Студент-практиканттарының құқықтары мен міндеттері туралы не білдіңіз?
Студент- практиканттардың міндеттері:
1.Бойына мұғалімге тән жақсы қасиеттерді қалыптастырып, оқу- тәрбие
жұмыстарын жүргізе алатындай, кәсіби дайындыққа ие болуға.
2.Мектептің ішкі тәртібіне бағынуға, мектеп әкімшілігімен топ жетекшісінің
талабын орындауға.
3.Өзіне жүктелетін жұмыс түрлерін уақытылы орындауға.
4.Өзіне тиісті оқу-әдістемелік құжаттарын уақытында дайындап отыруға.
5.Мектептегі педагогикалық практиканың қорытындысы бойынша өт
кізілетін кеңеске, университеттегі конференцияға қатысуға.
6.Педагогикалық практикадан кейінгі тапсырылуға тиіс құжаттар мен сынақ
кітапшасын топ жетекшісіне белгіленген мерзімде тапсыруға.
Студенттің педагогикалық практикасының мектептегі жетекшісінің міндеттері
Студенттің мектептегі педагогикалық практикасын өту кезінде мектеп тарапынан практика жетекшісі тағайындалады. Ол жетекші студенттің педагогикалық жоспары бойынша барлық практикалық жұмыстарды атқару барысын қадағалайды. Педагогикалық практика тиімді және жоғары дәрежеде өтуі үшін, студент практика кезінде педагогикалық әдістер мен тәсілдерге үздік машықтануы үшін мектеп тарапынан тағайындалған жетекші келесідей жетекшілік жұмыстарды атқаруы тиіс: - Мектептің педагогикалық ұжыммен алғаш кездесу мен педагогикалық практика соңынан қорытынды педагогикалық кеңесті ұйымдастырып, мектеп мұғалімдерімен әдістемелік жұмыстар жөнінде әңгіме өткізу; - Студенттерді мектеп мұғалімдерімен келісе отырып, сыныптарға бөлу; - Студент практиканың шығармашылық жұмыс жасауына бағыт беру, оны қадағалап отыру; - Студенттердің оқу тәрбие жұмысы бойынша құжаттарын тексеріп, қорытынды бағаларын қою; - Педагогикалық практика жетекшісіне практика соңындағы топтың есебі мен мектеп қызметкерлеріне төленетін ақының құжатын уақытылы тапсыру; - Сынақ құжаты мен кітапшасына студенттердің тисті бағаларын қою. 2.10 Мектеп директоры мен оқу ісі жөніндегі орынбасарының міндеттері: - Педагогикалық практиканың көңілді өтуіне жағдай жасау, кезекті практиканың өтуі туралы мектеп мұғалімдерімен, өзге қызметкерлермен, оқушылармен жұмыс жүргізу; - Студент практиканттардың педагогикалық кеңеске жұмысына пән бірлестігінің, ата - аналар комитетінің ортасына қатысуына мүмкіндік жасап, олардың жұмыс жоспарларымен таныстыру; - Студент пратиканттың кейбір сабағына, тәрбие жұмысының біріне қатысып, талдау жасау; - Педагогикалық кеңесте практика жұмысын жақсарту, оқу тәсілдерін жетілдіру туралы пікірлерін айту; - Педагогикалық практиканың аяқталуымен байланысты мектеп педагогикалық кеңес өткізіп, мүмкіндік болса университеттегі конференсияға қатысу. 2.11 Студенттің педагогикалық практикасының кафедра тарапынан жетекшісінің міндеттері Педагогикалық жетекшісі практика басталар алдында студенттермен жиналыс өткізуі тиіс. Жиналыста студенттерге практиканың мақсаттары мен міндеттерін, студенттің практика кезінде атқаратын жұмыстарына сипаттама, мектеп туралы, сыныптар туралы мәліметтер және студенттердің практика кезінде орындайтын жеке тапсырмаларының тақырыптарын береді. Жетекші келесі жұмыстарды атқаруы тиіс: - Педагогикалық алдындағы жиналыста практиканың уақытын, мерзімін және сипатын түсіндіреді; - Педагогикалық соңында түзілетін есептің мазмұны мен түзу ережелерін және оған керекті, практика кезінде жинайтын материалдардың сапасы мен санын көрсетеді; - Педагогикалық кейінгі есеп беру мерзімін анықтайды; - Педагогикалық күнделігін толтыру ережелерін түсіндіреді; - мектеппен практиканттардың орындайтын педагогикалық жұмыстарының реті мен түрлерін анықтайды; - студенттерге мектептегі тәжірибелі ұстаздардың арнайы дәрістер беруін және педагогикалық шеберлікті арттыру мақсатында жүргізілетін жұмыстармен таныстыруын қамтамасыз етеді; - Педагогикалық кезінде үнемі қадағалауды қамтамасыз етеді; - Педагогикалық біткеннен кейін практика туралы есепті кафедрада қорғауды қамтамасыз етеді; - Педагогикалық соңында қорытынды конференция өткізеді.
Сыныппен, сынып жетекшісімен, мектеп психологымен, тәрбие жұмысы жоспарымен танысу студент-практикант үшін маңыздылығы неде?
1.Сыныптағы және мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің жағдайын зерттейді;
2.Сыныптың біріндегі сынып жетекшісінің қызметімен танысады (әңгіме, мектеп құжаттары, бақылау, тәрбие жұмысының жоспарын зерттейді т.с.с);
3.Сынып ұжымын зерттейді (диагностикалық картамен жұмыс);
4.Педагогикалық практика барысында тәрбие қызметін жоспарлайды;
5.Оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, сынып ұжымында (КТД) ұжымдық шығармашылық істерді жасап, өткізіп және талдайды;
6.Сынып жетекшілері әріптестерінің ұжымдық шығармашылық істеріне қатысып және талдау жасайды;
7.Педагогикалық практика бойынша есеп беруге дайындалады.
8.Оқушылардың жасын және қызығушылығын ескеріп, кәсіптік бағдар қызметін жүзеге асырады;
9.Сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің тәжірибесін зерттеу.
Психологиядағы әдіс пен әдістеме туралы ұғымдарға түсініктеме беріңіз?
Психологиялық әдіс - бұл психолог-зерттеушілер ғылыми теорияларды құру және практикалық ұсыныстарды әзірлеу үшін пайдаланылатын сенімді ақпарат алатын әдістер мен құралдар.Жақсы әдіс талантты зерттеушініалмастырмайды, бірақ оған маңызды көмек болып табылады.Психология әдістері даму мен өзгерістегі психикалық құбылыстарды зерттеуге бағытталған.Жануарлар әлемінің тарихындағы, адамзат тарихындағы психиканың дамуы мен өзгеруі, жас ерекшеліктері, жаттығудың, оқытудың және тәрбиенің әсерінен, қоршаған ортаның қолайсыз әсерлерінің нәтижесінде, аурулардың салдарынан зерттеледі.Психологиялық зерттеу әдістері тек адамның өзін ғана емес, оған әсер ететін жағдайларды да зерттейді.Мысалы, отбасындағы және мектептегі жағдайды ескерместен баланың жеке басының қасиеттерін түсіну мүмкін емес.Психология әдістері өте әртүрлі. Оларды жіктей отырып, ең алдымен ғылыми зерттеулердің нақты әдістері мен практикада тікелей қолданылатын әдістер ерекшеленеді. Әдістер жалпы және жеке, көп немесе аз ғылыми болуы мүмкін. Ғылымды талап ететін психологияда тиісті ғылыми әдістер болуы керек.Психологияның негізгі әдістері, көптеген басқа ғылымдар сияқты, бақылау және эксперимент болып табылады . Қосымша -, әңгіме және өмірбаяндық әдіс. Жақында психологиялық тестілеу танымал бола бастады .
Әдістеме дегеніміз
белгілі бір мақсатқа,нәтижеге жету үшін әдіс-тәсілдердің жүйелі бірлігі деген ұғымды білдіреді.
белгілі бір күрделі жұмысты бірізділікті пайдаланып,біртіндеп орындайды.
іс-әрекетті жүйелі бірлікте жүргізу.
бейнелеген жұмысты қайтадан жалпы қарап,көркемдік
ұйлесілімділігін,бірлігін тексереді.
бейнелеу ереже –зандылықтарын оқыту.
Зерттеу әдістері және ұйымдастыру туралы сипаттаңыз?
Зерттеу әдістемесінің дайындығы ғылыми ізденіс логикасына орай жүргізіледі. Бұл әдістеме өте күрделі де сан қилы қызметтермен байланысты нысан болған білімдену процесін аса жоғары шынайлылықпен зерттеуге мүмкіндік беретін теориялық және эмпирикалық әдістер тобынан құралады. Әдістердің тұтастай бір бөлігін қолдануда назарға алынған проблема жан – жақты айқындалады, оның біршама қырлары мен шектері түгелдей зерттеуден өтеді. Педагогикалық зерттеу әдістерінің әдіснамадан өзгешелігі – бұл педагогикалық құбылыстарды зерттеу, олар жөніндегі ғылыми ақпараттарды жинақтап, заңдылықты байланыстар, қатынастарды анықтау, оның нәтижесінде ғылыми теория қалыптастыру мақсатымен жүргізілетін іс — әрекет жолдары мен тәсілдерінің өзі. Әдістер көп түрлі де сан қилы, бірақ жүйелестіре келгенде, бұлардың бәрі үш топқа ажыралады: 1) педагогикалық тә»жірибені зерттеу әдістері; 2) теориялық зерттеу әдістері, 3) математикалық әдістері.
Педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері – білім беру процесін ұйымдастырудың көз алдымызда қалыптасқан тәжірибесін зерттеудің жолдары. Зерттеуге озат тәжірибе, яғни танымал мұғалімдер мен қатардағы тәлімгерлер қызметтері бірдей алынады. Олардың жұмыстарында кезігетін қиындықтар педагогикалық процесс қайшылықтарымен, пайда болған не енді туындауы мүмкін проблемалармен байланысты келеді. Педагогикалық тәжірибені зерттеу барысында келесідей әдістер қолданылады: бақылау, әңгімелесу, интервью, анкеттеу, оқушылардың жазба, графикалық және шығарма жұмыстарын көзден өткеру, педагогикалық құжаттармен танысу.
|