3. Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс тезистері 1-модуль. Педагогикалық мамандыққа кіріспе


– дәріс. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті - оқу-тәрбие үдерісі нәтижелігінің



Pdf көрінісі
бет7/45
Дата01.04.2024
өлшемі1.02 Mb.
#497168
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45
daris

3 – дәріс. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті - оқу-тәрбие үдерісі нәтижелігінің 
шарты
Жоспары: 
1.Педагогтың кәсіби құзыреттілігі. 
2. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетінің мәні, құрылымы және қызметі. 
3.Мұғалімнің инновациялық, зерттеушілік іс-әрекетінің мәні. Мұғалімнің зертеушілік 
қабілеті мен біліктілігін дамытудың мазмұны, шарттары мен механизмдері. 
Дәрістің негізгі мазмұны 
 
Құзыреттілікті анықтау туралы мәселе педагог, философтардың арасында пікір 
қайшылықтары мен жаңа ойлар тудыруда. Tұлғаның кәсіби процесін көп жағдайда 
оныңбіліктілігімен,кәсіптік құзыреттілігімен байланыста қарастырылады. 
Д.И Ушаковтың редакциясымен жарық көрген түсіндірме сөздіктің авторлары 
«құзыреттілік» және «құзырет» сөздерінің арасындағы айырмашылықтарды дәлелдеуге 
тырысқан. «Құзыреттілік» – хабардар болушылық, абыройлық; құзырет-жеке тұлғаның 
кәсіби қасиеті және қызметтік сипаттардың нақты жиынтығы. 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
Aталған ғалымдардың еңбектерінде кездесетін құзыреттілік және этномәдени 
құзыреттілік жайында айтқан пікірлеріне тоқталамыз. 
Ғылыми әдебиеттерді талдау XX ғасырдың 60-шы жылдары алғаш рет американдық 
ғалым Н.Хомский «құзыреттілік» терминін ашуға талпыныс жасағанын көрсетеді.
Бастапқыда ол құзыреттілікке ана тілінде нақты тілдік қызметті орындау үшін қажетті 
қабілеттіктер дегентүсінік берді.
Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, педагогикалық психологиялық әдебиеттерде 
кәсіби шеберліктің қалыптасу мен даму үрдісінде екі ұғым: құзыреттілік (компетенттілік) 
және құзырет (компетенция) маңызды рөл атқарады.
Oсындағы компетенттілік білімнің тұлғалық және әлеуметтік мәнін байланыстыратын 
ұғым ретінде педагогикаға еніп отырғаны байқалады. 
Құзыреттілік - қоғамның өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны 
тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын оқу нәтижесінде алынатын сапа. Oсыкезде 
қолданатын әртүрлідеңгеймен білім алушының жеке қасиеттерін бағалауды біріктіретін, 
оқытудың нәтижесін бағалауды талап ететін түрлі пәнаралық байланыс өлшеуіштерді жасау 
міндеті туындайды. Қазіргі білім берудің құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағдарлау 
оқытудың нәтижесін бағалау мен бақылаудың барлық жүйесіне әсер етеді. 
Методикалық терминдер сөздігінде «Kомпетенттілік (латынның competentes – бейін 
сөзінен) – қандай да бір пән бойынша оқу процесінде 
оқушының бойында қалыптасатын білім, білік, дағдылар жиынтығы, сонымен қатар 
қандай да бір қызметті орындай алу қабілеттігі» - делінген [12].Орыс тілінің түсіндірме 
сөздігінде(С.И.Ожегов және т.б.) компетенттілік сөзі – хабардар болу, беделді болу деген 
ұғымды білдіреді. Ал компетенция: 1. Адамның қандай да бір мәселе, сұрақ, құбылыс 
бойынша бедел, таным, тәжірибеге ие болуы (хабардар болуы). 2. Біреудің құзырына тиесілі 
нәрсе. 
Ұлттық энциклопедияда компетенция (лат. сompetentia, compete – жетемін, лайықпын) 
– 1) заңмен, жарғымен немесе өзге құжатпен берілген өкілеттіліктер шеңбері; 2) белгілібір 
саладағы білім, тәжірибе; қ.Біліктілік деп анықталған. 
Oтандық ғалымдар да «құзыреттілік» ұғымына түсініктемелер берген. Б.Tұрғынбаева 
« ... өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өмірлік мәселелерін шешуде 
қолдана алуын-құзырлықтар деп атаймыз» деп анықтаса, Ш.Tаубаева: «құзыреттілік-ол 
тұлғаның оқыту мен әлеуметтену процестері барысында меңгерген білім мен тәжірибеге 
негізделген, оның жалпы қабілеті мен іс-әрекетке даярлығы ретінде айқындалатын, 
түлғаның кіріктірілген қасиеті» - деп қарастырады. 
құзыреттілік –адамның қоғамдағы әлеуметтік тәжірибені, ең алдымен, ғылым мен 
мәдениеттегі тәжірибені қаншалықты меңгергенін және өз құндылығына айналдырғанын 
сипаттайтын жеке қасиет. Бұл жерде екі параметр бар: сандық – білімнің көлемі, оның жан – 
жақтылығы, хабардарлық диапазоны және сапалық – өмірді түсіну тереңдігі, оны дербес 
көрсету қабілеттілігі мен үдеріс. 
Құзыреттілікті қадамға негізделген және О.Е.Лебедевпен, А.П.Тряпицынмен, 
К.И.Казаков және басқалармен өңделген құзыреттіліктің тұжырымдамасы білім берудің 
нәтижесінің екі негізгі сипаттамасын бөліп көрсетеді: білім деңгейі және құзыреттілік 
деңгейі.
Берілген көзқарас позициясынан білім беру – тұлға үшін маңызды мәселелерді 
әлеуметтік тәжірибені және білім алушының жеке тәжірибесін пайдаланй негізінде шешу 
тәжірибесін қалыптастыру үдерісі. Құзыреттілік деп білім беру жүйесінің мақсатталған әсері 
мен тұлғаның өзінің белсенділік үдерісіндегі оның қоғаммен байытылған әлеуметтік 
тәжірибені иелену нәтижесі болып табылатын тұлғаның дамуының деңгейлік сипаттамасы 
түсіндіріледі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет