3 Дәріс
Өлшем шкалалары. Өлшем түрлері мен әдістері. Өлшем құраладар. Өлшем құралдардың метрологиялық сипаттамалары. Өлшем құралдардың қателіктері.
Жоспар
1.Өлшем шкалалары. Өлшем түрлері мен әдістері
2. Өлшем құраладар
3. Өлшем құралдардың метрологиялық сипаттамалары
4. Өлшем құралдардың қателіктері.
5. Өлшем құралдардың дәлдік кластары.
Өлшеу
Өлшеу мақсаты – физикалық шаманың өлшемін табу, ол нақтылы материалды объектіне, жүйеге, құбылысқа немесе процесіне тән физикалық шаманың сандық анықтығы болып анықталады. Өлшеу нәтижесінде физикалық шаманың мәні анықталады – физикалық шама өлшемінің көрсетімі, қабылданған бірліктердің кейбір саны түрінде.
Өлшеумен байланысқан мынадай түсініктер:
өлшеу шәкілі,
өлшеу принципы,
өлшеу әдісі.
1 Өлшеулердің негізгі теңдеуі.
Физикалық шамалармен бейнеленетін, нақты бар болатын таным объектілердің ғана сипаттамаларын өлшеуге болады. Өлшеу тәжірибелік процедураларына негізделген; ешқандай теориялық ойлау немесе есептеулер өзінен-өзі өлшеу деп саналмайды.
Өлшеу тәжірибесін жүргізу үшін арнайы техникалық өлшеу құралдары қажет. Өзіне қабылданған бірліктердің кейбір саны түріндегі физикалық шаманы бағалауы өлшеу нәтижесі болып табылады.
Осы шарттарды есепке алып келесі анықтама қабылданған.
Өлшенетін шаманың және оның салыстыру бірлігі болып алынған кейбір мәні арасындағы тәжірибелік жолымен табылатын сандық арақатынасын алу процесі өлшеу деп аталады. Өлшенетін шаманың өлшеу бірлігіне қатынасын көрсететін сан өлшенетін шаманың сандық мәні деп аталады. Ол бүтін немесе бөлшек болуы мүмкін, бірақ дерексіз сан болады. Өлшеу бірлігі болып алынатын шаманың мәні сол бірліктің өлшемі деп аталады.
Онда өлшеудің негізгі теңдеуін келесі түрде жазуға болады:
Достарыңызбен бөлісу: |