Естен тануға алдын ала қолданылатын шараларсенсибилизациядан сақтау; операция алдында жергілікті және жалпы жансыздандыру қолдану;
дер кезінде қан ағысты тоқтату; сынған сүйектердің қабының жарасын тез жабу және т.б.
Тақырып № 5. АШЫҚ МЕХАНИКАЛЫҚ ЖАРАҚАТТАР
Ашық механикалық жарақаттану – терінің, кілегей қабықтардың және терең жатқан үлпалардың бүтіндігінің бұзылуымен сипатталады. Оны кейде «жара» деп атау қалыптасқан. Оның белгілері — ауырсыну, қабырғасының ажырауы, қанағыс және қызметінің бұзылуы. Терінің эпидермисінің жаралануын жырылу, тырналу дейді. Жараның жиегі, қабырғасы, түбі және қуысы болады. Жиегі тері немесе кілегей қабықтан, қабырғасы - борпылдақ дәнекер үлпадан, шандырдан, бұлшық етттерден тұрады. Түбі бұлшық еттен немесе сіңірлерден тұрады. Анатомиялық табиғи қуысқа енген жараны қуысқа енген жара, ал жара дененің белгілі бір жерін тесіп өтіп, оның кірер және шығар тесігі болса оны тесіліп өткен жара дейді. Жара асқынып бүкіл денеге әсер еткен жағдайда жара ауруы дамиды.
Ашық механикалық жарақаттың түрлері. Жаралар үш түрге бөлінеді — операциялық, кездейсоқ және соғыс жаралары.
Операциялық жаралар малға әр түрлі асептикалық операция жасағанда (пішу, жарыққа операция т.б.) және абсцесс, флегмона тағы сол сияқты инфекциялық процесстерді тіліп өндегенде пайда болады. Кездейсоқ және соғыс жаралары себептеріне қарай тағы да бөлінеді. Олардың түрлері — түйрелген, шабылған, тілінген, соғылған, жыртылған, тістелген, жаншылған және уланған жаралар.
Түйрелген жара. Ол үшкір заттармен (шеге, ағаш бүтағы, сым темір, біз т.б.) жарақатталғанда пайда болады. Бұл заттар денеге үлпаларды ығыстырып көп жарақаттамай енеді. Мұнда жараның ауызы тар болып, кейде бітеліп тұрады, көп қан ақпайды, бірақ анаэробты инфекция дамуы мүмкін, терең жатқан ірі қан тамырлар жараланып гематома пайда болуы да ықтимал.
Тілінген жара. Өткір заттармен (пышақ, скальпель, ұстара, әйнектің сынығы т.б.) жараланғанда болады. Мұнда жараның аузы ашылып тұрады, қан ағысы жақсы, тілініп пайда болғандықтан жиектері түзу, жара айналасындағы ұлпалар көп жарақатталмаған. Бұл жаралар көбінесе асқынбай уақытында жазылады.
Шабылған жара. Себептері — балта, қылыш, күрек тағы сол сияқты заттардың әсерінен пайда болады. Тілінген жараға қарағаңда қан аз шығады, ұлпалар көбірек жарақаттанады, тереңдігі сүйекке дейін жетіп, кейде дененің шабылған бөлшегі салбырап тұрады.
Соғылған жара - жұмыр заттардың әсерімен пайда болады, мысалы балғамен, таспен, малдың тұяғымен т.б. заттармен. Мұндай жара пайда болуымен бірге оның айналасыңдағы тері, ұлпалар зақымдалады, сүйек сынуы да мүмкін. Жарадан қан көп ақпайды, жиектері тегіс емес, көбінесе тері және шел жараланғаңдықтан жара өте терең болмай қабырғасының ажырауы шектеулі болады.
Жыртылған жара. Жыртқыштардың тырнағымен, темір ілгек, қармақ, бұтақ-шегелердің әсерінен пайда болады. Мұңда тері, оның астыңдағы ұлпалар созылып жыртылады, жұлынады, сондықтан бұл жаралардың пішіні, тереңдігі бір емес, кейде жыртылған терісі салбырап тұрады, қан көп ақпайды.
Тістелген жара. Малдардың тістеуінен пайда болып, ұлпалардың соғылуы, жаншылуы, жыртылуы да кездеседі. Тіспен жараға микробтар да енеді, басқа жараларға қарағанда жазылуы ұзаққа созылады және бұл жараларда құтыру вирусының денеге ену қауіп бар.
Жаншылған жара. Бұл жара өте ауыр жарақат, мысалы мал ауыр машинаның, тракгор немесе құрылыс бетон қабырғаларының астында қалғанда пайда болады. Мұнда жара көлемді, еттері мыжылып жаншылған, шеттері жыртылып қан ақпайды, айналасы қанталап тұрады. Жараланған жерде инфекция даму қаупі бар, ұсақ мал болмаса ірі малды емдеудің нәтижесі болмайды.
Уланған жара. Жараның беті улы химиялық заттармен, радиоактивтік элементтермен ластанып, организмге қосымша зақымын тигізсе олар «миксты» деп аталады. Уланған жаралар жыланның, қарақұрт, шаянның шаққанынан да болады. Бұл жаралар өте қауіпті, сондықтан бұған жан-жақты хирургиялық және арнайы ем қолдану керек.
Түйдектелген (аралас) жаралар. Бұл жарада жоғарыда айтылған екі-үш жараның түрлері кездеседі, мысалы ұрылған, соғылган және жыртылған. Мұндай жараны соғылып-жыртылған жара дейді. Сол сияқты басқа да жаралардың араласқан түрлері кездеседі. Жаралардың үшінші түріне соғыста пайда болатын жаралар жатады.
Атпа қару жаралары. Бытыра, оқ, жарқыншақтың әсерінен пайда болатын жаралар. Мұнда қапталдаған соққының әсерімен тек жара ғана пайда болып қоймай, оның айналасындағы ұлпалар да жарақаттанады. Бұл жаралардың ерекшелігі — денеге оқ және сол сияқты қарулармен бірге тереңге микробтар, әр түрлі бөгде заттар (жаңқа, құм, жүн т.б.) енуі мүмкін. Ғалым Борстың зерттеуі бойынша бұл жарада оның өзегінен сыртқа қарай 3 зона болады. Олардың жарақатгануы әр түрлі, соңдықтан ем қолданғанда осыны ескеру керек.
"Бірнші зона" (жара өзегі зонасы). Бұған жараның өзегі жатады. Оның қуысында жаншылған ұлпалар, бөгде заттар, микробтар, ұйыған қан болады.
"Екінші зона" (молекулярлық шайқалу немесе жартылай өлі еттену). Бұл екінші зонаның сыртқа қарай жалғасы болып келеді. Бұл жердегі ұлпалар өліеттенуге ұшырамайды, бірақ торша құрылымы өзгереді, үлпа аралығы қанталайды, жүйкеленуі бүзылады. Кейіннен бұл ұлпалар жартылай өлі еттену мүмкін.
Кейбір ғалымдар "үшінші зонаны" да айырады (ареактивтік зона). Мұнда қан тамырлары салдануы, жүйкелену жағынан өзгерістер, ұлпаның зақымдалуы байқалады. Бұл зона жарақатталмаған ұлпалармен шектеседі.
Атпақару жарақатының айналасындағы терісі, еттері өлі еттеніп ісініп тұрады. Жақын жерден атқан оқтың күйген іздері, оқ дәрінің иісі қалады. Мүнда жараның тесіп өткен түрлері кездеседі, оның кірер және шығар тесіктері болады. Кірер тесігі дөңгелек, үш бұрышты, жүлдыз тәрізді болып, айналасындағы терісі ішіне бүктеледі.
Шығар тесігі жан-жағы жұлынып үлкен болады. Оқ немесе жарқыншақ денеге енгенде, үлпалардың тығыздығына қарай бағытын өзгертеді, сондықтан жара өзегі тура болмайды. Мұндай жараларда сүйек сынуы, инфекция үрдісі дамуы мүмкін, сондықтан жазылу мерзімі үзаққа созылады. Пайда болу уақытына қарай және организмнің оған реакциясына байланысты жараның үш түрін айырады: а) жаңа пайда болған жара - пайда болған уақытынан 24-36 сағатқа дейін; б) қабынып кеткен жара — қабынудың клиникалық белгілері айқын білінгенде; в) инфекциямен асқынған жара — ірінді инфекциямен немесе газды инфекциямен асқынғанда.
Жараның белгілері. Жараға тән белгілері: ауырсыну, қан ағыс, қабырғасының ажырауы, қызметінің бұзылуы.
Ауырсыну организмінің табиғи қалыптасқан қажетті қасиетінің бірі. Ауырсынған жерін мал қорғанып, сақтанады, ауру процессінің ары қарай дамып асқынуына кедергі болады. Әрине қатты және ұзаққа созылған ауырсыну зияндығын да тигізеді. Жарада ауырсыну алғашқы кезеңінде қатты білінеді, кейінірек басылыңқырайды, кейде солқылдап ауырсынады.
Ауырсыну жараланған жердің жүйкеленуіне байланысты болады, неғүрлым жүйкесі көп жер жараланса соғүрлым ауырсынуы қатты сезіледі. Түріне қарай малдың сезімтал реакциясы әр түрлі болады. Ірі қара мал жылқыға қарағанда төзімді келеді, ал иттер, шошқалар, мысықтар өте сезімді болғандықтан, естен тануы да байқалады.
Қүстардың ауырсыну сезімі өте төмен. Ауырсыну организмге зияндық әсерін де тигізеді. Ол қан — лимфа айналасына, жүрек қызметіне, тынысына, ішек-қарын қызметіне кері әсер етеді. Сондықтан қатты және ұзақ ауырсыну организмге өте қатерлі, мал естен танып өліп кетуі де мүмкін. Осыны ескеріп аддын-ала шара қолданып, ауырсынудың әсерін төмендеткен жөн.
Жараның негізгі бір белгісі — қанағыс. Оның төмендегідей түрлерін айырады: сыртқы және ішкі, жараланған тамырларына қарай артериалды, венозды, капиллярлы, аралас: уақытына қарай алғашқы, қайталанған немесе қайта пайда болған қанағыс. Кейде аррозионды қан ағысты бөлек айтады. Мұнда қан тамыры қабырғасынан немесе бір мүшелердің сыртынан қан шым-шым пайда болып ағып түрады.
Сыртқы қан ағыс жараланған сәтте пайда болып, айқын білінеді. Ішкі қанағыс сыртынан бідінбейді, қан ұлпаларға, дененің табиғи қуыстарына (буын, кеуде, қүрсақ т.б.) жиналады, сондықтан оларды ұлпалардың немесе қуыс қан ағысы дейді. Егер қан буын қуысына жиналса оны гемартроз, кеуде (көкірек) куысына жиналса оны гематоракс деп қуыстың атына сәйкес атай береді. Осындай қан ағыстарда мал әлсірейді, қан тамырының соғысы жиіленіп, көрінетін кілегей қабықтары бозарыңқы болады, демікпе байқалады, мал теңселіп айдауға жүргісі келмей, жатуға тырысады.
Алғашқы қан ағысы — жара пайда болған сәтте болады. Кейде қан бірнеше минутган әлде сағаттан кейін пайда болуы мүмкін, оны кешігіп болған қан ағысы дейді.
Қайталанған қан ағыс. Алғашқы қан ағысын тоқтатқаннан кейін, ол қайталануы мүмкін. Оның себептері — алғашқы аққан қан жөнді тоқтатыл-мауында, пайда болған тромб қан ағысымен жұлынып кетуі; қосымша жарақаттануы; жараны таңған дәкені өрескел шешу, ауыстыру; жараның ішінде қалып қойған сүйек сынықтары мен және басқа бөгде заттармен жарақаттану; байланған қан тамырларының басқа жерден үзілуі.
Септикалық қан ағыс. Организм сепсиске ұшыраған жағдайда кездеседі. Оған себеп — қан тамырларының дегенерацияға ұшырауы, вазо-конструкторларын жартылай салдануы (парез), организмде тромбокиназа қорытылуының азаюы.
Қансырау. Қансырау ірі қан тамырлар жарақатталғанда кездеседі. Алғашқы кезде малдың қан тамырының соғылуы, тынысы жиілінеді, көрінетін кілегей қабықтары бозарып көкшіл тартады, ол жатып қалып, кейіннен жағдайы ауырлап өліп кетуі де мүмкін. Мал түліктерінің қансырауға төзімділігі әр түрлі болады. Ірі қара малмен иттер төзімді келеді, мысалы ірі қара денедегі 50% қаннан айырылғанда ғана өлуі мүмкін, ал жылқы қансырауды ауыр көтереді, ауру, арық малдар қансырауға төзімсіз келеді.
Емі. Жүрек жүмысын жақсарту үшін кофеин, тынысы ауырлаған жағдайда лобелин қолданады, мейілінше су береді. Қан тамыры арқылы 5% дейін глюкоза қосып хлор физиологиялық ерітіндісін жібереді, оны тері астына да жіберуге болады. Қан алмастырып сәйкес қан құю, немесе оның орнын басатын ерітінділер — полиглюкин, реополиглюкин, гемодез және В.Н.Петров ерітіндісін қолданады.
Жара қабырғасының ажырауы. Бұл белгі тері астындағы бұлшық еттердің ұзынынан немесе көлденеңінен жаралануына байланысты болады. ұзынынан жараланғанда жараның ауызы көп ажырамайды, ал көлденеңінде — ажырауы жақсы байқалады. Ауызы кең жараларды ластануы көбірек болады, сондықтан жазылуы ұзаққа созылуы мүмкін. Мұндай жараларды емдегенде жартылай тігіп шеттерін жақындату керек. Ауызы тар жағдайда (мысалы түйрелген жараларда) анаэробты инфекцияның даму қаупі бар.
Қызметінің бұзылуы жараның пайда болған жеріне және ауырлығына байланысты болады. Егер өмірге жанды жерлер — бас, жұлын әлде организмнің қимылдау мүшесіне әсер етілсе, мал ақсап жүре алмай қалады. Ал жеңіл-желпі және малға қатты әсерін тигізбейтін жараларда дене мұшелерінің қызметінің бұзылуы айқын болмайды.
Тақырып № 6. ЖАБЫҚ МЕХАНИКАЛЫҚ ЖАРАҚАТТАР
Жабық механикалық жарақаттар дегеніміз – сыртқы ортаның әртүрлі механикалық әсерлерінен тері, тері асты ұлпаларының және ішкі ағзалардың әртүрлі патологиялық өзгерістерге ұшырауы. Жабық механикалық жарақаттарда теріде, кілегейлі қабықтарда, ішкі ағзаларда көзге көрінетін бүлінулер болмайды. Жабық механикалық жарақаттар ұстап бағу, тасымалдау барысында денеге өткір емес заттармен соғу - соғылу, ұру – ұрылу сияқты мехеникалық әсерлерден болады. Жабық механикалық жарақаттардың түрлері:
-
Соғылу (contusio),
-
Қанды домбығу, гематома (Haematoma),
-
(Limphoextrauasat),
-
Созылу (Distorsio), Үзілу (Ruptura),
-
Шайқалу (Commotio),
-
Басылу Compressi.
Соғылу – соққы әсерінен терінің анатомиялық бүтіндігі сақталып, оның жекелеген торшалары мен қан, лимфа тамырларының және тағы басқада оның астындағы ұлпалар мен ағзалардың механикалық зақымдалуы. Соғу – соғылу әсерінің күшіне байланысты соғылу төрт дәрежеде байқалады.
Гематома – екінші және үшінші дәрежедегі соғылу салдарынан соғылған жердегі тері астында, ұлпа арасында қан толған қуыс, қалтаның пайда болуы.
Лимфалық домбығу, лимфаэкстравазат - соғылу салдарынан соғылған жердегі тері астында, ұлпа арасында лимфа толған қуыс, қалтаның пайда болуы.
Созылу – шектен тыс созу күшінің әсерінен тері мен оның астындағы жұмсақ ұлпалардың анатомиялық бүтіндігі сақталып, морфологиялық және гистологиялық бүлінулерге ұшырауы.
Үзілу - шектен тыс созу күшінің әсерінен тері мен оның астындағы жұмсақ ұлпалардың анатомиялық бүтіндігінің бұзылуы.
Шайқалу – қатты және тез соғу әсерінен ағзаның паренхима ұлпаларында молекулалық деңгейде өзгерістердің пайда болуы.
Басылу - ұлпалар мен ағзаларда ұзақ әсер еткен механикалық қысым салдарынан газ және зат алмасуының бұзылып, соның нәтижесінде өліеттенуі, қызметінің бұзылуы.
Тақырып № 7. Жарақаттанған жануарларды емдеу.
Жараларды емдеген кезде қолданылатын шараның бәрін, жараны зиянды әсерден қорғап, оның жазылуына қолайлы жағдай туғызуға бейімдейді. Ондай шаралар неғұрлым ерте және тиянақты жасалса, соғүрлым ол нетижелі болады. Жараны емдеу уақытына қарай оның жолдары және әдістері әр түрлі болады.
Жаңа пайда болған жараға шұғыл көмек беру. Кездейсоқ, аяқ астынан пайда болған жараға күрделі ем көрсетер алдында қосымша ластамауға әрекет жасау керек, ағып түрған қан болса, оны таза дәкемен басып тоқтату керек те, 5% йодтың спирт ерітіндісін қайнаған сумен екі есе ерітіп соған суланған тампонды жараның қуысына салу керек немесе мұның орнына антисептикалық ұнтақтар (стрептоцид, трициллин, йодоформ) қолданып жағдай келсе таңып тастау керек. Кейін мал емдеуге жағдай пайда болғанда (малды дайындап, керекті құжаттар, дәрі-дәрмектер дайындалғанда) жараның айналасын өңдеп, қуысын тазартып антисептикалық ұнтақтар қолданып жараның шеттерін бір-біріне беттестіріп тігу керек. Басқа жағдайда жараны емдегенде оның кезеңдеріне қарай ем қолданады.
Бірінші кезеңдегі жараны емдеу принциптері.
1. жараға тыныштық беру;
2. орталық жүйке жүйесін артық ауырсыну сезімдерінен сақтау;
3. жараны өлі еттен және экссудаттан тазаруына әрекет жасау;
4. инфекцияға қарсы шара қолдану;
5. организмнің ауруға қарсыласу қабілетін жоғарлату.
Екінші кезендегі жараның емдеу принциптері.
1. жараға тыныштықпен бірге өлшемді қозғалыс
беру;
2. грануляцияны тітіркендіруден, жарақаттардан қорғау;
3. Грануляция, эпителийзация және тыртықтану процесстеріне әсер ету;
4. эпителийзация процесстерін жеделдету;
5. неғүрлым жараның орнында тыртықтың аз қалуына әрекет жасау;
Осы принциптерді іске асыру ретінде төменгі ем әдістерін қолданады:
1. Механикалық емдеу әдістері;
2. Физикалық емдеу әдістері;
3. Химиялық емдеу әдістері;
4. Биологиялық емдеу әдістері;
5. Патогенетикалық емдеу әдістері.
Жараны механикалық әдіспен емдеу. Бұған жараның туалеті (жараның айналасын өңдеу) және хирургиялық өңдеу әдістері жатады.
Жараның туалеті. Жараның бетін механикалық жолдармен тазарту және айналасын өңдеу. Алдыменен жараның бетін стерильді тампон не дәкеменен жабу керек, одан кейін оның төңірегіндегі жүндерін қырып, йодталған спиртпен немесе 0,5% мүсәтір қышқылымен, 2% хлорамин ерітіндісімен, 0,2% хлоргексидинмен теріні өңдеп, майынан тампон таза болғанша тазартады. Осыдан кейін 5% йод тұнбасымен тағы тазартып, жараның бетін ашады, оның бетін ластанған қоқымнан тазартады, антисептикалық ерітінділермен жуып шаяды. Осыдан кейін хирургиялық өндеуге кіріседі.
Жараны хирургиялық жолмен өндеу. Ғалымардың деректері бойынша (Чаруковский, Фридрих, Б.В.Огаев) жараға енген микробтар 6-12 сағат онша залалын тигізбейді, сондықтан осы уақытта жараның бетін тазартып тігіп тастауға болады. Жараға хирургиялық өндеу оның пайда болған уақытына қарай әр түрлі болады. Уақыт мерзіміне, әдістеріне қарай хирургиялық өңдеу түрленеді.
Алғашқы хирургиялық өңдеу өткізілетін мерзім уақытына қарай төменгі түрлерге бөлінеді:
а) ерте мерзімде өңдеу — 6-12 сағат ішінде.
б) мезгілінен кейін өңдеу — 12-24 сағат ішінде
в) кеш мерзімде өңдеу - 36 сағаттан кейін. Ерте мезгілде еңдеу өте нәтижелі болады, өйткені көрсетілген уақыт ішінде жараға енген микробтар өзінің зияндығын организмге әлі тигізе алмайды, соңдықтан мұндай жараларды тазартып өңдегеннен кейін тігуге болады.
Мерзімінен кейін өткізілген өңдеуде жара қабырғаларына микробтар еніп, өзінің уытын таратып, зияндылығын тигізе бастайды, жараны тігуге болмайды.
Кеш мерзімдегі өңдеу жараның асқынған кезінде жасалады, сондықтан ол оны хирургиялық өңдеу күрделі түрде өткізіледі, өлі еттері мен бірге кейде жанды еттері де сылынады.
Осындай алғашқы хирургиялық өндеу, жасалғаннан кейін екінші рет өндеу жасауға тура келсе. оны екіншілік хирургиялық өңдеу дейді. Хирургиялық өңдеудің төменгі әдістерді қолданып жасайды:
а) тілу;
б) жартылай сылу;
в) толық сылу.
Тілу - жараның ауызын кеңіту, қосымша ашу. Ол жараның ауызы тар болып, ірің шығуына бөгет болып, жарада бөгде затгар, анаэробты инфекция қауіпі болған кезде жасалады. Операция жасар алдында жараның төңірегін 0,5% новокаинмен жансыздандырады.
Жартылай сылу — жараны өлі еттерден тазарту.
Мұнда жоғарғыдай жараның айналасын жансыздандырғаннан кейін, қайшы, скалъпелъ және пинцет қолданып, жараның қуысындағы, қабырғаларындағы өлі еттерінен тазарту керек. Өлі еттердің белгілері: түсі сұрғылт немесе қарайып кетеді, кейде езіліп тұрады, ауырсынбайды. Өлі еттерді айыру үшін 0,5-1% бромтимолбояу немесе метилен бояуы пайдаланылады, олардың әсерімен өлі еттер қою жасыл түске боялады. Осындай өндеуден кейін антисептикалық ерітінділер және ұнтақтар пайдаланып жараның ауызын жартылай тігуге болады.
Жараны толық сылу. Бұл әдіс кездейсоқ және атпақару жараларын емдегенде қолданылады. Мұнда жараның өлі еттермен бірге қосып оның қабырғасынан, түбінен, толық жанды еттерді сылып алады. Осыдан кейін жараның қуысы толық өлі еттен, іріңнен тазарып жаңарады, мұндай жараны тігіп емдеуге болады. Бұл әдісті көп қолданбайды, оны қодданатын жағдайлар — жара соғыс уландыру заттарымен ластанғанда, шағын ойылым жараларда, сіреспе ауыруына қауіп төнгенде жасалады. Операцияны жараның төңірегін жансыздандырып, қуысына йодталған спиртке тампонды сулап тығып, жараның сылынған жеріне ластамай таза қылып жасау керек.
Жараны физикалық әдіспен өндеу. Бұл емнің мәні жараның қуысындағы сұйықтықты әр түрлі жолдармен сыртқа тартып алу, ішке сіңіртпеу, жараны микробтардан және уыттардан тазарту. Ол үшін дымқылды өзіне тартатын заттар қолданылады, олар: дәке, әр түрлі құрғатқыштар (дәкелі түтікше), орта тұздардың гипертоникалық ерітінділері, дымқыл тартқыш ұнтақтар (көмір, гипс). Дәкені жараны ашық және жабық емдеуде қолданады.
Ашық емдеуде дәкені (бинт) иректетіп жараның қуысына бостау, тығыздамай толтырады, қалған сыртқы ұшын жараның қуысынан шығарып бекітіп қояды. Жарадағы сұйықтық (сары су, ірің) дәкеге сіңіп ол толық суланғаннан кейін сыртқы ұшынан ақырындап сыртқа тамшылап ағады, осылай жараның қуысын құрғатады. Бұны дәкелі құрғатқыш дренаж дейді. Осымен қатар түтікше құрғатқышты да пайдаланады. Мұнда жан-жағынан тесілген резеңке түгікшені жараның қуысын қосымша тесіп, сол тесіктерден қуысқа енгізген түтікшенің ұштарын сыртқа шығарып бекітеді. Төменгі тесіктен шығарылған түтіктің ұшынан ірің ағызып жараны құрғатады. Бұл құрғатқышты жиі ауыстырып тұрмаса ол тез бітеліп қалады. Ашық емнің артықшылығы — іріңнің еркін сыртқа ағуына жағдай бар, сыртқы ауа, күн сәулесі жараның жазылуына жақсы әсер етеді. Кемшілігі — жара қосымша жарақаттанып ластанады. Жоғарғы айтылған құрғатқыштарды қолданғанда онымен бірге гипертоникалық ерітіндіні қолдануға болады. Мұнда жоғарғы пайызды тұзды су ұлпа аралық сұйықтықты өзіне тартып құрғатқыш ретінде әсер етеді.
Жабық емдеуде жараның бетін дәкемен таңып, гапс пайдаланып өңдейді. Осы заттар іріңді өзіне сіңіріп физикалық ем ретінде әсер етеді. Жабық емнің артықшылығы, жара қосымша жарақаттанбайды және ластанбайды. Кемшілігі - ірің еркін сыртқа ақпай, ауа, күн сәулесінің әсері болмайды.
Соңғы жылдары мал организмінің қорғаныс күштері мен өнімділігін көтеру мақсатында лазер нұрын пайдалану медицина мен ветеринарияда кең өріс алуда.
Ғалымдардың деректеріне сүйенсек лазер нұрының әсері ауыл шаруашылық түліктерінің ет, сүт, жүн өнімділігін арттыруға, сонымен қатар асептикалық және ойылым жараларды емдеуде өте жақсы нәтижелер береді екен.
Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің хирургия кафедраның қызметкерлері А.А.Иманбаев, Б.К.Ильясов, Ғ.А.Ишмухамедов кейінгі кездері лазер нұрын хирургиялық ауруларды емдеуде пайдаланып, оның мал организміне жалпы әсерін, әр түрлі жаралардың жазылу процессіне әсерін зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Ғылыми зерттеулер лазер нұрының әсері жараның биологиялық өздігінен тазару кезеңін тездетіп, жас дәнекер ұлпаның өсіп жетілуін, оның эпителийленілуін жеделдететіні дәлелденеді.
Клиникалық, морфобиохимиялық зерттеулерді пайдаланып гелий неонды лазер нұрының жергілікті әсері ірі қара мал жарасының регенеративтік қалыпқа келу процессін жеделдетіп, жазылу мерзімін қысқаратыны айқындалды. Ірі қара мадың әр түрлі жараларын емдеуде лазер нұрын пайдаланып комплексті емдеу әдісі игеріледі.
Жараны химиялық жолмен емдеу. Бұл емнің мәні - хирургтың қолын, операциялық аланды, жараның айналасын және өзін химиялық антисептикалық және бактериостатикалық заттармен өңдеу. Негізінен жараның гидратация кезеңінде қолданады. Гидратация кезеңінде жарада қышқылдық басым болады (РН 6,3-5,5), ол өлі еттердің ферментолизін үдетеді, лейкоцитгердің қырылуыа, жанды еттенуіне, осмос қысымының көтерілуіне әсер етеді, сондықтан сырттан дәрі арқылы қышқылдықты төмеңдететін жара процессін қалыпқа келтіру керек.
Сілтілі терапия. Мұнда кеңінен гипертоникалық және сілтілі дәрі ерітінділерін қолданды. 4-5% натрийдың гидрокарбонат (РН 8,3-6,83); 0,52-2% амония гидрокарбонат (РН 7,7); орта тұздардың гипертоникалық ерітіңділері (РН 8-8,8); 5% сабынды су және сабын көбігі (РН 10,0); 2% хлорамин ерітіндісі (РН 7,5); Б.М.Оливков сұйықтығы (Nаtrіі саrbоnаtеs 4,0; Аgnаl destibi 80,0; sol. iodispiritupsi 5% -20,0; Маgnеsіі sulfatis — 80,0; іlусеrіnі 280,0; іnfusі folicrum Digitalis ex 3,0 (6,0) -180,0) жақсы нәтиже береді. Бұл ерітіндлердің негізгі есері жараның қуысын іріңнен тазартады, қышқылдықтың зияндық әсерін жояды, жергілікті қан айналысын жақсартады, регенерацияның дамуына жағдай жасайды, антисептикалық әсері де бар.
Қышқылды терапия. Бұл ем аэробты әсіресе анаэробты инфекциялық дамуына қарсы қолданылады. 3% сутегі асқын тотығы, 2% хлороцид, 0,5-1% калий перманганат ерітінділері, скипидар, салицил қышқылы.
Салицил қышқылы (Ишмухамедов Г.А, Аухадиев Т.А., Хафизова Г.Х., Ильясов Б.К.) жараны іріңнен және өлі еттен жақсы тазартады, оның бактерияларға қарсы әсері де өте жоғары.
Қолдану әдісі. Жараға туалет және хирургаялық өндеу жасайды, 3% сутегі асқын тотығымен жуып шаяды, құрғатады, сонан соң салицил қышқылын ұнтақ түріңде қолданады.
Жараның куысын, тері, бұлшық ет арасындағы қалталарын мол етіп ұнтақпен толтырады, мүмкіншілік болса дәкемен таңып байлайды. 2-3 күннен кейін жараның бетін механикалық жолмен тазартып 3% сугегі тотығымен шаяды. Осылай 1 - 2 рет емдеген жара толық тазарып беті гранулды ұлпамен қаптала бастайды.
Анаэробты инфекциялық асқынған жараны емдеуде М.В.Плахотин ұсынған күрделі ерітіндісі нәтижелі болады - СЫогатіпі - 280,0(40,0); НаІгіісЫогісіе 200,0, КаШ регтапіапаіез 10,0; А§1а ёей - 2000,0.
Жараны тау - кен минералы шунгиттен дайындалған маймен емдеу. Қазіргі кезде медицина және мал дәрігерлігі саласында шунгит минералын зерттеу жөнінде үлкен жұмыстар жүргізілуде. Шунгит суы адам және мал азасына, әсіресе асқазан ішек аурулары, аллерия, зат алмасудың бұзылуына шипасы бар. 1999 жылы Қазастанда Алматы обылысының Көксу ауданында шунгит бары анықталған. Осыған байланысты Қазақ ұлтгық аграрлық университетнің "Акушерлік және хирургия" кафедрасында экспериментальдық жолмен "Ветшунгит" майы жасалды. Жан— жақты зерттеу нәтижесінде авторлар төмендегідей қортындыға келді. Ветшунгит препараты барлық зерттелген жануарларда аллергиялы реакциялар тудырмайды. Жараны тез жазып, іріңнен тез тазартады, қабынуға қарсы әсер етіп, иммуноқуаттандырады, түйіршікті үлпаның өсуін жылдамдатады және антибактериальды қасиеті бар. Алынған майдың құрамы күрделі емес және өзіндік құны төмен. (Абдулла А.А..Наметов А.М., Ильясов Б.К., ,2006)
Новокайнді терапия. Новокаин емі патогенетикалық емнің бір түріне жатады. Оның емдік әсері өте күрделі, әлі толық анықталмаған, бүгінгі күні новокаиннің зерттелген, анықталған қасиеттеріне тоқталайық. Жүйке жүйесінің организмінің қызметіне жан-жақты қатысы бары белгілі. Оның ішінде ұлпалар мен ағзаларға трофикалық әсері өте маңызды. Бұл жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімінде басым болады. Осы бөлімнің импульсі арқылы ұлпаларда физика-химиялық өзгерістер байқалады — сыртқы әсерге жауабы жеделдейді, қозғалыс қабілеті жоғарылайды, тағы басқа әсерлер.
Вегетативтік жұйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерінің қызметтері қалыпты жағдайда біріне-бірі сәйкес болу керек. Ал организмге күшті және өте күшті тітіркендіргіштің әсерінен жүйкенің белгілі бір жері парабиозға шалдығады.
Жүйкенің осыңдай жерінен импульс экстра және интра рецепторлармен жүйке орталығына және қайтадан кері өтпейді. Ал паработикалық аумаққа жақын көп уақытқа созылса, ол өз зияндық әсерін тигізеді: орталық жүйке жүйесінен шеткейлік жүйкеге трофикалық әсері бәсеңдейді, осымен қатар патологиялық ошақта дистрофиялық процесстер үдейіп, өршелене түседі. Осындай жағдайда антипаработикалық препараттар қолданып жүйке жүйесінің қызметін қалыптастыру қажет. Осындай препараттардың бірі — новокаин.
Новокаинді ем ретінде 0,25-0,5% ерітіндісін пайдаланады, оның қасиеттері:
1. Новокаин қан тамырларының жүйкелеріне әсер етіп (симпатикалық бөліміне) олардың вазоконструкторлары босайды, осыған байланысты қан тамырлары кеңейіп қан айналысы жақсарады.
2. 0,25-0,5% новокаин әлсіз тітіркендіргіштік әсерімен парабиоз жағдайды жояды, сол жердегі процесстерді қалпына келтіреді.
3. Қанның сары суы және ұлпа ферменттерінің әсерімен новокаин ыдырайды, диэтиламиноэтанол және парааминобензол қышқылын (ПАБҚ) бөлінеді. ПАБҚ гистаминнің әсерін жояды, қабыну процессін бәсеңдетеді: диэтиламиноэтанол қан тамырын кеңейтіп қан айналысын жақсартады.
Осындай қасиеттерін пайдаланып ем ретінде новокаин тежеулерін қолданады.
Ошақты қабынуларда - жара, соғылу, іріңді қабынудың алғашқы кезеңі — қысқа новокаин тежеуін қолданады. Мұнда новокаин ерітіндісін қабынған ошақты айналдыра жан-жағына, түбіне жібереді. Қабыну процесстері малдың аяқтарының тізе немесе тілерсек буынына дейінгі аумақта кездессе циркулярлы тежеу әдісін қолдану керек. Мойын вагосимпатикалық тежеуін көкірек қабырғасы зақымдалғанда (пневмоторакс, гемоторакс) қолданады. Жүлдызша түйінінің тежеуі малдың кеуделік аяқатырының жарақаттарында қолданылады. В.В.Мосин бойынша жасалатын үштік жүйкелердің және симпатикалық бағананың эпиплевральдық тежеуін құрсақ қуысына (лапоротомия) операция жасағанда, перитонитте, жамбастың, аяқтардың жарақаттарында қолданылады.
И.Н.Тихонин М.М.Сенькин ұсынған белдік (бүйрек аумағы) новокаин тежеулерін пішуден болған асқынуларда, еннің зақымдалуында, тік ішектің ауруларында тағы да осы аумақтың мүшелерінің ауруларына қарсы қолданылады.
Ұлпа терапиясы. Жануарлар мен өсімдіктер ұлпалары ежелден емдік мақсатта қолданылып келген. 1930 жылы М.П.Тушнов қүрамында жоғары молекулярлы белок гидролизінің өнімдері бар ағзамен емдеу әдісін ойлап тауып ұсынған. Ал Н.И.Краузе 2% хлорацид ерітіндісінде консервіленген тері мен басқа ұлпаларды жара процессін жеделдету әдісін ойлап тапқан.
В.П.Филатов 1993 жылы ұлпа терапиясының негізін ашып, ол үшін жануарлар мен өсімдіктердің консервіленген ұлпасын қолдануды ұсынған.
В.П.Филатов бойынша консервіленген ұлпалардың ынталандыруды және емдік әсері жануарлар ұлпаларын төменгі температуда, өсімдіктер ұлпасын қараңғылықта өңдеу процессінде пайда болатын ерекше затгар — биогенді стимуляторлардың әсеріне байланысты. Биогенді стимуляторлар ақуызтектес емес заттар: олардың құрамы негізінен алма, лимон, сүт, янтарь, карбон қышқылдарынан, сонымен қатар 2 амин қышқылдары — аргинин мен глютаминнен тұрады. В.П.Филатов осы құрама бөліктердің барлығының да ынталандырушы әсерін ұлпаларды консервілеу процессінде пайда болатын ақуыздың ыдырау өнімдері — нуклепротеидтер мен гистамин, сонымен қатар гиалурон қышқылы және биокатализаторлармен байланыстырады.
Биогенді стимуляторлар тек консервіленген ұлпаларда ғана пайда болып қоймай, мал организмінде сыртқы ортаның қолайсыз шарт жағдайларының әсерінен де, атап айтқанда мадды аса зорықтырғанда, Богомольцтің антиретикулярлы цитотоксикалық сарысуын тері астына еккенде, ультракүлгін және рентген сәулесі әсер еткенде, төмен қарқынды (интенсивті) гелий-неонды лазердің қызыл сәулесінің әсерінен де пайда болатыны анықталады.
В.П.Филатов бойынша консервілеу кезінде пайда болатын биостимуляторлар жүйесімен оның вегетативті бөлімдеріне әсер етіп, сонымен қатар зат алмасу процесстеріне және басқа да организмнің көптеген қызметтерін ынталандырып қалпына келтіреді. А.М.Заблудовский биогенді стимуляторлар организмге новокаин тежеулеріне ұқсас әсер етеді деп санайды. Г.Е.Румянцев бойынша ұлпа препараттары қалпына келу процесстеріне қатысатын өзіне тән заттар — биокатализаторлардың (аутокатализаторлар, гистологиялық гормондар) қүралады. Бүлардың басқа да пікірлер көп, бірақ препараттарының мал организмінің қызметтерін ынталандырып қалпына келтіру әсері бүгінгі танда толық дәлелденген. Ұлпа препараттары жүйке жүйесінің торфикалық қызметін жақсартып тиреоидты ұлпаның, бүйрек безінің, ұйқы безінің қызметтерін жоғарылатады; адренокортикотропты гормонның түзілуі көбейеді;
кортикостероидтардың бөлінуі үдейді; ішек-қарын жолының қызметі, фосфорлы және газ алмасу жақсарады; ретикулоэндотелий жүйесінің (РЭЖ) қызметі және регенеративті қалпына келу процесстері ынталанады; жүйке қызметі, қан көрсеткіштері, жара экссудатының РН ортасы қалпына келеді немесе үдейді, малдың жалпы жағдайы мен тәбеті жақсарады.
Емдік мақсатта жануарлардың ағзаларының консервіленген ұлпаларын атап айтқанда: теріні, көкбауырды, бауыр, жемсау безі, қан, қағанақ (планцета), шарбы (іш майы), ішперде, көздің қасаң қабығы, шыны дене, көз бұршағы, ен, тырнақ ұлпасын, өсімдік тектес-алоэның жапырағын пайдаланады.
Ұлпа препараттарын дайындау. Теріні ауру малдың өзінен немесе басқа сау малдардан асептика, антисептика ережелерін сақтап алады. Ол үшін малдың мойын аумағының жүнін қырқып, теріні йодты спирт ерітіндісімен (1:1000) өңдеп ұршық тәрізді етіп кесіп алады, паренхиматозды ағзалар бірден мал сойылғаннан кейін алынады. Тері мен алынған ұлпаларды 10-15 мм мөлшердегі бөліктерге кесіп стерильді Петри ыдыстарына немесе аузы тығыз жабылатын ыдыстарға салады.
В.П.Филатов бойынша ұлпаларды консервілеу. Ұлпалар салынған Петри ыдысын немесс аузы кең ыдыстардың бетін дәкемен жауып, тем-пературасы 4 С тоңазытқышқа 6-8 күнге қойып, сосын 120°С автоклавта 1 сағат зарарсыздандырады. Зарарсыздандырылған ұлпаны асептика, антисептика талаптарына қадағалап емдік мақсатқа пайдаланады. Қолданылғаннан қалып қойған консервіленген ұлпаларды қайта зарарсыздандырады.
Өсімдік тектес ұлпаларды қара қағаздан жасалған конвертке немесе сырты қара қағазбен қапталған шыны құттыға салып 10-15 күн қараңғы жерде 2-4 температурада ұстайды. Сосын консервіленген өсімдіктерді натрий хлордың изотониялық ерітіндісімен шайып, кішкене бөліктерге бөледі де жоғарыда айтылғандай автоклавта зарарсыздандырады.
Н.И.Краузе бойынша ұлпаларды консервілеу. Аузы тығыз жабылатын шыны құттыға 1% хлорацид ерітіндісін құйып, оның ішіне 2,5-20 грамдық ұлпа бөліктерін салып бөлме температурасында қараңғы жерге қоямыз.
Бірінші 3-4 хлорацид ерітіндісін күн ара ауыстырып, кейін тек 6-шы күні ауыстырады. 7 күндік консервілеуден кейін ұлпа пайдалануға дайын болады. Тура осы талаптарды ұлпаны 2% хлорамин ерітіндісімен консервілегенде бұлжытпай орындау керек. (М.В.Плахотин, П.Ф.Сим-бирцев). Консервіленген ұлпаларды сол ерітіндінің өзінде 4-айлық уақытқа шейін сақтауға болады. Бірақ ұлпаны қолданар алдында 1 тәулікке хлорацид ерітіндісімен алмастыру керек.
В.А.Герман және И.А.Каланшик бойынша ұлпа ұнтасын даярлау. Тоңазытқышта консервіленген ұлпаны (бауыр, көкбауыр, ен және тағы басқа) зарарсыздандырылған ет турағыштан өткізіп, зарарсыздандылылған изотониялық ерітіндісімен 1:3 ара қатынаста ерітіп, 2 сағат бөлме температурасында тұндырады. Сосын 60 минут 80°С су моншасында ысытады да, 2 қабат стерильді дәке сүзгісінен өткізеді. Сүзіндіні 5-10 мл ампулаға құйып ауызын дәнекерлеп 120 С-та автоклавта 60 мин зарарсыздандырады. Салқын қараңғы жерде сақтайды.
Бейімдеп қондыру үшін теріні даярлау Көбінесе қолданылатьш мөлшері (г)
Мадцьщ түрлері
|
Тері
|
Ен
|
Бауыр
|
Көк бауыр
|
Жемсау безі
|
Жылқы Ірі қара мал Қой Ит Шошқа
|
6-8 5-8
2-3 2-3
|
4-6 4-6 2-3 1-3
|
4-7 4-7 1,5-2 1-2 2-3
|
3-5 3-5 1-1,5 1-1,5
|
5-8 5-8
2-3 2-3 4-3
|
Теріні айтылып кеткендей әдіспен алып, 2% хлорацид ерітіндісінде 7 күн консервілейміз. Терінің өлшемі жараның немесе ойылымның өлшемімен бірдей болу керек. Жара мен оның айналасын антисептикалық өндеуден кейін консервіленген теріні жараға бейімдеп қондырып, таңып тастайды. Бейімдеп қоңдыруды әр 5-7 күнде қайталайды.
Ұлпа терапиясының әдістері. Емдік мақсатта көбінесе консервіленген ұлпаны денеге жамап бітіру кең қолданылады. Ол үшін мойын аумағының ортаңғы тұсында операциялық алаңды дайындап, жергілікті инфильтрациялық жансыздандыру жасайды. Сосын теріңдігі 2-3 см ұзындыққа кесіп, ішін кеңейтіп тері асты қалта жасайды. Қан ағысын тоқтатқан соң, асептика, антисептика талаптарын қадағалап, консервіленген ұлпаны қуысқа енгізіп жараның жиектеріне 3-4 жерден тігіп салады. Керек болған жағдайда ұлпа терапиясын 20 күннен соң қайталайды.
Жаралар, ойылымдар мен күйіктерді емдеуде хлорацид немесе хлорамин ерітіндісінде консервіленген тері не басқа ұлпаларды бейімдеп қондыру (аппликация) әдісін қолданады. Малға егетін ұлпа мөлшері малдың түрі мен салмағына тікелей байланысты.
Ұлпа терапиясын жазылуы ұзаққа созылған жараларда, ойылымдарда, қаяуларда, торшалардың бөлініп көбеюінен мүшенің ұлғаюында (пролиферат), тыртықтан пайда болатын контрактураларда, өзектің таралуында, терінің созылмалы ауруларында, жүйке қабынғанда, жартылай және толық салдануларда, ашық іріңді-өлі етті процесстерде, көз ауруларында, акушерлік-гинекологиялық патологияларда, жұқпалы емес ішкі ауруларда қолдану жақсы нәтиже береді. Ал жабық іріңді-өлі еттену процесстерінде, сепсисте, ірі қара малдың 7 айлық буаздығынан бастап емге қолдануға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |