2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты


Агроөнеркәсіптік кешеннің басым салаларының проблемаларын талдау



бет4/14
Дата22.02.2016
өлшемі1.28 Mb.
#1816
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Агроөнеркәсіптік кешеннің басым салаларының проблемаларын талдау


  1. Өсімдік шаруашылығының проблемаларын талдау

Негізгі дақылдар бойынша түсімділік әлемдік өнімділік көрсеткіштерімен салыстырғанда төмен деңгейде.
Негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының түсімділігін салыстыру, ц/га











Дерек көзі: Қазақстан бойынша деректер – ҚР Статистика агенттігі (2011 ж.) шетелдер бойынша деректер – FAO (2008 ж.)

Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарын жалпы жинау 2011 жылы жеткілікті жоғары деңгейге (мың тонна) жетті: бидай – 22732,1, жүгері – 482, арпа – 2593, күріш – 347, соя – 133, күнбағыс – 409, рапс – 149, мақта – 336, картоп – 3076, көкөніс – 2878, жемшөптік жүгері – 1053, жемшөп (тамыр жемістер, бақша, дәнді дақылдар, жүгерісіз сүрлем) – 279, алма – 115 мың тонна.

Бидайдың 2011 жылғы жоғары өнімі кезінде оны асыра өндіру орын алды, бұл өнімді экспорттау кезінде қиындықтар, сондай-ақ астық тасығыштар мен сақтау қуаттылықтарының тапшылығын туғызды. Майлы дақылдар бойынша сақтау қуаттылықтарының тапшылығы және АШТӨ-ның агротехнологиялар білімінің жетіспеушілігі көрінді. Соя мен жүгері өндірісінде өндірістің ұсақ тауарлығы жоғары емес өнімділікке әкеледі, сондай-ақ қайта өңдеу саласында проблемалар бар. Жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру үшін негізгі тежеуші факторлар ұсақ тауарлы АШТӨ арасында бөлінген суармалы жерлердің тапшылығы, сақтау қоймаларының тапшылығы, қайта өңдеу өнеркәсіптері үшін шикізаттың жетіспеушілігі болып табылады, бұл осы өнім түрі бойынша импортқа тәуелділіктің жоғары дәрежесіне әкеледі.

Жемшөп дақылдары егілетін жыртылған жерлер ауданы 2011 жылы 2484,3 мың гектарды, оның ішінде жиналған алаң 78 мың гектар жемшөпке арналған жүгері, 197,2 мың гектар бір жылдық шөптер және 1780,1 мың гектар көпжылдық шөптер құрады. Жемшөп дақылдарының өнімділігі төмендеуде, бұл жер пайдаланудың тиімсіз құрылымымен байланысты. Мал шаруашылығының өсіп келе жатқан қажеттіліктері сапалы құрама жеммен жеткіліксіз қамтамасыз етіледі.

ҚР-дағы фитосанитариялық қауіпсіздік деңгейі Қазақстаннан өсімдік шаруашылығы өнімдерін шығаруға тыйым салу жағдайларының төмен санымен қанағаттанарлық деңгейде.


      1. Мал шаруашылығының проблемаларын талдау

Мал шаруашылығы өнімінің үлкен үлесі халықтың жеке қосалқы шаруашылықтарында өндіріледі, бұл төмен өнімділікке әкеледі, ішкі нарықтағы өсіп келе жатқан қажеттілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді, жоғары өзіндік құнына және бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне әкеледі, импортқа тәуелділіктің қалыптасуына әкеп соқтырады. Осылайша, барлық ет түрлерін негізгі өндірушілер әлі күнге дейін халықтық шаруашылықтар болып табылады, оларда 2012 жылғы 1 қаңтардағы деректер бойынша 76,7% ІҚМ басы, 67% қой мен ешкі, 72,5% шошқа, 62,7% жылқы және 40,9% құс ұсталуда. Мал шаруашылығы өнімділігінің көрсеткіштері халықаралық көрсеткіштерден бірнеше есе төмен.

Мал шаруашылығы өнімділігінің көрсеткіштері











Дерек көзі: Қазақстан бойынша деректер – ҚР Статистика агенттігі (2011 ж.), шетелдер бойынша деректер – FAO (2008 ж.)

Қазақстанның мал шаруашылығының әлсіз өнімділігінің негізгі себептері асыл тұқымды мал басының төмен үлесі (мысалы, етті бағыттағы малдың үлесі – 2,5%-дан артық емес), сапалы жемшөптердің тапшылығы, күтіп-бағудың сәйкес емес шарттары болып табылады. Мал басының үлкен бөлігі тұрғындар шаруашылықтарына шоғырлануына байланысты мал шаруашылығы саласына малдардың төмен генетикалық әлеуеті және осымен байланысты төмен өнімділік, өнімділікті және өнімдердің сапасын қамтамасыз ететін күтіп-бағудың, азықтандырудың қазіргі заманғы технологияларын және басқа да технологияларды пайдаланудың жоқтығы, малдардың саулығына жеткіліксіз қарау секілді сипаттамалар тән. Бұдан басқа малдарды суаруға арналған су көздерінің қолжетімсіз болуына байланысты табиғи жайылымдардың әлеуеті пайдаланылмайды.




      1. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу проблемаларын талдау

Негізгі қайта өңдеу өнімдері экспортының-импортының теңгерімі бірқатар өнімдер бойынша Қазақстанның үлкен импортқа тәуелділігін көрсетеді.

Ішкі тұтынудағы негізгі азық-түлік тауарлары импортының үлесі, %



Дерек көзі: ҚР Статистика агенттігі деректерінің негізіндегі есептеулер

Қайта өңдеу өнімдері бойынша Қазақстанның импортқа тәуелділігі, тауарлар импортының құрылымы, 2011 ж., %

Дерек көзі: ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті

2011 жылы негізгі азық-түлік тауарлары импортының көлемі 1 093,7 млн. АҚШ долларын құрады. Импорттың негізгі үлесін шикі қантты қоса алғанда, қант (31%), өсімдік майы (13%), сүт және қоюлатылған кілегей (13%) секілді өнімдер алады.

Сусындарды қоса алғанда, тамақ өнімдері өндірісінің құрылымында негізгі үлесті астық өңдеу (31,1%), ет өңдеу (9,4%), сүт өңдеу (10,2%), балық өңдеу (3,2%), жеміс-көкөніс (2,2%) өндірісі, май-тоңмай (2,6%) салалары, сусын өндірісі саласы (9,5%) алады.

Қайта өңдеу секторының дамуын негізгі тежеуші факторлар мыналар болып табылады:


  1. шикізаттың төмен сапасы және тапшылығы, сондай-ақ шикізатты дайындау, тасымалдау және сақтау бойынша логистиканың дамымағандығы, бұл қайта өңдеу қуаттылықтарының толық жұмыс істемеуіне әкеледі;

  2. сауда-логистикалық инфрақұрылымның дамымағандығы, бұл азық-түлік нарығында көптеген ұсақ ойыншылардың жұмыс істеуіне және өнімнің негізсіз қымбаттауына әкеледі;

  3. отандық ауыл шаруашылығы өнімдері мен оны қайта өңдеу өнімдерінің ішкі және сыртқы нарықтардағы төмен бәсекеге қабілеттілігі;

  4. импорттың едәуір көлемінің болу себебі бойынша ішкі нарықта отандық тамақ өнімдерін өткізудегі қиындықтар.

Осы арада, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігіне, оның ішінде жасанды тауарлардың (декларацияланбайтын өсімдік майлары, соя қоспалары және басқа да алмастырғыштар, консерванттар, хош иістендіргіштер, бояғыштар, т.б.) болуына зертханалық талдауды жүргізе отырып, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасына қатысты мемлекеттік бақылауды күшейту қажет.

Өз кезегінде бұл қолданыстағы техникалық регламенттерді метрологиялық сараптау жүргізуді және жетіспейтін сынақ зертханаларын салу және жаңғырту, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту, сондай-ақ сынақтар стандарттары мен әдістемелерін әзірлеу бойынша шаралар қабылдауды талап ететін болады.

Үкіметтік емес ұйымдарға нарықта қолдан жасалған тамақ өнімдерін анықтау жөніндегі іс-шаралар жүргізу құқығын беретін мәртебе беру мүмкіндігін пысықтау қажет.

Қазіргі уақытта жүнді және былғары илеу шикізатын қайта өңдеу үлесі өте төмен деңгейде қалуда. Негізінен бұл осы тауарға сұраныстың болмауымен байланысты болып отыр. Жуылған жүнді және өңделген былғары шикізатын сату көлемдерін арттыруға жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің кәсіпорындарын дамыту ықпал ететін болады.

Нарықты қорғау жөніндегі іс-шаралар идеологиялық қолдаумен нығайтылуы тиіс. Бұл үшін отандық тамақ өнімдерін тұтынуды насихаттау және халықтың отандық өнімдерге сенімділігін арттыру бойынша кең ауқымды науқан жүргізу қажет.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет