1-тақырып. Азаматтық құқықтың жалпы ережелері. Азаматтық құқықтық қатынастары


Заңды тұлғалардың түрлері жəне ұйымдық-құқықтық нысандары



бет4/22
Дата27.10.2019
өлшемі291.74 Kb.
#447322
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Тезисы лекции

Заңды тұлғалардың түрлері жəне ұйымдық-құқықтық нысандары

АК 34-бабында заңды тұлғалардың келесідей түрлері ажы- ратылған:



Коммерциялық заңды тұлғалар – өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табыс келтiрудi көздейтiн ұйымдар.

Коммерциялық емес заңды тұлғалар – пайда келтіруді осындай мақсат ретiнде қоймайтын жəне алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн ұйым.

Коммерциялық заңды тұлғалар келесідей ұйымдық-құқықтық нысандардың бірінде құрылуы мүмкін:

мемлекеттік кəсіпорын; шаруашылық серіктестік; акционерлік қоғам; өндірістік кооператив.

Заңды тұлғалардың жауаптылығы, органдарының құрлымы мен құзіреті, құқықтары мен міндеттері оның ұйымдық-құқықтық нысан- дарына тəуелді болғандықтан, заң шығарушы аталған нысанды нақты айқындауға ұмтылған.

Коммерциялық емес ұйымдардың ұйымдық-құқықтық нысанда-

ры:


мекеме;

тұтыну кооперативі; қоғамдық бiрлестiк;

заңды тұлғалардың қауымдастығы; діни бірлестік;

қорлар; акционерлiк қоғам;

заң құжаттарында көзделген өзге де нысанада құрылуы мүмкiн. ҚР АК 34-бабында заңды тұлғалардың төмендегідей түрлерін

анықтайды:



Коммерциялық заңды тұлғалар – өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде таза табысын келтiрудi көздейтiн жəне алынған табысын қатысушыларына үлестіретін ұйым.

Коммерциялық емес ұйым – өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде таза табыс келтiруді көздемейтін жəне алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн ұйым.

Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға: мемлекеттiк кəсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн.

Заңды тұлғаның құқығы, міндеттері, құрылымы жəне құзыреті оның ұйымдық-құқықтық нысанына байланысты болғандықтан заңдар берілген нысанды нақты белгілуге тырысады.

Заңды тұлғаның құқықтары, міндеттері, құрылымы жəне огандардың құзыреті оның ұйымдық-құқытық нысанына байланысты болғандықтан, заң шығарушы аталған нысанның нақты белгіленгенуін қалайды. Коммерциялық емес ұйымдардың ұйымдық-құқықтық ны- сандары: мекеме, қоғамдық бiрлестiк, тұтыну кооперативi, қоғамдық қор, дiни бiрлестiк, қорлар жəне заңнамалық актілерде көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн

ҚР АК 36-бабында құрылтайшыларының ұйымның мүлкіне деген құқықтарына қарай заңды тұлғалардың ерекше жіктелуі бекітілген. Заңды тұлғаның үш түрі ажыратылған:

а) Мүлкiне өз қатысушылары (құрылтайшылары) мiндеттемелiк құқықтарын сақтап қалатын заңды тұлғалар (шаруашылық серiк- тестiктер, акционерлiк қоғам мен кооперативтер).

b) Мүлкiне өз құрылтайшылары меншiк құқығын немесе өзге де заттық құқығын сақтап қалатын заңды тұлғалар (шаруашылық жүргiзушi құқығында немесе оралымды басқару құқығында мүлкi бар ұйымдар).

с) Мүлкiне өз құрылтайшылары (қатысушылары) мүлiктiк құқық- тарын сақтамайтын заңды тұлғалар (қоғамдық бiрлестiктер, қоғамдық қорлар жəне дiни бiрлестiктер).



Заңды тұлғаның атауы жəне орналасқан жері

Заңды тұлғаның оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкiндiк беретiн өз атауы болады.



Заңды тұлғаның атауы оның қалай аталатынын жəне ұйымдық- құқықтық нысанын көрсетудi қамтиды. Ол заңдарда көзделген қосымша мағлұматты қамтуы мүмкiн. Заңды тұлғаның атауы оның құрылтай құжаттарында көрсетiледi. Заңды тұлғаның атауын- да заң талаптарына немесе қоғамдық мораль қалыптарына қайшы

келетiн аттарды, егер жеке адамдардың есiмдерi қатысушылардың есiмдерiне сəйкес келмесе не қатысушылар бұл адамдардың есiмiн пайдалануға олардан рұқсат алмаса, олардың есiмдерiн пайдалануға жол берiлмейдi. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның атауы заңды тұлға тiркелгеннен кейiн оның фирмалық ата- уы болып табылады. Заңды тұлға белгiлi бiр фирмалық атауымен заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледi. Заңды тұлғаның фирмалық атауды тек қана өзi пайдалануға құқығы бар. Бөтен бiр фирмалық атауды заңсыз пайдаланатын тұлға фирмалық атаудың құқық иесiнiң талап етуi бойынша мұндай атауды пайдала- нуды тоқтатуға жəне келтiрiлген залалдың орнын толтыруға мiндеттi. Мемлекеттік кəсіпорынның атауы мүліктің меншік иесіне сілтемені, мемлекеттік меншіктің қай түріне жататындығын жəне ведомствалық бағыныстылығын қосымша қамтуы тиіс.

Заңды тұлғаның тұрған жерi. ҚР АК 39-бабына сəйкес заңды тұлғаның тұрақты жұмыс iстейтiн органы тұрған жер оның тұрған жерi болып танылады. Тəжірибеде, заңды тұлғаның тұрған жерін оның мемлекеттік тіркеу жерімен байланыстырады. Үшiншi тұлғалармен қарым-қатынаста заңды тұлға өзiнiң нақты мекенжайының бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген мекенжайға сəйкес келмейтiнiне сiл- теме жасауға құқығы жоқ. Бұл орайда үшiншi тұлғалар заңды тұлғаға мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген мекенжайына да, нақты мекенжайы- на да почталық жəне өзге де хат-хабарлар жiберуге құқылы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет