару жүйесінің жобасын жасау; салық заңдылықтарын қолдану үшін нормативтік актілерді әзірлеу, тексерудің әдістері мен олардың орындалуын қамтамасыз ететін бағдарламаларды жасап шығару, жүргізілген реформалардың нәтижесіне баға беру, салық формаларын құру, салық органдарының қызметкерлерінің міндеттерін түсіндіру, салық жинау бойынша мәліметтерге талдау жасау, мамандарды оқыту бағдарламасын және мамандарды қайта даярлауды жүзеге асыру, төменгі тұрған бөлімдердің жұмыстарының сапалылығына жалпы бақылау жасау.
Ал енді салық қызметінің құрылымына тоқталатын болсақ, мұнда арнайы бақылау бөлімшесі ең алдымен салық комитетінің басшысына бағыну керек және мыналар бойынша:
- қабылданған заңдардың дұрыс жүзеге асырылуына бақылау жасау;
-салықтық зерттеу қызметін басқару және ұйымдастыру бойынша жұмыстар атқару қажет.
Сонымен қатар салық комитеті бүкіл салық қызметінің бюджетіне жауапкершілікте болады.
Республиканың салық органдарының алдына қойылған мақсаты шаруашылық етуші субъектілердің әрекет жасауына жағдай жасау, сол арқылы салық төлеушілердің және салық алаңының көлемін кеңейту. Фискальдық құрылымдар мен салық төлеушілер бюджеттің кіріс бөлігін орындауда өзара жауапкершілікті түсінуі шарт.
Ал облыстық салық инспекциясының алдында тұрған міндеттерге тоқталсақ, ол мемлекет мүддесін, салық төлеушілердің құқықтарын қатаң сақтай отырып, бюджетке түсуге тиісті табысты қамтамасыз ету болып табылады.
Мемлекеттік ортақ қазынаны молайтуға бюджеттің қаража қазанын әркез олқы түсірмей, толықтырып отыруға салық жинау ұлан-ғайыр істер атқарады. Мұның маңыздылығы табыс кірісі жөніндегі сала өз алдына дербестеніп, жеке министрлік болғандығынан да айқын көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |