4) балалар үшін жарақаттанушылықтың, улану мен жазатайым оқиғалардың алдын алатын қауіпсіз орта туғызу бойынша ата-анасына (ата-аналарға) түсіндіру; 5) баланың психомоторлық және сөйлеу дамуының мониторингі және анықталған проблемалар бойынша консультация беру; 6) № 704 бұйрыққа сәйкес балалардың аудиологиялық және психофизикалық скринингін жүргізу; 7) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес "M-CHAT-R" - балалар үшін аутизмге түрлендірілген скринингтік тест жүргізу; 8) сырқат балаларға үйде күтім жасау және дамуында ақауы бар балаларға күтім жасау мәселелері бойынша консультация беру; 9) тұрмыстық зорлық-зомбылық және балаға қатал қарау профилактикасы. 24. Педиатриялық көмек көрсету кезіндегі МСАК мекемелерінде атқарылатын қызметтері МСАК ұйымдарына бекіту "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21642 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі. МСАК ұйымдары жүргізеді: 1) балаларға консультациялық, диагностикалық, емдік көмек көрсету, динамикалық байқау; 2) патронаждық қызметтің әмбебап-прогрессивті моделіне сәйкес жүкті әйелдердің, жаңа туған нәрестелер мен ерте шақтағы балалардың патронажы және белсенді қарап-қадағалау; 3) "Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысымен бекітілген профилактикалық егулердің мерзімдеріне сәйкес вакцинациялауды жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу; 4) көрсетілімдері болған жағдайда балаларды бейінді мамандардың консультациясына жіберу;