1-тақырып. Азаматтық құқықтың жалпы ережелері. Азаматтық құқықтық қатынастары



бет1/22
Дата27.10.2019
өлшемі291.74 Kb.
#447322
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Тезисы лекции

1-тақырып. Азаматтық құқықтың жалпы ережелері. Азаматтық құқықтық қатынастары
Құқық негіздерін оқуға кірісерден алдын, əлеуметтік қатынастар- ды тек құқықтың ғана реттемейтіндігін есте ұстау қажет. Бір қоғамды өмір сүретін адамдар өзін-өзі ұстаудың əралуан ережелеріне мысалы, əдет-ғұрып, мораль нормалары, діни жəне корпоративтік нормаларға бағынады.

Ұзақ мерзім бойы сансыз көп қайталануы нəтижесінде қалыпқа айналып, өзін-өзі ұстаудың тарихи қалыптасқан ережесі əдет-ғұрып болып есептеледі. Мысалы, əр алуан халықтардағы үйлену əдет- ғұрпы.

Ал, моральдық нормалар адалдық жəне қиянат, əділеттілік жəне əділетсіздік, ар-намыс жəне арсыздық жəне т.б. осы сынды өнегелік құндылықтар туралы қоғамда қалыптасқан түсінікті сипаттайды. Өз жолдастарына сатқындық істемеу, сүйікті адамыңның көзіне шөп салмау, жалған сөйлемеу жəне т.б. ережелер қандай да бір арнайы түсіндіруді талап ете қоймас.

Бүгінде рөлі артып келе жатқан діни нормаларға рухани ұстанымдар арқылы қоғамдық қатынастарды реттестіру міндеті жүктелуде. Адам Алланың еркін яғни, басқалай айтқанда, өсиеттерді өзін-өзі ұстаудың ережесі ретінде қабылдайды жəне Алланы осы өсиеттердің бекітушісі ретінде мойындайды.



Құқық адам қоғамының дамуының белгілі бір сатысында мем- лекетпен бірге пайда болады. «Құқық» ұғымының екі мағынасы бар. Біріншісі, субъективті мағынасы субъектінің (тұлғаның жəне тұлға- лар тобының) бостандығына жəне өзін-өзі ұстаудың шегіне байланыс- ты болады. Мысалы, білім алуға құқығы, еңбек ету бостандығына құқық, сайлау жəне (мемлекеттік органдарға) сайлану құқығы.

Екіншісі, объективтік мағынадағы құқық. Ол дегеніміз - мем- лекет шығарған немесе бекіткен, мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей қоғамдық қатынастар- ды реттейтін нормалардың жиынтығы. Бұл анықтамадан құқықтың келесідей белгілерін шығаруға болады: нормативтілігі, жалпыға міндеттілігі, мемлекеттің кепілдік беруі, формалды айқындылығы, жүйелілігі.



Құқық жүйесі – оның бөлімдерінің ұйымдастырылуы мен ор- наласуының белгілі тəртібі. Құқық жүйесінің құрамдас бөлігі болып құқық салалары, құқық институттары жəне құқық нормалары таны- лады.

Құқық саласы – қоғамдық қатынастардың белгілі бір түрлерін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Құқық институттары – бұл жүйеге бір-бірімен байланысты нормалардың жəне қоғамдық қатынастардың ұқсастығына қарай рет- теп, басқару.

Құқық нормалары – ол қоғам мүшелерінің мінез құлқын, іс- əрекетін реттейтін мемлекетпен қамтамасыз етілетін нормативтік құқықтық актілерде бекітілген ережелердің арнайы бір түрі. Құқық жария жəне жеке құқық деп бөлінеді. Жария құқығы – мемлекет пен өзге де тұлғалардың арасындағы қатынастарды реттейтін жəне бұқаралық, қоғамдық мүддені көбірек білдіретін құқық саласы болып табылады. Жеке құқық – азаматтық құқықтың қатысушыларының арасындағы қатынастарды реттейтін құқық саласы болып табыла- ды. Жария құқық мынадай салаларды құрайды: қылмыстық құқық, əкімшілік құқық, салық құқығы. Оған императивті (міндеттемелі) нормалар тəн болады.

Жеке құқық (азаматтық құқық) мүліктік қатынастар мен жеке мүліктік емес қатынастарды негізінен өзара қатынастарының сипа- тын дербес айқындауға тараптарға мүмкіндік беретін диспозитивтілік (уəкілдік беруші нормалар) бастамаларда реттейді.

Азаматтық құқық – ол тауар, ақша қатынастары жəне қа- тысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарын реттейтін нормалардың жиынтығы болып табылады.

Құқық теориясы курсынан белгілі болғандай, құқық нақты жүйе құрады, оның ең үлкен буындары құқықтың салалары деп аталады. Құқық салаларын шектеу белгілері ретінде əдетте құқықтық рет- теу пəні мен əдісін қолданады. Пəн мен əдіс азаматтық құқықты

қазақстандық құқықтың жүйесінен бөліп алып, оқырмандардың азаматтық құқық туралы көзқарасының қалыптасуына əкелетін ерек- шеліктерін айқындауға мүмкіндік береді.

Кез келген сала сияқты азаматтық құқық та қоғамдық қатынастар- ды реттейтін жəне қалыптастыратын құқықтық нормалардан тұрады. Бірақ та азаматтар қатысатын қатынастардың барлығы да аза- маттық құқықпен реттелмейді, сонымен қатар азаматтық құқық, аза- маттар мүлде қатыспайтын қоғамдық қатынастарға да əсер ете ала- ды. Азаматтық құқық нормалары өндірілген өнімді сатып алу, оны теміржол, теңіз, өзен немесе əуе жолдары арқылы тасымалдау, осы жүкті сақтандыру, тасымалданған жүк үшін төлемдер алу жəне т.б.

қоғамда кездесетін тараптар арасындағы қатынастарды реттейді.

Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастар шеңбері өте кең жəне əртүрлі, сондықтан оларды толықтай атап өту мүмкін емес. Бұны істеудің қажеті де жоқ, өйткені азаматтық-құқықтық ғылымының пəніне азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастардың барлығын нақтылықпен атап өту кірмейді, оған азаматтық құқық деп аталатын саланың бір пəнінде олардың барлығын біріктіруге мүмкіндік беретін жалпы қасиеттерін анықтау жатады.

Азаматтық құқықтың пəні болып мүліктік жəне мүліктік емес қатынастар табылады. Азаматтық құқықтың мүліктік қатынастармен айналысатыны бірден көзге түседі. Мүліктік қатынастар деп əдетте түрлі материалдық қажеттіліктер, яғни заттар, жұмыстар, қызметтер жəне басқа мүліктер жайында туындаған қоғамдық қатынастарды ай- тады.

Бірақ азаматтық құқық біздің қоғамда пайда болатын барлық мүліктік қатынастарды реттемейді, ол тек қана мүліктік-бағалы қатынастар деп аталатын нақты бөлігін ғана реттейді.

Дамыған ақша жүйесі шарттарында мүліктік-құнды қатынастар- дың негізгі көлемін тауарлық-ақшалы қатынастары құрады. Біздің қоғамда бар тауарлық-ақшалы қатынастардың өте тез дамуы оларға адекватты құқықтық нысан қолданған кезде ғана мүмкін бола алады. Азаматтық заңдылыққа сəйкес азаматтық құқық пəнінің екінші бір құрамдас бөлігін жеке мүліктік емес қатынастар қарастырады. Өзіне тəн белгілеріне сəйкес жеке мүліктік емес қатынастар, ең аз дегенде екі қасиетке сүйене отырып, келесі түрлерде сипатталады. Біріншісі, көрсетілген қатынастар мүліктік емес қажеттіліктер негізінде көрініс табады, мысалы, ар, намыс, іскерлік бедел, азамат аты, авторлық шығарма, өндірістік үлгі, т.б. жайында туындайды. Екіншіден, жеке

мүліктік емес мүлікпен байланысты қатынастар (мəселен, бұған белгілі бір құқықтар жатқызылады). Бұл қатынастарда азаматтардың немесе ұйымдардың даралығы көрініп, олардың əлеуметтік қасиет- терін бағалау жүргізіледі.

Пəннің осы екі құрамдас бөліктерінің сыртқы қарама-қай- шылығына қарамастан, мүліктік-құнды жəне жеке мүліктік емес қатынастарды азаматтық құқық деп аталатын салада біріктіретін жал- пы қасиетін анықтау керек.

Мүліктік-құнды қатынастарға қатысушылар осы қатынастарды құрған материалдық қажеттіліктер болып табылатын еңбектің саны мен сапасын өзара бағалай алады деп анықтайды. Жеке мүліктік емес қатынастар өз кезегінде осы қатынастарға қатысатын азаматтардың, тұлғаның дара қасиеттерін өзара бағалай алады деп есептейді.

Азаматтық-құқықтық реттеу əдістері. Азаматтық құқық пəнінің түсінігі азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар туралы мəселелермен байланысты болса, əдіс түсінігі осы қоғамдық қатынастардың азаматтық құқық нормаларымен қалай реттелетіні туралы мəселелермен байланысты. Сондықтан құқықтық реттеу пəні мен əдісі арасында қатты байланыс бар. Əдіс құқықтық реттеу пəнінің ерекшеліктерімен қайта анықталады.

Азаматтық құқық пəнін құрайтын қоғамдық қатынастар өзара бағалау сипатына ие. Қоғамдық қатынастарға қатысушылардың өзара бағалауы тек қана бағалаушы тараптар тең болғанда ғана қалыптаса алады. Сондықтанмүліктік-құнды жəне жеке мүліктік емесқатынастар тараптардың теңдік негізінде реттелсе ғана толық дами алады. Қорытындылай келсек, азаматтық құқықтарда тараптардың заңдық теңдігі əдісі қолданылады. Азаматтық құқықта бұны диспозитивтік қағида деп қарастырады.

Азаматтық құқықта тараптардың теңдігі дегеніміз екі қатынасқа түсуші тараптың ешқайсы да азаматтық құқықтық қатынастарда өзінің осы құқықтық қатынастарда алатын орнын жоғары қоя алмаушылығымен айрықшаланады. Тараптардың заңдық теңдік əдісін қолдану азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушыларға тəуелсіздік қамтамасыз етеді, заңмен рұқсат етілген кез келген əрекеттер орындауға мүмкіндік береді. Бұл нарықтық экономика шарттарында азаматтық айналымның дамуы үшін өте маңызды.

Осылайша, азаматтық құқық деп тараптардың заңдық теңдігі бас- тауларында мүліктік-құнды жəне жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығын қарастырамыз.



Азаматтық құқық қағидалары түсінігі. Азаматтық құқық

қағидалары деп қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеудің негізгі бастауларын айтады. Азаматтық құқық қағидалары бүкіл азаматтық заңдылықтарды қамтиды, оның ең маңызды қасиеттерін сипаттайды. Сондықтан азаматтық заңдылықтардың нормаларын түсіну жəне қолдану азаматтық құқықтың жалпы қағи- даларын ескергенде ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

Азаматтық құқық қағидалары бүкіл азаматтық заңдылықтарды қамтып қана қоймай, азаматтық заңдылықтардың толық көлемін қамти отырып, АК 2 бабында көрініс тапқан.

Азаматтық құқық қағидалары, азаматтық қатынастарды заң- дылық қарастырмаған жағдайларда, құқық аналогияның негізінде қолдануданылады, яғни, азаматтық құқықтың нақты нормасы- мен реттелмеген қоғамдық қатынастарды реттеу үшін азаматтық заңдылықтардың негізгі бастаулары азаматтық құқық қағидалары қолданылады. Азаматтық құқықтың мынадай қағидалары бар (ҚР АК 2 бабы):

Азаматтық құқықтар құқық қатынасқа түсуші тараптардың тең- дігілігін;

Меншікке қол сұқпаушылық;

Жеке істерге рұқсатсыз кіріспеушілік;

Нұқсан келтiрiлген құқықтардың қалпына келтiрiлуiн қамтама- сыз ету, олардың сотта қорғалуы;

Келісімнің, шарттың еріктілік қағидасы жəне т.б.

Азаматтық құқық жүйесі. Тараптардың заңдық теңдігі негізінде мүліктік-бағалы жəне жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін азаматтық құқықтық нормалары ретсіз емес, олар нақты жүйеде орналасқан. Азаматтық құқық жүйесі объективті тұрғыда құрылған жəне азаматтық құқық пəніне кіретін қоғамдық қатынастардың өзіндік ерекшелігіне негізделген. Көптеген азаматтық құқық пəніне кіретін қоғамдық қатынастардың жалпы қасиеттері оларды құқықтық реттелуінің бірегейлігін, ал осы қатынастардың нақты түрлерінің кейбір сипаттамалары олардың құқықтық реттелуінің дифференци- ациясын қайта анықтайды. Азаматтық құқық жүйесі бойынша екі бөлімге бөлінеді, олар жалпы жəне ерекше бөлім. Азаматтық құқық бөлімінің пəніне кіретін қоғамдық қатынастардың бір сипаттылығы кез келген мүліктік-бағалы жəне жеке мүліктік емес қатынастарды рет- теу кезінде қолданылатын азаматтық құқық нормаларын бөліп алуға мүмкіндік береді. Бұл құқықтық нормалардың жиынтығы азаматтық құқықтың жалпы бөлігін құрайды. Ол салалық реттеу пəнінің бір

түрін көрсетіп, барлық салалық нормалар үшін біріктіруші бастау ретінде қызмет етеді, олардың заңды мазмұнының жалпылығын анықтайды. Жалпы бөлік табиғаты бірдей қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуде қарама-қайшылықтарды болдырмауға жəне аза- маттар мен ұйымдардың əрекеттерінің жеке салаларында пайда бола- тын қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеудің қажетті бірегейлігін қамтамасыз етеді. Жалпы бөлім азаматтық құқықтың жал- пы ережелерін, меншік жəне өзге де заттық құқытарды, міндеттемелік құқықтарды, шарт жөніндегі жалпы ережелерді қарастырса, ерек- ше бөлім міндеттемелердің жекелеген түрлерін, интелектуалдық меншік құқығын, мұралық құқық жəне халықаралық жеке құқық қатынастарын зерделейді.


Азаматтық құқық салаларға бөлінеді:


Заттық құқық

Материалдық құндылықтарды иелену процесіндегі қатынастар

Міндеттемелік құқық

Материалдық құндылықтардың ауысу процесіндегі қатынастар.

Жеке мүліктік емес қатынастар

Жеке адамнан бөлек қаралмайтын материалдық емес құндылықтар туралы қатынастар

Интеллектуалдық меншік

Шығармашылық интеллектуалдық қызмет нəтижелері бойынша қатынастар

Мұрагерлік құқық

Мүліктің мұрагерлерге ауысуы туралы қатынастар

Азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері:




1. мүліктік

жеке мүліктік емес

2. абсолюттік

салыстырмалы

3. заттық

міндеттемелік

Азаматтық құқықтық қатынастары

Түрлі нормативті актілердегі азаматтық-құқықтық нормалар азаматтық құқық пəнін құрайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге шақырылған. Азаматтық-құқықтық реттеу механизмін ашуда басты рөлді азаматтық құқықтық қатынас түсінігі атқарады.

Қоғамдық қатынастардың азаматтық құқық нормаларын рет- теу нəтижесінде олар құқықтық нысанды иемденіп, азаматтық құқықтық қатынасқа айналады. Азаматтық құқықтық қатынас – бұл азаматтық құқық нормасымен реттелген қоғамдық қатынас. Оның пəніне мүліктік жəне жеке мүліктік емес қатынастар кіреді. Мүліктік қатынастарды азаматтық құқықпен реттеу нəтижесінде азаматтық мүліктік құқық қатынастары туындайды. Егер жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық құқық нормаларымен реттелмесе, жеке мү- ліктік емес құқық қатынастар тағайындалады.

Азаматтық құқық ең алдымен, қоғамның экономикалық базисі төңірегіндегі жатқан мүліктік қатынастармен байланысты. Олардың құқықтық реттелуі азаматтық құқықтық қатынастарда көрінбейтін бірқатар ерекшеліктермен сипатталады.

Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері. Азаматтық құқық пəніне кіретін қоғамдық қатынастар тараптардың заңдық теңдігі əдісімен реттеледі. Тараптардың заңдық теңдігі азаматтық құқықтық қатынастың негізгі қасиеті болып табылады. Осы қасиеттің жойылуы- нан құқықтық қатынас табиғаты да өзгереді. Азаматтық құқықтық қатынас оның құрамы мен элементтері түрінде қарастырылады, оларға құқықтық қатынастың мазмұны, нысаны, субъектілері мен объектілері кіреді.

Азаматтық құқықтың элементтерін талқылайтын болса, алды- мен қатынасқа түсуші тараптары, яғни азаматтық құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтық жағдайына зейін салу керек. Азаматтық құқық қатынас субъектілері деп қатынасты қалыптастырушы та- рапты қарастырамыз. Негізінен оларды басты үш түрге жіктеуге бо- лады жеке тұлғалар, заңды тұлғалар жəне мемлекет деп. Азаматтық құқық қатынас адамдар арасында қалыптасады. Сондықтан субъект түрінде жеке индивидтер, əйтпесе белгілі бір адамдар ұйымы көрінеді.

Біздің елде субъект түрінде тек Қазақстан Республикасының азамат- тары ғана емес, шетел азаматтары жеке азаматтығы жоқ тұлғалар бола алады.

Сонымен, азаматтық құқық қатынас субъектілері мыналар:

Қазақстан азаматтары, шетел азаматтары жəне азаматтығы жоқ тұлғалар

Қазақстандық жəне шетелдік заңды тұлғалар

Қазақстан Республикасы əкімшілік-территориялық бірлестер

Азаматтық құқық қатынас объектілері. Азаматтық құқық қатынас объектісі түрінде оның субъектілерінің материалдық жəне жеке материалдық емес игіліктерге бағытталған əрекеттері мен нақты азаматтық құқықты қалыптастырушы жағдайларды жатқызамыз. Азаматтық мүліктік-құқықтық қатынастың спецификасы оның мүшелері өз əрекеттері мен тек бір-біріне ғана емес, белгілі бір материалдық игіліктерге əсер ете алатындығында. Жалпы азаматтық құқықтың объектілерін мынадай түрлерге жіктеу арқылы зерттеуге болады: мүлік – зат сипатындағы, мүліктік емес қатынастар, жұмыс жəне қызмет, ақпарат, интелектуалдық меншік нəтижелері. Мүліктік қатынас деп мүліктік-құнды қатынастарға қатысушылар осы қаты- настарды құрған материалдық қажеттіліктер болып табылатын еңбектің саны мен сапасын өзара бағалай алады деп анықтайды. Жеке мүліктік емес қатынастар өз кезегінде осы қатынастарға қатысатын азаматтардың, тұлғаның дара қасиеттерін өзара бағалау жағдайларын қарастырған.

Азаматтық құқықтың тағы бір қажетті элеметтінің бірі ретінде мазмұны қарастырылады, мазмұны деп осы азаматтық қатынасты қалыптастырушы тараптардың арасындағы негізгі құқықтары мен міндеттерін айтамыз. Ал азаматтық құқықтың нысаны деп осы жоғарыдағы жағдайларды рəсімдеу тəртібін айтамыз, мысалы азаматтық қатынасты ауызша немесе жазбаша нысанда рəсімдеуге болады.

Азаматтық қатынастар тақырыбын қарастыруда тағы бір зейін сала кететін жағдай ол азаматтық қатынастарды жіктеу болып табы- лады. Азаматтық қатынастарды мынандай түрлерге жіктеуге болады: Азаматтық құқық көлеміне байланысты: мүліктік жəне жеке мү-

ліктік емес;

Реттеу тəсіліне байланысты: заттық жəне міндеттемелік; Тұлғаның құқықтық жағдайына байланысты: абсолютті жəне са-

лыстырмалы;

Қатысушылардың арасындағы құқықтық жағдай бойынша: күрделі жəне қарапайым болып бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет