3-деңгей Педагогика ғылымының даму кезеңдеріне кластер құрастыру



бет1/22
Дата28.05.2024
өлшемі82.42 Kb.
#501999
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
3 деңгей


3-деңгей

  1. Педагогика ғылымының даму кезеңдеріне кластер құрастыру

Педагогика өркениетті қоғамның даму тарихынан, жас ұрпақ тәрбиелеу тәжірибесінен бастау алады. Педагогика ұғымы екі мағына береді. Біріншіден — білімнің ғылыми аумағы, ғылым; екіншіден — өнер, қолөнер, педагогикалық іс-әрекет аумағы."практикалық" «тұрмыстық»
Педагогиканың пайда болуы қоғамның жас ұрпақты тәрбиелеудің тиімді жолын табу мақсатынан және де өндірісті дамыту талабынан туған.кезең
Тәрбие ұрпақ пен ұрпақты байланыстыратын дәнекер болып саналады. Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өтті.
Алғашқы кезең
*Алғашқы педагогикалық ой-пікірлер әртедегі шығыс елдерінің (Мысыр, Вавилония, Унді, Қытай) философиялық жүйесінде дамып, кейін біртіндеп өз алдына жеке ғылым болып дами бастады.
*Феодалдық қоғамда (орта ғасырда) тәрбиеге деген көзқарас мүлдем өзгерді. Ерте дүние педагогтары ұсынған адамның рухани және дене күштерінің қатар дамуы көзқарасының орнына "о дүниелік өмірге" дайындауды ұсынған пікірлер қалыптасты.
ХV-ХVI ғасыр педагогикасы орта ғасыр педагогикасын сынады. Адамның жеке басының тәрбиесін оның дамуы ойшылдарды толғандырды, мәдениет пен педагогикалық бағыт "гуманизм" деп аталды (Ф.Рабле, Т.Мор, Т.Кампанелла). Гуманистәр жаңа дәуір үшін жаңа адам қажеттігін дәлелдеді.
XV-XVI
Педагогика құралымы
Педагогиканың жалпы негіздері
Тәрбие теориясы
Педагогика
Дидактика (оқыту мен білім бері теориясы)
Мектептану
Феодализмнен капитализмге өту деуірінде дін шығармауындағы ғылымдар дамып, жеке бөлініп шыға бастайды.
Осы кезде педагогика да өз алдына ғылым ретінде бөлініп шықты. Сол ғасырда педагогиканың жеке ғылым ретінде мәртебесі чех халқының ұлы педагогы Ян Коменскийдің (1592-1670) "Ұлы дидактика" еңбегімен беки түсті.
Педагогтар
Н.К.Крупская (1869-1939) кеңестік педагогика ғылымын дамытуға зор үлес қосып, еңбек және политехникалық білім беру, идеялық-саяси тәрбие мәселелерін ғылыми-теориялық негізде талдады. Н.К. Крупскаяның айырықша көңіл бөлген мәселелерінің бірі - оқыту теориясы.
Қазақстанда ағартушылық идеяны көтергендердің бірі -Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865). Ағартушы-ғалым қазақ даласындағы оқу, мектеп ісін ғылыми негізде құрып, оқу білімінің табиғат сырларын ашуға бағытталуын, туған халқының алдықғы қатарлы мәдениетті елдерді қуып жетуін аңсады.
Қазақтық аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің (1841-1889) демократиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзкарастарынан айқын көрінеді.
Қазақ халкының ұлы ойшыл ақыны Абай Қунанбайұлыңың (1845-1904) поэтикалық шығармалары мен "Гадлия" сөздері педагогикалық ой-пікірлерге толы
Қорыта айтқанда, Қазақстанда педагогика ғылымы XX ғасырдық екінші жартысынан бері тез қарқынмен дамыды.
Қазіргі жағдайда педагогика ғылымының жетістіктері жан-жақты пайдаланылмайынша, жастарды барлық жағынан бірден үйлесімді етіп дамыту мүмкін емес. Өйткені, жас ұрпақ халқымыздың мұраттарын сөз жүзінде біліп қоймай, оларды күнделікті істермен тығыз байланыстыра білуі қажет. Міне, осы тұрғыдан педагогика ғылым мен техниканың өскелең дәрежесіне сан тәрбие мен оқытудың ғылыми негізін жасайды.
Тәрбие ұрпақ пен ұрпақты байланыстыратын дәнекер болып саналады. Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өтті.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет