Машиналардың сенімділігі. Машина бөлшектерін стандарттау
1. Машиналардың сенімділігі деп, олардың белгілі бір мерзімде ақаусыз бұзылмай жұмыс істеу қабілеттілігін айтады. Кейінгі кезде машиналардың сенімді, берік болуына өте мән беріліп жүр. Себебі машиналар, агрегаттар, автоматтар неғұрлым күрделі болса, соғұрлым олардың бөлшектері де сенімді болуы қажет. Мысалы, автоматтандырылған механикалық цехтарда ондаған, жүздеген станоктарды бірімен-бірін тізбектеп қосып, олардың бір-біріне байланысты жұмыс істеуін талап етеді. Ал мұндай жағдайда бір станоктың істен шығып қалуы бүкіл цехтағы автоматтың жұмыс істеуіне әсерін тигізеді. Сондықтан қазір машина бөлшектерін сенімділікке есептеу жолдары қарастырылуда.
Машина мен олардың жұмыс істеу шартын анықтау үшін, алдымен МЕСТ 27002-83-те берілген ұғымдармен танысқан жөн. Көрсетілген стандартта берілген ұғымдарды 4 топқа бөліп қарастырған тиімді. Олар біріншіден есепке алушы зат, объект, екіншіден сол объектінің жағдайлары, үшіншіден олардың қасиеттері мен ерекшеліктері және соларды анықтайтын көрсеткіштер.
2. 1 топ. Объект зат.
Бұйымдар, заттар – оларға түрлі машиналар немесе олардың бөлшектері, приборлар, жабдықтар және т.б. заттар жатады.
Бұйымдар элементі – машина бөлшектері, бөлшектер және басқа зат бөлшектері.
Ремонттауға келетін бұйымдар істен шыққан жағдайда, қайтадан жұмыс істеу қалпына келтіруге болады. Бұған көптеген машиналар, автомобильдер, станоктар, крандар және т.б. жатады.
Ремонттауға келмейтін бұйымдар - машиналар жұмыс істеп тұрған кезде оларды жөндеп қалпына келтіруге болмайды. Мысалы, электролампа, домалау подшипниктері, сондай-ақ тісті берілістер, біліктер және т.б. Тісті берілістер, біліктер, подшипниктер ремонттауға келеді, бірақ ол үшін машинаны тоқтатып, айтылған бөлшектерді зауытқа не юшеберханаға жеткізу керек.
2 топ. Жағдайлар мен оқиғалар.
Жөнделген немесе қалыпқа келтірілген деп, бұйымдардың, заттардың техникалық құжаттарда көрсетілген шарттарға сәйкестігін айтады.
Жөнделмеген немесе қалыпқа келтірілмеген деп, техникалық құжатта көрсетілген бір немесе бірнеше шарт орындалмаған жағдайды айтады.
Жұмыс істеу қабілеттілігі деп, машина мен механизмнің техника көрсеткіштеріне сай жұмыс атқара алуын айтады. Мысалы, жеңіл автомобильдің бір жері майысып немесе бояуы көшіп кеткен болса, ол оның жұмыс істеу қабілетінен айырылғанын көрсетпейді, ол тек жөнделмеген, қалыпқа келтірілмегенін ғана көрсетеді.
Істен шығу, бұзылуы деп, жұмыс істеу қабілетінен айырылған жағдайды түсінуіміз қажет.
3 топ. Қасиеттер мен ерекшеліктер.
Сенімділік деп, бұйымдардың, машина мен механизмдердің өздеріне жүктелген міндетін, негізгі көрсеткіштерін сақтай отырып, белгілі бір мерзімде сақталу қасиетін айтамыз. Машина мен механизмдердің сенімділігі олардың тоқтап қалмай, ұзақ жұмыс атқарып өзінің көрсеткіштерін сақтап қалу ерекшеліктерімен анықталады.
Істен шықпау, бұзылмау деп, бұйымдардың, машина мен механизмдердің еріксіз бұзылмай жұмыс істеу қабілетін сақтап қалу қасиетін айтады.
Шыдамдылық, төзімділік деп, бұйымдардың, машина мен механизмдердің керекті жөндеу жұмысын жүргізіп қажетті күтім жасап, уақтылы майлау арқасында тозығы жеткенше жұмыс істеу қабілетін сақтап қалу қасиетін айтады.
Жөндеуге ыңғайлылық – тозуды немесе тоқтап қалуды алдын-ала болжап, оларды кезінде түзеп отыруға ыңғайлылық қасиетімен анықталады.
Сақтауға ыңғайлылық деп бір жерден екінші жерге ауыстыруда және белгілі мезгілде сақтау кезінде бұйымдардың, машина мен механизмдердің өздерінің техникалық құжатында көрсетілген көрсеткіштерін сақтап қалу қасиетін айтады.
4 топ. Сандық көрсеткіштер.
Жұмыс көрсеткіші немесе істелген жұмыс деп, машина мен механизмдердің, бұйымдардың пайдалану уақытын немесе бітірген жұмысын, жүрген жолын және т.б. көрсететін көрсеткішті айтамыз.
Бұзылуға дейінгі жұмыс деп, бұйымдардың, машина мен механизмдердің екі жөндеу (ремонт) аралығында орташа алынған жұмыс көрсеткішін айтады.
Бірінші бұзылуға дейінгі орташа алынған жұмыс көрсеткіші деп, машина мен оның бөлшектерінің бірінші рет істен шығуына дейінгі орташа алынған жұмыс көрсеткішін айтады.
Ресурс – тозығы жеткенге дейінгі жұмыс көрсеткіші. Жөндеу аралығындағы ресурс деп, бірінші капиталды жөндеуге дейінгі орташа алынған жұмыс көрсеткішін айтады. Мысалы, транспорт машинасының жүрген жолы, экскаватордың қазған топырақ мөлшері, машина бөлшектерінің жұмыс істеу мерзімі көрсетіледі.
ү - проценттік ресурс жасалынған бұйымдардың, машина мен оның бөлшектерінің белгілі бір проценті ( көбінесе 90 шартпен) көрсетілген ресурсты атқаруы қажет. Мысалы, домалау подшипниктердің катологта көрсетілген динамикалық жүк көтергіш көрсеткіші сол текті, сол өлшеммен шығарылған домалау подшипниктерінің 90 -ті көрсете алады деген сөз.
Берілген ресурс деп, машина мен оның бөлшектерінің қандай жағдайда болғанына қарамастан осы берілген ресурстан соң тоқтатылуын айтады.
Жұмыс істеу мерзімі деп, бұйымдардың, машина мен механизмдердің тозығы жетіп жұмысқа жарамсыз болғанға дейінгі уақытты айтады.
Жөндеуге кеткен орташа уақыт деп, жөндеу кезінде сынған жерді тауып, оларды қалыпқа келтіруге кеткен орташа уақытты айтады.
Дайындық коэффициенті деп, бұйымдардың, машина мен механизмдерінің планмен алынған техникалық күтім аралығында қандай да бір уақытты алсақ та олардың жұмыс істеуге дайын тұру ықтималдығын көрсетеді.
Істен шықпай, бұзылмай жұмыс істеу ықтималдығы деп, белгілі уақыт аралығында немесе берілген жұмыс көрсеткіштер аралығында тоқтаусыз жұмыс істеу ықтималдығы.
Бұзылу жиілігі деп, белгілі бір уақытта барлық істен шыққан бұйымдардың сол уақытта жұмыс істеп тұрған бұйымдардың барлық санына қатынасын айтады. Бұл термин тек жөндеуге келмейтін бұйымдар үшін қолданылады.
Машина бөлшектері мен тораптарының параметрлерін белгілі бір жүйеге келтіру жүйесі стандарттау деп аталады.
Стандарттау бұйымдардың құнын арзандатып, оларды жасағанда стандартты құралдарды пайдалануға мүмкіндік береді, сонымен қатар, жаңа машиналардың жобасын жасауды жеделдетіп, жөндеу жүмыстарын оңайлатады.
Халық шаруашылығында, сонымен қатар машина қүрылысында стандарттың техникалық және экономикалық мәні зор.
Мемлекетгік жалпы одақтық стандарт қыскаша МЕСТ (ГОСТ) деп белгіленеді. Катардағы нөмірі мен қосымша екі сан бекітілген жылын немесе стандарттың кайта каралған уақытын көрсетеді.
МЕСТ (ГОСТ)-тардан басқа салалық және заводтық нормальдар қолданылады.
Қазіргі кезде машина жасау өндірісінде машина құрастыру чертеждерін орындау, қуаттар, бұрыштық және сызықтық жылдамдықтар, машина жасауға арналған материалдар, олардың химиялық құрамы, негізгі механикалық қасиеті және термиялық өңдеу, қондыру, червякті және тісті дөңгелектердің модульдері, шкивтердің диаметрі ж.т.б. МЕСТ бойынша жүйеленген.
Машина бөлшектерін жасаған кезде, олардың өлшемдері де стандартталады, себебі машина бөлшектері өзара ауыстырылатындай етіп жасалуы қажет.
3.2 Өзара ауыстырымдылық
Жоғарыда айтылғандай, машина бөлшектерін көптеген талаптарға сәйкес жасау керек, сол талаптардың бірі- өзара ауыстырымдылық.
Өзара ауыстырымдылық деп, біріне-бірі байланыссыз жасалған бөлшектердің машина тораптарында қосымша өңдеуді кажет етпей, өз орнына қондырылып, машинаның сапалы жүмыс істеуін қамтамасыз ету қасиетін айтамыз. Машина бөлшектерінің өзара ауыстырымды болуы іс жүзінде өте қажет. Себебі пайдалану кезінде, тетіктерді құрастырғанда көп уақыт алатын қол жұмыстарын жеңілдетеді. Сондай-ақ өндірісті жаппай алмастыруға және автоматтандыруға жол ашады. Өзара ауыстырымдылық дәлдәк шегі мен қонымдылықты стандарттау арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен бірге машина тетіктерін дайындаған кезде өте дәл жасау мүмкін болмағандықтан, дәл өлшемдерде ауытқулар болады.
Сондықтан бөлшектерді дайындау кезінде мына өлшемдерді айыра білуіміз қажет.
Номинал өлшем деп, машина бөлшектерінің қолданылатын жеріне байланысты есептеуден туатын негізгі өлшемді айтамыз. Бұл өлшем бөлшектердің сызбасында көрсетіледі.
Нақты өлшем деп, тетіктерді дайындаудан кейін арнайы аспаптармен өлшенген өлшемдерін айтады.
Шекті өлшем деп, бөлшектердің нақгы өлшемін шектейтін өлшемдерді айтамыз.
Ауытқу деп, шекті өлшем мен номинал өлшемнің алгебралық айырмасын айтамыз.
Шекті өлшемдердің өзі екі түрге бөлінеді: а) ең үлкен шекті өлшем; б) ең кіші шекті өлшем. Сондықтан, ауытку да екі түрлі болады.
ES = Dmax – Dnom – жотарғы ауытку;
EI = Dmin – Dnom – төменгі ауытку. (3.1)
Ауыткулардың таңбалары оң да теріс те болуы мүмкін (±).
Шақтама дегеніміз, ең үлкен шекті өлшем мен ең кіші шекті өлшемнің алгебралық айырмасы.
Достарыңызбен бөлісу: |