1 тақырып Кіріспе


Автотіркеуішті жөндеу кезіндегі техникалық қауіпсіздігі, сонымен қатар бояу және таңба салу



бет40/59
Дата19.02.2023
өлшемі4.58 Mb.
#469774
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   59
Лекция Тех.рем

Автотіркеуішті жөндеу кезіндегі техникалық қауіпсіздігі, сонымен қатар бояу және таңба салу.
Сұрақ:

  1. Автотіркеуіш құрылғысын вагонға қондыру, бояу және таңбалау.

  2. Автотіркеуіш жөндеу кезінде техникалық қауіпсіздік.


1.Құлып, құлып ұстағыш, сақтандырғыш, көтергіш, көтергіш білігін, тартылу хомутын, екпін розеткасын, орталықтандыру балкасын, маятникті ілмесі, тірек тақтайшасы, баяулатқыш аппарат рамасын, жиналған автотіркеуішті, орталықтандыру аспабын ұстап тұратын плитаны және қосымша бетті жөндеп және шаблонмен өлшеп болғаннан кейін таңбалайды. Бөлшектердің таңбасын арнайы жерге қояды. Мысалға, жиналған автотіркеуіштің таңбасы тіректен 180 мм. және корпус басының жоғарғы жағынан 80 мм. ара қашықтықта орналасады. Бұрынғы салынған таңбалар тазаланады. Таңба жөндеу пунктінің номерінен және жөнделген уақытынан тұрады. Бұл сандар биіктігі 6 мм. қалыңдығы 0,25 мм. болу керек (мысалға, 385.08.00).
Автотіркеуіш құрылғысының таңбаланбаған бөлшектерін вагонға қондыруға рұқсат етпейді.
Автотіркеуіш құрылғысының бөлшектерін қабылдағаннан кейін оны қара түспен бояйды. Корпус зевінің және баяулатқыш аппараттың ішкі беттеріне, сонымен бірге механизмнің бөлшектеріне бояу тигізбейді.
Автотіркеуіш құрылғысын вагонға орнатуда корпус головкасының тіреуінен ұру розеткасының аралығын тексеру қажет. Жолаушылар вагонында Р-2П және ЦНИИ-Н6 аппараттары болу керек, сол сияқты жүк вагондарының ұру розеткасынан шеткі балканың басына дейін 185 мм., автотіркеуішті утепленном жағдайында 70 мм. кем емес, шығынқы жағдайында – 90 мм. болу керек. Жүк вагондары үшін шығып тұрған розеткасы бар шеткі балкадан 130 мм., бұл арақашықтық 120 мм. ден 140 мм. дейін болу керек.
Ш-2Т аппараты бар вагондар үшін бұл арақашықтық 110 мм.ден 130 мм. дейін болу керек.
Автотіркеуішартқы бөлігінің қатты тіректі маятникті типтегі орталықтандыру аспабы бар вагондарда артқы бөлігінің жоғарғы беті мен ұру розеткасының төбесінің арасындағы саңылаудың арақашықтығы оның сыртқы шетінен 15-20 мм. болуын қадағалау керек. Бұл саңылау 25 мм. кем емес 40 мм. артық болмау керек, ал құйрықшаның беті мен шеткі балкадағы терезе шетінің жоғарысы – 20 мм. кем болмау керек.
Баяулатқыш аппараттың жағдайы стяжен болтының гайкасының төсемін алып тастағаннан кейін анықталады. Ол артқы тірекке және тірек плитасы арқылы алдыңғы тірекке жатық орналасуы қажет.
Автотіркеуіш адамның күшімен ортаңғы жағдайдан жанына еркін ауысуы керек және өзінің күшімен алдыңғы қалпына қайта келуі керек.
Шынжырлы привод шынжырының ұзындығы автотіркеуіштің қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз етуі керек. Рычактың қысқа иығының ұзындығы стержен білігінің саңылау ортасына дейін 190±10 мм. құрау керек.
Барлық болтпен бекітулер толық бекітілуі керек.

2. Станция жолында вагондарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету кезінде вагон қараушылар өз жұмыстарын ПТО операторынан рұқсат алғаннан кейін барып бастайды. Ол рұқсатты құрамды орталықтан қоршау жүйесі қосылғаннан кейін немесе тасымал сигналдары арқылы қоршау туралы хабар алғаннан кейін береді. Автотіркеуіш құрылғысының бөлшектерін алмастыру үшін құрамды кем дегенде 10 м. ысырады және вагонның жан-жағынан қосарланған тежеу башмактарын қояды.
Вагонды жөндеу орнына апара жатқанда жолға түсіп қалуы мүмкін автотіркеуіш құрылғысының бөлшектерін жақсылап бекітіп алу немесе алмастыру қажет.
Автотіркеуіш құрылғысын жөндеу жұмысын бастамас бұрын платформа бортының тығынын және жартылай вагон люгінің қақпағын тексеріп, қалыпқа келтіріп алу керек. Жартылай вагон люгінің қақпағы жабық, ал платформа борты көтеріліп және бекітіліп тұру керек немесе ағытып тастау керек.
Автотіркеуішті және жеккі құрылғысын тарқату немесе жинау жұмыстары жүк көтергіш кран немесе арнайы көтергішпен орындалуы керек. Баяулатқыш аппарттың корпусының сынасына бөлшектерді ұру тек аппараттың ойығына дейін және хомуттағы тірек плитасына дейін рұқсат етеді. баяулатқыш аппараттағы сынасының (клинья) стяжной болттың гайкасын бұрап босатуға болмайды. Стяжн болтының гайкасын бұрау тек стендте жасауға болады. Диагональ орналасқан соңғы екуін босату үшін, баяулатқыш аппаратты және тарту хомутын вагоннан ағыту үшін тақтайшаны ұстап тұрған болт гайкасын босатпас бұрын тақтайшаның астына көтергіш қою керек. Баяулақыш аппаратты тарқату және жинау арнайы прессте ғана орындалуы қажет.
Автотіркеуішті жинау кезінде сақтандырғышы бар құлыпты орнату собачки бородкой иығын төмен басу арқылы немесе стержнмен орындалады.
Автотіркеуіш құрылғысын тарқату және жинау кезінде механизм бөлшектерін автотіркеуіш корпусына қоюға болмайды.

12 Тақырып




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет