Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму
министрлігінің бұйрығы
2014 жылғы 30 желтоқсан №343 Астана қаласы
Жарылыс жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер
үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз
ету қағидаларын бекіту туралы
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-2-бабының 14) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Жарылыс жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ.Ержанов):
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін бұқаралық ақпарат құралдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалудың бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.П.Рауға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Е.ДОСАЕВ
2015 жылғы 14 қаңтар
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
________________ В.ШКОЛЬНИК
2015 жылғы 13 қаңтар
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
________________ Қ.ҚАСЫМОВ
2015 жылғы 9 қаңтар
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы №343 бұйрығымен бекітілген
Жарылыс жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары
1-бөлім. Жарылғыш материалдарды пайдаланудың жалпы тәртібі
1. Негізгі ережелер
1. Осы Қағидалар жарылыс жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды және «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 12-2-бабы 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Жарылғыш материалдар айналымында және пайдалануға қатысатын өндірістер үшін жергілікті жағдайларды, өндірістік бақылау туралы және аварияны жою жоспары туралы ережені ескере отырып, жарылғыш материалдарды қауіпсіз қолдануды қамтамасыз ету бойынша технологиялық регламенттер әзірленеді.
Технологиялық регламентті ұйым әзірлейді және ұйымның басшысы бекітеді.
2. Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат берілген жарылғыш материалдарды (бұдан әрі – ЖМ), жарылғыш заттарды (бұдан әрі – ЖЗ), бастамашыл құралдарды, ату және жару аппараттарын, жарылыс жұмыстарын механикаландыру құралдарын, ЖЗ (оқтау) жасау және пайдалану кезінде тікелей пайдаланылатын техникалық құрылғыларды, жарылғыш және бақылау-өлшеу аспаптарын, жарылыс жұмыстарына арналған құрылғылар мен аппаратураны «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 75-бабында көзделген тәртіппен пайдалануға рұқсат беріледі.
3. ЖМ сақтау және пайдалану кезінде қауіпсіздікті анықтау мақсатында тұтынушы сынауына тартылады:
1) дайындаушыдан түскен кезде (кіріс бақылауы);
2) сапалылығына күмән туындаған кезде (сыртқы бақылаудан) немесе жарылыс жұмыстарының қанағаттанарлықсыз нәтижелер кезінде (толық емес жарулар, істен шығу);
3) сақтаудың кепілдік мерзімі өткенге дейін.
Сынақ тиісті ЖМ жасаушылардың нормативтік-техникалық құжаттарына сәйкес жүргізіледі.
Сынау нәтижелері одан әрі ЖМ сынауды есепке алу журналына осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес жаза отырып актімен ресімделеді.
4. Кепілдік сақтау мерзімі өткен ЖМ әзірлеуші немесе өндіруші-зауыттың техникалық құжаттамасында көзделген сынауларсыз пайдалануға және сақтауға рұқсат берілмейді.
ЖМ ұйымға дайындаушылардан тікелей түскен жағдайда, сертификаты болған және базистік қоймадан шығыс (базистік) қоймаға жарамды ыдыспен (сырттай қарағанда) болған жағдайда қабылдау кезінде сынақ қажет емес.
Көмір және қатпарлы тас шахталарында кепілдік мерзімі өткен нитроэфирлі ЖЗ пайдалануға болмайды.
5. ЖЗ заттарды тұтынушы ұйымдарда дайындау, ЖЗ механикалық жолмен оқтауға дайындық технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
6. ЖМ үйлесілімділігі ЖЗ мен олар негізінде жасалған өнімдердің үйлесімділігі топтарына сәйкестігі осы Қағидалардың 2-қосымшасының үйлесімдік кестесіне сәйкес белгіленеді.
7. ЖМ үйлесімділік тобына, сыныпқа және кіші сыныпқа жататындығын әзірлеуші айқындайды, сараптама қорытындысымен расталады және тиісті ЖМ қолдану бойынша нұсқамада көрсетіледі.
8. Үйлесілімділігі әртүрлі топтағы ЖМ бөлек сақталып, тасымалданады.
9. Бірге сақтауға:
1) түтінді (D үйлесілімділік тобы) және түтінсіз (С үйлесілімділік тобы) оқ-дәрілерді олардың ішіндегі ең сезімталдыларына талаптарға сәйкес;
2) от өткізгіш байлам, оны және оқ-дәріні жаққыш құралдар, сигналдық және дәрілік патрондар мен В, С және D үйлесімділік топтарының ЖМ бірге сигналдық ракеталар (G үйлесілімділік тобы);
3) детонациялық сымдар және детонациялық ленталар (D үйлесілімділік тобы) капсюль-детонаторлармен, электр детонаторлар және пиротехникалық реле (В үйлесілімділік тобы).
10. Осы Қағидалардың 3-бөлімінде көрсетілген шарттарды және сақтаған және мынадай:
1) үйлесімділік тобы бірдей, бірақ әртүрлі кіші сыныпты ЖЗ Еуразия экономикалық комиссиясы кеңесінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 57 шешімімен қабылданған Кедендік Одақтың КО ТР 028/2012 «Жарылғыш заттар және олар негізіндегі өнімдердің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің (бұдан әрі – Регламент) 2-қосымшасына сәйкес 1.1 кіші сыныпты оларға ЖМ сияқты қауіпсіздік шараларды пайдаланған жағдайда бірге тасымалдауға рұқсат беріледі;
2) C, D және Е үйлесімділік топтары ЖМ бірге тасуға, Е үйлесімділік тобына жатқызылған төменгі нөмірлі кіші сынып үшін белгіленген талаптарды орындаған жағдайда (егер осы топтың жүгі тасымалданатын болса) немесе С (Е тобының ЖМ болмаған кезде) рұқсат берілетін талаптарды орындаған жағдайда B, C, D, E, G, N және S топтарының ЖМ бірге тасымалдауға жол беріледі.
11. N үйлесімділік тобының ЖМ, S басқа басқа үйлесімділік тобының ЖМ бірге тасымалдауға болмайды. Егер N үйлесімділік тобының ЖМ С, D, және Е үйлесімділік тобының ЖМ бірге тасымалданатын болса, онда олар D үйлесімділік тобы ретінде қаралады.
12. Өнеркәсіптік ЖМ, ЖЗ, бастамашыл құралдар, ату және жару аппараттар оларды пайдалану кезінде (сақтау, тасымалдау, жұмыс орнына жеткізу, пайдалану) қауіптілік дәрежесі бойынша І сыныпқа жатқызылады және Регламентінің 2-қосымшасына сәйкес топтарға бөлінеді.
13. Пайдалану шарты бойынша өнеркәсіптік ЖЗ Регламенттін 1-қосымшасына сәйкес сыныптарға бөлінеді.
14. ЖМ бар жәшіктер (қораптар) мен контейнерлерді, ЖЗ бар қаптарды жасаушы қораптың ашылғанын сырттан анықтауға мүмкіндік беретін тәсілмен пломбалайды (тігеді, жапсырады).
15. ЖМ қаптаған кезде жасаушы ыдысқа қолдану бойынша Регламентінің 5-бабының 2.2-тармағында келтірілген ақпарат көрсетілген нұсқаулық қоса салынады.
Орамаға салу орнына ілеспе құжаттамаға ЖЗ қолдану бойынша нұсқаулық енгізуге жол беріледі: ормадағаы (жәшіктегі) бұйымның зауыттық жеке маркалы нөмірінің тізбесі.
16. ЖМ орналасқан жерден 100 метрден аз ара қашықтықта от жағуға, темекі шегуге, оқ дәрі қаруын, жандырғыш және темекі тұтандырғыш заттарын ұстауға рұқсат берілмейді. Жандырғыш заттарды тек жарғыш мамандарға ұстауға рұқсат беріледі.
17. О-дәрімен жұмыс істеу және оны сақтауға арналған үй жайларында аяқ-киім табанында және өкшесінде темірбөліктер (шеге және тағы басқа) болмауы шарт. Құралдар және басқа да темір жабдықтар ұшқын шығармайтын материалдардан дайындалады. Болаттан тек бұрауыштар жасалынуы мүмкін.
18. Патрондағы және қаптағы аммиакті селитралы негіздегі ұнтақты ЖЗ пайдалану алдында сыртқы қабықшасын бұзбай жайылады. Пайдалану бойынша нұсқаулықта көрсетілген нормадан жоғары ылғалданған ЖЗ пайдалануға болмайды.
19. Құрамында гексоген немесе сұйық нитроэфирі жоқ, тұрып қалғанда және жаю мүмкін болмаған ЖЗ, осы Қағиданың талаптарына сәйкес ұсақталады, содан кейін оларды тек газ бойынша қауіпті емес шахталарда (кеніштерде) немесе жер бетіндегі жұмыс кезінде шаңдар жарылуы бойынша қауіпті емес қабаттарда (кен денелері) пайдаланылады.
Гексоген немесе сұйық нитроэфирлі тұрып қалған ұнтақты ЖЗ ұнтақтамай немесе жаймай пайдалануға, тек жер үсті жару жұмыстарында рұқсат беріледі.
20. Газ бойынша қауіпті көмір және тақта тасты шахталарда немесе шаң жарылысы бойынша қауіпті қабаттарда қабықшасы бұзылған патронды ЖЗ пайдалануға болмайды.
21. Кептірілген немесе ұсақталған ЖЗ пайдалану саласы оларды пайдалану бойынша дайындаушы нұсқаулығына сәйкес анықталады.
22. Жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде персонал қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жүргізіледі, ЖЗ шаңдарымен және жарылыстың улы өнімдерімен улануды ескертеді, ЖЗ шаңы жарылуын болдырмау үшін кешенді шаралар жүргізіледі. Шараларды ұйымның техникалық жетекшісі бекітеді.
23. Жарылыс жұмыстарын жарушы осы Қағидалардың 3-қосымшасында келтірілген жазбаша наряд-жолдама арқылы жүргізеді.
Жарылыс жұмыстарын авариялық жағдайларды жою және ескерту кезінде нарядсыз жүргізуге рұқсат беріледі.
24. Ортақ қауіпті аймақ шегінде бірнеше жарушы бір уақытта жұмыс жасағанда біреуі басшы болып есептеледі. Ол өзінің нұсқауларын дауыспен немесе алдын ала келісілген және жарушыларға белгілі белгілермен береді.
25. Жарушы жұмыс уақытында арнайы киіммен, жару жұмыстарына арналған жабдықтармен және аспаптармен жарақталуы, өзімен бірге сағаты болады. Бірнеше жарушы жару жұмысын жасаған кезде бақылау сағаты аға жарушыда болады.
26. Электр детонаторды тікелей қолданушы адам статистикалық электр қуатын қауіпті мөлшерге дейін жиналуына жол бермейді.
27. Жарушы ЖМ босаған ыдысты тексеріп, мұқият тазартып, тағайындалуына тәуелсіз, оқтау блогынан (забой) жару желісі монтажына дейін алыстатылады.
2. Жарылыс жұмыстары үшін персоналды дайындау тәртібі
28. Жарылыс жұмыстарына басшылыққа аяқталған жоғары немесе арнайы орта таукен-техникалық білімі бар немесе арнайы оқу орнында және арнайы курстарда оқып, жару жұмыстарға басшылық құқығын беретін осы Қағидалардың 4-қосымшасында келтірілген үлгімен Жарушының (жарушы-шебер) бірыңғай кітапшасын алған адамдар жіберіледі.
29. Жер асты жұмыстарындағы жарылыс жұмыстары бойынша басшылығына жер асты жағдайындағы жұмыс өтілі бір жылдан кем емес таукен инженері, жұмыс өтілі екі жылдан кем емес таукен технигі тағайындалады.
30. Жарылыс жұмыстарын жарылыс жұмыстарына рұқсаты және Жарушы-шебердің бірыңғай кітапшасы бар жарушылар (жарушы-шебер) жүргізе алады.
Газ бойынша қауіпті шахталарда (кеніштерде) немесе жарылысқа қауіпті шаңы бар пайдалану жыныстарында жарылыс жұмыстарына жарушы-шеберлер ғана жіберіледі.
Ыстық сілемдерді жаруға жұмыс өтілі екі жылдан кем емес жарушылар жіберіледі.
31. Жарушыға көмекші ретінде бастамашыл құралмен және патрон-соққышпен байланысты емес жұмыстарға жарушының басшылығымен және бақылауымен, нұсқаулықпен танысқан адамды тағайындауға болады.
32. Жарушы және жарушы-шебер мамандығына медициналық қорытындысы бар, орта білімді, жасы мен жұмыс өтілі келесідей болатын тұлғалар жіберіледі:
1) газ бойынша қауіпті көмір шахталарында немесе шаң жарылу қауіпі бар көтерілгіш қатпарларда – жасы 22-ден және жер асты жұмыстарындағы жұмыс өтілі 2 жылдам кем емес;
2) басқа да жарылыс жұмыстарында – жасы 20-дан кем емес және жұмыс өтілі осы саладағы кәсіпорындардағы мамандықтар бойынша бір жылдан кем емес.
Аяқталған жоғары тау-кен техникалық білімі бар тұлғалар ЖБК алуға біліктілік емтиханын тапсыруға алдын ала оқытусыз жіберіледі.
Жарушыны кәсіби дайындау бірыңғай бағдарлама бойынша өндірістен қол үзіп жүргізіледі.
33. Тиісті бағдарлама бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау құқығын беретін аттестаты болған кезде қауіпті өндірістік объектінің немесе оқу ұйымының оқу орталығында оқудан өткен, емтихан тапсырған және жарушының Бірыңғай кітапшасын алғандарға жарушы (жарушы-шебер) біліктілігі беріледі.
Жарушы жарылыс жұмысын жүргізуге тәжірибелі жарушы басшылығымен бір ай бойы кәсіпорында тағылымдамадан өткеннен кейін, жарылғыш жұмыстарға өздігіне жұмыс жасауға рұқсат беріледі.
34. Жарушылардың (жарушы-шеберлердің) өндірістік оқуы және осы Қағидалардың талаптарын білу деңгейін тексеру жыл сайын өткізіледі.
Емтихан тапсыра алмаған жарушыларға жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат берілмейді және қайта даярлаудан өткеннен кейін екінші қайтара білім деңгейін тексеруге рұқсат беріледі.
35. Механикалық заряд алуға механикалық зарядталу және зарядтау құрылғылары мен машиналарын қауіпсіз пайдалану тәсіліне өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау құқығын беретін аттестаты болған кезде қауіпті өндірістік объектінің немесе оқу ұйымының оқу орталығында оқудан өткен жарушылар (жарушы-шеберлер) ғана жіберіледі.
36. Жарушылар жарылыс жұмыстарының жаңа түріне ауысқан кезде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау құқығын беретін аттестаты болған кезде қауіпті өндірістік объектінің немесе оқу ұйымының оқу орталығында қайта даярлаудан өтеді.
Жарылыс жұмыстарының жаңа түріне өздігінен жүргізуге рұқсат аларда, жарушы жиерма жұмыс күн бойы кәсіпорында тағылымдамадан өтеді.
37. Бір жылдан астам үзілістен кейін жарушылар жеке жарылыс жұмысына емтихан тапсырғаннан және кәсіпорында тағылымдамадан өткеннен кейін жіберіледі.
38. ЖМ қоймасы және механикаланған ЖЗ дайындау пункті жетекшілігіне жарылыс жұмыстарға басшылық құқығы бар немесе ЖЗ дайындау және зерттеу технологиясы мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнын бітірген (техникумдар) адамдар және қайта даярлау бағдарламасымен емтихан тапсырып, осы Қағидалардың 5-қосымшасында көрсетілген үлгіге сәйкес рұқсат куәлігін алған жарушы тағайындалады.
39. Геофизикалық ұйымдардың оқтау шеберханасынан, қысқа мерзімдік шығыс қоймаларынан ЖМ сақтауға, есептеуге, беруге жұмыс өтілі бір жылдан кем емес, оқудан өткен, емтихан тапсырған жарушылар жіберіледі.
Жылжымалы ЖМ қоймасының жетекшісі міндетін күзетшіге, автомобиль жүргізушіге, басқа да орта білімді, жылжымалы ЖМ қоймасы жетекшісін дайындау бағдарламасымен оқытылған, емтихан тапсырып куәлік алған тұлғаларға жүктеуге болады.
ЖМ қоймасы және оқтау шеберханасы меңгерушісіне жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат берілмейді.
Жарылыс жұмыстарын жүргізуші жарушыларға, ЖМ қоймасы және оқтау шеберханасы жетекшілігі міндетін орындауға рұқсат берілмейді.
40. ЖМ қоймасына таратушы ретінде орта білімді, ЖМ қоймасы жетекшілігі бағдарламасымен оқытылып, емтихан тапсырып, он жұмыс күн тағылымдамадан өткен адамды тағайындауға болады.
Таратушы ретінде бес жұмыс күн тағылымдамадан өткен жарушыларды тағайындауға болады.
41. ЖМ қоймасы зертханашысы ретінде «ЖМ қоймасының лаборанты» бағдарламасымен оқытылып, емтихан тапсырған және куәлік алған адамдар тағайындалады.
42. Механикаландырылған дайындау пунктінде ЖМ дайындауға, бағдарлама бойынша оқытылған, емтихан тапсырып куәлік алған тұлғалар жіберіледі. Өздігінен жұмыс істеуге он жұмыс күн тағылымдамадан соң рұқсат беріледі.
43. ЖМ ғылыми-зерттеу, эксперименттік және оқу бағыттарына пайдаланатын мекемелерде, ЖМ жұмыс жасауға Жарушының (жарушы-шебер) бірыңғай кітапшасы бар және он жұмыс күн тағылымдамадан өткен ғылыми қызметкерлер, оқытушылар мен зертханашылар жіберіледі.
3. ЖМ жұмыс орындарына жеткізу тәртібі
44. ЖМ тасымалдау кезінде оларды тиеу және түсіру қаруланған күзетпен күзетілетін тиеп-түсіру алаңында, жарылыс жұмыстарын жүргізуге немесе басшылыққа рұқсат берілген адам бақылауымен жүргізіледі. ЖМ тиеуге (түсіруге) қатысы жоқ адам жұмыс алаңына жіберілмейді.
45. ЖМ көлік құралына жүктеу кәсіпорынның бас инженері бекіткен жүкті орналастыру және бекіту сызбасына сәйкес жүзеге асырады, бұл ретте жүк шанақ осінің бойына қатысты симмиялы және барлық аумағы бойынша біркелкі (салмағы бойынша) орналастырылады.
Жұмыстар тікелей тиеп түсіруге жауапты адамның басшылығымен және қадағалауымен орындалады.
46. ЖМ тиеу, қайта тиеу және түсіру тәртібі жұмыскерлердің соқтығысу немесе оларды жүкпен сүйкелу мүмкіндігін болдырмайды.
47. Келіп түскен ЖМ есебін бақылау түсіру орнында қамтамасыз етіледі.
48. Тиеп-түсіру алаңына қойылатын талаптар:
1) көлік құралы тиеп-түсіретін жерден 15 метр қашықтыққа тікен сыммен қоршаланады. Қоршау биіктігі 2 метрден кем болмайды;
2) қараңғы уақытта стационарлық электрлік жарық бергішпен немесе кеніштік аккумуляторлық шаммен жарық беріледі. Ажырытқыштар қалыпты орындауда ЖМ тиеу (түсіру) орнынан 50 метрден жақын болмайтын қашықтыққа орналасады;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысымен бекітілген Өрт қауіпсіздік қағидаларыменн белгіленген тиесілік нормаларына сәйкес қажетті өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады;
4) мекемемен, темір жол станциясымен (порт, жағалау, тағы сол сияқты), ішкі істер органы және өртке қарсы кызметі мекемелерімен телефон байланысы болуы керек. Телефон ЖМ тиеу (түсіру) орнынан 50 метрден алыс емес күзетші бөлмесінде орналастырылады.
Тиеп-түсіру алаңын, пайдалануға ұйым комиссиясы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы аумақтық өкілетті органы өкілінің қатысуымен қабылдайды.
49. ЖМ басқа жүктермен бірге бір вагонда, жүк бөлмесінде немесе су көлігінде, әуе көліктерінде, автокөлікте, арба және басқа көлік құралдарының, осы Қағидаларда көрсетілген жағдайлардан басқа түрлерінде тасымалдауға болмайды.
50. ЖМ тасымалдау кезінде бірқалыпты және қатайтып орналастырады, көлік құралы түрткі және тербеліс кезде, олар қозғалып, бір-біріне және қабырғаларға соқтықпауы керек. Жартылай түсірілуге жататын жүктерді әрі қарай тасымалданатын жүктерді ауыстырмайтындай орналастырады.
51. Жолда немесе тиеп-тасымалдағанда ЖМ ыдысы зақымданған жағдайда ЖМ басқа ақаусыз ыдыстарға (қап және тағы басқа) ауыстырады. Зақымданған ыдыспен ЖМ тасымалдауға болмайды.
Қоймадағы қораптан (қаптан және тағы басқа) ЖМ сынауға сынама алғанда, қораптар қойма пломбасымен тасылады. Қалған ЖМ салмағы (саны) ыдыста көрсетіледі.
52. Вагон, кеме, автокөліктерді шұғыл жөндеу қажеттілігімен ЖМ жолда амалсыздан мәжбүрлі түсіру тасымалдауға жауапты тұлға басшылығымен, ЖМ қажетті қауіпсіздік шараларын сақтаумен және күзетпен жүргізіледі.
1-параграф. ЖМ тасымалдау тәртібі
53. ЖМ көлік құралымен тасымалдау, ЖМ қабылдау технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
54. ЖМ тасымалдауға арналған, ЖМ тасымалдауға жабдықталған автомобильдермен және жалпы тағайындаудағы автомобильдермен тасымалдауға рұқсат беріледі.
55. ЖМ тасымалдау кезінде белгіленген бағыттан, тұрақ орнынан ауытқуға және белгілеген қозғалыс жылдамдығынан асыруға болмайды.
56. Ілесіп жүруші адамға күзетшінің міндетін атқаруға рұқсат беріледі.
57. ЖМ тасымалдауға оқудан өткен және жүкті алып жүруге рұқсат берілген адамдар жіберіледі, олардың тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы (мамандығы) жолсапар парағында көрсетіледі.
58. Детонаторлар мен түтін оқтарды тіркемеде тасымалдауға рұқсат берілмейді.
59. ЖМ тасымалдау көлігін басқаруға, қауіпті жүк тасымалдауға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қауылымен бекітілген Автомобиль көлiгiмен қауіптi жүктердi тасымалдау қағидаларына сәйкес рұқсат туралы куәлігі бар жүргізушілер жіберіледі.
Жүргізуші мен тасымалдаушы тасымалдауға жауапты адамның рұқсатынсыз, ЖМ тиелген көлік құралын қалдыруына болмайды.
ЖМ тиелген көлік құралында тиеуге қатысы жоқ адамдардың болуына рұқсат берілмейді.
60. ЖМ тиелген бірнеше көлік құралы қозғалысы кезінде жүк тасымалдауға жауапты адам алдыңғы көлікте, соңғысында күзетші отырады.
61. ЖМ бес және одан артық автомобильден тұратын тізбекпен тасымалдау кезінде, оның құрамына қорғаушы автокөліктен басқа, ЖМ тасымалдауға арнайы жарақталған көлік құралы кіреді. Резервті көлік құралы тізбек соңында орналасады.
62. ЖМ тасығанда жол бойында дем алуға тұрғындар орналасқан пункттен 100 метрден кем емес қашықтықта және тұрғылықты жерден 200 метрден кем емес орындарда ғана рұқсат беріледі. Көлік құралдарының қозғалтқыштары өшірулі, жануарлардың жүгі түсіріліп, доғарылады.
ЖМ тасымалдау құралының жолдан шығуға мүмкіндігі болмаған кезде жолдың жиегіне, бірақ тұрғылықты жерден 200 метрден кем емес қашықтықта тоқтауға болады.
ЖМ бар көлік құралдарының тоқтаған орындарына екі жағынан ескерту белгілері қойылады.
ЖМ көлік құралдарының гаражға, атқораға тоқтауына болмайды.
63. ЖМ тасымалдайтын көлік құралы жол бойына толық жетерлік жанармаймен қамтамасыз етіледі.
Бұл қағиданы орындау мүмкін болмаған кезде жанармаймен толтыруды тасымалдау бағытында көрсетілген жанармай құю бекеттерінде толтыруға рұқсат беріледі.
ЖМ тиелген газ баллонды автомобильдерге үстеме жанар май құюға рұқсат берілмейді.
64. ЖМ бар автомобильдің өрт орнынан 300 метрден жақын және мұнай газ кәсіпшілігіжәне басқа да өндірістерден 50 метрден кем қашықтықта өтуіне болмайды.
65. ЖМ тасымалдайтын барлық жекелеген мотокөліктерде және арбаларға алды-артынан ажырату белгілері қойылады.
Тізбектеліп жүргенде белгілер ЖМ тасымалдау құралдарының алдыңғысына және артқысына қойылады.
66. ЖМ көліктері найзағай кезінде ашық жерге, орман және тұрғылықты жерден 200 метрден кем емес қашықтыққа тоқтайды: мотоциклдер, мотороллерлер немесе арбалар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта тоқтайды. Қозғалтқыштар өшіріліп, жануарлардың жүгі түсіріліп, доғарылады. Күзетшілерден басқа адамдар найзағай кезінде көліктерден 200 метрден кем емес қашықтыққа кетіріледі. ЖМ көліктері тоқтаған орынға алды-артынан ескерту белгілері қойылады.
Осы талаптарды орындау мүмкін болмаған кезде ілесіп жүруші адам өз қалауымен қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдайды.
67. ЖМ көліктерін көлден және өзеннен өткізген кезде, паромда басқа жүктер мен жолаушылардың болуына жол берілмейді.
68. ЖМ мотокөлікпен, арбамен немесе жануарлармен ЖМ соғылмайтындай болып жарылыс жұмыстарына арналған жабдықтардан басқа қандай да бір жүкті тасымалдауға болмайды.
69. ЖМ көлік-арбамен тасымалдағанда, В үйлесімділік тобындағы серіппелі арбаны пайдаланады, шанамен тасығанда үйлесімді топтағы ЖМ жұмсақ матадан жасалған төсенішке орналастырылады.
Көрсетілген ЖМ теңдеп тасымалдағанда, олар киізбен оралып-қапталады.
70. Көлік-арбалымен тасымалдағанда ЖМ салмағы:
1) дәрі – бір атты арбада 300 килограмм (бұдан әрі – кг) және екі атты арбада 500 кг;
2) басқа ЖМ және от өткізгіш сым – бір атты арбада 500 кг және екі атты арбада 800 кг артық болмайды.
2-параграф. ЖМ жұмыс орындарына жеткізу тәртібі
71. ЖМ жеткізу оқыған қызметкерлер арқылы белгіленген бағыт бойынша жүргізіледі.
72. ЖЗ және бастамашыл құралдар қалталарда, кассеталарда, зауыт қаптамаларында жеткізіледі. Бастамашыл құралдар мен соққыштарды тек жарушытар жеткізеді (тиеп-түсіру жұмыстарын қоспағанда).
Детонаторы бар соққыштар іші жұмсақ материалмен қапталған қатты қалталармен (кассеталар, жәшіктер) тасымалданады.
73. Жарушы бастамашыл құралдар мен ЖЗ бірге тасымалдағанда, ЖМ салмағы 12 кг артық болмайды. Жарғыш тасымалдайтын соққылардың салмағы 10 кг аспайды.
Бастамашыл құралдарсыз ЖЗ қалтамен тасымалдағанда салмағы 24 кг дейінгі салмаққа рұқсат беріледі.
Зауыттық қаптамадағы ЖЗ тасымалдау, ауыр заттарды тасымалдаудың орнатылған ережелері шамасында жүргізіледі.
74. ЖМ қоймадан жұмыс орындарына жеткізу техникалық жетекшісінің рұқсаты бойынша жүргізіледі.
ЖЗ, бастамашыл құралдар және ату жару аппараттарын тасымалдау төмендегі шарттарды сақтау кезінде жүргізіледі:
1) көлік құралының жүк көтергіштігінің 2/3 бөлігінен артық болмауы;
2) бастамашыл құралдар ішкі бөлігі толықтай жұмсақ төсенішпен қапталған тығыз жабылатын қораппен көліктің алдыңғы жағына орналасуы;
3) ЖЗ қаптамаларының бастамашыл құралдар қораптарына сүйкелмеуін қамтамасыз ету амалдарын жасағанда;
4) дәрілер мен перфорациялық зарядтарының зауыттық қаптамамен немесе арнайы қораптармен орналасуы және басқа ЖМ 0,5 метр қашықтықтан жақын болмауы;
5) қораптарды және басқа ЖМ ыдыстарының соғылмауы және бір-біріне үйкелмеуі үшін қатайтылуы тиіс.
В және Ғ үйлесіміділік тобын қосапағанда, ЖМ арнайы автокөліктердің толық жүк көтерілімдігіне дейін біріктіріп тасымалдауға болады.
75. Жарғыштар пен тасымалдағыштарды оларға берілген ЖМ бірге жұмыс орындарына осы мақсатқа арнайы берілген көлік құралымен жеткізіледі.
76. Жер асты жағдайында ЖМ тасымалдау, осы мақсатта жабдықталған, қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін шахталық көлік құралдарының барлық түрлерімен жүргізіледі.
77. Адамдар көтеріліп-түсіп жатқан уақытта шахта оқпанымен ЖМ тасымалдауға болмайды. ЖМ тиеп-түсіргенде, қозғағанда, шахта оқпанында, оқпан маңындағы аулада және оқпан үстіндегі шахта ғимаратында жарғыш, таратушы, ЖМ тиеп-түсіруші жұмысшылар, оқпаншы және ЖМ жеткізуге жауапты қадағалаушы тұлғалардың ғана болуына рұқсат беріледі.
78. Шахта оқпанымен ЖМ көтеріп-түсіру диспетчердің (шахта кезекшісі) жауапты қадағалаушы тұлғаға хабарлама бергеннен кейін жүргізіледі.
ЖМ бар қораптар мен қаптар көтерме биіктігінің 2/3 бөлігінен жоғары және көтерме есігінен биік болмайды.
Қаптар мен қораптардағы ЖМ вагонетка ернеуінен аспайды, вагонеткалар көтермеге бекітіледі.
Бастамашыл құралдар ЖЗ бөлек түсіріледі (көтеріледі).
79. ЖМ бар жарғыштар мен ЖЗ Бар тасығыштар қиғаш қазбаларда көтеріліп – түскенде, вагоншалар ішіндегі әр орындықта бір жарғыш немесе бір ғана тасығыш орналасады.
80. ЖМ қалтасы бар жарғыш және ЖЗ қалтасы бар тасығыш бір уақытта көтеріліп түскенде көтерме ішінде еден бір адамға 1 шаршы метр (бұдан әрі – м2) есептеледі. Көрсетілген тұлғаларға өздерімен бірге осы Қағидалардың 73-тармағында көрсетілген көлемнен артық емес ЖМ мөлшері болуына рұқсат беріледі.
ЖМ бар жарғыштар мен ЖЗ Бар тасығыштар кезектен тыс көтеріліп-түседі.
81. ЖМ жер асты қазбаларымен тасымалдау секундасына 5 метр (бұдан әрі – м/с) артық емес жылдамдықпен жүзеге асырылады. Машинист көтеру машинасын не жүкшығырды немесе электр тасығышты солқылдатпай, еппен іске қосады және тоқтатады.
82. Жер асты қазбаларында көлік құралдарымен ЖМ тасымалдау (жеткізу) мына жағдайларды сақтап жүргізіледі:
1) ЖМ тиеп-түсіру жұмыстары арнайы орындарда жүргізіледі;
2) теміржол көлік құралымен тасымалдағанда ЖЗ мен бастамашыл құралдар арасында бос вагоншалармен бөлінген бөлек вагоншалармен тасымалданады, сонымен қатар ЖЗ және бастамашыл құралдар бар вагоншалар ара қашықтығы немесе осы вагоншалар мен электрлік тасығыш арасындағы қашықтық 3 метрден кем болмайды.
Басқа жүктер тиелген вагоншалардың болуына рұқсат берілмейді;
3) детонаторлар жабық қақпағы бар жанбайтын материалдан жасалған, іші ағашпен қапталған көлік құралымен тасымалданады. Бастамашыл құралдар бар қораптар, қалталар, кассеталар жұмсақ материалдармен төселіп, бір қатар биіктікке орналастырылады. Басқа ЖМ ернеуіне дейін тиеп, барлық көлік құралдарымен тасымалдауға болады;
4) ЖЗ контактілі электрлі тасығышпен жанбайтын материалдан жасалған қақпағы бар вагоншалар арқылы тасуға болады. Түйіршіктелген ЖЗ жанбайтын матамен жабуға болады;
5) ЖМ бар көлік құралдарының (қатардың) алды-артында арнайы ажыратушы жарық белгілері болады және осы белгілермен шахтадағы (қазбадағы, кеніштегі) барлық жұмысшылар таныстырылады;
6) ЖМ тау қазбаларымен тасымалдау кезінде қарсы көлік жүргізушілер мен адамдар тоқтап, ЖМ бар көлік құралын өткізіп жібереді;
7) ЖМ тасымалдауға (жеткізуге) қатысы бар адамдар мен көлік құралдары жүргізушілері, қауіпсіз жұмыс жасау үшін арнайы нұсқаулықтан өтеді;
8) ЖМ рельстік көлік құралымен тасымалдау кезінде электровоз машинистен, жарғыштан немесе таратушыдан, ЖМ тасуға қатысты жұмысшыдан өзге тұлғалардың поезда болуына рұқсат берілмейді, еріп жүруші адамдар поезд соңындағы вагоншада орналасады. Поезға жаяу еріп жүруге, поезд жылдамдығы еріп жүрушілер жылдамдығынан артық болмаған кезде рұқсат беріледі;
9) ЖМ жабдықталған вагошаларда, контейнерлерде, құлыпқа жабылып, пломбаланған басқа да ыдыстарда, ЖМ қоймасымен тасымалдағанда, алып жүрушісіз тасымалдауға рұқсат беріледі;
10) ЖЗ (құрамында гексоген және нитроэфирі жоқ) участкелік сақтау пункттерінен жару жұмыстарын жүргізу орындарына, қауіпсіз тасымалдау шараларын сақтап, тиеп-жеткізу машиналары қалақшаларында тасымалдауға болады.
83. Қолдан ашылатын қақпалы және шығыршықты теспеде ЖМ көтеріп-түсіру жұмыстарын төмендегі жағдайларды ескере отырып, жүргізуге болады:
1) жарылыс жұмыстарына қатысы жоқ тұлғалардың забойда болуына рұқсат берілмейді;
2) ЖМ көтеріп-түсіруді кемінде екі адам жүргізеді;
3) қақпа мен шығыршық автоматты түрде тежегіш құрылғылармен, ал жалғама ілгек - сақтандырғыш құлыппен жабдықталады;
4) ЖЗ көтеріп түсіру бастамашыл құралдардан бөлек жүргізіледі.
84. ЖМ шығыршық арқылы көтерілуші қазбаларға (пештерге) көтеріп-түсіру технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |