50 – бал Паренхимиялық дистрофия кезінде мүшеде болатын өзгерістер


Қатерлі мезенхималық ісіктер макро-микроскопиялық сипаттамасы



бет41/42
Дата03.10.2023
өлшемі167.86 Kb.
#479592
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
001-3

44. Қатерлі мезенхималық ісіктер макро-микроскопиялық сипаттамасы
Мезенхиманың қатерлі ісіктері Мезенхимадан өсетін катерлі ісіктерді саркома (грекше sarcos — ет) деп атайды, олар кесіп карағанда балык етіне ұксас. Саркоманын мезенхиманың катерсіз ісіктерінен айырмашылығы, онда жасуша атипизмі жаксы дамыған, митоздар көп, айналасындағы тіндерге ене өсіп негізінен гематогенді метастаздар береді. Ісіктің тез өсуіне байланысты саркомда некроз ошактары пайда болады. Фибросаркома дэнекер тіннің катерлі ісігі, ол аяк-колдың жоғарғы бөлігінде, жұмсак тіндердін арасында түйін түрінде немесе айналасындағы тіндерге ене өскен ісік түрінде байкалады (87-сурет). Фибросаркома баска саркомадарға карағанда баяу өскендіктен, ауру дэрігерге көрінгенде ол эжептэуір үлкейіп, көлденеңі орташа 8 сантиметрге жетеді. Фибросаркома дәнекер тін талшыктары мен жасушаларынан түзілген. Оның жетілген жэне жетілмеген түрлері бар. Жетілген фибросаркома коллаген талшыктарынан түрады, олардың арасында ұршык тәрізді, ядросы ірі, гиперхромды фибробласт тэрізді жасушалар кездеседі. Ісікте типтік митоздар саны көп, атипиялык митоздар бірен-саран. Жетілмеген фибросаркомада жасушалар саны басым олардың ішінде атипиялык митоздар көп, ал строманың аздығы сондай кей жерлерде ісік тек жасушалардан күралған. Кейбір ісіктерде көп ядролы, полиморфты жасушалар кездеседі. Ісікте некроз ошактары, қан кұйылған жерлер көрінеді. Жас балаларда тума фибросаркома кездеседі. Дерматофибросаркома терімен байланысты ісік, аркада, иыкта жэне балтырда тері астынан томпайып түрған түйін түрінде байкалады. Ол баяу дамып, алып тастағанда кайта өсіп шығады (рецидив), бірак метастаз беруі өте сирек. Ісік күрамында жасушалар да көп, олардың арасында көп ядролы Тутой жасушаларына ұксас жасушалар, цитоплазмасы көбіктенген, көппішінді атипиялык жасушалар, бүралған (муарлы) жэне ырғакты кұрылымдар кездеседі. Липосаркома май тінінін, катерлі ісігі, кез келген жаста кездеседі. Ісік өсіп, салмағы 3 кг жэне онан да көп болады. Кесіп карағанда түйін түрінде немесе айналасын да шекарасыз өсіп кеткен ісік түрінде көрінеді. Түсі акшыл сары, кейде кан кұйылу, некроз ошактары болуына байланысты шұбарланған. Липосаркоманың бірнеше түрі бар: • негізінен жаксы жетілген липосаркома. Бұл жерде липоциттерде өзгерістер аз, ядролары гиперхромды, митоздар сирек, арасында дэнекер тін талшыктары коп; • миксоидтык(ұрыктык)липосаркомаұрыккезеңіндегімайтінінелестетеді. Шырышты тін арасында липобластар жэне липоциттер көрінеді; • домалак жасушалы липосаркома негізінен майда липоциттерден түзілген; • көппішінді (жетілмеген) липосаркома жасушаларкұрамыныңтүрлілігімен жэне ядролардың айтарлыктай атипизмімен сипатталады (88-сурет). Қатерлі гибернома ісік жасушаларының арасында бір ядролы жэне көп ядролы, ерекше ірі, атипиялык жасушалардың болуымен ерекшеленеді. Сонымен катар катерсіз гиберномаға тэн жерлерде кездеседі. Қатерлі лейомиома (лейомиосаркома), бірыңғай салалы бұлшықет ісігі, оның екі түрі бар. • Типтік катерлі лейомиома кэдімгі лейомиомаға ұксас, олардан тек жасуша атиптігімен ғана ерекшеленеді. • Атипиялык қатерлілейомиомадажасушаларполиморфизмібасым, эсіресе коп ядролы симпластардын болуы осы ісік ушін тэн морфологиялык белгілердін, бірі болып саналады. Феталдык рабдомиома қатерсіз ісіктердін катарына кіреді (89-сурет). Рабдомиосаркома өте катерлі ісіктердің бірі, көптеген метастаз береді. Микроскоппен карағанда бұл ісік көлденен жолакты бұлшыкет жасушаларынын урыктык, даму кезеніне сай келетін полиморфты, айрыкша атипизмді бір ядролы, кейде кос ядролы жасушалардан кұралған. Бұл ісік диагнозын анык кою үшін цитоплазмасында көлденен жолағы бар булшыкет жасушаларын іздеп табу керек
Катерлі гемангиоэндотелиома бір-бірімен ретсіз жалғасып жаткан, атипті эндотелий жасушаларымен астарланған майда кан тамырларынан кұралған (91-сурет). Қатерлі гемангиоперицитома ісік жасушаларының (перициттердін) кан тамырлары сыртында өсіп-өнуімен, олардың атиптігімен сипатталады.
Ангиосаркома кан тамырларынан өсіп шығатын аса катерлі ісік. Жоғарыда айтылған кан тамырларының катерлі ісіктерінен айырмашылығы — бұл жерде атипизм айрыкпіа кейде ісіктің кан тамырларымен байланысы анык байкалмайды. Ісік ұршык тэрізді, көп пішінді тэртіпсіз орналаскан жасушалар тізбектерін түзеді, эндотелиге ұксас жасушалары жетілмеген, перициттік күрылымдары жоқ. Лимфангиосаркома лимфа тамырларынан өсетін, атипті эндотелий жасушаларымен астарланған куыстар түзетін ісік. Қатерлі синовиома. Синовиоманың катерсіз түрі жок деген ғылыми ұғым бар. Бұл жерде цитоплазмасы ашық немесе үршык тэрізді жасушалардан кұралған ісік көрінеді. Синовиоманын екінші түрі ұршык тэрізді жасушалы саркоманы елестетеді, олардан тек ашык жасушалардан түзілген, эпителийге үқсас күрылымдар барлығымен ғана ерекшеленеді. Дегенмен, қатерлі синовиомада жасуша атипизмі көбірек кездеседі (92-сурет). Қатерлі мезотелиома сірлі кабықтардың өте калындап кетуімен, олардың куысының тарылып немесе бүтіндей тығындалып калуымен сипатталған ісік. Мезотелий жасушалары безді өзектерге ұксап не бүрлі кұрылымдар түзіп, солардын ішін жэне сыртын қаптап жатады. Ісік стромасы дәнекер тін талшыктарынан түрады. Олардың арасында бір ядролы не көп ядролы алып жасушалар да кездеседі. Мезотелиома сан түрлі көрініске ие болып кейде аденокарциномаға, кейде саркомаға ұксайды. Осындай полиморфизм жэне ісіктің сірлі кабаттарда орналасуы мезотелиома үшін тән касиет.
Остеосаркома сүйектің катерлі ісігі (93-сурет). Ол негізінен ұзын сүйектерде өседі. Ісіктің остеобластык жэне остеолизистік түрлерін ажыратады. Ісіктін бірінші түрінде сүйек түзу үдерісі басым, сондыктан ісік өте катты. Ісіктін екінші түрінде ісік арасында жұмсак. Тіндер де кездеседі. Микроскоппен Караганда полиморфты атипиялык остеобласт жасушалары көрінеді. Ісік жа сушалары айналасындағы сүйекті бүзып, өздеріне тэн жаңа ісік сүйегін түзеді. Сүйектер бүзылған жерде көп ядролы, остеобласт жасушалары пайда болады. Бірак жаңа түзілген остеоид тінге кальций тұздары шөгіп, нағыз сүйекке айнала алмайды. Хондросаркома сирек кездесетін, шеміршек жасушаларынан өсетін ісік. Хондробласт жасушаларында атипизм айрыкша көрініп, олардың арасында көптеген митоздар кездеседі. Аралык тін хондроид тін тәрізденіп калады, бұл жерде сүйек түзуші жэне миксоид тін, некроз ошактары көрінеді (94, 95-суреттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет