Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы «18» ақпандағы
№ 151 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі
2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы
|
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы
|
Әзірлеу үшін негіздеме
|
Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы
|
Жауапты орындаушы
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – ҚР АШМ)
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері
|
Мақсаты
|
Қазақстан Республикасы (бұдан әрі – ҚР) агроөнеркәсіптік кешені (бұдан әрі – АӨК) субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасау
|
Міндеттері
| -
АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру.
-
АӨК субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру:
-
өсімдік шаруашылығындағы тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;
-
астық сақтау жөніндегі қызметтердің физикалық қолжетімділігін арттыру;
-
АШТӨ үшін судың экономикалық қолжетімділігін арттыру;
-
мал шаруашылығындағы және тауарлы балық өсірудегі тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;
-
ауыл шаруашылығы шикізатын терең қайта өңдеу өнімінің өндірісі үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;
-
қаржылық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;
-
басым инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті арттыру;
-
білім беру қызметтерінің, аграрлық ғылым нәтижелерінің және консультациялық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру.
-
АӨК субъектілерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйелерін дамыту:
-
фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту;
-
ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту.
-
АӨК-ні мемлекеттік реттеу жүйелерінің тиімділігін арттыру:
-
ауыл шаруашылығына агрохимиялық қызмет көрсету тиімділігін арттыру;
-
АӨК субъектілерін ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерін дамыту;
-
ауыл шаруашылығы дақылдарының мемлекеттік сорттық сынау тиімділігін арттыру;
-
АӨК субъектілері үшін мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесін дамыту;
-
ауыл шаруашылығындағы техникалық реттеу жүйесін дамыту;
-
АӨК-дегі мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің тиімділігін арттыру;
-
органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі мен айналымын дамыту үшін жағдайлар жасау.
|
Іске асыру мерзімдері
|
2013 – 2020 жылдар
|
Нысаналы индикаторлар
| -
АӨК субъектілерін субсидиялау есебінен ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемін 2020 жылы
4,5 есе ұлғайту;
-
АӨК субъектілерінің борыштық жүктемесін қарыздарды қайта қаржыландыру және қайта құрылымдау есебінен жалпы сомасы 300 млрд. теңгеге кемінде 8 жылға ұзарту;
-
кредиттер мен лизингтің қолжетімділігін арттыру жөніндегі шаралар есебінен АӨК-ге тартылған мемлекеттік емес кредит қаражатының көлемі 2013 – 2020 жылдары
2 трлн. теңгеге дейін;
-
карантиндік және аса қауіпті зиянды организмдер таралуының қауіптілік коэффициенті 2020 жылы
0,88;
-
мониторингтік зертханалық зерттеулерге ұшырайтын тамақ өнімдерінің үлесі 2020 жылы 0,4 %;
-
электрондық форматқа көшірілген мемлекеттік қызметтер үлесі 2015 жылы 62 %.
|
Қаржыландыру көздері мен көлемдері
|
Бағдарламаны 2013 – 2020 жылдары іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген жалпы шығыстар барлығы 3 122,2 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде:
2013 жылы*– 339,7 млрд. теңге
2014 жылы*– 466,0 млрд. теңге
2015 жылы*– 322,7 млрд. теңге
2016 жылы – 340,7 млрд. теңге
2017 жылы – 383,5 млрд. теңге
2018 жылы – 406,9 млрд. теңге
2019 жылы – 414,3 млрд.теңге
2020 жылы – 448,4 млрд. теңге
|
* – сомалар тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік бюджетке сәйкес нақтыланатын болады
| Кіріспе
ҚР тәуелсіздігі кезеңінде елдің АӨК-де айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді: нарықтық қатынастар негізінде өндірістің тұрақты өсуі байқалады, еңбек өнімділігі мен өндіргіштігі артуда, саланың негізгі қорларын жаңарту және инфрақұрылымын қалпына келтіру жүргізілуде, негізгі тамақ өнімдері бойынша өзін-өзі қамтамасыз етуге қол жеткізілді, дәнді, майлы дақылдар, балық аулау өнімдері экспортының айтарлықтай өсуіне қол жеткізілді.
2011 жылы елдің жалпы ішкі өнімінің (бұдан әрі – ЖІӨ) көлеміндегі ауыл шаруашылығы өнімінің үлесі 5,1%-ды құрады, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндердің еңбек өндіргіштігі 2005 жылдан бастап 2011 жылдар аралығындағы кезеңде жылына 9,3% орташа жылдық өсу қарқынымен бір жұмыс істейтін адамға 304,2 мың теңгеден 498 мың теңгеге дейін өзгерді, ауылды жерлерде шамамен 7,48 млн. адам немесе Қазақстанның жалпы халқының 45%-ы тұрды.
Қазіргі уақытта әлемдік аграрлық экономика мен демографияның жаңа үрдістері қалыптасуда, өңірдегі ықпалдастыру процестері нақты дами бастады, жаһандық климаттық өзгерістер болуда. Қазақстан Кеден одағына (бұдан
әрі – КО) кірді, таяу кезеңде Дүниежүзілік сауда ұйымына (бұдан әрі – ДСҰ) кіруі жоспарлануда. Алайда, саладағы еңбек өндіргіштігінің төмен деңгейі, пайдаланылатын технологиялардың жетілдірілмегендігі, өндірістің ұсақ тауарлы болуы ауыл шаруашылығы өндірісін қарқынды негізде жүргізуге, материалдық, еңбек және басқа ресурстарды неғұрлым толық пайдалануды қамтамасыз етуге, экологиялық талаптарды сақтауға мүмкіндік бермейді. Осы факторлар отандық аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді, бұл ДСҰ мен КО жағдайларында шетелдік өнім импортының басым болуына, жергілікті өндірушілерді өткізу нарықтарынан ығыстыруға әкелуі мүмкін.
Азық-түлік өнімдерін тұтынудың қарқынды өсуімен және тұтыну құрылымының неғұрлым сапалы өнімдер жағына қарай өзгеруімен ел халқының өсуі орын алуда. Елді азық-түлікпен қамтамасыз етудегі, халықты жұмыспен қамтуды арттырудағы және республиканы экономикалық дамытудағы ауыл шаруашылығының рөлін Мемлекет Басшысы бірнеше рет, оның ішінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты векторы» атты 2012 жылғы
27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында атап өтті.
Сыртқы және ішкі ортаның өзгерген жағдайларында Қазақстанның
КО-ға кіруі мен ДСҰ-ға алдағы кіруіне, саланы мемлекеттік реттеу мен жаңғыртудың жаңа тетіктерін қолдану қажеттілігіне байланысты ҚР АӨК-ті дамытудың жаңа салалық бағдарламасы әзірленді.
Достарыңызбен бөлісу: |