Буллинг көбіне жасырын процесс болып табылады. Қорқыту, қудалау проблемасына ұшыраған
кейбір балалардың жәбір көретіні соншалықты, олар өздерінің барлық дағдыларын ұмытып, тіпті өзін-
өзі жек көре бастайды. Мұндай балалар мұқият ойластырылған терапиялық жұмыстарды қажет етеді,
өйткені бала күш көрсетуге ұшырап отыр. Бұл - баланың болашағы үшін, оның тұлғалық
дамуында кері әсер етеді.
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТІЛДІК ҚОРЫН ДАМЫТУ
Сабыр Эльмира Зайырқызы
Шымкент қаласы,
№75 мектеп – гимназиясының
бастауыш сынып мұғалім
Қазақ мектептеріндегі оқытылатын ғылым негіздері ана тілі арқылы жүргізіліп, оқушының
дүниетанымын, ой-өрісін, тіл байлығын, ауызша және жазбаша сөйлеуін
дамыту қазақ тілінің
қалыптасқан заңдылықтары арқылы жүзеге асырылады.Сондықтан бастауыш сыныптарда ана тілінің
заңдылықтарын жете меңгеріп, әдеби тіл нормаларында еркін сөйлеп, сауатты жаза білу міндеті
қойылып отыр. Өйткені – тіл дамыту сайып келгенде ой дамыту.
Тіл дамыту – ана тілі әдістемесінің аса жауапты да күрделі саласының бірі. Оның күрделі
болуының себебі бала тілін дамыту міндетін жүзеге асырушы мектепте жүргізілетін пәндер қазақ тілі
мен ана тіліне ғана байланысты болмай, оның сөйлеу әрекетіне де тәуелді.
Бастауыш сыныптарда жүргізілетін тіл дамыту әдістемесі – оқу-шыларға білім жүйесін
меңгертуге, тілге деген икемділігі мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін әдіс-тәсілдері мен
формалар, принциптер мен оқытудың мазмұны жайындағы ілім. Жалпы әдістеме ғылымның бір
саласы.
Басқа ғылымдар сияқты тіл дамыту әдістемесі де теориялық ғылымдардың соңғы
жетістіктеріне негізделе дамиды. Тіл ұстартудың ғылыми негіздері – тіл білімі,
әдебиет және
психология. Өйткені тіл - қоғам өмірінің объективті құбылысы, ол бүкіл халық үшін бірдей. Қай тілдің
болмасын айтылуының грамматикалық және синтаксистік нормативтік ережелері болады. Мұны тіл
білімі зерттейді. Ал сөйлеу – психикалық құбылыс. Ол - әр адамның өзіне ғана тән ерекшелігі.
Сөйлеуде объективті шындықты осы адамның субъективті түрде бейнелеп, оған индивидтің
көзқарасын білдіреді. Яғни адам тілдің көмегімен қарым-қатынас жасау процесі, сөйлеу – психо-
логияның зерттеу объектісі болып табылады. Солай бола тұрса да, күні бүгінге дейін мектептегі тіл
дамыту жұмыстарын психологиялық ғылымнан оқшау жүргізіліп келеді. Соңғы кезде ғалымдар
«Психология әдістеме ғылымынсыз-ақ өркендеп, өмір сүре береді,
алайда әдістеме ғылымы
психолгиясыз дамып, жетіле алмақ емес. Әдістеме толық мәнді ғылыми пән болуы үшін, ол
психологиялық негізге сүйенуі қажет пікірді іс жүзінде дәлелдеп отыр.
Әдістеме теориясында тіл дамыту енді ғана қалыптасып келеді. Оның маңызы, қажеттілігі
анықталғанымен, ғылыми негіздері, құралдары, мазмұны мен салалары, байланыстырып сөйлеу
дағдыларын қалыптастыратын жұмыс түрлері, әдіс-тәсілдері т.б. жақтары анықталмаған.
Тіл – адамзат қоғамында қатынас, сөйлесіп пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын
құбылыс. Тіл мен қоғам өзара тығыз байланысты, біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды.
«Тілсіз ұлт құрымақ». Тіл – адамзат қоғамының өмір сүруінің қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар
жерде ғана өмір сүреді. Қоғам – тілдің өмір сүруінің шарты.Қоғамның өмір сүруі үшін, тіл қаншалықты
қажет болса, тілдің дамып, өркендеуіне қоғам да соншалықты қажет.
Тіл – тірі тарих. Онда халықтың ғасырлар бойы жинақтаған іс-тәжірибесі мен даналығы бар.
Сананың аздығы мен көптігіне қарамай, әрбір халық өз тілінде асыл армандары мен әсем жан дүниесін,
барша жақсылық атаулыға құрметін , адамзат бақытына кесір келтіргендерге лағнеті бейнеленген. Тіл
– оны жасаушы халықтың тарихы, шежіресі, бүкіл өмірінің жаңғырығы мен ізгі арманы мен алдағы
үміті,
қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады.
Ана тілі, бүкіл ақыл-ой дамуының негізі және бүкіл білімдердің қазынасы. Өйткені оқушыларға
ғылым негіздерінен жан жақты білім мен дағды беретін, сауатты жазу мен мәдениетті сөйлеуге
төселдіріп, тіл материалын меңгертетін де осы пән.
Ана тілі пәні дұрыс жазу, сауатты сөйлеу ережелерін меңгерту үшін ғана жүргізілмейді, сонымен бірге,
логикалық ойлауды дамыту үшін де қажетті құрал. Өйткені сөз дарындылығының өрістеуі ойлау
59
логикасымен байланысты. Өз заманында «Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны –
логикалық сөйлеуді Отандық тіл ұстазы дамытуға тиіс», - деп көрсеткен ұлы педагог К.Д. Ушинский.
Еркіндікке қолы жеткен қазақ халқының болашаққа артқан үміті, сенімі осы қазіргі мектепте
отырған, келешекте отыратын жаз жеткіншектерімізде. Тіліміз ғана емес, жалпы халық болып
сақталып қалуымыздың өзі қазіргі оқушыларымызға ана тілін қалай меңгертуімізге байланысты. Енді
бұл мәселеде жетпіс жылдай танытқан енжарлығымыздан таймасақ,
белсенділік танытпасақ, тілсіз,
тарихсыз мәңгүрт тобырға айналуымыз анық.
Міне, сондықтан саналы ересек ұрпаққа ұлы жауапкершілік жүктелмек, ол жауапкершілік –
ата-бабамыздың әр сөзін сан ғасыр бойы сомдап жасаған ұлы қазына ана тілін көздің қарашығындай
сақтап, кіршіксіз күйде келешек аманат етіп тапсыру. Сол арқылы жеткіншегіне туған халқының ақыл-
ой тұжырымын, дәстүр-салтын игерту. «біздің қазақтың ісң жаңа басталып келе жатыр...XX ғасырға
дейін түріктің тілін аздырмай асыл қалпында алып келген, тіл турасындағы абырой мен алғыс қазаққа
тиісті. Атаның аздырмай берген асыл мүлкін қолына алып, быт-шытын шығарсақ, ол ұнамды іс
болмас», деп жазған болатын осы ғасырдың басында қазақтың аса көрнекті ағартушы – педагог
А.Байтұрсынов.
Тіл – рухани байлықтың шыңы. Рухани болмыстың деңгейлік баспалдақтары; танымдық,
қазыналық, мән-мағыналық. Тілін меңгерген адам – сара жолын сараптап, игерген адам.
Тілді меңгеру ананың ақ сүтінен
басталып, бесік жырымен тербетіліп, өмір сатысымен
нықталады. Өткен кезең мәдениетінің тұңғиығына бойлап, оның ішкі мазмұнын түсінуге тырысу
адамды рухани жағынан байытады.
Қазақ тілі – аса бай тіл. Қазақ тілінің тазалығы жайында француз ғалымы А.Жарри дн Манси
« Қазақ тілі түркі тілдерініңішіндегі мейлінше таза тілдердің бірі» (Жарри де Манси « История древних
и новых литератур, наук и язящных искуства Москва, 1832. 104-105 стр), - десе, В.В. Радлов « Зигро»
журналының алтыншы
томының 70 бетінде жарық көрген « Средняя зарафшинская долина»
мақаласында: « Қазақтың тілі ұшқыр да шешен, ойнақы да, өткір, сұрақ-жауаптарға оңтайлы, кейде
тіпті таңқаларлық түрде тапқыр және бәрі де, тіпті оқымаған сауатсыздарының өзі де тілін жетік
меңгерген, мұндай жағдайды біз тек Европадағы француздар
мен орыстардың бойынан ғана
байқаймыз», - деп жазды.
Татар ғалымы А.Саиди 1926 Қазан қаласында басылған «Тіл, әдебиет, жазу әрі олардың
өсулері» кітабының 86 бетінде «Қазіргі ең таза, ең бай, ең
табиғи және бұзылмай, бұрынғы қалпында сақталып қалған бір тіл болса, ол
қазақ тілі мен қазақ әдебиеті біз мұны ашық айтуымыз керек», - дейді.
Көрнекті жазушымыз Ғабит Мүсірепов: «Ана тілі дегеніміз – ол тілді жасаған, жасап келе жатқан
халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың өткенін де, болашағынан
да қол үзеді», - деген.
Бастауыш сыныптарда ертеректегідей «Тіл ширату», «Тіл ұстарту», «Тіл бақылау» сабақтары
енгізіліп, осыған сай оқулықтар жасалғаны дұрыс дер ек. Ауызша және жазбаша орындалатын
тапсырмалары бар «Мазмұндама мәтіндері жинағы» мен шығарма үшін тақырыптар тізіміде керек ақ.
Бастауыш сынып мұғалімдері үшін Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі» оқулығымен
қатар, оның «Хрестоматиясы» шығарылып, ертедегі әдіскерлер еңбектерімен мұғалімдер толық, жан
жақты танысатындай жағдай туса дейміз.
Бастауыш
сынып
оқушыларының
тілін
дамыту
граммактика
мен
оқу
сабақтарындағыжұмыстармен шектелмейді. Бұл барлық пәндерді оқыту барысында, тіпті мектептегі
оқу тәрбие жұмысының өн бойында үздіксіз жүргізіліп отыратын жұмыс. Сондықтан мұндай күрделі
мәселелердің барлық проблемаларын бір жолғы зерттеу жұмысында жан жақты талдап шығу мүмкін
де емес. Сыныптағы тіл дамытуды баллық пәндерді ұштастыра жүргізу құралы ретінде жеке жеке
зерттеу объектісіне айналдыру.
60